СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Дипломдық жұмыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша студенттерге арналған материал.Сонымен қатар мектепке дейінгі факультеттері оқытушыларына қосымша болады.

Просмотр содержимого документа
«дипломдық жұмыс»

КІРІСПЕ


Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар» - деп атап көрсетті. Ертеңгі ел болашағы, бүгінгі жас ұрпақтың сапалы білім, тәлімді тәрбие алуына мемлекет тарапынан жан – жақты қолдау көрсетілуде.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген.

Әлемдік білім кеңестігінде мектепке дейінгі педагогикалық мәселелерін шешуде тәрбиелеу мен білім беру жаңаша жетілетін әдіс-тәсілдерін іздестіру, үнемі жаңалыққа жол ашу бағыттары қарастырылуда [1].

Баланы жан-жақты тәрбиелеу, оның дүниетанымын жетілдіру, сөздік қоры мен сөйлеу тілін, ой өрісін дамытып, еңбекке баулу – балабақшалардағы барлық топтарға бірдей ортақ басты міндеттер. Мектеп жасына дейінгі балаларды ауызекі сөйлеуге үйретіп, олардың ой өрісін кеңейтудің негізі – айналадағы орта мен табиғат құбылыстарын бақылату. Сөйлеу бала үшін қарым-қатынас құралы болып табылады, оның ойлау қабілетін және мінез-құлқын реттеуде маңызды рөл атқарады. Сөйлеу қатынасы баланың білімді меңгеруіне, қажетті білік пен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Байланысты сөз ойға мағына беріп, адамдардың бір бірімен қарым-қатынас жасауын және өзара түсінісуін қамтамасыз етеді. Сөйлеу қызметі ойдың дамуымен қатар өрбиді. Екіден үш жасқа дейінгі балалармен өтілетін сабақтар түрлі көрнекіліктер мен дидактикалық ойын әдісіне негізделеді [2].

Адамдар арасындағы қарым-қатынас ешқандай мотивсіз, яғни қызығушылықсыз болуы мүмкін емес. Дегенмен, сабақ барысында балалардың қызығушылығын ояту оңай емес. Сондықтан біз оқу үдерісінде балалар өздігінен сөйлейтіндей жағдай тудыруымыз керек. Психологтардың көпшілігі балалар не айтқысы келеді, соны айтсын деген тезисті қолдап отыр. Осы мақсатта сюжетті - рөлдік ойындарды қолдану – мектепке дейінгі ересек тобында тіл дамытудағы ең жақсы амалдардың бірі.

Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым –қатынас дағдысын қалыптастырудың негізгі көзі – сюжетті – рөлді ойындарды дұрыс пайдалану. Болашақ ұрпақтың коммуникативті құзыреттілігін дамыту балабақша тәрбиесінің бір міндеті ретінде бүгінге дейін күн тәртібінен түспей келеді. Бұл аспекті баланың ойлау, танымдық процестерінің және қабілетінің дамуына тікелей байланысты. 3-4, 5-6 жастағы баланы оқу-тәрбие процесінде дамыту мәселесінде басты қызметті, ең алдымен, баланың өздігімен әрекеті және танымдық белсенділігі атқарады. Мектепке дейінгі шақта жетекші әрекет – ойын болып есептеледі. Оның жетекші іс-әрекет болуы, қазіргі баланың өзінің көп уақытын ойынмен алданып, үлкендердің еңбек әрекетіне аз немесе мүлдем араласпауына байланысты емес. Ойын бала психикасында сапалы өзгерістер туғызады [3].

Зерттеудің мақсаты: мектепке дейінгі ересек жас тобында сюжетті - рөлді ойындарды қолданудың бүгінгі жай-күйін теориялық тұрғыдан сараптау, балалардың коммуникативті дағдысын дамытуда рөлдік ойындарды ұйымдастырудың ең тиімді жолдарын табу, оларды сабақ үдерісінде пайдаланудың тиімділігін тәжірибелік жолмен тексеру.

Зерттеудің міндеттері:

1.Мектепке дейінгі ересек тобында сюжетті - рөлдік ойындарды қолдануды теориялық тұрғыдан қарастыру және оның тиімділігін анықтау;

2.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында рөлдік ойындарды қолдану жетістіктерге әкелетінін дәлелдеу;

3.Ересек тобында өткізілетін сюжетті - рөлдік ойындар арқылы балалардың ойлауы мен коммуникативті дағдысын дамыту жолдарын көрсету;

4.Мектепке дейінгі мекемелерде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріндегі қолданылатын сюжетті-рөлдік ойын түрлерін зерттеу.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін арнайы әдістемелер қолданылды: психолингвистикалық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге тіл үйрету және бала тілін дамыту бағдарламаларына әдістемелік нұсқауларға талдау жасалды. Тәрбие жұмысын балабақшадағы балалардың қарым –қатынас жасау деңгейлерін бақылау, қалыптастыру эксперименттері жүргізіліп, олардың нәтижелері статистика әдісімен қорытылды.

Зерттеу пәні: сюжетті - рөлдік (оқиғалы – рөлдік) ойындар арқылы баланың коммуникативті дағдысын дамыту.

Зерттеу нысаны: сюжетті - рөлдік ойындар, рөлде ойнау туралы жалпы түсінік.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер мектепке дейінгі ересек тобында сюжетті - рөлді ойындарды қолданса, онда баланың коммуникативті құзіреттілігін жоғары деңгейге көтеруге болады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативті дағдысын сюжетті – рөлдік ойындар негізінде қалыптастыру алғаш рет зерттеу объектісі болып отырғандығы. 5-6 жастағы балалардың қарым – қатынас жасауын қалыптастыру үшін сюжетті – рөлдік ойындардың перспективті жоспары жасалып, іс жүзінде пайдаланылды.

Зерттеудің әдістері: әдебиеттерді зерттеу, байқау, диагностикалық әдістер, салыстыру, педагогикалық – психология эксперимент нәтижелерін қорытындылау.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы: Мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативті құзіреттілігін тиісті деңгейде дамыту үшін жүргізілген ізденістер тіл дамытудан әдістемелік нұсқаулар дайындауға негіз болады. Зерттеу бойынша жинақталған деректер және практикалық материалдар мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру ісінде негізге алынады.

Зерттеу кезеңдері:

Бірінші кезең: (2013 жылдың қазан айынан желтоқсан айына дейін) – зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалды. Зерттеудің ғылыми еңбектерге талдау жасалынды.

Екінші кезең: (2014 жылдың қаңтар айынан наурыз айы) – балалардың коммуникативті дағдыларының ерекшеліктерін анықтауға арналған диагностикалық жұмыстар жүргізілді, балалардың коммуникативті дағдыларын арттыруға байланысты тіл дамыту сабақтары бойынша оқу жоспары, оқу бағдарламалар талданып, коммуникативті дағдыларын дамытудағы ойындардың педагогикалық мүмкіндіктері зерделенді.

Үшінші кезең: (2014 жыл сәуір– мамыр айлары) ‑ проблемалық сұрақтар жүйесі эксперименттік тексерілуден өткізіліп, талдау жүргізілді, эксперименттік тексеру жұмыстарының нәтижелеті жалпыланып, тұтас зерттеу бойынша қорытынды жасалды.

Зерттеу базасы: Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің Білім бөлімінің №3 бөбекжай – бақшасы».

Зерттеудің құрылымы: кіріспе, екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшалар.





















1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СЮЖЕТТІК-РӨЛДІК ОЙЫН АРҚЫЛЫ КОММУНИКАТИВТІ ДАҒДЫЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



1.1 Сюжетті – рөлдік ойын туралы түсінік


Бала өмірінің алғашқы мектепке дейінгі кезеңі оның өсіп жетілуіндегі ең жауапты кезең. Бұл кезде баланың ақыл – ой қабілеті, қасиеттері және эстетикалық сезімдері қызықты, мазмұнды сабақ, еңбек, ойын процесінде жан – жақты қалыптасады. Бала әрқашан, барлық жерде – бала. Бала үшін ойын өз тәжірибесін, өмір мен адамдар туралы түсініктерін тексеріп, зерделейтін эксперименттік алаң ғана емес, сонымен қатар, үлкендер араласпайтын, өзі қалаған нәрсесін жасай алатын өзінің жеке, тәуелсіз, таңғажайып әлемі. Ойын бала әрекетінің негізгі түрі.

Ойын дегеніміз – бұл адамның мінез-құлқын өзі басқаруымен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс- әрекеттің бір түрі [4]. Ойынның түрлері өте көп. «Ойын» сөзі мағынасының түп – төркіні қуаныш, әзілге сәйкес  келеді. Мысалы,  Ежелгі Рим халықтарында «ойын» сөзінің  мағынасы  қуаныш, мереке сөздерінің мағынасымен  ұштасып жатыр, еврей тілінде  әзіл мен күлкіні білдіреді, ал қазақ тілінде  жас баланың іс – әрекетін,  ересектер арасындағы әзілді, қалжыңды  меңзейді.  Бұл қазақ халқының  мақал – мәтелдерінде анық байқалады. Мысалы, «Асық ойнаған – азар,  доп ойнаған – тозар, кітап оқыған – озар» нақыл сөзінде ойын сөзі балалардың іс–әрекетін білдірсе, «Әзілің жарасса, атаңмен ойна» мақалында ойын сөзі әзіл – қалжыңға сәйкес келеді.

Өте ертедегі тұжырымда ойын адамдардың бос уақытына байланысты пайда болды деген пікір бар. Ежелгі уақытта ойынға діни-саяси жағынан мән берілді. Ежелгі гректер Құдай ойынға қатысушыларды қорғайды деп ойлады. Сондықтан  Ф.Шиллер ежелгі ойындар адамның бос уақытындағы қызметі деп тұжырымдады. Ежелгі Қытайда мерекелік ойындарды әмірші өзі ашып, оған өзі қатысқан [5].

    Ойындардың шығу тарихына үңілсек, алдымен көз алдымызға  шахмат және карта ойындары келеді. Көне Үнді елінде дүниеге келген, кейінірек бүкіл әлемді  жаулап алған шахмат ойыны ол кезде соғыс жүргізу тактикасы мен стратегиясын үйрету  құралы болған. Ойын жөнінде айтылған философиялық көзқарастар әлем мәдениетімен тығыз байланысты. Сонау ерте замандардағы эллиндік және римдік халықтар өмір сүрген  дәуірдің өзінде - ақ ойынды балаларды тәрбиелеу құралына жатқызып, жауынгер ұландарды дайындау үрдісіне қосқан. Ойындар арқылы жас ұрпаққа соғыс өнерін үйреткен, мәдениет пен сөз өнерін дарытқан. Ойындардың жастарды тәрбиелеу мүмкіншіліктеріне аса зор мән берген. Мәселен, сол дәуірде өмір сүрген грек ойшылдары Гераклит пен Платон ойынның философиялық  жақтарын ашқан және олардың көзқарастары  бірін-бірі толықтырған. Гераклит ойынды шексіз  әлемге теңесе, Платон өзінің «Мемлекет» еңбегінде жас өскінге өмірлік  қажетті іс –әрекеттерді үйретуші құралға, өмірге, трагедияға, сезімге жалпы ғарыштық әлемге теңеген.

Антик ойшылдары ойынды адам мен өмір арасындағы  байланысқа балайды. Себебі, философия «Дүниені, оның құрамына енетін бөлімдерін жекелеп, бөлшектеп емес, тұтас күйінде қарастыруға, сол әдіспен олардың бәрін, жалпы заңдылықтарды  ашуға тырысады».

ХVII-XX ғасырларда ойын әрекетін түсіндіруде жаңа көзқарастар, пайымдаулар орнығып, төмендегідей ғалымдар ойын әрекетінің философиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан қарастырды, олар: Г. Гегель, В. Вундт, Ф. Шиллер, К. Бюлер, В. Фриге, К.Гросс, Г. Спенсер, И. Хейзинга, И. Кант, Г.М. Мейес, В.М. Демин, М.А. Каган, т.б. ғалымдар ойын теориясының қалыптасуы мен дамуын, ойын іс-әрекетінің әлеуметтік жақтарын анықтап, оның баланың қиялы мен ойлау қабілетіне оң әсер ететінін анықтаған.

Осы теориялардың  арасында К.Гросстың теориясы көпке белгілі. Ол ойынды  баланы болашақ іс-әрекетке даярлау қызметін атқарады, сондай-ақ сол ойында жаттыға отырып, өз қабілетін жетілдіреді деп қарастырды. Бұл теорияның құндылығы, ойынды дамумен байланыстыруында, ал кемшілігі–ойынға итермелейтін себеп, мотивтерді ашпайды. Ол  адам  ойынын  жануарлар ойыны  тәрізді түсіндіре отырып, оны биологиялық факторлармен, инстинктпен байланыстырып қателік жібереді.

Ф.Шиллердің ойын жалғастырған Г. Спенсердің теориясы бойынша ойын барысында бала  өзіндегі артық  күшін сыртқа шығарады. Ойынның мотивін ашуға  талпына отырып, К. Бюллер ойынның негізгі мотиві ретінде қанағаттан (нәтижесіне қарамай-ақ әрекеттің өзінен қанағат алу) теориясын ұсынды.

Г.В.Плеханов ойынды еңбекпен  байланыстырды.

Г.В.Плехановтың пайымдауынша, ойын еңбекке еліктеуден пайда болған еңбектің нәтижесі. Ойын — балалардың еңбегі. Сондай-ақ еңбек оның мазмұнын анықтайды, дәл тұжырым жасайды. Ертедегі ойындардың мазмұнынан соғыс, аңшылық орын алды. Ең әуелі соғыс, содан кейін осы соғысты бейнелейтін ойынның болғаны еш күмәнсіз. Сөйтіп, Г.В.Плеханов ойынды балалармен біріге отырып, ойын міндеттерін шешу барысында тиісті жағдайларды қалыптастыра білуді де ойластыруы қажет деп тұжырымдайды.

Г.В.Плехановтың осы ойын кеңестік кездегі ғалым Д. Б. Эльконин ойын, ең әуелі, үлкендердің іс-әрекеті ретінде пайда болды деп жалғастырады. Зерттеушілердің пікірінше, балалар ойыны осылай пайда болған.

З.Фрейдтің  теориясы  бойынша ойында өмірде нені жүзеге асыру мүмкін  болмады, соны бастан өткізуге, көруге болады. С.А.Шмаковтың пайымдауынша, ойынның табиғаты — бұл оның құндылығы, яғни қуанышты сезімі, сергектік, өмірге белсенді кірісу, қиялы, эмоциясы.

И. Хейзинга ойынды бүкіл мәдениетке, өнерге теңеп, оған поэзияны, би өнерін,  салт–дәстүрлердің барлығын  енгізеді. Ал неміс философы  И. Кант ойынды қоғамға тән құбылыс ретінде танып, Г.Спенсердің көзқарасын ұстанады.

Р.Вандер Коэй мен Г.Мейес ойынның когнитивтік және эмоционалдық  аспектілерінен басқа оның әлеуметтік аспектісін айқындаған. Балалардың  ойынына жолдастары, ата – аналары, мұғалімдер мен ойыншықтары әсер ететіндігі дәлелденген. Олар үш аспектілердің ішінде  әлеуметтік (қоршаған орта) аспектісі  басым деп  тұжырымдайды.

Кеңес философтары М.Каган, В.Демин ойынды адам әрекетінің құрамдас  бір бөлігі деп қарастырғаны белгілі.

Жеке тұлғаның дамуындағы ойынның әсерін ерте заманның өзінде–ақ  атақты ғұлама  ойшылдар, педагог, психолог ғалымдар көріп, байқап оны іске асыру жолдарын ұсынған. Ертедегі  ұлы ойшылдар Я.Коменский, Ж. Руссо, Дж. Локк, И. Пестолоци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген.

Я.Коменский ойынды баланың қозғалуына табиғи қажеттілік ретінде  қарастырды. Ол балаларға ойнау үшін  көмектесіп отыру қажеттігін, олардың іс – әрекетін бақылау керектігін ерекше атап көрсетеді.

Дж.Локк балалардың еркіндікке, бостандыққа, ынталы келетіндігімен санасуды талап етті. Бұл мәселеде ол кейін Ж. Руссо дамытқан еркіндік тәрбие ұғымының  негізін  сала бастады. Оқытудың әдістері мен  құралдары жөнінде  мәселелерді қарастырған. Дж. Локк та, Ж. Руссо да ең бірінші орынға баланың дамуын, білім алып тәрбиеленуін ойын арқылы жүзеге асырылуын қойған.

Ойын – күрделі биологиялық, психологиялық, педагогикалық ұғым.
Психология тұрғысынан ойынды зерттеуге Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев секілді ғалымдар ат салысты. С.Л.Рубинштейннің психологиялық көзқарасы бойынша «ойын негізінде адамның барлық психикалық қабілеттері қалыптасады, баланы ересек өмірге дайындайды». Ойын арқылы баланың қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туады.

Бұл туралы орыс педагогы А. Макаренконың айтылған сөздері орынды: «Оқушы өмірінде ойының маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Жеке адам ойында қандай болса, өскесін жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойында басталады [6]. Ойын оқушылар үшін - айналадағыны танып-білу тәсілі» - деп тұжырымдайды. Сонымен қатар, ойын әрекетінің теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, социологтар зерттеуде. Мысалы: Иохан Хейзинганың "Ойыншы адам" , Д.Б. Элькониннің "Ойын психологиясы", Эрик Берннің "Адамдар ойнайтын ойындар" атты еңбектері жазылды. Ойын теориясын зерттеуші Ресей ғалымдары А.В.Вербицкий, И.П. Пидкасистый, қазақстандық ғалымдар қатарында Н.К.Ахметов, Ж.С.Хайдаров, т.б.

Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның маңыздылығын қазақстандық ғалым Н.Құлжанова да зерттеп, «ойын бала үшін еліктеу, инстинкт, күнделікті басты әрекет және оның жеке өмірі болып табылады» деп дәлелдеген.

Н.Құлжанованың айтуы бойынша ойын әрекетіндегі басты педагогикалық мақсаттары – баланың алдағы өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеуі және өмірдің талаптарына сай бейімделуі ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатта пайдалануды көздейді. Осы тұста ғалым бала ойын әрекетінде ғана тынығып, жұмыс жасап, өсіп жетіледі, оның ойлау қабілеті жетіліп, қарым - қатынас жасау мүмкіндігі артады деген пікірді білдірген.

М. Жұмабаев «Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе» - деп атап көрсетсе, ал, шетелдік ғалым Ж. Пиаже «ойын - баланың рухани дамуының негізі» - деген, сонымен қатар, К. Левин, Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин сияқты ғалымдар да өз еңбектерінде ойын әрекетінің оқу үрдісінде маңызды құрал болып табылатындығын атап көрсеткен. Қазіргі кезде ойын мәселесі бірқатар ауқымды зерттеулерде қомақты  орын алып, оның баланы дамытудағы  мәні анықталды. Зерттеушілер ойын арқылы  оқу міндеттерін  тиімді шешуге болатынын  дәлелдеді. Ойынның теориясы мен маңыздылығы туралы К.Д.Ушинский мен П.Ф.Лесгафт, тәрбиеде және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы В.А.Сухомлинский, С. П. Шацкий және Н.К.Крупская өз пікірін білдірген [7].

К.Ушинский: «Сабаққа ойын элементтерін енгізу оқушылардың  білім  алу  үрдісін жеңілдетеді. Ойынды балалардың өз бетімен ерікті атқаратын  іс-әрекеті, ойын арқылы адамның  жан дүниесінің  барлық қырлары жүректілігі, ерік-жігері қалыптасады», деген ой айтады.

Н.Крупская: «Бала жас болғандықтан ғана ойнамайды, балалықтың өзі оған ойнау үшін, яғни жаттығу арқылы өмірде қажетті дағдыларды игеру үшін берілген», - деген пікір айтады.

В.Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық  терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен  ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын білімге құмарлық пен еліктеудің  маздап жанар оты», - деген ой айтады.

Мектепке дейінгі топ балаларының тілін дамытуда ойындардың рөлі зор. Ойын үстінде балалардың тілі дамып, бір затқа бейімділігі, қызығушылығы артады. Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы сапаларын дамытатын басты нәрсе: білім, әрекет, қарым-қатынас. Міне осы жағдайларды ескере отырып, балалар қарым –қатынас дағдысын дамытуда пайдаланылатын ойын түрлерін төмендегідей жүйелеуге болады.

1.Мазмұнды бейнелі ойын: отбасы, балабақша, мектеп, аурухана,

ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, темір жол, теңізшілер.

2.Қимыл-қозғалыс ойындары: ақ серек, көк серек, ұшты-ұшты, аңшылар, сиқырлы таяқ, жаяу көкпар, ормандағы аю, мысық пен торғайлар, бақташы мен қозылар, қуыспақ, қасқыр қақпан, соқыр теке, т.б.

3.Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта, қуыршақты серуенге дайында, орныңды тап, ойлан тап, ұзын-қысқа, аласа-биік, әр құстың мекенін тап, түсті ретке келтір, дәл тауып айт, тігін шеберханасы, тез ретке келтір, мына затты сипатта, жоғары-төмен, дүкен, көршілер, т.б.

4.Құрылыс ойындары: лото және басқа конструкторларды пайдалану.

5.Спорттық ойындар: футбол, волейбол, теннис, хоккей, баскетбол.

6.Оқиғалы-рөлдік ойындар: адамгершілік тәрбиесі тақырыбына оқылған ертегі, әңгімелерді рөлдерге бөле отырып орындау.

Осы ойын түрлерінің ішінен мен мазмұнды рөлдік ойындарға тоқтала кетемін. Рөлдерге ену ойындары балаларға таныс ертегі, әңгіме негізінде құрылады. Жан дүниесіне жақын рөлдерді өздері орындауға талпынады. Бұндай ойындарда ауыз әдебиеті үлгілері пайдаланылатындықтан, олар балалар өміріне жарқын сезім, қуаныш, белсенділік, шығармашылық енгізеді, тілін дамытады. Осындай қасиеттер тәрбиеленушінің тұлғасының қалыптасуына маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақыттағы ғылыми түсінік бойынша ойындарды халықтық, спорттық, кәсіптік немесе іскер, стратегиялық, дидактикалық, коммуникативті деп классификациялайды. Ойындарды классификациялау оқыту ойындары теориясының ең маңызды мәселесі болып табылады. Ойындарды классификациялауға әр түрлі жағынан келген зерттеу нәтижелері бар. Солардың кейбіреулеріне тоқтала кетсем.

А.А.Выготский ойындардың үш негізгі топтарын: драмалық, спорттық, өрнектік деп көрсетеді [8].

Г.А.Агапова ойындарды құрылыстық, жобалау, еңбек, дидактикалық, танымдық, ақыл-ойға, музыкаға байланысты ойындар, ритмикалық ойын жаттығулары, ойын сабақтары, жаттығу ойындары, қалжыңдар, ойын көңіл көтерулер, қозғалмалы ойындар, спорттық ойындар деп бөледі. П.И.Пидкасистый - табиғи және жасанды ойындарды әрі қарай классификациялай келе ойындардың төрт тобын жинақтайды:

а) мазмұны бойынша: шығармашылық ойындар, білімді үйрену жаңа тәжірибелер мен әдістерді қалыпсыз іс-әрекетке қолдану, зерттеушілікке байланысты ізденіс елестету және ізденіспен байланысты;

ә) түрі бойынша: сюжетті, рөлдік, орталықтанған, ақыл-ойды қажет ететін, компьютерлік;

б) ойынға қатынасушылардың ұйымдастыру формасына байланысты: жеке, екі адамдық, топтық, көпшілік;

в) әсер ету орнына байланысты: ойын алаңындағы, столдағы, эстрадалы, сценадағы, залдағы, үйдегі ойындар т.б.

Н.К.Ахметов жалпы ойындарды табиғи және жасанды ойындар деп бөледі. Соның ішіндегі жасанды ойындар: академиялық (оқыту), академиялық емес (спорттық) деп топтай келе, академиялық ойындарды: оқу ойындары, имитациялық оқу ойындары деп классификациялайды.

Ұлы педагогтар, ғалымдар, әдіскерлердің еңбектерінде ойын әдісі мынадай түрде классификацияланады: дидактикалық, грамматикалық, лексикалық, фонетикалық, рольдік, іскерлік [9].

Менің ойымша, берілген классификацияға коммуникативті біліктілікті дамыту ойындары түрін қосуға әбден болады. Олай дейтінім қазіргі кезде қоғам талабына сай, балаларды оқытуда қойылып жүрген ортақ міндет - тілді коммуникативті бағытта оқыту, ондағы мақсат - оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізумен шектелмей, өзара тіл табысып, пікір алысуға үйрету, себебі жалпыға берілетін білімнің негізгі мақсаты – баланың тілін жоғары деңгейде дамыту.

Балалардың тілін дамытуда оқиғалы рөлді ойындардың орны ерекше. Ойында адамдар өмірінің сан қыры, тұрмыс-тіршілігі, еңбегі, дүниетанымы, арман - тілегі, болашаққа деген сенімі, ержүректілік пен жігерлілікке құлшынысы көрініс табады [10]. Халық педагогикасында ойындар өте көп және мазмұндары да, бағыттары да бірін-бірі қайталамайтындай сан-алуан, әрі қызғылықты. Олар, «Алақан соқпақ», «Аңдардың айтысы» т.б. Ауыз әдебиеті үлгілерін қолдана отырып, балалармен сан түрлі оқиғалы рөлді ойындарды ойнауға болады. Оқиғалы рөлді ойындар баланың тілін дамытып қана қоймайды, сонымен қатар оны жан-жақты тәрбиелейді.

Сюжетті - рөлдік ойындар бейнелеу құралы рөлмен ойын әрекеті. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы, «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттеріне еліктейді. «Шаштараз», «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдіруге болады. Педагог өтілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалын бағалауға, өз тобындағы сюжетті - рөлдік ойындарының одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс. Балалардың ересек адамдармен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырыла алмайды, бұл қажеттілігін балалар ойын үстінде қанағаттандыра бастайды, ойын арқылы өздеріне ересек рөлін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынасты да нақтылап көрсетеді. Баланың қоғамдағы осындай ерекше орын үлкендер өміріне араласудың айрықша түрі болып саналатын рөлдік ойынның пайда болуының негізіне айналады. Ойын үстінде сәбиге адамдар арасында болатын объективті қарым - қатынастар тұңғыш рет ашылып, ол әрбір іс - әрекетке араласу адамнан белгілі міндеттерді орындауды талап ететін және бірсыпыра құқықтар беретінін біледі. Ойын ойнатуда мынадай бірқатар талаптар қоюға болады:

1.Ойлау жоспарындағы іс – әрекет. Бұл кезеңді әртүрлі атауларының болуына қарамастан, барлық зерттеушілер біледі. Ойлаған жоспарында іс – әрекет жасау қажеттілігі балалардың ойлау қабілетінің бейнелі түрдегі қызметінің дамуына, елестету жоспарының қалыптасуына, қиялындағы жағдайын құрастыруға жетелейді;

2.Баланың адамдармен қарым – қатынасы жүйесіндегі өзіне бағыт – бағдар беру біліктілігі, себебі ойын оларды жүзеге асыруға бағытталған. Ойындағы қарым – қатынастардың негізгі мазмұны әлеуметтік рөлдерді бір – біріне бағындырудың негізгі әртүрлі комбинацияларынан құралады. Міне, осы мазмұн ғана баланың қабылдауында бірінші кезекте тұрады.

3.Ойынға қатысып отырған балаларда шынайы қарым – қатынастардың қалыптасуы. Бірлескен ойында іс – әрекеттердің келіспеушілігі мүмкін емес [11]. А.П. Усованың терминологиясы бойынша балалардың келісу әрекеті барысында «қоғамдық қасиеті», яғни қарым – қатынастың белгілі деңгейін қамтамасыз ететін қасиеттері дамиды. Сюжеттік - рөлдік ойындардың негізгі мәні осыдан тұрады. Бұдан басқа, ойында мінез – құлқын еркін басқарудың, әдейі есте сақтау, белсенділігі мен ұйымдастырушылығының бастапқы формаларының дамуы жөніндегі экспериментальды мәліметтер бар. Сонымен бірге, ойын кезінде қоғамдық өмірдің құбылыстары, ересек адамдардың іс – әрекеттері мен қарым – қатынастары және т.б. туралы білімдерінің бала бойында қалыптасуы жалпыға мәлім [12].

Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазады: «Бала ойында қалай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады». Сондықтан келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады. Ойынның негізгі ерекшелігі – ол балалардың қоршаған ортаны – адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым – қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойында бөлме, теңіз де, ұшақ та, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар үн - түнсіз ойнамайды, жүреді. Ойын процесінде сөйлесу қарым – қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысады, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рөлдер, ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.

Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы. Мысалы: «Дүкен», «Аурухана», «Ұшақтар», «Отбасы», «Бала бақшасы» және тағы сол сияқты болып ойнайды. Ойынның сюжеті, мазмұны – бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балаларды өзара қарым - қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара қарым – қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын нәрсе.

Атақты педагог В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда, «Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес». Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады [13].

Мектепке дейінгі балалық шақ    3-тен 6-7-ге дейінгі жас — баланың дамуындағы мүлде айрықша кезең болып табылады. Дәл осы жаста ішкі психикалық өмір және жүріс - тұрысты іштей реттеу пайда болады. Бұл ішкі өмір жалпы түсініктер бойынша әрекет ету қабілетінде, баланың қиялында, ерікті жүріс - тұрыста, ересектер және құрдастар арасындағы мазмұнды қарым - қатынаста танылады. Осы маңызды қасиеттер мен қабілеттердің барлығы, ересектермен әңгімелесуде, мамандар сабақтарының барысында емес, сюжетті - рөлдік ойында туындайды. Осындай ойында  балалар ересектердің  рөлдерін ойнап, өздері арнайы құрастырған ойын жағдайларында, қиялдан шығарған жағдайларда ересектердің іс - әрекеттерін және олардың арасындағы қарым - қатынасты қайта орындайды.

Сюжетті - рөлдік ойындардың психологиялық әсерімен балада:

-Өз-өзіне деген сенімнің бекуі;

-Этикалық және адамгершілік негізінде мінез-құлық, жүріс-тұрыстың меңгерілуі;

-Қарым-қатынас дағдылары мен біліктерінің дамуы болатындай

түрлері жинақталып, іріктеледі.

Сюжетті - рөлдік ойындарды қолдану басты үш сатыдан тұрады. Олар:

1) дайындық кезеңі, ол:

-дидактикалық материалдар жинақтаудан

-жинақталған материалды реттеу, ұйымдастырудан тұрады.

2) орындалу барысы;

3) ойынды қорытындылау.

Сюжетті - рөлді ойындар міндетті түрде топтық, талдаумен аяқталады. Талдау 2 бағытта жүргізіледі:

1.Қарым-қатынас жағдайының құрамын балалардың толық та, адекватты түсінігін қамтамасыз ету;

2.Коммуникативті іс-әрекет механизмдерін біліп, түсінуге, дағдылануға мүмкіндік беру.

Сюжетті - рөлдік ойындардың 2 түрі – импровизациялық және сюжеттік түрлерін қолдануға болады. Импровизациялық ойындардың мазмұны балалардың өздерінің үйреншікті өмір жағдайларынан, қарым-қатынас сферасынан алынып отырады. Мұнда тек алдын - ала рөлдер мен позициялар бөлініп беріледі. Импровизацияланатын ситуациялардың ең қарапайымы таңдалынады. Ал басты назар әрбір баланың импровизациялауға қабілетін, яғни спонтанды түрде оның кез келген рөлді ойнап, сол рөл тұрғыдан диалог құра алуы мен вербалды емес коммуникацияны қабылдап, меңгеруі талданып, зерттеледі. Импровизациялық ойындардың арасынан ұзақ даярлықты қажет етпейтін, тренинг барысында өрістейтін түрлері қолданылады. Бірақ мұндағы басты талап ойын мазмұны балалардың қарым-қатынас саласындағы мәселелерге бағытталуы. Алдыңғы диагностикалық зерттеулер мен диагностикалық ойындар нәтижесіне жүгіне отырып, импровизациялық ойын мазмұны құрастырылды. «Анар бүгін балабақшаға ең әдемі қуыршағын алып келген екен», «Анасы мен Болат дүкенге келді», «Сәуле үйде отырғанда есік қағылды», «Саматпен оның досы Дәурен телефонмен сөйлесіп отыр», «Жанардан көшеде бір бейтаныс аға аты-жөнін, үйінің мекен-жайын сұрады», «Гүлнар мен Мөлдір ойнап жүріп ренжісіп қалды» т.с.с балалардың жас ерекшелігіне, қарым-қатынас қажеттіліктеріне және тренинг мақсатына орай тақырыптар бойынша спонтанды түрде бір оқиғалар ойналып отырды. Мысалы, «Анар бүгін балабақшаға өзінің ең әдемі қуыршағын алып келген екен» ойынының мазмұнын алайық. Тәрбиеші алдын ала Анарға өзіне ғана, кім сұраса да, қалай сұраса да қуыршағын ешкімге бермеуін тапсырады. Ол үшін Анар балалардың әрқайсысының өтінішіне нақты, тура жауап беруі керек. Ал балаларға тәрбиеші бар мүмкіндіктерін пайдаланып қуыршақты сұрап алып, ойнауларына бағдар береді. Бұл ойын барысында балалар бірін - бірі түсінуге, тыңдауға, қарсы жауап таба алуға, сендіруге, ынталандыруға, сыйлауға, өтініш айтуға, сөзін өткізе алуға үйренеді. Рөлдік - импровизациялық ойындардың әсерін талдау «кілттері».

1.Қарым - қатынас құралдарының қолданылуы, сөздік қор, ым - ишара, арақашықтық, интонация.

2.Қарым - қатынас біліктері мен дағдылары, өзара келісімге келу, қысым жасау, манипуляцияның көрінісі;

3.Өзара әрекеттестік, өзара қатынас позициялары «тепе-теңдік», «жоғарыдан» қарау, «төменнен» қарау болды.

Ал оқиғалы рөлді ойындарға алдын - ала даярланған сценарий қажет. Онда ойынға қатынасушылардың өзара әрекеттесу, өзара қатынас жасау позицияларының толық сипаттамасы мен нұсқаулары құрастырылады.

Сюжеттік ойындар алдын-ала ойластырылып, бүкіл сабақтардың жоспарын құруда ескеріледі. Бұл оқиғалы рөлді ойындардың бастапқы кезеңі. Сюжеттік ойын типтік коммуникативті ситуацияларды, яғни балалардың баршасына дерлік тән жағдайларды талдауға бағытталады. Мұндай ойындарда күрделі коммуникативті ситуациялар моделденеді. Әдетте импровизациялық ойынға қарағанда, сюжеттік ойынға уақыт көп кетеді. Оқиғалы рөлді ойын барысында тәрбиеші көп кірісе бермеуі тиімді; ойын өздігінен ұйымдасатын болуы керек. Рөлдік ойындар қорытынды сабақтарда ойналады. Себебі балалардың топ ішіндегі қарым - қатынасы интенсивті болып, өздері қарым - қатынас кезінде әр түрлі позициялар, стратегиялар, инициатива коммуникация ережелерін біліп, ситуацияларға талдау жасай алатын кезде ғана рөлдік-сюжетті ойын тиімді болады. 5-6 жастағы балалардың ойналатын сюжеттік ойынға 1-1,5 сағат уақыт керек. Мүмкін болса сюжеттік ойынды тұтастай бейнетаспаға түсіріп алған жөн. Мұндай таспалар талдау жасағанда кейбір ойын сәттеріне қатысты балалардың әржақты көріп - қабылдауынан туындайтын даулы жағдайларды қарастыруда аса қолайлы [14]. Сюжетті ойынның осындай «мүмкіншіліктердің» барлығы мектеп жасына дейінгі баланың тәжірибелік әлемін кеңейтіп, оған ішкі эмоционалдық жайлылықты қамтамасыз етеді.

Қазіргі заманның психологиялық - педагогикалық зерттеулерінде сюжетті ойын — адамның кез келген іс-әрекеті сияқты — балада өз бетімен пайда болмайды, оны меңгерген, «ойнай алатын» өзге адамдар арқылы қалыптасатыны туралы көрсетілген. Сюжетті ойын тақырыбынан тыс өзінің ең қарапайым түрінде заттармен шартты әрекеттер тізбегі ретінде құрылуы мүмкін, күрделі түрінде — спецификалық рөлдік ара-қатынастардың тізбегі ретінде, аса күрделі түрінде — әр түрлі оқиғалардың бірізділігі ретінде құрылуы мүмкін.

Көптеген зерттеулер негізінде 3-5 жастағы бала ойнайтын рөлдеріне еніп, оларды біртіндеп алмастыра білу керек екендігі, заттармен әрекет ету және рөлі бойынша сөйлеу арқылы жүзеге асыруы тиіс, құрдас-серіктеспен рөлдік қарым-қатынас құру тиіс екендігін көрсетті. Есейе келе, бала ойын барысында әр түрлі оқиғалардың бірізділігін өрістету тиіс, оларды өзінің және 2-3 құрдас-серіктестің ойластырғанына сәйкес ұластыру тиіс, сюжетті оқиғаларды рөлдік ара-қатынас арқылы және заттармен әрекет ету арқылы жүзеге асыру тиіс.

Балаларды ойынға тартып, олармен бірге ойнау үшін тәрбиешінің өзі белгілі бір түрде құрылған сюжетті «тірідей» ойын процесінде балаларды қызықтыратын тақырыпқа сүйеніп,  еркін өрістетуге үйрену керек. Ересек адамның ойын процесінде балалардың ұсыныстарын қабылдап, баланың ойластырған ойын әрекетін жалғастыра алу, жаңа кейіпкерді (сондай-ақ, ойын рөлін) енгізе алу, құрастырғанды аяқтау, бала ұсынған оқиғаны өрістету шеберлігінен балалар үшін ересекпен бірлескен іс-әрекеттің тартымды және қалыптастыратын әсердің табысты болуы байланысты.

Тәрбиеші ойын сюжет-оқиғалардың элементтеріне, кейіпкерлеріне (рөлдерге), олардың әрекеттеріне сүйеніп, еркін пайдалану тиіс, әр жастағы балалармен сюжеттерді өрістете алу тиіс. Балалармен бірлесіп ойнағанда да, өзіндік іс-әрекетері үшін жағдай жасаған кезде де, ересек тарапынан мәжбүрлеу, тақырыптарды, ойын рөлдерін, ойын түрін (өздік немесе бірлескен) міндеттеу мүлде жарамайды. Балалардың бойында балабақшада «өз еркінше емес, бұйрық бойынша ойнау керек» деген сезім тудырмау тиіс. Жалпы, педагогикалық процесте ойынға қатысты бір бірімен тығыз байланысы бар екі құрамдас бөлікті ажырату қажет: ойын процесінде жаңа біліктері қалыптасатын балалар мен тәрбиешінің біріккен ойыны және балалардың өздік ойыны, оған тәрбиеші тікелей қатыспайды, тек ойын белсенді болу үшін және балалар меңгерген ойын біліктер арсеналындағы ойын дағдыларын қолдану үшін жағдай туғызады [15].

Балалар өздерінің рольді ойындарында айналасындағы шындықтың көп жақтылығын көрсетеді. Олар үй тұрмысынан, үлкендердің еңбектегі іс-әрекеті мен олардың еңбектегі қарым-қатынастарынан көріністер көрсетіп, замана оқиғаларын (космостық ұшулар, арктикалық экспедициялар) және басқаларды бейнелейді. Балалар ойындарында көрсетілетін шындық рольді ойындардың сюжеті болады. Балалар араласатын өмір ауқымы неғұрлым кең болса, ойын сюжеті де соғұрлым кең де сан алуан келеді. Сондықтан да, мектепке дейінгі кішкентайлардың ойын сюжеттері шағын, ал мектепке дейінгі ересектердің ойын сюжеттері өте сан алуан. Бес - алты жастағы балалар қонақтар, қызы мен анасы, балабақша ойындарын ғана емес, колхоз әмірі, көпір салу, космос кораблін ұшыру сияқты ойындарды да ойнайды.

Ойын сюжетінің әр алуандылығы артқан сайын ойын уақытының ұзақтығы да артады. Мәселен, үш - төрт жастағы балалар ойынының ұзақтығы бар болғаны 10-15 минут болса, төрт-бес жаста балалар ойынының ұзақтығы 40-45 минутқа, мектепке дейінгі ересектерінің ойыны бірнеше сағатқа, кейде тіпті бірнеше күнге созыла береді. Балалар ойынының кейбір сюжеттері мектепке дейінгі кішкентайларда да, ересектерінде де қызы мен анасы, балабақша ойындары кездеседі. Бірақ ойын сюжеттері мектепке дейінгі жастағы балалардың бәріне ортақ болғанымен ойындардың ойналу сипаты түрліше: бір тақырып төңірегінің өзінде мектепке дейінгі ересектер ойыны кішкентайлар ойынына қарағанда анағұрлым алуан түрлі.

Әрбір жасқа ортақ сюжет төңірегінде болмысты түрлі жақтарынан көрсете білу тән. Мәселен, челюскиншілер болып ойнауда балалар дамуының түрлі сатыларын байқауға болады. Сәбилер үшін бұл ойынның ең түйінді жері— мұзжарғышпен жүзу. Жас сатысы жоғары болғанда бірінші орынға полярлық эпопеяға қатысушылардың сыртқы әлеуметтік қарым - қатынастары мен әлеуметтік сатысы (кімнің жолы үлкен), капитанның, машинистің, радистің тағы басқаларының мінез - құлық ережелері шығады. Ақырында, моральдық, асқақ сезім түріндегі ішкі әлеуметтік қарым-қатынастардың бәрі өзекті мәселеге айналады. Ұқсас ойындарды балалар кез келген жаста ойнай береді, бірақ түрліше ойнайды.

Сонымен, сюжетке нұсқау ойынды толықтай сипаттамайды. Сюжетпен қатар рольді ойынның мазмұнын да ажырату қажет. Ересектер іс-әрекетінен бала нені негізгі сәт деп бөліп көрсетсе, ойынның мазмұны сол болып табылады. Әр түрлі жастағы балалар тобы ортақ сюжетті ойынға түрліше мазмұн береді. Айталық, кішкентайлар ересектердің қандай да бір істерін еске түсіре отырып, тек белгілі бір заттармен белгілі бір қимылды әлденеше рет қайталайды. Заттар арқылы үлкен адамдардың шынайы істерін қайталап көрсету мектепке дейінгі кішкентайлар ойынының негізгі мазмұны болып табылады. Мысалы, ересек тобы түскі тамақ ішу ойынын ойнағанда қандай да бір қимылды бірнеше рет қайталай отырып, нан тіледі, ботқа пісіреді, ыдыс-аяқ жуады. Әйтсе де балалар тілінген нанды үстел басындағы қуыршақтардың алдына қоймайды, пісірілген ботқаны тәрелкеге салмайды, таза тұрған ыдыстар жуылады. Мұнда ойын мазмұны тек қана заттар арқылы жүргізілетін қимылдармен көрсетіледі.

Мектепке дейінгі кіші жастағы бала, рольді ойындағы сияқты ойын сюжетін жоспарламайды, ол қолына іліккен затқа байланысты өздігінен пайда болады. Мысалы, баланың қолында түтік болса, ол дәрігер, ал термометр болса, онда ол медбике болады. Балалар арасындағы негізгі талас іс-әрекет жасайтын заттарды иемденуден пайда болады. Сондықтан да бір машинаны бір мезгілде екі шофер жүргізіп келе жатады, ауруды бірнеше дәрігер қарайды, түскі тамақты бірнеше ана пісіреді. Міне, сондықтан да рольдер бір заттан екінші затқа ауысуға байланысты жиі ауысып отырады.

Сонымен бірге мектепке дейінгі кіші жастағы балалар арасында ойынның мазмұны ретінде көбіне адамдар арасындағы қарым-қатынас көрінеді [16].



1.2 5–6 жастағы балалардың коммуникативті дағдыларын қалыптастыру жолдары


Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуында жетекші рөл атқарады, сондай – ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Сондықтан да егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс – тәсілдерін қолдана отырып терең білімді, оқу барысында танымдық әрекеттерді бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде. Бұл ретте мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік – тілдік құзыреттіліктерін қалыптастырудың білім, біліктерін жетілдірудің әлеуметтік мәні зор [17].

Балаларды оқуға дайындау балалық шақтың барлық кезеңіне қарамастан мектеп жасына дейінгі бүлдіршінді мектепке дайындау жүйесінде ерекше орын алады. Мектепке дейінгі жас кезеңі өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады, өйткені осы жас аралығында бала өзіндік тұлға ретінде қалыптасады.

Қазіргі мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік – тілдік әрекетке қызығушылықтары мен ынта – ықыластарын қалыптастыру арқылы олардың белсенділігін арттыру маңызды. ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында мектепке дейінгі тәрбие және оқыту деңгейінде бес жастағы балаларды мектеп алды даярлығымен толық қамтамасыз ету, баланың бойында оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеу міндеттері айқын көрсетілді.

Бұл тұжырымдамаға негізгі мақсат – мектепке дейінгі білім беруді ұлғайту жолымен балалардың білім алуына бастапқы мүмкіндіктерді бірдей қамтамасыз ету болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында оқу қызметін меңгерту олардың коммуникативтік - тілдік құзыреттіліктерін жетілдіру басты бағыттарының бірі болып саналады [18]. Мектепке дейінгі балаларды өз ана тілінде сөйлеуге үйретуде, тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу тілін дамытуға, сөйлем құрастырып сөйлеуіне, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн. Сөйлеу бала үшін қарым – қатынас құралы болып табылады, оның ойлау қабілетін және мінез – құлқын реттеуде маңызды рөл атқарады. Тілдің, сөйлеудің немесе сөздің әсерінен баланың қабылдау сипаттамасы өзгереді. Сөздердің ауызша көрсетілуі мен мән – мағынасын түсіне бастайды, демек, сөйлеу арқылы қабылдаудың сенсорлық типі мән – мағыналық, заттық типке ауысады.

Сөйлеудің әсерінен баланың жадында қайта өзгеру немесе жаңару үдерісі болады. Алғашында алған әсерді жаңғырту барысында сөйлем құрап, сол сөздің әрмен қарай дамуы тек сыртқы жағдайлардың нәтижесінен ғана болмай, оның орнын ауыстыратын сөз арқылы да бола алады. Ол бірінші және екінші ишарат жүйелерінің арасында құрылған құбылысты алғашында қабылдаған сөз арқылы пайда болады. Сөйлеудің әсерінен бала іс – әрекетінің сипаттамасы да өзгеріске ұшырайды. Бастапқыда, бала ойнап отырып, тікелей ересектерден үйренген іс – әрекеттерін жаңғырта немесе қайталай бастайды. Содан кейін ғана, қоршаған ортадан алынатын әртүрлі сыртқы түршіктіретін және бірнеше рет қайталанып отыратын әсерден қалыптасып келе жатқан жүйке үдерісінің күрделенуімен баланың іс – әрекеті де күрделене бастайды. Осылайша, бұрын көрген нәрсе енді ойынның мазмұнына айналады.

Кішкентай адамның негізгі қалыптасуы айналасымен тіл арқылы әртүрлі қарым – қатынастың нәтижесінде жүзеге асады: тілалғыштық қалыптасады, ересектердің талаптарына мойынсына білу, басқа балалардың пікірімен санаса білуге тәрбиелену. Баланың ұғынуы мен өзіндік сөйлеуі дамыған сайын, оған айналасы анағұрлым түсінікті ұғымды, өзара байланысты болып көрініп, осылайша, жалпы адамның ойлай білуі, ойлануы дами бастайды.

Бала мектепке жақсы тілдік дайындықпен баруы тиіс. Бұл бағыттағы жұмыстарды жетілдіре түсу үшін тәрбиешілер тиісті әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, балалардың тілдік даму деңгейлерін жүйелі түрде бақылап, тексеру жүргізіп отыруы қажет. Тіл дамыту жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін тәрбиеші топтағы барлық балалардың тілінің даму деңгейін жақсы білуі қажет. Кейбір балаларға ішінара бақылау, тексеру жүргізу арқылы бағдарламалық материалдардың қандай дәрежеде меңгеріліп жатқандығын, сабақ барысында қолданылып жүрген әдіс – тәсілдердің, дидактикалық ойын – жаттығулардың тиімді – тиімсіздігін анықтай алады [19].

Қарым – қатынас мәдениетін тексеруде:

-сыпайы сөйлесе білу «сіз, рахмет, кешіріңіз» сөздерін қолдану дәрежесі;

-сөйлесуге, әңгімелесуге өз бетімен ықыласын танытуы;

-қасындағы баламен ойын барысында, еңбек әрекеті кезінде тіл табыса алуы;

-бала тілінде нормаға жатпайтын лексикалық сөздердің кездесуі.

Сөздің дыбыстық құрамын тексеруде: мектепке дейінгі балалардың дыбыс қолдануда жиі ұшырасатын кемшіліктер – сөз ішінде дыбысты дұрыс айтпау, сөз ішінде дыбыс қалдыру, не дыбыс алмастыру. Бұны анықтау үшін баланың өлең, тақпағын, таныс ертегіні қайталап айтып беруін өтіне отырып, көпшілік балалардың айтуға қиналатын р, л, с, ш, ж, з, б, п, ф дыбыстардың айтылуына мән берген дұрыс. Сонымен бірге баланың сөйлеу қарқыны, екпіні, мәнері де тәрбиеші назарынан тыс қалмауға тиіс. Дыбыстың шығу деңгейін және қарқынын баланың ажырата алу қабілетін «Кімнің даусы?», «Менің кім екенімді тап» т.с.с. ойындар ойнату арқылы тексеруге болады.

Сөздік қорын байқау. Бала тілін дамытудағы маңызды мәселелердің бірі – өзі айтқан сөзінің мағынасын түсініп, қажетті жерінде қолдана білуі. Сөздің мағыналық жағынан дұрыс қолданылмай тұрғандығын байқай білу үшін өтірік өлеңдер пайдалану. Тәрбиеші оқыған өлеңді тыңдап болып, ондағы қандай сөздердің орынды қолданылмай тұрғандығын анықтап, түзетеді.

Грамматикалық формада дұрыс сөйлеуін тексеру күнделікті өмірде үлкендермен қарым – қатынас барысында жүзеге асады. Баланың бір ойды әртүрлі сөздермен жеткізе алу қабілетіне назар аудару. Мысалы, «Сыртта жел соғып тұр», «Далада жел болып тұр».

Байланыстырып сөйлеу қабілетін тексеру – ақыл – ой және эмоционалдық даму деңгейін байқатады. Оны мына тәсілмен жүргізеді:

-әңгімелеу. Баланың өзі білетін ертегі немесе әңгіме мазмұнын айтып беруін сұрау;

-өз бетінше әңгімелеуі;

-жетекші сұрақтарсыз әңгімелей алады;

-ересек адамның көмегін қажет етуі;

-мәтін мазмұнын толық жеткізуі;

-оқиғаны баяндауда бірізділікті сақтайды;

-кейбір бөліктерінің орнын ауыстырып алады;

-мәнелеу құралдарын пайдалану іскерлігі;

-мәнерлеу құралдарын жиі дұрыс пайдалану іскерлігі;

-мәнерлеу құралдарын сирек қолданады;

-мәтінді ешқандай мәнерсіз жеткізеді.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы білім беру үнемі коммуникативті тілдік бағытқа негізделіп, оқу іс – әрекеттері қарым – қатынас және мақсатты тапсырмалармен ұйымдастырылуы керек. Осы бағытта түрлі мониторингтер жүргізуге болады.

1.Жеке. Тәрбиеші ай сайын балалардың коммуникативті құзыреттіліктерінің қалыптасуын бақылайды.

2.Топтық.

3.Жалпы ұжымдық [20].

Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда мектепке дейінгі және бастауыш сынып балалары белсенді және өте қозғалмалы болып келеді. Бұл жастағы балалар өздерін еркін ұстап, өткізілетін іс - әрекеттерге аса қызығумен қатысады, өзінің айналасындағы нәрселерді көріп, соны бейнелеуді ұнатады. Егер адам өмірінде қарым-қатынас жасау ең алғашқы қажеттіліктердің бірі екендігі дәлелденсе (Божович Л. И., Запарожец А. В., Лисина М. И., Любминская А. А., Шерьязданова Қ. Т. және басқалары), онда қарым-қатынас дара түрде қарастырылып оны жетілдіру әдіс-тәсілдерін құрастыру мүмкін емес. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетін жағдайға талдау жасауды қарым-қатынаспен тығыз байланыста қарастыру қажет екендігі белгілі. Артемова Л. В., Кушина В.Ф., Иванова Р.А., Тетлицкая И.Б., Щербакова Е.И., зерттеулерінде ойын әрекетіне (жағдайға талдау жасауды қарым-қатынаспен тығыз байланыста) қатысты дағды мен икемділікті жетілдіруді балалардың өз қатарластарымен және ересектермен қарым - қатынасты тиімді жасаудың алғы шарты деп қарастырылады.

Балалардың қарым – қатынас әрекеттерін дамыту мақсатында ең алдымен ойын әдістерін қолдану керек. Яғни, баланы қарым – қатынасқа баулитын тренингтер мен ұжымдық ойындар ұйымдастыруда басты назарымыз баланы сөйлету, басқалармен жағдаятта болып, оларға өзінің, немесе, керісінше, өзіне олардың қажет екенін түсінуін қадағалауымыз қажет.

Бала ойынын ұйымдастыруда педагог оның мазмұнының тартымдылығына ғана емес, ойындағы ойындық және шындық қарым – қатынастарға назар аударған абзал. Ойын үстінде балалардың өзара шындық қатынастары көптеген ғалымдар еңбектерінде зерттелді. Алғаш рет А.П. Усова балалар қауымдастығының тұлғаның қоғамдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпалы және ерекшеліктері туралы арнайы зерттеулер жүргізген. М.Б. Теплицкая зерттеуінде балалар арасындағы жағымды қарым – қатынасты қалыптастыруда ойынды пайдалану мүмкіндіктеріне тоқталды. Шетелдік педагогикада бала ойынының дамуында және өзара қарым – қатынас үрдісінде педагогтың пассивті рөлі туралы пікірлер басым болғаны белгілі. Қарым – қатынас үрдісінде ойынның маңызын талқылау үшін балалар арасындағы қарым – қатынас проблемасын қалыптастыру қажет [21].

Тренингтік сабақтардың мазмұндық аспектісін қарастыралық. Бұл тренинг бағдарламасын анықтау болып табылады. Мен ұйымдастырған тренингтік сабақтар 5-6 жастағы балалардың қарым-қатынас дағдылары мен біліктерін жетілдіруге арналған дағдылар тренингі болып табылады. Бұл психотерапия да, сензитивті тренинг те емес құрылымдық бағдарлама болды. Тренингтік бағдарлама өзара байланысты екі тақырыптық блоктардан құралған.

1 блок. Балалардың коммуникативтілік дағдылары мен біліктерін дамытуға, өзара әрекеттесу мен қатынасудағы жіберілетін  қателіктерді талдауға негізделген. Бұл блок бойынша балалардың вербалды және вербалды емес коммуникациясы қарастырылады. Блок бойынша қойылған мақсатқа жету үшін балалармен сергіту, рөлдік ойындар қолданылады. Ойындар вербалды және вербалды емес құралдарды белсендендіруге бағытталған.

     Сергіту ойындарын басқаша қыздыру жаттығулары деп те атайды. Бұл ойындар балаларды топтық іс-әрекетке эмоционалды түрде келтіретін, баптайтын мақсатқа бағытталды. Сергіту ойындары әр сабақтың алдында және соңында 4-6 минуттан өткізіледі. Балалардың ойынын ғана қыздырып қоймай вербалды белсенділіктерін арттыруға мүмкіндік беретін жаттығу түрлері - жаңылтпаштар. Сонымен қатар, сергіту эффектісі үшін қазақтың ұлттық ойындары: «Таңқурайдан», «Бұғнай», «Сиқырлы таяқ», «Жаңылма», «Тақыл-тұқыл», «Мысық пен тышқан», «Қас-қағым», «Сұрақ- жауаптар», «Қостаймын, қарсымын, толықтырамын» қолданылады.

Ойындардың өту барысы: «Таңқурайдан» - балалар бірінің қолы, бірінің басына жетерліктей мөлшерде дөңгеленіп отырады. Тренинг жүргізушіден басқасы жалаң бас болуы керек. Тренинг жүргізуші: «Таңқурайдан, таңқурайдан» - деп , айта түседі де өз басындағы тақияны оң жағындағы көршісінің басына кигізе қояды. Көрші де сол сөзді қайталап оң жағындағы көршісіне кигізеді. Осылай жалғасып кете береді. Бір мезетте тренинг жүргізуші көзін жұмып отырады да : «Тау-тау» - деп басын өз қолымен баса қояды. Әркім тақияны өз басында қалдырмауға тырысуы керек. Ойын барлық бала басына тақия киіліп өткенінше жалғасады. Ойын аяқталған соң, балалардың талқылауы үшін мына сұрақтар беріледі:

-тақия басыңа киілгенде не ойлай қалдың?

- тақияны басқаның басына кигізген соң өзің не ойладың?

«Бұғнай»- тренинг жүргізуші ер балаларды малдасын құрғызып, қыздарды бір тізерлеп отырғызады да, өзі барлық балалардан 1-ші бұғнай, 2-ші бұғнай, 3-ші бұғнай т.с.с. санап шығады  да , кенеттен «пәленше бұғнай» деп шақыра қалады. Аты аталған «бұғнай» орнынан атып тұрады да  бірден келесі біреуін шақырады. Әдетте кейбір балалар тұра алмай, ал сақ отырған балалар аты аталмай тұрып кететін жағдайлар болады. Ойын әрбір «бұғнай» шақырылғанша ойналады. Бұл ойынның қыздыру эффектісімен қоса диагностикалық, социометриялық мәні бар. Тренинг жүргізуші, біздің жұмыста ассистент рөліндегі бала, аты аталынған, аталынбай қалған, бірнеше рет аталған балаларды тіркеп отырады. Содан кейін балалар өздері де ойын барысында қандай ой, сезім болғанын ортаға салып талдайды.

«Сиқырлы таяқ» - балалар қол ұстасып, дөңгелене тұрады. Тренинг жүргізуші қолына таяқ ұстап шеңбердің ортасына шығады да, ойынның тәртібін түсіндіреді. Балалар бір баладан бастап тізбектеле қатардағы санын айтады. Тренинг жүргізуші таяқты тігінен жерге қадап ұстап, кез келген қатардағы санды айтады да таяқты қоя біледі. Аты аталған қатардағы бала өз санын ести сала жүгіріп барып, таяқты құлатпай ұстап үлгеруі керек. Таяқты құлатпай ұстаған бала ойынды жүргізіп, жалғастыра береді. Алдыңғы ойын сияқты мұның да социометриялық мәні бар. Хаттамаға ойын жағдайы тіркеліп отырады. Ойын аяқталғаннан кейін  балалар ойын барысындағы өздерінің ой-сезімдерімен бөліседі. Рөлдік ойындар міндетті түрде топтық талдаумен аяқталады. Талдау екі бағытта жүргізіледі:

  1. Қарым-қатынас жағдайының құрамын балалардың толық та,

адекватты түсінуін қамтамасыз ету;

  1. Коммуникативті іс-әрекет механизмдерін біліп, түсінуге,

дағдылануға мүмкіндік беру.

Рөлдік- импровизациялық ойындардың әсерін талдау «кілттері»

1)Қарым - қатынас құралдарының  қолданылуы, сөздік қор, ым- ишара, (арақашықтық) дистанция, интонация;

2)Қарым - қатынас біліктері мен дағдылары, өзара келісімге келу, қысым жасау, манипуляцияның көрінісі;

3) Өзара әрекеттестік, өзара қатынас позициялары «тепе-теңдік», «жоғарыдан қарау», «төменнен қарау» болды.

Енді тренингтік сабақтарға балалардың жаңа қарым-қатынас дағдыларын біліктерін бекітуге арналған кезеңге енгіземіз. Бұл кезеңде әрбір баланың өзіндік ішкі потенциалы, коммуникативті іс - әрекетке деген ішкі ресурсы анықталды. Тренингтік бағдарламаның бұл бөлігі екінші блогты құрайды. Бұл блог балаларға тренингтің жасаған әсерін, яғни балалар топтарының жоғары ұйымдасушылық көрсетуін, әрбір баланың коммуникативтілік деңгейін ғана анықтап қоймайды. Сонымен қатар ол өзіндік бір диагностикалық тәсіл болады. Әрбір баланың қарым - қатынасының жетілуі, белгілі бір коммуникативті дағдылар мен біліктердің қалыптасып, дамуы белгілі болды.

2-ші блоктың 5-6 жастағы балаларға арналған тапсырмалары шығармашылық негізінде болады. Онда балаларға қойылым қою, ертегі құрастыру сияқты драматизациялау тапсырмалары беріледі. Сонымен қатар, ойын - пікірталас та осы блоктың құрамында.

Балалардың қарым – қатынасын жетілдіруге арналған тренингтік сабақтардың базалық әдісі – ойын пікірталас болды. Оның негізінде тренинг жүргізушінің балаларымен, балалардың өзара қарым – қатынасы жатады.

Сондықтан пікірталас контекстінен тысқары қарым – қатынасқа дағдылану мүмкін емес. Балалардың жа ерекшелігі ескеріліп пікірталас ойын формасында өтеді. Басқаша айтқанда пікіталас барысы қарым – қатынасқа ойын арқылы оқытумен сипатталады [22]. Ойын пікірталасының құндылығы оның әрбір баланың өзін өзі көрсетуін талап ете отырып, бір – бірін, ересектерді тыңдауға, әңгіме мазмұнына назар аудару біліктерін дамытып, әңгімені толықтыруға, пікір айтуға, сұрақ қоюға, суырып салушылыққа дағдылануға мүмкіндік беретіндігінде.

Мектеп жасындағы ең маңызды сапалы әдеттену – балалардың біріккен әрекеттерінің алғашқы да негізгі түрі ойынның пайда болуы. Мектеп жасына дейінгі шақта ойынмен қатар өнімді әрекет түрлері дамиды. Бала дамуы деңгейінің маңызды көрсеткіші ойын әрекеті болып табылады, оны бағалау диагностикалық белгілердің бірі болуы мүмкін. А.Н.Леонтьевтің зерттеулеріне сәйкес мектеп жасына дейінгі балалар үшін – жетекші әрекет:

-ойын ішінде оқу сияқты әрекеттің жеке түрлері жетіледі;

-онда жеке психикалық үрдістер қайта құралады.

Ойын – пікірталасты ұйымдастырудың қажетті шарты – топтың жұмысына психологиялық, эмоциялық қолайлы жағдай жасау. Ойын – пікірталас кезінде балалардың дөңгелене отыруы тиімді әсер береді. Ұялу қасиеттері бар балалардың да топтық пікірталасқа қатынасуы үшін сөз кезекпен дөңгелек бойынша беріледі. Жасқаншақ балаларды да ойын пікірталасқа тарту үшін, асықтырмай, ойлануға уақыт бөлінеді. Ойын – пікірталасты ұйымдастырып, жүргізу алгоритмі төмендегідей болады:

1.Пікірталас тақырыбы мен мақсатын тұжырымдау.

2.Тақырып бойынша мәлімет жинау: балаларға сұрақтар беріп, пікірін тыңдау барлық балалардың пікірін білу және қысқаша қорытынды жасау.

3.Алынған мәліметтердің ішінен ең мәндісін бөліп көрсету.

4.Жалпы қорытынды жасап, әрбір баланың мақсатқа сәйкес пікірталас жасауда қосқан үлесінің аталып өтілуі [23].

Рөлдік- сюжеттік ойындар тренингтік сабақтардың өзегі іспетті. Мұндай ойындар менің зерттеуімде коррекциялау (түзету) мақсатын көздемейді. Мен гуманистік бағыттағы ғалымдар көзқарасына сәйкес, психологиялық ойындар арқылы баланың өзіндік дамуына көмек беруді мақсат еттім.

Рөлдік ойындарды табысты және қарқынды жүргізе білу керек. Сөйлеу әрекетінде қозғаушы күш – ырғақ. Сөйлеу ырғағын құру педагогтердің рөлдік ойындарды ұйымдастырудағы ең қиын іс – әрекеті. Балалардың қызығуын арттыру мақсатында педагог ойынға қатысушының өзіндік сөз ырғағын бейнелеп көрсетіп, тапсырманы дұрыс құра білуі керек. Тақырыптық «рөлдік-ойындар» тәрбиеленушілердің сөйлеу дағдысының қалыптасуын дамытады.

Ойынның ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы баланың :

  • қисынды ой-қабілеті дамиды;

  • өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;

  • сөздік қоры баиды, тілі дамиды;

  • зейіні қалыптасады;

  • байқампаздығы артады;

  • өзара сыйластыққа үйретеді;

  • ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды;

  • бір-біріне деген сенімі артады;

  • ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қызығушылығы артады.

Балалар тәрбиесі, оқуы  және  дамуы   жайлы теория мен тәжірибе қарым-қатынас мәселесінде қилысады.

Бала өмірге келісімен алдымен үлкендермен, одан кейін құрбы-құрдастарымен қарым - қатынасқа түсе бастайды. Осының нәтижесінде жаратылысынан берілген адам болу қабілетін іске асырады. Қарым-қатынас баланың психикалық дамуының негізгі факторы және жағдайы. Қарым-қатынаста адамдар өзін-өзі және басқаларды тану қажеттілігін қанағатандырады. Өзін-өзі тану және қарым-қатынас бір-бірімен тығыз байланысты [24].

Қарым - қатынас  негізінде балалардың барлық жеке  бас қасиеттері  дамып,  психикалық сапалары  қалыптасады. Сонымен қатар әсер ететін бірден - бір фактор және  жағдай  болады. Ал балалардың  өзін-өзі  дамытып,жетілдіруі,реттей  алуы-олай болса,өзіндік  бағаның  дұрыс  

болуын қамтамасыз ететін де балалардың  ересектермен және  басқа  балалармен жасайтын өзара  әрекеттестігі, өзара  қатынасы және өзара  ақпарат алмасуында  болады.

Коммуникация ортақ түсінушілікке әкелетін екі жақты ақпарат алмасу. «Коммуникация» терминін латын тілінен аударғанда, «жалпы, барлығымен бөлісу» дегенді білдіреді. Егер өзара түсінушілік болмаса, коммуникация да болмайды. Коммуникация жетістігін білу үшін, кері байланысты білу керек, яғни адамдар сізді қалай түсінді, қалай қабылдады тағы сол сияқты сұрактарға жауап берілуі тиіс. Коммуникациялық компентенттілік – адамдармен керекті контактіні құру және ұстай алу қабілеттілігі. Коммуникативті қабілеттілік адамның жасына, біліміне, мәдениетіне, психологиялық даму деңгейіне, өмірлік және кәсіби тәжірибесіне байланысты ерекшелінеді [25].

Қарым - қатынас ол ортақ қажеттілігі және әрекеттері бір адамдар ара қатынасының көп қырлы даму үрдісі. ХХ  ғасырдың  ортасында дүниенің  әр түкпірінде  қарым-қатынас  мәселесіне арналған зерттеулер шамамен  бір уақытта  пайда  болып, тарала  бастады. Қарым - қатынас  адамдардың  өзара әрекеттестік   және  өзара  қатынас жасауының  ерекше  формасы.С.И.Ожегов сөздігінде  қарымқатынас  ұғымы   өзара  келісім,  іскерлік  және  достық  

байланыс  арқылы анықталады.  Нақты  әлеуметтанулық, психологиялық, педагогикалық  зерттеулерде қарым - қатынас   ұғымы өзара   әрекеттестік, байланыс  ұғымдарымен  жақын  мағынада  қолданылады. Сонымен қатар қарым-қатынас  контексінде   өзара әрекеттесуді, қатынасты  тиімді  жүзеге  

асырудың  тәсілдері, дағдылары, құралдары, адамның  қабілеті мен  

қасиеттері жүйесінде  қарастырылады.

Қазіргі  кезде   қатынас  мәселесін  философия, психология, әлеуметтану,  этика, психолингвистика - осы  сияқты, саладағы ғылымдар әр жақты  зерттейді. Мысалы, Л.П.Буева  іс - әрекет  пен қарым - қатынас  өзара байланысты,  сонымен қатар өзбетті  деп тұжырымдайды. М.С.Каган қарым-қатынасты  адамның   іс-әрекетінің   бір түрі,  құрылым мен  атрибутына тән деп  қарастырады. М.В.Соковин адамның  қарым-қатынасын  коммуникативті  іс-әрекет, қатынас, өзара  түсіну  және  

өзара  әсер ретінде қарастырады.


1.3 Тіл дамыту сабағында сюжеттік - рөлдік ойындарды қолдану арқылы коммуникативті құзіреттілігін дамыту


Мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту, дамыту процесінде ойынды қолдану баланың тілін дамытып, сөздік қорын байытып, ойын толық жеткізе біліп, өзіне сенімді тұлға болып қалыптасуына ықпал ететіні анық. Сондықтан балалардың тілін, сөздік қорын барлық іс – әрекеттерде ойын арқылы дамыту қажет. Баланы дамытуда ойынды, дидактикалық тапсырмаларды өздерін қатыстыра отырып жүргізгенде ғана жетістіктерге жетуге болады. Өйткені ол барлық нәрсені өзі көріп, қолымен ұстап, ол туралы толық мәлімет алғанды қалайды. Осы мақсатқа жетудің сара жолы ол түрлі ойындар екені бәрімізге белгілі. Ойынның маңызын төмендегі кестеден көруге болады:

Кесте-1






















Ойын кезінде адамдар арасындағы қарым - қатынасты толығынан бере білу баланы белгілі ережелерге бағынуға үйретеді. Ойын арқылы балалар үлкендердің қоғамдық өмірімен таныса отырып, адамдардың қоғамдық функциясы мен олардың арасындағы қарым - қатынас ережелерін түсінуге де араласады.

«Ойын балаларға өткенді тірілтіп, болашаққа көз жүгіртуге мүмкіндік береді. Ойында кішкентай адамның мінезі, оның өмірге деген көзқарасы мен армандары айқындалады. Өздері де соны байқамастан, балалар, ойнап жүріп күрделі өмірлік проблемаларды шешуге дайындалады». 

Әрбір сабақты өткізуде мұғалімнің шығармашылығы, әдіс – тәсілдерді тиімді пайдалануы, оқу іс – әрекеттерін ұйымдастыруда ойындарды қолдануы балалардың қиялын шарықтатады. Білімді меңгеру үстінде баланың ойлау қабілеті ұшталады. Ойын арқылы балалардың коммуникативті дағдыларын жетілдіру әдісі мектепке дейінгі ұйымдарда тіл дамыту сабақтарында кеңінен қолданылады. Әр тәрбиеші ойынның нәтижесін дұрыс болуы үшін мынандай жағдайларды ескеруі қажет:

1.Әр ойынның тәрбиелік, білімділік, дамытушылық маңызын алдын-ала жете түсініп, оның балаларға қандай нәтиже беретіндігін анықтау;

2.Ойын жүргізетін орынның мүмкіндігі, ойын жабдықтарының эстетикалық талаптарға сай болуы, алдын – ала әзірлеу;

3.Топтағы балалардың жас, психологиялық ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне, сөздік қорына сәйкес келуі;

4.Ойын кезіндегі қозғалыс, техникалық қауіпсіздіктен қамтамасыз ету;

5. Ойынның ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіндегі ойын элементтерінің балалардың ынтасын тартып, пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталуы [27].

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінде тәрбиешінің диктаторлық рөлі жойылып, оқушылар серіктестікке, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтары артады. Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни адам балалық шағынан бастап кәрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады. Ал жас баланың ой - өрісі ойын арқылы дамиды. Ойын барысында баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы баланың: қисынды ой-қабілеті дамиды; өздігінен жұмыс істеуге үйренеді; сөздік қоры байиды, тілі дамиды; зейіні қалыптасады; байқампаздығы артады; өзара сыйластыққа үйретеді; ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды; бір-біріне деген бала сенімі артады; сабаққа қызығушылығы артады. Келешекте жаппай 12 жылдық білімге көшетіндіктен 12 жылдық білім беру бойынша мемлекеттік стандарт жобасын алып қарасақ та оқытудың ойын технологиясына үлкен мән берілген. «Пәндік, пәнаралық сипаттағы дидактикалық және сюжеттік, рөлдік ойындар білім алушыға өзін танытуға, жолдастарының пікірімен санасуға, көпшілік алдында сөйлеу қабілетін үйренуге, жан - жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді. Рөлдік, сюжеттік ойындардың көмегімен білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратын оқу міндеттерін шешуге болады [28].

Жас бала тез еліктегіш, үлгі тұтатын заттың бейнелі жағына көңіл аударғыш келеді. Тіл дамыту сабақтарын ойын арқылы өткізу адамгершілік мінез – құлықты қалыптастыруға ықпал етеді, сапалы түрде сәлемдесуге баулу, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеуге бейімдейді. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін қарым – қатынас жасау дағыдысын меңгеру үшін ойын тәсілін пайдаланған тиімді. Себебі, бала ойын арқылы айналадағы құбылысты танып, біледі.

Құзыреттілік дегеніміз - тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш-жігердің болуы. Ол, ең әуелі мектепке дейінгі оқыту үрдісінде қалыптасады. Құзіреттілік - баланың алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі. Тіл дамыту сабақтарныда коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру мен дамытудың маңызы зор. Балалар қарым – қатынас моделдерін, мәдениеттік стереотиптерді, мәдениет образдары мен символдарын білулері керек. Бұл балалардың қазақ тілінде емін - еркін сөйлесуін қамтамасыз ете алады.

«Коммуникативтік құзыреттілік» (латынның «соmpetere» -қол жеткізу, сәйкес келу, сөзінен шыққан) – қажетті тілдерді, қоршаған адамдармен және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруді қамтиды. Коммуникативтік құзыреттілік - екінші тілді үйренуші балаларға тілдің заңдылықтарын жаттанды үйретпей, сол тілді тілдік және қатысымдық тәсілдерді орынды қолданумен байланыстыру. Коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі [29].

Өз іс - тәжірибемде балалардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру мен дамыту жолдарын қарастырамын. Балалардың құзыреттіліктерін дамытатындай рөлдік, сюжеттік ойындарға үлкен мән беремін. Ойын үстінде бала сұранысы мен тәрбиеші тапсырмасы өзара ұштасады. Осы мақсаттарға жету үшін өз жұмысымда қазіргі заманға сай сабақтарды өткіземін, өйткені заманауи сабақ – баланың қандай да бір құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған.

Тіл дамыту сабақтарында балалардың бойында коммуникативті құзіреттілікті қалыптастырып, дамыту үшін тақырыпқа байланысты диалог, койылымдар әзірлеу, рөлдік ойындар ойнау т.с.с. тапсырмаларды орындатуға болады. Рөлдік ойындар - интербелсенді әдістердің тиімді бір түрі. Рөлдік ойындар екіге бөлінеді:

1.Әрбір бала рөлде ойнайды.

2. Балалардың шағын топтары рөлде ойнайды.

Тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында да рөлдік, сюжеттік ойындарды қолдануға болады. Рөлдік ойындар мектепке  дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақа та, қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті - рөлді ойындар бейнелеу құралы рөл мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы, «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы сатып алушының әрекеттеріне еліктейді.  «Шаштараз», «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне  пайдалануға төселдендіруге болады. Педагог өтілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалы бағалауға, өз тобындағы сюжетті - рөлдік ойындарының одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс.

Қойылымдық ойындарда рөлдер, ойын әрекеттері қандай шығарманың, ертегінің т.б. сюжеті мен мазмұны шарттас болады. Ол сюжетті - рөлдік ойынға ұқсас. Барлық балалар ертегіні жақсы көреді, ертек айтып берсең бар ынтасымен тындайды. Ертегі балалардың ой - қиялын, сөздік қорын дамытады.

Тіл дамыту сабақтарында кейбір тақырыптарға сай төмендегідей ойындарды ойнатуға болады: «Дүкен», «Шаштараз», «Аурухана», «Шоферлар», «Моряктар», «Жөндеу шеберханасы», «Үй» және т.б. Бұл ойындар келесідей құралдармен міндетті түрде жабдықталуы тиіс:

-  стационарлық және мобильдік ойын құралдары

-  көпфункционалды қызметі бар заттар: шымылдықтар, модульдар;

-  ойын  атрибуттары;

-   киім киінуге  арналған атрибуттар және т.б.;

Кейбір орталықтар бір – біріне жақын орналасқандықтан балалардың еркін қимылдауына кедергі болуы мүмкін, бұл жағдайда кеңістікті бөлу үшін шымылдық қолдануға болады. Шымылдық тек қана топты бөліп қоймайды, оған көрнекі құралдарды іліп,  жұмыс барысына пайдалануға болады. Басқа сабақ өтіп жатқан  жағдайда перде ілінген гардиндерді де  пайдалануға болады. Сабақ біткеннен кейін перде мен планшет алынып тасталады. Полка - этажерка да топ кеңістігін бөлуге қолданылады.

Балалар еркін кеңістікте белсенді және ширақ қимылдау үшін  ойыншықтар мен құралдарды орынды  жайғастырған жөн. Балабақшалар мекемелерінде ойнауға қажет жағдай туғызуда, балалардың мектепке дейінгі жас ерекшеліктеріне сәйкес ойнау үшін күн тәртібі уақытынан басқа да,  құрал - жабдықпен жабдықталған  жан - жақты ойын орталығына қажет орын бөліп беру керек [30].

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің үдерісінде рөлдік ойындарды қолдану арқылы көп нәрсеге қол жеткізуге болады:

- қысқа уақыт ішінде балалардың тыңдау, оқу, айту, лексика-грамматикалық дағдылары қалыптасады;

- өзін оқу қызметінің субъектісі ретінде сезінеді;

- оқу үдерісін ұйымдастырудағы жағымды психологиялық ахуалдың арқасында еркіндікті сезінеді.

Оқиғалы рөлді ойындарды сабақта пайдаланғаннан кейін оқушылар үшін сабақтың келесі тілдік біліктерін дамыту кезеңінде жұмыс жасау аса қиындық келтірмейді. Себебі оқушылардың тілдік ортадағы сөйлесу, тілдесу әрекеті үшін қажетті тілдік және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру рөлдік ойынды қолдану барысында тиімді жүзеге асырылды.

Оқу барысында қолданылған рөлдік ойындар келесідей үш маңызды фактормен анықталады:

• тиімділік

• жемістілік

• нәтижелік

Оқиғалы рөлді ойынды пайдаланудың тиімділігінің көрсеткіші:

- балалардың пәнге деген қызығушылықтарының өзгеруінде;

- рөлдік ойынның балаларға тек білім алуға ғана емес, сонымен қатар тәрбиелік жағынан әсер етуі;

- тәрбиеші мен баланың арасындағы қарым - қатынастың нығая түсуі, балалардың үйреніп жатқан білім, білік, дағдыларына деген көзқарастарының одан әрі жақсаруы, сабақта жағымды ахуалдың орын алуы.

Ал рөлдік ойындарды қолданудың жемістілігі балалардың өтіп жатқан сабақтарға деген қанағаттық сезімінің күшеюінен байқалды.

Оқиғалы рөлді ойындарды қолданудың нәтижелілігінің көрсеткіші:

- балалардың сөйлеу дағдысының дамуымен;

- олардың оқу-танымдық мотивациясының жоғарылауымен байқалады.

Сюжетті - рөлді ойын қарым - қатынас жасау, сөйлесу саласын кеңейтуге, білім алушылар пікір айтуда мазмұнды жағына назар аударуға мүмкіндік беретін тиісті дағдыларды дамыту және машықтандыру жаттығуларындағы тіл материалдарын алдын - ала меңгеруді болжайды. Сабақта жиі қолданылатын рөлдік ойындардың түрін төмендегі кестеден көрінеді.


Кесте -2

Оқиғалы рөлді ойын түрлері

Сюжетті - рөлді ойынның түрлері

Сюжетті - рөлді ойынның қасиеттері

1.Бақыланатын

Балалар қажетті сөздерді алады

2.Белгіленген деңгейде бақыланатын

Балалар сюжеттің жалпы сипатын және өз рөлдерінің сипатын алады

3.Еркін

Балалар қарым-қатынас жағдайын алады

4.Эпизодтық

Жекелеген эпизод ойналады

5.Ұзақ

Ұзақ уақыт кезеңінде эпизодтар сериясы ойналады (мысалы, топ өмірінен)


Бақыланатын рөлдік ойын әлдеқайда қарапайым түрі болып табылады және диалог немесе мәтін негізінде құрылуы мүмкін. Бірінші жағдайда балалар базалық диалогпен танысады және оны өңдейді.

Белгіленген деңгейде бақыланатын рөлдік ойын әлдеқайда күрделі болып табылады, онда қатысушылар сюжеттің жалпы сипатын және өз рөлдерінің сипаттамасын алады. Мәселе мынаған негізделеді: рөлдік мінез-құлық ерекшеліктері тек орындаушыға ғана белгілі болады. Қалған қатысушылар олардың әріптесі қандай мінез-құлық көрсететіндігін табу маңызды және өзінің жауабы туралы тиісті шешім қабылдауы тиіс.

Еркін рөлдік ойынды жүргізген кезде балалардың өздері қандай лексиканы пайдаланғаны дұрыс, әрекет қалай дамуы тиіс екендігін шешуі тиіс, тәрбиеші рөлдік ойынның тақырыбын ғана атайды, ал содан кейін балалардан осы тақырыптың әртүрлі аспектілерін қозғайтын әртүрлі жағдайларды құрастыруды сұрайды [31].

Құрылыс ойыны – балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрлі құбылыстарды және соларға байланысты іс-әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан сюжетті рөлді ойынға ұқсас келеді. Және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар көзі біреу- қоршаған өмір. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, театрлар цирктер т.б. ірі құрылыстар салады. Құрылыс ойындарында олар қоршаған заттардың, құрылыстардың көшірмесін жасап, құр бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге өздерінің шығармашылық ойын, жобалық міндеттерінің өзіндік шешімін енгізеді. Оқиғалы рөлді ойындарға қойылатын негізгі талаптар. Қазіргі кездегі мектепалды даярлық тобындағы сабақтарда қарым-қатынастың нақты жағдайын модельдеу үшін рөлдік ойындарды пайдаланудың өзіне тиісті талаптары бар. Олар:

1.Ойын оқу мотивациясына ынталандыруы, балалардың тапсырманы жақсы орындауға қызығушылығы мен ұмтылысын тудыруы тиіс, оны қарым-қатынастың нақты жағдайына тең жағдай негізінде жүргізу қажет.

2.Оқиғалы рөлді ойынды мазмұны тұрғысынан да, нысаны жағынан да жақсы дайындау, дәл ұйымдастыру қажет. Білім алушылардың белгілі бір рөлді жақсы орындау қажеттілігіне көздері жетуі қажет. Тек сонда ғана олардың сөздері табиғи және шынайы болады.

3.Оқиғалы рөлді ойынды бүкіл топ қабылдауы тиіс.

4.Ол міндетті түрде жағымды шығармашылық ортада жүргізіледі, балаларда қанағаттану, қуаныш сезімін тудырады. Рөлдік ойында білім алушылар өздерін неғұрлым еркін сезінсе, олар соғұрлым қарым-қатынасқа қызығушылық білдіретін болады. Уақыт өте келе онда өз күштеріне деген сенімділік сезімі, яғни әртүрлі рөлдерді ойнай аламын деген сенім пайда болады.

5.Ойын білім алушылар белсенді сөздік қарым - қатынасқа мүмкіндігінше көп тиімділікпен өңделетін сөздік материалды пайдалана алуы үшін ұйымдастырыла алады.

6.Тәрбиеші міндетті түрде рөлдік ойынға, оның тиімділігіне сенеді. Тек осындай жағдайларда ол жақсы нәтижелерге қол жеткізуі мүмкін.

7.Тәрбиешінің тәрбиеленушілермен байланыс орната білуі үлкен мәнділікке ие.

Оқиғалы рөлді ойынды дайындау, жүргізу және талқылауды басқарудағы және оқу-байланыс орнату жағдайларын құрудағы негізгі қызметті тәрбиеші де, бала да жүзеге асыруы мүмкін. Сонымен, оқу-сөйлеу жағдайлары рөлдік ойындардың құрылымдық негізі болып табылады. Қарым-қатынасты үлгі ете отырып, оқу - сөйлеу жағдайлары рөлдік ойын құрамындағы маңызды компонент ретінде балаларды ұсынылған жағдайларға қояды. Сондықтан балаларымыз жаңа заман талабына сай білімді, жан-жақты, өз тілінде өзіндік ой - толғамын жеткізе алатын, кез келген адаммен тілдік қарым- қатынасқа түсе алатын, коммуникабельді, мәдениетті, өмірге икемделген тұлға болуы үшін оның бойында коммуникативтік құзыреттілікті дамыту педагогтердің қолында [32].





2 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СЮЖЕТТІК - РӨЛДІК ОЙЫН АРҚЫЛЫ КОММУНИКАТИВТІ ДАҒДЫЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ



2.1 Экспериментті ұйымдастыру және өткізу


Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесі, оқуы және дамуы жайлы теория мен тәжірибе қарым - қатынас мәселесінде қиылысады. Ал баланың психикалық қасиеттерін, танымдық үрдістерін және психикалық қалып-кейіптерін тұтас қамтитын, балалар психикасының дамуындағы басты көрсеткіш әрі фактор болатын, әмбебап ерекшелік - балалардың қарым-қатынас саласы болып табылатыны әйгілі. Қарым-қатынас адамдардың өзара әрекеттестік және өзара қатынас жасауының ерекше формасы.

С.И.Ожегов сөздігінде қарым - қатынас ұғымы өзара келісім, іскерлік және достық байланыс арқылы анықталады. Нақты әлеуметтанулық, психологиялық, педагогикалық зерттеулерде қарым - қатынас ұғымы өзара әрекеттестік, байланыс ұғымдарымен жақын мағынада қолданылады. Сонымен қатар қарым-қатынас контексінде өзара әрекеттесуді, қатынасты тиімді жүзеге асырудың тәсілдері, дағдылары, құралдары, адамның қабілеті мен қасиеттері жүйесінде қарастырылады.

Қазіргі кезде қатынас мәселесін философия, психология, әлеуметтану, этика, психолингвистика - осы сияқты, әр саладағы ғылымдар әр жақты зерттейді. Мысалы, Л.П.Буева іс - әрекет пен қарым - қатынас өзара байланысты, сонымен қатар өзбетті деп тұжырымдайды, М.С.Каган қарым-қатынасты адамның іс-әрекетінің бір түрі, құрылым мен атрибутына тән деп қарастырады, М.В.Соковин адамның қарым-қатынасын коммуникативті іс-әрекет, қатынас, өзара сіңу және өзара әсер ретінде қарастырады. Топтағы қарым - қатынас ерекшеліктері балаларды әлеуметтік ортада басқалармен тіл табысып өмір сүру тәжірибесін қалыптастырудың ең тиімді жолы екені дәлелденген.

Мектепке дейінгі балалардың коммуникативті құзыреттілігіне арнайы зерттеулер жүргізген көрнекті психологтар Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, А.В.Запорежец, педагогтар А.П.Усова, Е.И.Тихеева, Л.Н.Конина, Б.Баймұратовалар. Сонымен қатар коммуникативті дағдының теориялық негіздерін А.Л.Леонтьв, Ф.А.Сохин, Е.И.Негневицкая, А.М.Шахронович, Р.С. Немовтар жасады. Бұл тарауда осы авторлардың мектеп жасына дейінгі бала қарым – қатынасының ерекшеліктер жайлы жекелеген ғылыми тұжырымдары талданды.

Қазақстанның білім беру жүйесін жаңарту жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа Жалпыға міндетті білім беру стандартын енгізу және мектепке дейінгі ұйымдағы, соның ішінде 5-6 жастағы балалар үшін, педагогикалық процесті бағдарламалық - әдістемелік қамтамасыз ету әзірлемелерін дайындау қажеттілігі туындап отыр.

Мектепке дейінгі ересек жастағы (5 жастан бастап 6 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мектепке барамыз» ұсынылып отырған бағдарламасы мектепке дейінгі 5-6 жастағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндық аспектілерін ашады [33].

Бағдарлама түрлі өмір жағдайларында жинақталған тәжірибені қолданудың басты көрсеткіші ретінде балалардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру міндеттерін шешуге бағытталған.

Бағдарлама классикалық және отандық мектепке дейінгі педагогика әзірлеген мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу тәсілдеріне, ішінара «Балабақшадағы тәрбиелеу мен оқытудың типтік бағдарламасының» базалық қағидаларына сүйенеді.

Бағдарлама құрастырушылары мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа Жалпыға міндетті білім беру стандартының негізгі қағидаларын бейнелейтін, бүгінгі күн талаптарына жауап беретін жаңа бағдарламалық құжатты әзірлеуді мақсат етіп қойды [34].

Мектепке дейінгі 5-6 жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру мынадай негізгі педагогикалық ұстанымдарға сүйенеді:

-мәдени сәйкестілік ұстанымы  аймақтық, ұлттық және әлемдік мәдени құндылықтарды пайдалану арқылы балалар ұйымының жұмысын мәдени орталық қатынас жасау арқылы ұйымдастыру;

-тәрбиелей отырып оқыту – баланың нақты ақыл - ойы мен тәжірибелік әрекетін іске асыра отырып, оның бойына ұйымшылдық, тәртіптілік, ұқыптылық, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру;

-жас ерекшелігі мен жеке ерекшеліктеріне байланысты қатынас жасау – балалардың жасы мен субъективті тәжірибесіне сәйкес тақырып мазмұны мен жұмыс тәсілдерін таңдау;

-жүйелілік – оқу материалын таңдау мен оны дұрыс жеткізу, оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын байыту;

-түйсіну мен белсенділік ұстанымы – балалардың оқу материалын дұрыс түсінуі, қабылдауы мен ақыл - ойының, танымдық үдерісінің даму мәселелерін қарастырады;

-қызметтік қатынас ұстанымы – оқыту мен тәрбиелеу үдерісін бала әрекетін ұйымдастырудың түрлері мен формаларына танымдық компоненттерді кірістіре отырып жүргізуді көздейді;

-адамгершілік ұстанымы – педагогтің бала пікірімен санасып, оның сезімі мен көңіл күйін ескеріп, өзіне тең құқылы серіктес ретінде қабылдай отырып, бойына жоғары адами құндылықтар – отаншылдық, туған жерге деген махаббат сезімін дарыту;

-көрнекілік ұстанымы – оқытудың эмоционалдық және көрнекілік технологияларын үйлесімді қолдану арқылы қоршаған әлемді қабылдау мен тануға мүмкіншілік туғызу;

-креативтілік ұстанымы – мектепке дейінгі балалардың бойында бұрын қалыптасқан дағдыларын өзіндік іс - әрекет жағдайларында қолдану мүмкіндіктерін арттыру арқылы шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сол арқылы қалыптан тыс міндеттер мен проблемалық жағдайлардың шешімін өздігінен таба білу қажеттіліктерін қолдап, одан әрі жетілдіруге ынталандыру. Мектепке дейінгі ересек жастағы баланы тәрбиелеу мен дамытудың қорытынды нәтижесі - үлкендермен және құрдастарымен қалыпты қарым - қатынаста бола алатын, негізгі құзыреттілікті және дене тәрбиесі, салауатты өмір салты негіздерін меңгерген, мектепте оқуға дайын тұлғаны қалыптастыру болып табылады. 

«Қатынас» білім беру саласында байланыстырып сөйлеуін, мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тілдік әрекетке жеке қабілеттерін, мазмұнды диалог пен монолог құра білу іскерлігін, сауат ашу және жазуды меңгеруге дайындау мақсатында тілдік шығармашылығын көрсетуге бағытталған жұмыстардың мазмұны мен міндеттері қарастырылады. 

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру барысында жүргізілетін ойындар мен сабақтар балаларды дербестікке тәрбиелеуге негізделеді. Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрлеріндегі режимдік кезеңінің үдерісінде үлкендермен, құрдастарымен мәдениетті қарым-қатынас жасауға әдеттендіру әрі қарай жалғаса береді.

Бес - алты жастағы бала мектеп жасына дейінгі балалардың (бұл әсіресе балабақшаға баратын балаларға тән) құрдастарына бағытталған барлық құбылыстарының «ошағы» болып табылады. Өзінің тартымдылығымен құрдастары үлкендерді басып озып бала өмірінде ерекше орынға ие болады. Қарым-қатынастың негізгі мазмұны — іскерлік ынтымақтастығы мен біріккен ойын әрекеті арқылы ашылады. Балалардың қарым - қатынасы әсіресе, сабақ және ойын әрекеті үстінде айқын көрінеді. Бала құрдастарының әрекетіне сынай қарап, іштей қызғанады, оларды өзінше бағалайды және үлкендердің бағалауын өзіндік әсермен қабылдайды. Кейбір жағдайда құрдасының сәтсіздіктеріне онымен бірге қамығады. Бірақ мұндай қатынас тұрақты бола бермейді. Ол өз мүмкіншіліктері мен жетістігіне мақтанып, өзін басқадан биік ұстайды, өзгені қызғанады, оны өзіне бәсекелес санайды. Қарым-қатынасында жиі жанжалдасып қалу сипат алады. Ызақорлық пен қымсыну сезімінің пайда болуы әсерінен қарым - қатынас шиеленісе түседі. Әрдайым өзінің артықшылығын дәлелдеу мақсатында басқа балаларды өзімен салыстырып отырады [35]. Қарым - қатынаста үлкендердің де, құрдастарының да оның пікірімен санасқанын, өзіне сыйластықпен қарағанын қалайды. Сонымен қатар, өзара қарым - қатынасында түсініспеушілік пен жанжалдарды болдырмаудың жолын табуды меңгеру арқылы баланың қатынас құзіреттілігі қалыптасады. 5-6 жаста сюжеттік - рөлдік ойындар ойнату арқылы тәрбиелеу мен оқыту одан әрі жетіле түседі. Балалар сомдауы арқылы жасалған адамдар арасындағы қарым - қатынас ойынның негізгі мазмұнын құрайды. Балалар 3-4 адамнан құралған тұрақты ойын бірлестігін құрады. Рөлдік ойындарда бала сомдап тұрған кейіпкерінің атынан басқа кейіпкерлермен сөйлеседі. Осылайша баланың мазмұнды сөйлеу тілі қалыптасады, рөлдік қарым - қатынастардың мәні ашылады. Қойылымда көрсетілетін әрекеттер ықшамдалып, баланы жалықтырмайтындай қысқа, рет-ретімен, орынды қойылып, сюжеттің мазмұны ашылатындай болуы керек [36]. Осы кезеңде баланың жаңа дағдылары мен білімдері, қалыптасқан тәртіп ережелері мен психикалық үдерістері, қиялы, қарым - қатынас жасау дағдылары мектепке дейінгі жастағы жетекші іс-әрекет — сюжеттік рөлдік ойындар арқылы қалыптасып, дамиды. Басқа әрекет үстіндегі баланың мінез-құлқы бұл әрекет кезінде мүлдем басқаша болады. Қойылым кезінде бала өз-өзін тез жинап, өзін байсалды ұстайды, сюжеттің мазмұнын есінде тез сақтап қалады. Ойын үстінде басқалардың пікірімен санаса отырып, өз талаптарын да орындата алады. Осылайша түсініспеушіліктерді шешіп, бірлесіп жұмыс жасайды. Басқаша айтқанда, қарым - қатынас іскерлігіне үйренеді [37].

Балабақшадағы балалардың коммуникативті дағдыларын сюжетті – рөлдік ойын арқылы қалыптастыру мақсатында жүргізілген менің тәжірибем 2013 – 2014 оқу жылы Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің Білім бөлімінің №3 бөбекжай – бақшасында» өткізілді. Экспериментке балабақшаның «Көбелек» және «Жидек» ересек топтары қатысты. Экспериментке 36 бала қатысты.

Бұл топ балаларының коммуникативті қабілеттерін тексеру үшін, төмендегідей бірнеше әдістеме пайдаланылды:

Әдістеме 1 «Сөздерді ата»

Мақсаты: Аталмыш әдістеме балалар есіндегі белсенді қолданылатын сөздер қорын анықтайды.

Нұсқасы: Тәрбиеші белгілі бір топ қатарына жататын бір сөзді атайды және балаларға өз беттерімен сол топтың басқа сөздерін атауды сұрайды. Төмендегі әр топ сөздерін атауға 20 секундтан уақыт бөлінеді, ал жалпы 160секунд.

1.Жануарлар

2.Өсімдіктер

3.Заттардың түстері

4.Заттардың пішіндері

5.Пішін мен түстен басқа заттардың қасиеттері

6.Адамның іс – әрекеті

7.Адам іс – әрекетінің орындалу тәсілі

8.Адам іс-әрекеттерінің сапасы.

Егер балаға сөздерді атау қиындықтар туғызса, онда тәрбиеші оған бірінші сөзді атап көмектесіп, келесі сөздерді атауды сұрайды.

Нәтижені бағалау

10 балл – бала барлық тақырыпқа қатысты 40- тан артық сөз атады.

8-9 балл – бала 35- тен 39 сөзге дейін тақырыптарға қатысты сөз атады.

6-7 балл – бала 30-дан 34 сөзге дейін әр тақырыпқа байланысты сөздерді атады.

4-5 балл – бала 25 – тен 29 сөзге дейін әр тақырыпқа сай сөздерді атады.

2-3 балл – бала 20 – дан 24-ке дейін тақырыптарға байланысты сөздерді атады.

    1. балл – бала берілген уақыт ішінде 19 сөзге дейін сөздерді атады [38].

Кесте -3

«Сөздерді ата» әдістемесінің даму қорытындысы

Бақылаушы топ

жоғары

орташа

төмен

Эксперименталды топ

жоғары

орташа

төмен

1

Адильбеков А


+


Алмасов Е

+



2

Амит А

+



Амангельдинов В



+

3

Ажбинбетова С

+



Балташ Д


+


4

Балтамұрат А

+



Бақытжан А


+


5

Бигайдарова А



+

Бекмұхаммед А

+



6

Баймағамбетов А



+

Ғаппар Н

+



7

Ғабит А


+


Есенкелді А

+



8

Едресова А

+



Ескатова А



+

9

Исеноманова Д

+



Жаслан А

+



10

Жанкелді Б



+

Қарайдарова Д


+


11

Қаратай Ж


+


Кенжебек Д


+


12

Кенжебек Ж

+



Кенжегарин Д


+


13

Кожахметов С


+


Кузайбина Г

+



14

Ментаев Ж


+


Надырова Ж

+



15

Нуртазин А


+


Сандибеков А


+


16

Сардарбек Г

+



Тарғымбекова А


+


17

Тохтахунов А


+


Тулегенов А



+

18

Тлеугабылова А

+



Тойкенов Н



+

Барлығы (бала саны, % )

8

7

3

Барлығы (бала саны, % )

7

7

4

44

39

17

39

39

22



Диаграмма 1«Сөздерді ата»


Әдістеме 2 «Сурет бойынша әңгімеле»

Мақсаты: Әдістеме бойынша балалардың сөздік қорын анықтау.

Нұсқасы: 5-6 жастағы балаларға суреттер беріледі. Суретті мұқият қарап, зерттеу үшін 2минут уақыт беріледі. Егер бала түсінбей немесе зейіні басқа нәрсеге аударылса, онда эксперимент жүргізуші оның зейінін көрсетілген суретке аударады. Суретті бала мұқият қарағаннан кейін, тәрбиеші баладан суретте не көргендігі туралы сұрай бастайды. Сурет бойынша әңгімеге тағы да 2 минут уақыт беріледі. Зерттеуді жүргізуші зерттеу нәтижелерін мына кестеге енгізеді (сөз таптары, грамматикалық формалар, құрылымдарды баланың қолдануы).


Кесте – 4

Зерттеу кезіндегі сөз таптарының фрагменттері


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Зат есімдер

Етістіктер

Сын есімнің жалпы формада қолданылуы

Салыстырмалы сын есім

Қатыстық сын есім

Үстеулер

Есімдіктер

Шылаулар

Күрделі сөйлемдер

Еліктеу сөздер


Нәтижені бағалау

10 балл – бала сөйлеуінде кестеде көрсетілген 10 сөз табы фрагменттері қолданылады.

8-9 балл – бала сөйлеуінде 8-9 сөз табы фрагменттері қолданылады.

6-7 балл – бала сөйлеуінде 6-7 сөз табы фрагменттері қолданылады.

4-5 балл – бала сөйлеуінде 4-5 сөз табы фрагменттері қолданылады.

2-3 балл - бала сөйлеуінде 2-3 сөз табы фрагменттері қолданылады.

0-1балл – бала сөйлеуінде сөз табы фрагменттерінің тек біреуі ғана қолданылады.


Кесте -5

«Сурет бойынша әңгімеле» әдістемесінің даму қорытындысы

Бақылаушы топ

жоғары

орташа

төмен

Эксперименталды топ

жоғары

орташа

төмен

1

Адильбеков А


+


Алмасов Е


+


2

Амит А

+



Амангельдинов В



+

3

Ажбинбетова С

+



Балташ Д



+

4

Балтамұрат А

+



Бақытжан А


+


5

Бигайдарова А


+


Бекмұхаммед А

+



6

Баймағамбетов А



+

Ғаппар Н

+



7

Ғабит А


+


Есенкелді А

+



8

Едресова А

+



Ескатова А



+

9

Исеноманова Д

+



Жаслан А


+


10

Жанкелді Б



+

Қарайдарова Д


+


11

Қаратай Ж



+

Кенжебек Д


+


12

Кенжебек Ж


+


Кенжегарин Д



+

13

Кожахметов С


+


Кузайбина Г


+


14

Ментаев Ж


+


Надырова Ж

+



15

Нуртазин А



+

Сандибеков А



+

16

Сардарбек Г

+



Тарғымбекова А


+


17

Тохтахунов А


+


Тулегенов А



+

18

Тлеугабылова А

+



Тойкенов Н



+

Барлығы (бала саны, % )

7

7

4

Барлығы (бала саны, % )

4

7

7

39

39

22

22

39

39



Диаграмма 2 «Сурет бойынша әңгімеле»


Әдістеме 3 «Баланың коммуникативті дағдысын зерттеу»

Мақсаты: баланың коммуникативті дағдысын бағалау.

Жабдықтар: ақ қағаз бетіне алты қатардан тұратын екі баспалдақ ер бала мен қыз баланың бейнесі салынады.

Нұсқасы: екі сериядан тұрады.

Бірінші серия: баламен оның отбасы мүшелері туралы әңгімелесу. Балабақшадағы жолдастары туралы пікірлесу, одан әрі қарай зерттеуші балаға алты қатарлы баспалдақтағы бір суретті береді, және оларды қатарларға орналастыру ұсынылады. Жоғарғы қатарға жолдас бола алмайтын балаларды отырғызуға болады. Содан соң балаға жасына бөлінген сурет беріледі (ұл немесе қыздың бейнесі), бұл тапсырма бойынша ол баспалдақтан өз орнын анықтайды.

Екінші серия: Сол балалар тексеруге қайта қатысады. Балада тәрбиешісі қалай орналастырса, мен де солай жасаймын деген пікір болады. Әрі қарай баладан ата – анаң сені қандай қатарға орналастырар еді, апасы ше, ағасы, әжесі, атасы т.б. туған туысқандарының өзіне берер бағасын немесе орнын анықтаймыз. Ал егер тәрбиеші немесе басқа бір туысқаны оны төменгі қатарда орналастырса оның себебін түсіндіруін ұсынамын.

Қорытынды бағалау:

Бағалау әрбір серия бойынша бөлек есептеледі. Олар өзара салыстырылады және төмендегіше сұрақтарға жауап алынады:

Бала өзі туралы тәрбиешінің ойын, пікірін, қарым – қатынасын қалай түсіндіреді?

Жауап қанағаттанарлық па?

Бала үшін маңызы қандай?

Баспалдақтың қайсысын бала қалайды?

Себебін түсіндіре ала ма?

Баланың өзін – өзі бағалауы мен айналасындағы жақын туыстарының бағасы сай келе ме? [39]


Кесте -6

«Баланың коммуникативті дағдысын зерттеу» әдістемесінің даму қорытындысы

Бақылаушы топ

жоғары

орташа

төмен

Эксперименталды топ

жоғары

орташа

төмен

1

Адильбеков А


+


Алмасов Е

+



2

Амит А

+



Амангельдинов В


+


3

Ажбинбетова С

+



Балташ Д



+

4

Балтамұрат А

+



Бақытжан А


+


5

Бигайдарова А


+


Бекмұхаммед А

+



6

Баймағамбетов А



+

Ғаппар Н

+



7

Ғабит А

+



Есенкелді А

+



8

Едресова А

+



Ескатова А



+

9

Исеноманова Д

+



Жаслан А

+



10

Жанкелді Б

+



Қарайдарова Д


+


11

Қаратай Ж


+


Кенжебек Д


+


12

Кенжебек Ж


+


Кенжегарин Д


+


13

Кожахметов С


+


Кузайбина Г


+


14

Ментаев Ж


+


Надырова Ж

+



15

Нуртазин А



+

Сандибеков А


+


16

Сардарбек Г

+



Тарғымбекова А


+


17

Тохтахунов А


+


Тулегенов А

+



18

Тлеугабылова А

+



Тойкенов Н



+

Барлығы (бала саны, % )

9

7

2

Барлығы (бала саны, % )

7

7

4

50

39

11

39

39

22



Диаграмма 3 «Баланың коммуникативті дағдысын зерттеу»



2.2 Қалыптастырушы экспериментті ұйымдастыру және өткізу


Тәжірибелік – эксперименттік жұмыстың қалыптастырушы кезеңінде зерттеу тақырыбыма байланысты мектепалды даярлық топтармен жұмыс істейтін болғандықтан, сол жас ерекшелігіне қарай балалардың мақсат – мүдделерімен, коммуникативті дағдыларды дамытатын сюжеттік - рөлдік ойындар мен сабақтар жүргізілді. Бұл сюжеттік - рөлдік ойындар мен сабақтар «Эксперименталды» тобына жүргізілді. Себебі, «Бақылау» тобында зейін деңгейі жоғарырақ болды. Сонымен «Эксперименталды» тобында коммуникативті дағдыларды дамыту мақсатында сюжеттік - рөлдік ойындар мен сабақ үлгісі жасалынды.


Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық карталары

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлім: Тіл дамыту

Тақырыбы: Дыбыстарды ажырата білу. Сюжеттік ойын: «Ғарыш айлағы».

Мақсаты: Әр түрлі дыбыстарды белгілейтін текшелердің түстерін ойын арқылы білгізу, зейінділікке тәрбиелеу

Билингвальдік компоненті: ғарыш - космос, ғарышкер - космонавт, бұйрық – приказ, басшы – командир

Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, көрнекілік, сахналау, әңгімелеу.


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің басқарымдық қызметі

Балалар іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балалар, қане бәрің ортаға жиналып, шеңбер бойына тұра қойыңдар, әуелі қоршаған ортамен, содан соң бір-бірімізбен амандасайық.

Армысың алтын күн!

Армысың асыл жыр!

Армысың көк аспан!

Армысың жан досым!

Жылуына жылу қос!

Міне менім қолым!

Балалар, бір-біріміздін қолымыздан ұстағанда нені сезіндік?

Көңілді амандасады.





Қайталайды





Балалардың жауабы:

- Достық жылулық, бәріміз бірге екенімізді.

Ұйымдастырушылық ізденіс

Балаларды ойынға шақырады. (жалпы ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті сюжетті – рөлдік ойын ретінде өтеді)

Балалар бүгін біз «Ғарыш айлағы» ойынын ойнамыз.

Ойын шарты: Тәрбиеші командир ролін өзі басқарады. Магнитті тақтаға ракета ғарышкерлерді (алтау) орналастырып өзі басқарып тұрады. Командирдің киімі қызыл, ғарышкерлердін киімдері: жасыл, қара, сары, күлгін, қызыл, көк.

Әр түсті балалардың естеріне түсіру. Қызыл, қара (жуан, жіңішке дауысты дыбыс, жасыл(қатаң), сары(ұяң), күлгін (үнді) дауыссыз дыбыстар.

Балалар енді сендерге мынадай тапсырма мына үстелдерде жатқан түрлі түсті шаршыларды дыбыстардың белгіленуіне байланысты жинау.

Ғарыш алаңында командир болашақ ғарышкерлерді ракетамен ұшуға дайындап жатыр. Командир команда береді. Бәрін сапқа тұрыңдар! Бүгіннен бастап қатаң талап қоямын, түсіндіңдер ме? А!

Қара костюмді космонавт:

Э, не дедіңіз, түсінбей қалдық,

қайталаңызшы!-дейді жіңішке дауыспен

Қатаң талап қоямын, енді түсіндің бе?

Кешіріңіз, түсіндім!

Командир сапқа тұрғандарға команда береді: жүгір! Тұр! Тәрбиеші персонаждардың қимыл-қозғалысын магнитпен келтіріп тұрады. Жасыл (қатаң дауыссыз дыбыс) киімді космонавт бұйрықты орындамай өз бетінше тұрып қалады. Командир (ашуланып) жасыл киімді космонавтқа бұрылып: Бес күнге ракетамен ұшуға рұқсат етпеймін, ойыннан шық!-дейді.

Жасыл киімді космонавт ойыннан шығып жеке тұрады.

Сары киімді космонавт(ұяң дауыссыз дыбыс) ұяң дауыспен командирге жақындап: Маған ұшуға рұқсат етесіз бе?-дейді.

-Әрине, сен тәртіп бұзған жоқсың, ережені бұлжытпай орындадың, ұшасың-дейді командир. Осы кезде жасыл киімді космонавт: «Кешіріңіз, екіншіде олай етпеймін!»-дейді.

-Жарайды, сапқа тұр, бұйрықты орында,-дейді комкндир. Барлық ғарышкерлерді сапқа тұрғызып, әр түс қандай дыбыс екенін сұрайды.


Тақтаға қарап ойын шартын тыңдайды.




Киім түстеріне назар аударады.




Дауысты, дауыссыз дыбыстар жөнінде есіне алады.





Балалар ой өрісімен ойынға қатысады.

































Ойын арасында естілетін ұяң, қатаң дауысқа көңіл бөледі.













Жауап береді.

Рефлекстік түзету

Балалар көңіл-күйлерің қалай? Сабақтың ең ұнаған сәті болды ма? Немен? Ғарышкер болғыларың келе ме?

-Жақсы

-Ойын ұнады

-Мен ғарышкер болғым келеді

Күтілетін нәтиже:

Дыбыстардың әр түрлілігін ұғынады

Ғарышкер туралы түсінеді

Мәтінді қатаң, ұяң, үнді дауыссыз және дауысты дыбыстарды ажырату білу текшелермен белгілеу қолданады.


Білім беру сапасы: «Қатынас»

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»

Мақсаты: Сурет бойынша «Мен кім боламын?» әңгіме құрастыру. Еңбекке деген құштарлығын ояту. Сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшеліктерін меңгеруді жалғастыру. Берілген дыбысқа байланысты сөздерді іріктеу (ол,орман, Олжас, өлке, өрік, өмір - жуан, жіңішке дауысты дыбыстар). Дидактикалық ойын: «Тез ойла, сөз ойла», сюжетті – рөлдік ойын: «Дәрігер»

Билингвальдік компоненті: тәрбиеші - воспитатель, мұғалім - учитель, дәрігер - врач, аспазшы - повар, етікші - сапожник, ғарышкер - космонавт.

Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, суретпен жұмыс, сахналау, сұрақ – жауап, топпен жұмыс, әңгімелеу


Іс әрекет кезеңі

Тәрбиешінің басқарымдық қызметі

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балалар, таңертең ұйқыдан оянғанда, далаға шыққанда нені көресіңдер? Күннің нұрын көргенде көңіл-күйлерін қандай болады?

Онда менің айтқан сөздерімді қайталап отырайық

Қуан шаттан, алақай!

Қуанатын келді күн!

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.

Келген күнге қуанады.

Таңертең күннің көзін көреміз

Көңіл – күйлеріміз жақсы болады

Қайталайды

Ұйымдастырушылық ізденіс

Балаларға мамандық туралы өлең оқиды.

Әкем менің дәрігер

Шешем менің аспазшы

Ағам менің етікші

Жеңгем менің суретші

Атам менің ол ұста

Бәрі-бәрі жұмыста.

Әңгімелесу:

-Өлеңде қандай мамандық атауларын естідіңдер? (дәрігер, аспазшы, суретші, етікші)

Аяқ киімді ... жөндейді. (етікші)

Ұшақты ... жүргізеді. (ұшқыш)

Өлеңді ... жазады. (ақын)

Тамақты ... дайындалады. (аспазшы)

Ауруды ... емдейді.(Дәрігер)

Өртті ... сөндіреді.( өрт сөндіргіш)

Балаларды ... оқытады.( Мұғалім)

«Біреу-көп» (сөз ойыны):

-Ал сендердің ата-аналарың кім болып жұмыс істейді? (Балалардың жауабы).

-Сендердің ата-аналарың өлең жаза ала ма?

-Оларды ақын деп айтуға бола ма? Неліктен?

-Мен сурет саламын. Мен суретшімін бе? Неліктен?

-Сіздін әкеңіз саяжайда үй соғып жатыр. Ол құрылысшы ма?

-Ал кім ұшқыш болғысы келеді?

- Әрсен сен кім болғын келеді? (Барлық балалар сұралады).

-Өз көршіңізден сұранызшы, ол кім болғысы келеді екен.

Суретке назар аударыңдаршы (тақтадағы суреттерге назар аудару).

Балалар бұл суреттер бойынша не айта аласыңдар?

«Болғысы келеді» сөз тіркесімен сөйлем құрастыру. Балалар кім болғысы келеді?

Қыз бала ... болғысы келеді (дәрігер)

Ер бала ... болғысы келеді (ғарышкер)

-Енді мен білемін: Сендер өскен кезде елімізге көп пайда келтіретін мамандықтар иелері боласыңдар.

Сергіту сәті: Балалар біз қазір тынығып алу үшін «Дәрігер» ойынын ойнаймыз. Ол үшін біз үш топқа бөлінейік. Әр топ өзінің ішінен бір дәрігерді, оның көмекшісін таңдап алады, ал қалған балалар пациенттер болады.

Жақсы балалар.

Мен ... болғым келеді.

Сендер кім болғыларың келеді?

Сендер не жасаушы едіңдер?

Неліктен бұл мамандық сіздерге ұнайды?

Д.о: «Кім көп дыбыс біледі»?

-О-ө

-О дыбысты қалай естіледі? Жуан ба? Жіңішке ме?

-Ө дыбысы қалай естіледі? Жуан ба? Әлде жіңішке ме?

Дыбыстың айтылуына қарай сөздер жуан немесе жіңішке естіледі екен. Дыбыс жуан, жіңішке болып бөлінеді.

Д/о: «Тез ойла, сөз ойла».

Өлеңді зейін қойып тындайды.







Әңгімелейді

-Дәрігер

-Аспазшы

-Етікші


Жұмбақ шешеді







-Менің анам банк қызметкері

-Менің әкем полиция қызметкері

-Менің анам тәрбиеші




Балалардың жауабы





Балалардың жауабы


Суретке қарады.Барлық балалар өз ойларын айта білді.


Сөйлем құрып берді.






«Дәрігер» сюжетті – рөлдік ойынын көрсетеді.





Балалардын жауабы.







Олжас, орман, ол, он-о дыбысы жуан дауысты боп естіледі.

Өзен, өрік, өлке, өс- ө жінішке дауысты боп естіледі-деп жауап береді.Тез сөз ойлайды.

Рефлекстік түзету

Бүгінгі сабақта не туралы әңгімелестік? Сабаққа кім жақсы қатысты? Ойын ұнады ма?

Жауап қайтарады.

Күтілетін нәтиже:

Мамандық түрлері жайлы ұғынады

Сюжетті – рөлдік ойындарын ойнауды түсінеді

Суретпен жұмыс жасау қолданады.


Білім беру сапасы: «Қатынас», «Шығармашылық»

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Ойыншықтар әлеміне саяхат»

Мақсаты: Балалардың ойыншық туралы түсінігін дамыту, өлең жаттау, ойындар ойнату арқылы тіл дамыту, сөзді анық айтуға, 4-5 сөзден сөйлем құрастырып сөйлеуге үйрету, есте сақтау қабілетін дамыту; ұжымдық ойын арқылы бір – бірімен татулық, достық қатынасқа тәрбиелеу, ойыншықты ұқыпты ұстауға дағдыландыру, балалардың жапсыруға деген қызығушылықтарын ояту, ойыншықтар жайында түсініктерін кеңңейту; түстерді ажырата алуға, тануға жаттықтыру, көз мөлшерлеуін, қиялдауын, қабылдауын дамыту, саусақ қимылы арқылы олардың моторикасын дамыту.

Билингвальдік компоненті: ойыншықтар әлеміне саяхат – путешествие в мир игрушек, ойыншық – игрушка, доп – мяч, қуыршақ - кукла

Әдіс – тәсілдер: саяхат, үлгіні талдау, көрсету, түсіндіру, ойыншықтардысалыстыру

Құрал – жабдықтар: ойын алаңында түрлі ойыншықтар (кубиктер, доптар, қуыршақтар, машиналар), мазмұнды – рөлдік ойынға арналған бұрыштар, қиылған ойыншықтар суреттері, желім, сүлгі, дымқыл сүлгілер.



Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің басқарымдық қызметі

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық -қозғаушы

Жылулық шеңберінде бір – біріне күлкі сыйлауды ұсынады.

Сәулетайдың тобының ұл – қыздары тату – тәтті ойнайды,

Әлемдегі бар адамға тек жақсылықты тілейді.

Балалар шеңберге тұрып, бір – біріне күлкі сыйлайды.

Ұйымдастырушылық – ізденіс

Балаларды автобусқа отырғызып саяхатқа шығамыз. (Жүргізушінің киімін кигізіп, қолына руль беріп қоямын)

Балалар бүгінгі күн бізде ерекше. Біз ойыншықтар әлеміне саяхатқа бару үшін келдік. Қараңдаршы, мұнда ойыншықтар көп екен. Сендерге осындай ойыншықтармен ойнау ұнай ма?

Балалар, мынадай ойыншықтар осыдан жүз жыл бұрын Америкада жасалған. Масатыдан жасалған ойыншық аюдың аты – Тэдди. (Аюды көрсету)

Ол бүгінгі күнге дейін жер бетіндегі барлық балалардың ең сүйікті ойыншығына айналған.

Қуыршақты балалар бір – біріне татулықтың белгісі ретінде сыйға тартқан. (Қуыршақты көрсету)

Шын жүректен сыйға тартсаң бақыт әкеледі деп есептелген.

Балаларға топтағы ойыншықтардың көптігі мен түрлі түстілігі ұнады.

Сендер ата – аналарыңмен ойыншықтар орталығына келгенде олар не алып береді? Олай болса, балалар енді біз осы ойыншық орталығынан қиылған суреттер сатып алайық. (сатушы, сатып алушылар болады)

Сюжетті – рөлдік ойын: «Дүкен»

Қиылған суреттерді сендер сатып алып, мына үстелге апарып қойыңдар.

5 баладан 3 үстелге бөлемін. Әр үстелде ойыншық. Сол бойынша әр бала өз үстеліне қояды. (балаларды бөлу)


Балалар орындарына барып отырады.

-Ал, қанеки балалар әңгімелесеміз бе?

-Ендеше бүгінгі әңгімемізді жұмбақтан бастайық.

Іші жел, өзі жеңіл.

Жүгіреді деміл – деміл.


Аяғы бар жүгірмейді,

Аузы бар сөйлемейді.

Айнымайды бөпемнен,

Тек жылауды білмейді.


Қонса аяғы көп,

Ұшса аяғы жоқ.


Аяғы бар, басы бар

Арқалаған тасы бар.


-Бұл жұмбақтар не туралы?

-Ойыншықтар кімге керек?


Ойыншықтар неден жасалған?

Үйлеріңде қандай ойыншықтар бар?

Қараңдар, бұл жерде басқа да балалар бар екен. Қане жақындап танысайық, амандасайық!

-Сәлеметсіз бе, сіз кім боласыз?

Балалар қараңдаршы, ойыншықтармен осылай ойнауға бола ма?

Ендеше балалар, Сотқарбекке бізге ата – анамыз ойыншықтарды зерттеу үшін емес, ойнау үшін алып бергенін түсіндіруіміз керек. Біз ойыншықтармен дос болуымыз керек. Сотқарбек сен бізбен бірге теледидардан слайд – шоу көр.

Сотқарбек көрдің бе қандай әдемі ойыншықтар бар екенін?

Олай болса өзіміздің достарымыз туралы кім тақпақ айтап береді?

Балалар онда біз қазір Сотқарбекпен «Біз доппен бірге секіреміз» деген ойын ойнаймыз. Сотқарбекті ортаға алып, допты қолға қағып, лақтырып ойнау. Ол үшін мына тақпақты жаттап алуымз керек:

Добым, добым домалақ,

Дедектетер домалап

(Допты жерге соғып өлеңді айтып беремін).















-Балалар кешіреміз бе?

Олай болса тағы бір ойын ойнайық.

Ойын «Не жоғалды?»

Ойыншықтарды қойып, 1 немесе 2 ойыншықты тығып қою арқылы не жоғалғанын айту.

Балалар біз саяхатқа шыққан кезде сендер әдемі суреттер сатып алдыңдар. Енді сол суреттерді сендер өзіміздің балабақшамыздағы ойыншық бұрышына жапсырып қоясыңдар. Балаларға суреттерді қалай жапсыратынын көрсеттім.

Техника қауіпсіздігін ескертіп өттім.












Иә, ұнайды







Балалар әңгімені мұқият тыңдайды



















Балалар қиылған суреттерді сатып алады.












-Иә





Доп




Қуыршақ




Ұшақ


Тасбақа

Балалар жұмбақтарды шешеді.

-Ойыншықтар туралы

-Ойыншықтар бізге керек

Ойыншықтармен біз ойнаймыз

-Пластмасса, темір, шыны, ағаш, фарфор

Балалар үйлеріндегі ойыншықтарды атайды

Балалар танымайды

Сотқарбек: Сәлеметсіз бе, сәлеметсіз бе. Менің уақытым жоқ тұруға. Көрмейсіңдер ме, мен ойыншықтарды зерттеп жатырмын. (Сотқарбек ойыншықтарды сындырып, лақтырып

отыр)

-Болмайды

Балалар тақпақ айтады:

«Бип-бип-бип» дейді,

«Жолдан былай кет дейді,

Күшікті басуға болмайды,

Болмайды машина.


Апам маған дүкеннен

Бір қуыршақ әкелді,

Ерегеспе үлкенмен,

Мазақтама бөпемді.

Балалар хормен және жеке өлеңнің сөздерін қайталайды.

Тәрбиеші допты жерге соққанда балалар доппен бірге секіреді. Ал тәрбиеші допты жоғары көтергенде балалар орындарына отыра қалады.

-Қандай қызық ойын болды? Маған ұнады.

-Сотқарбек айтшы сен допты зерттеу үшін жарып тастасаң, осылай ойнаған болар ма едік?

-Мен өз ісімнің дұрыс емес екенін түсіндім кешіріңдер.

-Кешіреміз.

Сотқарбек балаларға ойын сипатын айтады.

Балалар өздерін мықты тапқыр сезінеді. Балалар ойынға қызығушылықтарын танытады.

Суреттер жапсыруға кіріседі.

Балалар жұмыстарынан көрме ұйымдастырып, кімнің суреті дұрыс жапсырылып орындалғанын атап айтады.

Рефлекстік – түзетушілік

Жылулық шеңберін өткізеді.

Ұйымдасқан оқу іс – әрекетінде балалар мынадай дағдыларды меңгеруге тиіс.

Ойыншықтар қай жерде жасалған?

Ойыншықтар неден жасалған?

Ойыншықпен қалай ойнау керек?

Ойыншықтың біз үшін пайдасы бар ма екен?

Ұйымдасқан оқу іс-әрекетінде не үйрендік, немен таныстық?

Тосын сәт:

Балалар мен бір дыбыс естіп тұрған сияқтымын. Сотқарбек уілдің даусын шығарып, көлікті шармен әшекейлеп сүйретіп әкеледі. Бәрекелді, қандай тамаша, сен бізге не әкелдің?

Сотқарбек ризашылығын білдіріп жатыр, енді біздің қонақтармен қоштасатын кезіміз келген сияқты.

«Сау бол» деп айтайық.

Сау – саламат болайық!

Балалар қайта автобусқа отырып саяхатты аяқтайды.

Балалар шеңберге тұрып, бір – біріне күлкі сыйлайды.





Сотқарбек шарды жарып, машинаның ішінен кәмпит алып береді.

-Балалар мен ойыншықтарды сындырмаймын, сендермен дос боламын.

Сотқарбек отырған қонақтарға да кәмпит береді.

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күн жақсы,

Күтілетін нәтиже:

Ойыншықтардың қолданылу аясын туралы ұғынады

Ойыншықтардың неден жасалатынын түсінеді

Ойыншықтарды дұрыс пайдалану қолданады.


Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Ас – ырыс, құт»

Мақсаты: Сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы тіл байлығын дамыту. Тағам түрлері мен ұлттық тағамдарды ажыратып атай білуге үйрету. Тағамға байланысты сөздерді буынға бөлу, «Бір қазан сүт» ертегісі туралы түсініктерін кеңейту. «Тағам дүкені» сюжеттік ойыны

Билингвальдік компоненті: тағам-блюдо, сүт-молоко, май-масло, нан-хлеб, ірімшік-творог.




Іс әрекет кезеңі

Тәрбиешінің басқарымдық қызметі

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Сәлем бердік, алтын күн!

Сәлем бердік, ашық Аспан!

Сәлем бердік, Жер-Ана!

Сәлем бердік, баршаңа!

Бүгін қай күн?

Кеше қандай күн болды?

Бүгін ауа-райы қандай?

Балалар жиналып, шеңбер құрып, бір-біріне жылы, жақсы лебіздерін айтып, денсаулық тілейді.



Д/о: «Ненің дәмі»

- Енді ойын ойнаймыз. Мен қазір әрқайсыңды жеке-жеке шақырып көздеріңді байлап, ауыздарыңа дәмді тағам саламын. Дәмін көріп, сендер оның қандай тағам екенін ажыратып айтуларың керек. Тәбиеші біреуіне сүт, май, нан т. б. тағам түрлерін ауыздарына салады. Балалар оны атауы керек. Тазалықты сақтауды да ұмытпауымыз керек. (жеке-сулық, ыдыстар болу керек)

- Осы сүт, май, нан сөздеріне сөйлем құрастырайық.

Балалар енді таныс күнде ішіп-жеп жүрген тағамдар туралы әңгімелесу:

- Сендер күнде не ішіп, не жейсіңдер? – Қандай тамақ ішесіңдер? – Таңертең үйде не ішесіңдер? – Үйде тамақ ішкілерің келгенде, аналарыңа не дейсіңдер? – Не ішкің келеді? – Тамақтан соң, үлкендерге не деу керек?

«Тағам» дүкені ойынын ойнату. Балалар сатушы, сатушылар болып диалог түрінде сөйлеседі. Сатушыға: - Сіздің дүкенде нан бар ма? – Иә. – Маған тәтті нан беріңізші. – Рақмет. – Сау болыңыз. Мына жұмбақты шешейік:

Аппақ сұйық,

Қалса ұйып,

Шөлің қанады,

Ішсең құйып.

(сүт пен айран)

Сүт туралы әңгіме айтып берейін. «Бір қазан сүт» ертегісі оқылады. (Хрестоматиядан қараңыз) – Сүттен қандай тағамдар дайындалады? – Сиыр сүтінен қандай тағамдар жасалады? – Сүттің қандай пайдасы бар? – Айран неден жасалады? – Ірімшік ше? – Құрт неден жасалады?

«Дастарқан мәзірі»

Дастарқанға қойылатын тағамдарды атау. Қорытынды кезеңі. Мақал.

Ас – адамның арқауы. Мақалды 2-3 рет қайталатып, сабақты аяқтайды.

Қызығушылықпен ойынға қатысады.











Сөйлем құрастырып, тағам туралы әңгімелеседі.
















Жұмбақ шешеді.





Ертегі тындап, әр түрлі тағамдарды аттайды.






Мақал-мәтел қайталайды.

Рефлекстік түзету

Бүгінгі сабақта не туралы әңгімелестік? Сабаққа кім жақсы қатысты? Ойын ұнады ма?

Жауап қайтарады.

Күтілетін нәтиже:

Тағам түрлері мен ұлттық тағамдар туралы ұғынады

Тағамдардың пайдасы жайлы түсінеді

Дастархан жасау қолданады

Сюжетті – рөлдік «Жүргізушілер» ойынының мазмұны мынаны көрсетеді:

1.ойын әрекеттерінің күрделенуі;

2.ойын барысында үлкендер мен балалардың өзара әрекеттестігі (себебі, балалар үлкендермен ойнағанды ұнатады); 

3.белгілі тақырыпқа сай түрлі іс - әрекеттердің интеграциясы (сурет салу, құрастыру, иллюстрацияларды қарау) 

4.ойын мен көшеде жүру тәртібінің өзара байланыстылығы.

Балалардың көзқарасы бойынша сюжетті – рөлдік ойын – бұл ойын әрекеті, ол процесте олар белгіленген рөлдерден көрінеді. Ересек тобындағы сабақ барысында тәрбиеші бірнеше рөл атқара алады. Онда осы рөлдік ойындардағы тәрбиешінің орны қандай? Ойын барысында тәрбиеші рөлі үнемі өзгеріп отырады.

1.Бастапқы кезде тәрбиеші балалардың ынта - жігерін бақылағаны жөн.

2.Біртіндеп ол бақылаушы бола бастайды.

3.Кейде тәрбиешінің өзі де, басты рөлден басқа кез - келген рөлде ойнауына болады, тек ол рөл топтағы тіл қатынасын дұрыс бағыттап отыратындай болуы тиіс.

4.Тәрбиеші көмек қажет ететін балаға жақындап, жұмысына жәрдем беруіне болады.

5.Ойын барысында тәрбиеші баланың қатесін бірден түзетпейді, тек білдіртпей өзіне ғана түртіп алады да, келесі   сабақта сол қателермен жұмыс істейді.

6.Рөлдерді бөлу. Рөлдердің сипаттамасы түсіндіріліп айтылады. Адам туралы мәлімет берілсе: ақ көңіл, адал, жалқау деп сипаттама беріледі. Бала өзінің ойнайтын бейнесін тез елестету үшін ойын шарты дұрыс және нақты түсіндірілуі  қажет. Әдетте  ойнайтын рөл туралы көп айтудың да қажеті жоқ, себебі бала өз рөлін шығару үшін жеке шығармашылық мүмкіншілігін көрсету керек, ол үшін уақыт беру керек. Рөлдерді тәрбиеші бөледі, кейде балалардың қалауларына да ерік берген жөн. Өткізген ойынға қорытынды жасаған кезде тәрбиеші дұрыс тәсіл қолданып, әсіресе, алғашқы мадақтауда абай болғаны жөн. Тәрбиеші позициясынан оқиғалы рөлді ойын оқу процесін ұйымдастыру нысаны ретінде көрінеді, оның мақсаты оқушыларда сөздік дағдылар мен икемділіктерді қалыптастыруға және дамытуға негізделеді [40].

Оқиғалы рөлді ойынды қолдану барысында педагог келесі позицияларды ұстанады:


Кесте – 7

Оқиғалы рөлді ойындарды қолданудағы тәрбиешінің рөлі

Рөлдік ойын қолданудағы тәрбиешінің рөлі




Басқарушы

Қатысушы

Бақылаушы




Сценарий жазушы, режиссер

Балалармен бірге орындайды

Ойын барысын кадағалап отырады

Бұл схемада көрініп тұрғандай, сабақ барысында тәрбиешіге көптеген ситуациялық рөлдерді ойнауға тура келеді. Олар бірыңғай әлеуметтік қатынастарға берілмейді, педагогикалық қарым-қатынас жағдайында анықталады және сабақты ұйымдастыру нысанына байланысты анықталады, мысалы, бақылаушы рөлі, қарым-қатынас бойынша әріптес рөлі, қатысушы немесе әрекетті ұйымдастырушы рөлі т.б [41].

Оқиғалы рөлді ойын баланы әлдейқайда икемді етеді, яғни тілдік мінез-құлыққа шеберлікке қол жеткізе отырып, ол алынған дағдылар мен икемділіктерді жаңа жағдайларда оңай қолдана алады.

Өзімнің зерттеу жұмысымда төмендегідей ойындарды өткіздім және кейбір сюжетті-рөлді ойындарды тіл дамытудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде пайдаландым [42].

«Құрылыс» сюжетті – рөлдік ойынының технологиялық картасы

Мақсаты: Балаларды рөлдерге бөліп, сол рөл бойынша әрекет жасауға үйрету, көрнекілікті, құрылыс материалдарын, құрастыруды сюжетке сай қолданып дауды дұрыс шешіп ойын жоспары бойынша әрекет жасау. Ойында қоғамдық өмірден алған білімін көрсете біліп, шығармашылық ойлау мен тілін дамыту.


Жағдаят

Көрнекіліктер

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс – әрекеті

Құрылыс объектісін таңдау; құрылыс материалдарын таңдап, құрылыс алаңына жеткізу; құрылыс дизайны; объектіні тапсыру.

Құрылыс жоспары; әр – түрлі құрылыс материалдары; құрал – жабдықтар; жұмыс киімі; құрылыс техникасы; материалдар үлгілері; дизайн бойынша журналдар.

Құрылыс басшысы рөлінде жұмысты ұйымдастырып, жұмыскерлерді қадағалайды, дау - жанжалды жояды. Керекті құрылыс материалдарына тапсырыс береді. Тапсырыс беруші, дизайнермен кездесіп прорабқа тапсырма береді.

Тапсырыс берушілер құрылыс фирмасына құрылысқа тапсырыс береді, құрылыс жасалатын жергілікті жерді жариялайды, тапсырыс алып, алғысын білдіреді. Дизайнер журнал бойынша құрылыс үшін объектіні таңдауына ұсыныс жасайды,тапсырыс берушімен құрылыс жоспарын талқылайды. Сюжет бойынша прораб құрылыс материалын таңдап, құрылысшыларда жеткілікті материалын болуын қамтамасыз етіп құрылысты басқарады. Жүк тасушылар жүкті жеткізіп, жұмысшылар қарастырады оларға машиналар көмектеседі.

1.Ұйымдастыру жұмысы:

Көркем әдебиетті оқу Ә.Мұқанов «Құрылысшы» өлеңі

Зәулім мектеп алаңы,

Көркем үйлі қаланы,

Балалардың бақшасын

Құрылысшылар салады.

Мәрмәртасты діңгекті,

Театрды көрнекті

Әсем ою, өрнекті

Құрылысшылар салады.

(Құрылысшылар күні тамыз айының екінші жексенбісінде аталып өтіледі.)

2.Өнімді іс-әрекет:

«Құрылысшылар» альбомын дайындау

Өткелді, көлік жолын құрылыс материалынан құру

3.Балалармен әңгімелесу:

-Құрылысшы мамандары: тасшы, қалаушы, краншы, сырлаушы, жүргізуші. Немен айналысады, қандай көлікті пайдаланады;

-Кім үйді қалайды, қандай құрылысшы мамандарын білесің?

4.Дидактикалық ойындар:

-«Гараж тұрғызайық»

-«Ферма»

-«Жас дизайнер»

5.Ата – аналармен жұмыс:

-Құрылыс фирмасының жұмысшыларының еңбектері жайында көрнекіліктер таңдау.

-Құрылыс алаңы топ жорығына қатысу ( ата-аналар және балабақша қызметкерлерінің ұйымдастыруымен) [43].

«Жедел жәрдем. Емхана. Аурухана» сюжетті - рөлдік ойынының технологиялық картасы

Мақсаты: Балалардың ойын сюжетіне байланысты бірнеше топшаларға бөліну, ойын аяқталған соң бір ұжымға жиналу әдетін қалыптастыру. Ойында қоршаған ортадан алған білімдерін, әлеуметтік медицинаның маңызын көрсете білу. Медициналық жұмыскерлердің жұмысына деген құрмет көрсетуге, қоршаған ортада өз-өзін ұстай білу ережелерін қалыптастыру.

Жағдаят

Көрнекіліктер

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс – әрекеті

Емханаға келу, тіркелу; Дәрігердің қабылдауы; Дәрі – дәрмекті жазу;

«Жедел жәрдем» шақыру; Госпиталық палаталарға орналастыру; Емдеуге жіберу, тексеріс; Науқастарға бару

Халаттар, дәрігерлердің бас киімі; науқастардың карточкалары; Дәрі-дәрмектер тізімі; Дәрігерге жолдама; бой өлшеуіш; жапқыш; көздәрігерінің үстелі, кушетка, салмақ өлшегіш; телефондар; Дәрігердің ойыншық чемоданы; лоток, қайшы, пластырь, гипстық лента, шприц, балғаша, ойыншық «жедел жәрдем машинасы»

Бас дәрігер рөлінде медициналық жұмыскерлерді жұмысқа қабылдайды, жұмысты ұйымдастырады, жұмыс сапасын тексереді, науқастармен әңгімелеседі, қоңырау шалып ауруханалармен емханалар үшін дәрі – дәрмектерге тапсырыс береді.

Емделуші дәрігер қабылдауына жазылады, шағымдармен қабылдауға келеді, ем қолдануын өтінеді, ниетін білдіреді.

Дәрігер қабылдап тыңдайды, қан қысымын тексереді, дәрігер тізбегін жазып береді.

Көз дәрігері емделушіні қабылдайды, көзін қарап кеңес беріп, ем жазып береді. Медбике дәрігердің айтқанын жасайды егіп, банкілер қояды. Күтуші медициналық кабинетті жинап, еденді жуып сүртеді. Тіркеуші қима қағазды толтырып науқасқа талон береді. Жүргізуші дәрі – дәрмектерді керекті жерге жеткізіп дәрігермен жедел жәрдемммен науқастарға апарады. Дәріхана сатушысы дәрілерді дәрігердің дәрі – дәрмектер тізімі бойынша жібереді.

1.Ұйымдастыру жұмысы:

Көркем әдебиетті оқу Ө.Тұрманжанов «Мен дәрігер боламын»

Ақ халатты киемін,

Аппақ болып жүремін.

Аппақ болып жүргенді,

Өзім жақсы сүйемін.

Дәрігермін мен деймін,

Кәрі әжемді емдеймін.

Көп – көп ішіп дәріні,

Кәрілікті жең деймін.

(Медицина қызметкерлерінің күні маусымның үшінші жексенбісінде аталып өтіледі)

2. Өнімді іс – әрекет түрлері

Дәрілер тізімі мен қима қағаздар жасау

Дәріхана үшін дәрі – дәрмектер жасау

3.Балалармен әңгімелесу

Медбике, науқас, дәрігер мамандықтары жайында сөйлесу

Дәрігерлік мамандар көрнекіліктері бойынша әңгіме

4.Дидактикалық ойындар

«Кім не істейді?»

«Жұмыс үшін кімге не керек?»

5.Ата –аналармен жұмыс

Көрнекіліктерді таңдауда үлестерін қосу

Дәрігерлер үшін халат пен бас киім тігу

Педагогтың міндеті - нақты материалдағы қажет ситуациялар иллюстрацияларды, ситуациялар мәселелерді таңдау, дидактикалық материалды дайындау: әрқайсысы үшін карточка тапсырмалар, рөлдерді бөлу, балалар өз көзқарасын айтуы тиіс міндеттер қою, болжамды жауаптар, сөздер ойластыру, ойын өткізу уақытында балаларға қызығушылық білдіру және назар аудару.

Баланың коммуникативті дағдыларын дамытудағы сюжеттік ойын нәтижесі:

  • Мәдени – қарапайым еңбек дағдыларын меңгереді;

  • Қоршаған орта туралы түсінігі кеңейеді;

  • Ұялшақтықтан арылады;

  • Қабілеттерін көрсете алады;

  • Шыдамдылығы артады;

  • Еркін сөзді дұрыс айтып, сөйлей алады;

  • Сөйлемді толық айтуды үйренеді;

  • Бастаған істі аяқтауды үйренеді;

  • Ретсіз жылауды, қосымша дыбыс шығаруды доғарады [44].



2.3 Қорытынды эксперименттің барысы мен нәтижесі


5 – 6 жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу мекемелері өз функцияларының еркін меңгеруі, ересектердің қоғамдық дағдарыстан әр қалай күй кешуі – бір жағынан, екіншіден – экологиялық, медициналық мәселелердің бала дамуында орын алуы, үшіншіден – қазақ балаларының мектеп жасына дейінгі кезеңдегі қарым – қатынас ерекшеліктерін ескеру негізінде оқыту, тәрбиелеу және дамытудың назардан тыс қалуы, ғылымда бала қарым – қатынасын жетілдіру жолдарының бір жүйеге келмеуіне әкелді. Осыларды ескере отырып менің зерттеу жұмысым 5 – 6 жастағы қазақ балаларының қарым – қатынасын сюжетті – рөлдік ойын әдісімен жетілдіру жолдарын қамтиды.

Әдістеме 4 «Есте қалған қызықты оқиға»

Мақсаты: Топ ішіндегі балалардың қарым – қатынас деңгейін анықтау.

Жабдықтар: доп

Нұсқасы: Топ дөңгелек болып отырып, тәрбиеші оларға доп береді. Допты кезектесіп бір – біріне беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады. Әрбір қатысушыға 4 минут уақыттан беріледі.

Қорытынды бағалау:

10 ұпай – бала тапсырманы 1 минутқа жеткізбей орындайды.

8-9 ұпай – тапсырма 1,5 минут аралығында орындалады.

6-7 ұпай – тапсырма 2 минут ішінде орындалады.

4-5 ұпай – бала тапсырманы 3 минутта орындайды.

2-3 ұпай – тапсырма 3,5 -4 минут ішінде орындалады.

    1. ұпай – 4 минуттан жоғары аралықта орындалады.

8,9-10 ұпай жоғары деңгей;

5,6-7 ұпай орташа деңгей

0-4 ұпай төмен деңгей


Кесте - 8

«Есте қалған қызықты оқиға» әдістемесінің даму қорытындысы

Бақылаушы топ

жоғары

орташа

төмен

Эксперименталды топ

жоғары

орташа

төмен

1

Адильбеков А


+


Алмасов Е

+



2

Амит А

+



Амангельдинов В



+

3

Ажбинбетова С

+



Балташ Д


+


4

Балтамұрат А

+



Бақытжан А


+


5

Бигайдарова А



+

Бекмұхаммед А

+



6

Баймағамбетов А



+

Ғаппар Н

+



7

Ғабит А


+


Есенкелді А

+



8

Едресова А

+



Ескатова А


+


9

Исеноманова Д

+



Жаслан А

+



10

Жанкелді Б



+

Қарайдарова Д

+



11

Қаратай Ж


+


Кенжебек Д

+



12

Кенжебек Ж

+



Кенжегарин Д


+


13

Кожахметов С


+


Кузайбина Г

+



14

Ментаев Ж


+


Надырова Ж

+



15

Нуртазин А


+


Сандибеков А


+


16

Сардарбек Г

+



Тарғымбекова А


+


17

Тохтахунов А


+


Тулегенов А


+


18

Тлеугабылова А

+



Тойкенов Н



+

Барлығы (бала саны, % )

8

7

3

Барлығы (бала саны, % )

9

7

2

44

39

17

50

39

11

Кесте - 8 жалғасы



Диаграмма 4 «Есте қалған қызықты оқиға»


Әдістеме 5 «Ертегі айтып берші»

Мақсаты: Баланың сөйлеу техникасын және қарым – қатынас деңгейін бағалау.

Нұсқасы: Балаға өзі білетін ертегіні айтқызып, ондағы кейіпкерлер қандай ерекшеліктермен сипатталатынын қосымша сұрақтар қойып анықтау арқылы жүргізіледі. Әрбір балаға 5 минут уақыттан беріледі [45].

Қорытынды бағалау:

1ұпай – ертегі жартылай айтылады.

2ұпай – ертегі кейіпкері ғана суреттеледі.

3 ұпай – ертегі толық айтылады.

4 ұпай - ертегі және кейіпкері жартылай суреттеліп айтылады.

5ұпай – ертегі мен кейіпкер толық суреттеледі.

1-2 ұпай – төмен деңгей;

3-4 ұпай – орташа деңгей;

5 ұпай – жоғары деңгей.

Кесте - 9

«Ертегі айтып берші» әдістемесінің даму қорытындысы

Бақылаушы топ

жоғары

орташа

төмен

Эксперименталды топ

жоғары

орташа

төмен

1

Адильбеков А


+


Алмасов Е

+



2

Амит А

+



Амангельдинов В



+

3

Ажбинбетова С

+



Балташ Д



+

4

Балтамұрат А

+



Бақытжан А


+


5

Бигайдарова А


+


Бекмұхаммед А

+



6

Баймағамбетов А



+

Ғаппар Н

+



7

Ғабит А


+


Есенкелді А

+



8

Едресова А

+



Ескатова А


+


9

Исеноманова Д

+



Жаслан А

+



10

Жанкелді Б



+

Қарайдарова Д

+



11

Қаратай Ж



+

Кенжебек Д


+


12

Кенжебек Ж


+


Кенжегарин Д

+



13

Кожахметов С


+


Кузайбина Г


+


14

Ментаев Ж


+


Надырова Ж

+



15

Нуртазин А



+

Сандибеков А


+


16

Сардарбек Г

+



Тарғымбекова А


+


17

Тохтахунов А


+


Тулегенов А


+


18

Тлеугабылова А

+



Тойкенов Н



+

Барлығы (бала саны, % )

7

7

4

Барлығы (бала саны, % )

8

7

3

39

39

22

44

39

17



Диаграмма 5 «Ертегі айтып берші»


Әдістеме 6 «Сурет»

Мақсаты:Берілген суреттер арқылы балалардың сөздік қоры мен қарым – қатынас жасау аясы бағаланады.

Нұсқасы: Балаға ересектердің іс – әрекеті бейнеленген сурет ұсынылады. Баланың 5 минут ішінде суретте не бейнеленгенін мұқият айтуы керек. Баланың қолданған сөздері арқылы қарым – қатынас деңгейі анықталады [46].

Қорытынды бағалау:

1ұпай – бала сурет бойынша әңгіме айтқанда 1-2 сөйлем қолданады.

2ұпай – іс – әрекетті 3-4 сөйлеммен айтады.

3 ұпай – бала тапсырманы 5-6 сөйлеммен айтады.

4 ұпай - 7 -8 сөйлеммен суреттеліп айтылады.

5ұпай – 8 ден артық сөйлем қолданылады.

1-2 ұпай – төмен деңгей;

3-4 ұпай – орташа деңгей;

5 ұпай – жоғары деңгей.


Кесте 10

«Сурет» әдістемесінің даму қорытындысы

Бақылаушы топ

жоғары

орташа

төмен

Эксперименталды топ

жоғары

орташа

төмен

1

Адильбеков А


+


Алмасов Е

+



2

Амит А

+



Амангельдинов В


+


3

Ажбинбетова С

+



Балташ Д


+


4

Балтамұрат А

+



Бақытжан А


+


5

Бигайдарова А


+


Бекмұхаммед А

+



6

Баймағамбетов А



+

Ғаппар Н

+



7

Ғабит А

+



Есенкелді А

+



8

Едресова А

+



Ескатова А


+


9

Исеноманова Д

+



Жаслан А

+



10

Жанкелді Б

+



Қарайдарова Д


+


11

Қаратай Ж


+


Кенжебек Д


+


12

Кенжебек Ж


+


Кенжегарин Д


+


13

Кожахметов С


+


Кузайбина Г

+



14

Ментаев Ж


+


Надырова Ж

+



15

Нуртазин А



+

Сандибеков А


+


16

Сардарбек Г

+



Тарғымбекова А


+


17

Тохтахунов А


+


Тулегенов А

+



18

Тлеугабылова А

+



Тойкенов Н



+

Барлығы (бала саны, % )

9

7

2

Барлығы (бала саны, % )

8

9

1

50

39

11

44

50

6


Диаграмма 6 «Сурет»



Кесте - 11

Эксперименталды топтың салыстыру қорытындысы

Деңгейі

Жоғары

Орташа

1

Экспериментке дейін

33%

39%

2

Эксперименттен кейін

46%

43%



Эксперименталды топтың салыстыру диаграммасы 7





ҚОРЫТЫНДЫ


Қорыта айтқанда, ойын - баланың жан серігі. Ойын сырттай қарағанда ешқандай қиындығы жоқ, оп-оңай көрінуі мүмкін. Ал, іс-жүзінде бала ойынға қатысу үшін басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Баланың рухани жетілуі мен табиғи өсуінің, денесінің дамуы мен ой дүниесінің еркін жаюы ойынға тікелей тәуелді.

Қытай даналығында: «Маған айтсаң, мен ұмытып қаламын; маған көрсетсең, мен есімде сақтаймын; ал өзіме әрекет жасауға мүмкіндік берсен, мен үйренемін» деп айтылғандай, біз балаға бір ақпаратты тек айтып қана қойсақ, ол ұмытып кетуі мүмкін, көрсетсек есінде қалуы мүмкін, ал ойын үрдісінде баланың өзіне жасауға мүмкіндік берсек, бала өзі үйреніп кетуі әбден мүмкін [47]. М. Жұмабаев «Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе» - деп атап көрсетсе, ал, шетелдік ғалым Ж. Пиаже «ойын-баланың рухани дамуының негізі» - деген, сонымен қатар, К. Левин, Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин сияқты ғалымдар да өз еңбектерінде ойын әрекетінің оқу үрдісінде маңызды құрал болып табылатындығын атап көрсеткен.

Мектепке дейінгі мекмелердегі оқытудағы негізгі міндеті: сәбилер тобынан бастап балаларға білім, дағды, іскерлікті берумен қатар ойлау қабілеттерін қалыптастырып балаларды ойлау жұмысына дайындау.

Бүгінгі жас ұрпаққа қамқорлық жасап оларды ізгілікке, имандылыққа, адамгершілікке, адалдыққа еңбек сүйгіштікке, ұлтжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелесең ғана еңбегің жемісті болмақ. Ертеңімізді бүгін ойлап, уақытында жүзеге асырып, жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу әр тәрбиешінің міндеті [48].

Ойын белгілі бір ғылымның зерттеу пәні болғанға дейін ол балаларды тәрбиелеудің маңызды құралдарының бірі ретінде кеңінен пайдаланылады.

Қорытындысында ерекше айтып өтетін нәрсе - рөлдік ойын оқытудың ең перспективті нысаны болып табылады:

- ол ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінде жағымды психологиялық климаттың құрылуына ықпал етеді:

- ынталандыруды күшейтеді және балалар қызметін белсенді етеді;

- қолда бар білімді, тәжірибені, әр түрлі жағдайдағы қарым-қатынас дағдыларын пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан оқу іс – әрекеттерінде рөлдік ойындарды пайдалану оқу үдерісінің тиімділігін көтереді, оқытудың барлық сатыларында зерттелетін пәнге мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылығын сақтауға көмектеседі [49].

Оқиғалы рөлді ойындар оқытудың әр түрлі сатысында баланың жоғары психикалық даму сатысына көшуінде рөл атқарады.

Жоғарыда айтылғандар келесі қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді:

- ойын әрбір ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіне белгілі бір түрде ендірілуі тиіс

- оқу іс – әрекетінде ойынды пайдалану –оқу процесі тиімділігінің, қарым-қатынас жағдайын құрудың міндетті құралы

- оқу процесінде ойын жүргізу оқытудың тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді

- ойын тиімділігі оны дұрыс ұйымдастыруға байланысты

- оқыту процесінде ойынды әзірлеу және ендіру оқытудың әртүрлі сатыларында ауызша сөйлеуге үйретудің негізгі міндеттерін әлдеқайда үлкен жетістікпен шешуге ықпал етеді [50].

Ойындар келесі әдістемелік міндеттердің орындалуына ықпал етеді:

- сөз қарым-қатынасына балалардың психологиялық дайындығын құру қайталау ретінде жүргізуі мүмкін

- бір ойын сабақтың әртүрлі сатыларда пайдалануы мүмкін

- ойынның тартымдылығы мен тиімділігінің өзінде шегін сақтай білу қажет, әйтпесе олар оқушыларды шаршатып жібереді және эмоцияға әсер ету қабілетін жояды.

Балалардың әрқайсысының жұмысқа қатысу деңгейі ашық түрде анықталады, ортақ міндеттерді шешу кезінде қатысушылардың өзара байланысы сезіледі. Оқиғалы рөлді ойын процесінде қисынды ойлау, қойылған сұрақтарға жауап іздеу қабілеттілігі, сөйлеу, сөз этикасы, бір-бірімен қарым-қатынас жасай білу қабілеті дамиды. Сондықтан мектепалды даярлық тобында оқиғалы рөлді ойынды пайдалану оқу процесінің тиімділігін көтереді. Балалардың тілге деген қызығушылығын оқытудың барлық сатыларында сақтауға көмектеседі. Рөлдік ойындарда міндетті түрде білімгерлердің өзара әлеуметтік рөлдік қатынастары қалыптасады. Рөлдік ойын сөйлеу мәдениетін дамытуға да өз септігін тигізері хақ. Ол болашақ маманның өзін-өзі ұстай білу қабілетін, сөз саптау деңгейлерін дамытады.

Мектепке дейінгі жас – тұлғаны қалыптастыруға ең қолайлы кезең, сондықтан, аталған қабілеттер кейін өздігінен дамиды деп қателеспеген жөн. Бірге ойнау – қатынастардың басты мазмұны. Ойнап, түрлі ойын рөлдерін орындау барысында балалар жағдайларды жан-жақтан көріп, басқалардың әрекеттері мен мүдделерін ескеріп, ереже сақтауды үйренеді. Кері жағдайда мағыналы қатынас та, бірлескен әрекеттер де болмайды. Қазіргі заман талабында мектеп жасына дейінгі балаларда өзінің ішкі жан дүниесін танытып, өзін-өзі басқару негізінде адамгершілік-рухани потенциалын дамыту. Қоғамдағы әлеуметтік нормалар мен ережелер туралы нақты түсініктерін қалыптастыру. Сол себепті қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе күнделікті бірлесе атқаратын ойын әрекеті барысында тұлғаны рухани-адамгершілік тұрғысынан дамыту, яғни олардың талап-тілегімен санасу, жанашырлық сезімдерін дамыту [51]. 

Балабақша тәрбиеленушілері ойын баласы. Сондықтан оқу іс – әрекеті үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланылатын ойындар, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Мұндай ойынның көптеген түрлері бар. Сондықтан да балалардың жас ерекшелігіне және өтілетін сабақтардың тақырыбына сай етіп таңдап алған дұрыс.

Балалық шақ – адамның ең бақытты және уайымсыз кезеңі ғана емес, сонымен қатар бұл - тұлғаның қарқынды қалыптасу кезеңі. Балалық шағында қалыптаспаған нәрселердің орнын үлкен адам кейіннен толықтыра алмайды [52]. Баланы оқуға мұқтаждау барысында біз одан ойынды, демек, балалық уайымдарды, талпыныстар мен қатынастарды тартып алатынымызды есте сақтап, ұмытпауымыз қажет. Сөйтіп, рөлдік ойын дұрыс сауатты сөйлеу, тыңдап түсіну деңгейлерін жоғарылататын, қатысымдыққа жетелейтін құралдың бірі болып табылады.

Қорыта келгенде, баланың коммуникативті құзыреттіліктерін дамыту үшін түрткі болатын екі күш қажет. Осы күштердің бірі болып ең алдымен ата – ана болып табылады, өз баласының ерекшелігін көріп, оны дұрыс бағалай біліп, біліммен, тәртіппен, еңбекпен ұштастырып бала тілінің дамуына қажетті жағдай жасаса, бұдан балаға, оның болашағына үлкен пайда болары сөзсіз. Ал екінші тылсым күш – тәрбиешілер. Демек, ұжым тәрбиешілері мен отбасылар арасындағы хабар алмасу ең маңызды міндеттердің бірі болып саналады. Осылай бірлесе еңбектеніп қана тілі жетік, ой – өрісі кең, құзыретті балаларды тәрбиелеп, мақсатымызға жетеріміз анық [53].





























Пайдаланған әдебиеттер тізімі


1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.

2. Ә. Әлметова, «Сөйлеу әрекеттері түрлеріне оқыту», А. Арыс, 2007

3. Отбасы және балабақша.2009 №2 Ж.Шайхина. «Ойын арқылы бала тілін дамыту».

4. Құлжанова.Н. Ойын мақсатын талдау және ойын мәні// Қазақстан мектебі.- 2001.-№1.б.74.

5. Бастауыш мектеп 2011 №4 Момбекова Р «Ойын түрлері».

6. Берн Э. Игры, в которые играют люди. Психология человеческой судьбы. - М., 1992.

7.Выготский Л. С. Игра и ее роль в психическом развитии ребенка.// Вопросы психологии.–1966.Т.6.340с.

8. Қазақ бала – бақшаларындағы тәрбиелеу, оқыту мазмұнын жаңарту тұжырымдамасы – Алматы, 1991.

9. Баймуратова Б. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі. 2007ж.

10. Отбасы және балабақша. 2012 №4 «Балалар өміріндегі сюжетті-рөлді ойындардың орны».

11. Ұлағат 2004 №4 Қисықова Б. «Рөлдік ойындардың оқу процесінде алатын орны».

12. Бала мен балабақша №11 2012 жыл бет 9-10.

13. Тұрғынбаев Б.А. Кіші жастағы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Алматы, 2005ж.

14. Бастауыш мектеп 2008 №3 Керімбаева Р. «Рөлді ойынның түрлері».

15. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. 2004 № 1 Мұсаева Ә. Рөлдік ойындар.

16. Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы Алматы, 1991 ж.

17. Балабақшадағы балалардың тілін дамыту әдістемесі, Алматы – 1985 жыл.

18. Жайтапова А.Ә., Шамина С.А. Әдіскер қызметінің мазмұны білім беруді жаңарту тұрғысынан. – Алматы, 2007. – 120 б.

19. Иманқұлова С. «Жаңаша оқыту әдістемесі», Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің хабаршысы, Филология сериясы, 97-98 беттер, №1, 2006.

20.Бала мен балабақша 2009ж.

21. Мектептегі психология 2009№6 бет.17.

22.Левитан, К.М. О содержании понятия "коммуникативная компетентность". Перевод и межкультурная коммуникация. / К.М. Левитан. Екатеринбург.: Издательство АБМ.

23. Бойко В.В. Энергия эмоций в общении: взгляд на себя и на других. - М: 1996.

24. Меңжанова А.К. Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиет арқылы тәрбиелеу. Алматы, Мектеп, 2006ж.

25. Брудный А.А. О проблеме коммуникации.- М., «Наука», 1975.

26. Буеева Л.П. Общественные отношения и общение//Методологические проблемы социальной психологии. - М., «Наука» 1975.

27. Аяпбергенова С. Көркем әдебиет. Алматыкітап 2006ж.

28. .«Қазақстан-2030» жолдауында, «Білім туралы заң» «Болашақ форум» 2008. Н.Ә.Назарбаев.

29. Қалменова Г. Мектепалды даярлық тобы. ХХІ ғасыр мектебі.2001 № 4.

30.Егенисова А. Мектепалды даярлық тобы. Бастауыш мектеп. 2008 №5.

31. Паньшина Т. В. Реализация коммуникативного подхода в обучении казахскому языку и литературе в русской школе - У-ка,2004.

32. Бодалев А.А. Личность и общение. - М., 1995.

33. Пособие для учителей. Ведение в коммуникативную методику обучения языку – Оксфорд-пресс,1997. – 48 л.

34. «Балабақшадағы тәрбиелеу мен оқытудың типтік бағдарламасы» 2009жыл.

35. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Негізгі ережелер Астана 2006жыл.

36.«Отбасы және балабақша» журналы, 2004ж №4.

37.«Отбасы және балабақша» журналы, 2009ж №1.

38. Психологиялық – педагогикалық диагностика Төребаева Қ.Ж., Есенғұлова М.Н. Алматы 2012 жыл.

39.Психологиялық – педагогикалық диагностика негіздері Ишанов П.З., Бейсенбекова Г.Б. Қарағанды 2012 жыл.

40. Ахметов Н. К., Хайдаров Н. Ж. Игра как процесс обучения. – Алма – Ата. Знание. 1985. 48 с.

41. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы, Алматы – 1981 жыл.
42. Отбасы және балабақша №2 2014 ж. Г.С.Сманова.

43. Бала мен балабақша №8 2013ж.

44.Гиппенрейтер Ю.Б. Общаться с ребенком. Как. - М., «МАССМЕДИЯ». 1995.

45.Журнал «Балабақша» 2009 жыл.

46.Крутецкий В.К. Психология. Издание второе.
Переработанное и дополнение-М.Просвещение 1986.
47. Бастауыш мектеп. №10-11.2007жыл.16-17б. Қ.

48.Жарықбаев, Ә. Алдамұратов Психология Алматы-1993.

49. Отбасы және балабақша журналы №1 2012 ж. Н.Ә.Әділханова.

50. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту 2014 жыл №1.

51.Темірбеков А.С. Балабаев. Психология,-Алматы.Мектеп.1966.
52.Оразбеков А.А.Отбасы психология –Алматы.Білім-1997.
53.Қазақстан мектебі №2010 жыл №11.


41