Өзін - өзі тану.
Сабақтың тақырыбы: Достаса білейік
Сабақтың мақсаты: Балаларға дос туралы түсінік беру, бір-бірін ренжітпеуге тәрбиелеу.
Білімділік: Балаларға достасудың ерекше сезім екенін түсіндіру.
Дамытушылық: Балалардың бір - бірін сыйлауға деген қасиеттерін арттыру
Тәрбиелік: Балаларды мейірімділікке, қамқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Суреттер.
Сабақтың әдіс –тәсілдері:Сұрақ-жауап ,әңгімелеу,түсіндіру.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Балалармен амандасу.
2.Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу.
3.Балаларды түгендеу,оқуға жұмылдыру.
- Балалар көңіл - күйлерің қалай?
- Жақсы
- Жақсы болғаны маған да жақсы, олай болса бүгінгі сабақтан кейін тіпті жақсы болады.
а)Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену»
- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ыңғайы келсе көздеріңді жұмсаңдар да болады.
Ал енді ауаны терең жұтып, ақырындап шығарыңдар, жарайсыңдар. Тағы да қайталаймыз, керемет жақсы. Тағы да ауаны терең жұтып, ақырындап шығарыңдар, өте жақсы балалар.
- Балалар музыка ырғағымен тыныс алу жаттығуын орындайды.
Ал, енді көзімізді ақырындап ашамыз, жан - жағымызға қараймыз, кәне күлейікші, жақсы керемет.
II. Өткен сабақты қайталау:
- Балалар сабағымызды бастамас бұрын орнымыздан тұрып, жанымыздағы досымызға жақсы сөздер айтып өткен сабақты тағы бір еске түсіріп жіберейік.--
- Орындарынан тұрып, бір - біріне жақсы тілектер айтады.
- Сәлеметсің бе,…… сен сүйкімдісің.
- Сәлеметсің бе,… сен қайрымдысың.
- Сәлеметсің бе,…… сен ақылдысың.
- Сәлеметсің бе,…… сен сабырлысың.
- Сәлеметсің бе,…… сен мейірімдісің.
ә)Дәйек сөз:
Күлме досқа - келер басқа
(мағынасын сұрау, талдау)
Мақал – мәтел:
- Балалар досқа күлуге бола ма?
- Бір - біріңді ренжітуге бола ма?
- Сұраққа - жауап
III.Жаңа сабақ:
Ертегі: Алты түлкі.
Бұрынғы уақытта алты түлкі дос болыпты. Алтауының біреуінің құйрығы шолақ екен. Ана құйрығы ұзын бес түлкі: «Сенің құйрығың жоқ»,- деп келеке қылып, күле беріпті. Сол уақытта шолақ түлкі: «Осылардың мен қалай құйрықтарын шолақ қылсам екен»,- деп көп ойланады екен. Сонда бес түлкіге айтады:
- Біз бір жақсы ойын ойнайық! - деп.
Түлкілерді алып келіп, қарағайға құйрықтарын байлап қойып, өзі биік бір таудың басына шығып, түлкілерге айғайлайды:
- Мына жақта бүркіттер келе жатыр,- деп, өзі қаша жөнеледі. Сонда бес түлкі қашамыз деп құйрықтарын үзіп, шолақ болып қалыпты. Енді оларды да өзі секілді шолақ қылып, өзіне серік етіп алды. Алтауы бірдей шолақ болған соң ешкім - ешкімді мазақтап күлмейтін болыпты.
- Көрдіңдер ме, балалар, досқа күлуге болмайды, әйтпесе өз бастарыңа түседі, дәл осы ертегідей. Досыңа жаманшылық ойлама!
- Ертегіні талдау
в)Шығармашылық жұмыс: «Тосын сый»
- Ал балалар, достарыңа не сыйлағың келеді?
- Алдыларындағы үлестірмелі суреттерді бір - біріне сыйға тартады (жүрек, гүл, күн, ағаш т. б.)
IV.Сергіту сәті:
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.
«Досқа - сый»
- Балалар үйден өздеріңе ұнайтын, өз қалауларыңмен достарыңа сурет саламыз.
- Өз қалауларымен сурет салып, достарына сыйлау.
V.Бекіту: Әліппе- дәптермен жұмыс.
VI.Қорытындылау: - Ал бір сәт тынышталайық,- деп баяу музыка тыңдату
- Бір сәт тынышталып музыка тыңдайды.