СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Диктант Қосаяқ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың көркем жазу дағдыларын қалыптастыру

Просмотр содержимого документа
«Диктант Қосаяқ»

Сабақтың тақырыбы: Диктант Қосаяқ

Мақсаты:Оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі:Білімді есепке алу сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Бақылау-байқау әдісі

Сабақтың барысы:

І.Қызығушылықты ояту: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

ІІ. Мақсат қою кезеңі:

Дала жануарлары тіршілігі туралы не білеміз?

ІІІ.Мағынаны тану:

Қосаяқ

Қосаяқ – тышқан тектес жануардың ең үлкені. Ол кеміргіштер отрядының қосаяқтар тұқымына жатады. Оның бойы шамамен – 20 сантиметр. Ал құйрығының ұзындығы 25-30 сантиметрге шейін барады. Қосаяқтың аяқтары ұзын, жіңішке болғандықтан, ол 4 метрге дейін секіре алады. Сырт келбеті кенгуруді еске түсіреді.

Қосаяқ ауа-райы ыстық аймақта мекендейді. Олар Еуропа, Орталық Азия, Моңғолия, Қытай, Солтүстік Америка секілді елдерде көптеп кездеседі. Қазақстанда Қарақұм, Үлкен және Кіші Борсық , оңтүстік Балқаш құмында өмір сүреді.  Олар күндіз інінде паналап, түнде азық іздеумен болады.  Алайда, Қазақстанда мекендейтін  қосаяқтар күндізгі қосаяқ түріне жатады. Ергежейлі қосаяқтар таң ата далаға шығып, күн батпай жатып індеріне оралады. Олардың індері әркелкі болып келеді. Мысалы, 20-30 сантиметр тереңдікте қазылған уақытша ін күн ыстығынан қорғайды. Сонымен қатар тұрақты індері де болады. Онда қосаяқтар індерінен шығатын бірнеше қосалқы жолды қарастырады.

Қосаяқ жеміс-жидек, дәнді дақыл, қоңыз, шегіртке секілді азықтармен қоректенеді. Қыста інінде паналап, қысқы ұйқыда болады. Көктем мезгілінде ұйқыдан оянып, ұрпақ жалғастырады. Мамыр, шілде айларында 2 рет көбейеді. Қосяақтар адамды жақсы көргендіктен адамға жақын жерде паналайды. Оларды қолға үйрету қиын емес. Және де кей мемлекеттерде қосаяқ үй жануары болып есептеледі.

Диктант Қосаяқ

Қосаяқ-кішкентай кеміргіш аң. Шөлді,жазық жерлерді мекендейді. Ол-өте секіргіш аң. Басына төнген қауіптен қашқанда бірнеше метр жерге оңай секіреді. Қосаяқ-құс сүйекті жануар. Күні бойы інінде ұйықтап жатады. Кешке қарай жем іздеуге шығады. Дән және шөптердің тамырымен қоректенеді. Қосаяқтар-түнде қоректенетін жануар.(44)

Тапсырма:

1.Бастауыш пен баяндауыштардың астын сыз.

2.Қосаяқ сөзіне дыбыстық талдау жаса



Үйге тапсырма: пысықтау.

Ү. Оқушыларды бағалау

оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.