«Адал дос»
Білім саласы: Әлеуметтік орта
Бөлімі: Өзін-өзі тану
Тақырыбы: Достаса білейік!
Сабақтың мақсаты: «Достық» құндылығы туралы одан әрі жетілдіру, сүйіспеншілік сезімдерін ояту,қамқор болуға тәрбиелеу,бір-бірімен тату,дос болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Суреттер,доп.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап,ойын,тосын сый,суретпен әңгіме.
Сөздік жұмыс: қамқор, тату, сыйлау.
Сабақтың барысы: Әр бала өз атын айтып,өзі туралы жақсы сөз айтып,қолындағы күн шуағын тақтаға іледі.Тақтада үлкен күн пайда болады.
-Балалар,қараңдаршы біздің топта не пайда болды?
-Күн.
Бәрі: Шуақты күннің сәулесі,
Жайнасын бүгін жарқырап.
Амансың ба нұрлы күн,
Шуағыңды төк бүгін!
-Енді, балалар біз шуағын төккен күнмен,жан-жағымызбен амандасайық.
Бәрі: Қайырымды жандар айнала,
Шеңберге келсін айнала.
Жалықпастан қайта біз,
Достық сөзін айтамыз.
Бақыттымыз осы біз,
Қасымызда досымыз!
«Достық» туралы әңгімені сахналау.
Қатысушылар: құмырсқа, көбелек,ара,торғай,карға.
Ән: «Дос болайық бәріміз».
Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Іргелі жүріңдер,
Достық жырын біліңдер.
Туғып ұстап бірлікті,
Еңбекті сүйіңдер.
Қ-сы:
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.
-«Дос» және «достық» деген сөздерді қалай түсінуге болады?
-«Жақсы дос» деп кімді айта аламыз?
Ойын «Менің досым».
Балаларды шеңберге тұрғызып, кезек-кезек сұрақтар қою.
-Сенің досың кім?
-Сен досыңды жақсы көресің бе?
-Досыңа қалай көмектесесің?
-Досыңды қалай сыйлайсың?
-Досыңды сағынасың ба?
-Досың туралы қандай жылы сөз айтасың?
-Достар бір-біріне қалай көмектеседі?
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Асылай: Монғол,дүнген, ұйғыр,
Армян, тәжік,грузин.
Орыс пенен украин
Терезесі тең жатыр.
Дәйексөз бен жұмыс. «Дос-бәрінен де қымбат» деген мақалдың мағынасын ашу.
-Балалар, достық туралы мақал-мәтелдер айтайық.
Досыңды бір алдасаң, өзіңді мың алдағаның.
Жаман достан,қисық таяқ артық.
Дұшпан күлдіріп айтады,дос жылатып айтады.
Сергіту сәті:
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
Бірге балық аулаймыз,
Міне,біздер қандаймыз!
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашанда біргеміз!
Дәптермен жұмыс
Балалар досына сыйлайтын сыйлығының суретін салады және сол туралы әңгімелеп береді.
Д/О «Жақсы-жаман».
Қорытынды:
-Біздің бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма?
-Олай болса бүгінгі сабақтың қорытындысы болсын.
Бәріміздің кеудемізде бір үміт,
Біз сол үшін айқасамыз бірігіп.
Жүрегіміз бір соғады қашанда,
Жүрсекте біз неше түрлі киініп.
«Нан-ел байлығы»
Білім саласы: Әлеуметтік орта,Коммуникация
Тақырыбы: Тамаша сахна көрінісі
Сабақтың мақсаты: Ас атасы нанның дастарханға қандай еңбекпен келетіні туралы түсінік беріп, білімдерін жетілдіру.Балаларды еңбексүйгіштікке, барға қанағат етуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Егістіктің суреті,түлкі, бауырсақ,диірменнің суреті.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап,көрсету,тыңдау,сахналау.
Сабақтың барысы: Шаттық шеңбері:
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Жер-ана!
Амансың ба, достарым!
Көргеніме қуанам!
Топқа бауырсақ түлкіден қашып, кіріп келеді.
Тәрбиеші: -Мынау бауырсақ қой?
Түлкі: -Сәлеметсіңдер ме балалар!Бауырсақты көрген жоқсыңдар ма?
Бауырсақ:-Түлкішек,мені жемеші!Балалар сендер түлкіге менің қандай еңбекпен келгенімді түсіндіріп беріңдерші!
Тәрбиеші: -Әрине,Бауырсаққа көмектесейік
Түлкі: -Жарайды, балалар,сендер мені көрдіңдер.
(Әр мезгілді балалар көрнекіліктермен сахналап көрсетеді)
Тәрбиеші: Бауырсақжан, біз саған көмектесейік! Түлкішек,сен ашуыңды басып,Бауырсақтың қандай еңбекпен келгенін мына бір көріністен тамашалап,танысатын боласың.
Бауырсақ: Ой,балалар, мені құтқардыңдар. Рахмет!
-Ал, балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын
Қар еріп,су көбейіп
Сай-салаға ағады.
Бүршік шашып,Жапырақ ашып
Гүл бәйшешек ашады. (көктемде)
Бала: Көктемде егін егетін,
Күзде жинап беретін.
Біздің дала,бай дала
Алтын астық айнала.
-Айтыңдаршы,балалар, бұл қай кезде болады?
Жауаптары: Көктемде бидай салып,егін егіледі.
Түлкі: (Тұқым сеуіп жатқан диқаншыға келіп сұрайды). Сен кімсің?
Не істеп жүрсің?
Диқаншы: Мен жер жыртып,егін егуге дайындалып жатырмын.
Тәрбиеші: Түлкіжан,балалар шаршаған болар,бойларын жазып,бір сергіп алсақ қалай?
Сергіту сәті
Көлбең,көлбең,көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем.
Тасып піскен бидайды
Айтшы қалай жинайды?
Түлкі: Енді қайда барамыз?
Бала: Жатыр дала жалтылдап,
Жаз шуағын мол құйды.
Күн астында алтын дән
Тербеледі,толқиды
Тәрбиеші: Енді жаз мезгіліне барамыз.
Түлкі: Қандай жұмыс жасап жүрсің? Не үшін су құйып жатырсың?
Жаз: Жазда күн ыстығынан бидай құрғап қалмауы үшін, бидайға су құйып жатырмын.
Тәрбиеші: Түлкіжан, Бауырсақтың қандай еңбекпен келіп жатқанын түсінуге жақын қалған шығарсың?
Түлкі: Еңбектің не екенін енді түсініп келе жатырмын.
Қазір біз күз мезгіліне барып,егіннің қалай жиналатынын көреміз.
Жұмбақтар:
Ұзын мұртты сарылар
Қойнында наны бар
Бұл не? (Бидай)
Сабан той бастап,
Салды бір әнді
Сабанды тастап
Сапырды дәнді (Комбайын)
Түлкі: -Ал,сен не істеп жатырсың?Мынау қандай үлкен нәрсе? Ол не үшін керек?
Бала: Бұл комбайын.
Комбайынмен бидайды орып,оны машинаға тиейді.
-Машинамен қайда апарады? (Машинаның суреті көрсетіледі)
-Наубайханаға апарады.
(Наубайханадан ұн алып келеді,ұн дүкенге апарылады)
Дүкенші:
-Балақай неге келдің?
Бала:-Мен дүкеннен ұн сатып алуға келдім.Нан иленіп, қамыр ашытылады.
Тәрбиеші: Түлкіжан, Біз Аружанмен бірге дүкенге келдік.Келіп тұрғанымыз дүкен.Дүкенде барлық тағамдар,ұн,нан сатылады. Қазанға май құйылып,Бауырсақ пісіріледі.
Түлкі:
-Ой, керемет екен?Мұнда нанның түрлері көп екен.
Бала Бауырсақты түлкіге әкеледі.
-Балалар,Бауырсақтың иісі керемет екен,жегім келіп бара жатыр.Бауырсақтың қандай еңбекпен келетінін түсіндім.
Бала:
Дастарханның басында,
Әдептен біз озбаймыз.
Үлкендердің қасында
Қолды бұрын созбаймыз.
Қорытынды
Түлкі балалармен қоштасады.
Тәрбиеші:
-Балалар,қандай тыйым сөздерді білесіңдер?
Тыйым сөздер:
Нанды жерге тастама.
Нанды бір қолмен үзбе.
-Қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?
Мақал-мәтел:
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
-Ал,балалар, қандай тақпақтар білесіңдер?
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар,
Теріп алып қастерлеп
Торғайларға тастаңдар.
-Балалар,көрінісімізден Түлкі Бауырсақтың қалай келгенін түсінді ме,қалай ойлайсыңдар?