СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Дүниетану орта мерзімімді жоспар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жалпы білім беретін мектептерде оқу үдерісінде пән мазмұны мен тілді оқып үйренуге тең қолдау көрсетілетін оқу ортасы қалыптасады.Әр пәннің өз тілдік стилі бар, оны нақты бір пәннің «ғылыми тілі» деп атауға болады. Ғылыми тіл – пәннің мазмұнын оқып үйрену, ойлау қабілетін және пәндік мазмұнның негізгі ұғымдарымен жұмыс істеуді жақсарту үшін қолданылатын негізгі құрал. Оқушылардың ғылыми тіл мен пән мазмұнын толық игеруі үшін білім алу үдерісінде үнемі қолдау көрсетілуі қажет.

Тілдік мақсаттар ғылыми тілді үйрену үшін маңызды құрал болып табылады. Оқушылар үшін өздерінен не күтілетіндігін түсінуі тілдік мақсаттардың анық құрылуына байланысты. Сондай-ақ, тілдік мақсаттар мұғалім мен оқушыларға оқуға деген ынтаны қалыптастыруға, өлшеуге және қолдауға көмектеседі. Пән мазмұны мен ғылыми тілді оқытуды үнемі қатар назарда ұстайтын пән мұғалімдері оқушыларға үлгі көрсетіп, пән мен тілді  оқып үйренуге көмектеседі.

Просмотр содержимого документа
«Дүниетану орта мерзімімді жоспар»

«Дүниетану» пәні

1 сынып

I тоқсан

II тоқсан

III тоқсан

IV тоқсан

1-бөлімӨзімтуралы


3-бөлімМенің отбасым және достарым

5-бөлімСаяхат

7-бөлімТағам және сусын

  • Мен кіммін?

  • Қажетті заттар

  • Оқушының күн тәртібі қандай болу керек?

  • Жақсылықпен жаным дос

  • Менің отбасым

  • Отбасындағы мерекелер

  • Менің үйім


  • Алғашқы адам

  • Ежелгі ата-бабаларымыз

  • Ұлы дада тарихы

  • Ертедегі саяхат

Саяхат,саяхатшы

  • Біз қалай тамақтанамыз

  • Ертеде қалай тамақтанған

  • Дәмді әрі пайдалы

  • Қазақстанда жасалған

2-бөлім Менің мектебім

4-бөлімБізді қоршаған әлем

6-бөлімСалт-дәстүр жәнеауыз әдебиеті

8-бөлімДені саудың – жаны сау

  • Мен және менің мектебім

  • Мектепке баратын жолқауіпсіздігі

  • Мектепке саяхат

  • Мектеп ережелері

  • Дос болайық бәріміз

  • Бағдарлауды үйренеміз

  • Қала мен ауыл

  • Мен қайда тұрамын?

  • Ауа райы деген не?

  • Мен қазақпын

  • Қазақстан рәміздері

  • Көне жазбалар

  • Алтын адам туралы аңыз

  • Бәйтерек- өмір ағашы

  • Денің сау болсын десең

  • Тазалақ денсаулық кепілі

  • Үйдегі қауіпсіздік ережелері

  • Айналадағы қауіп-қатер

Ескертпелер:

Бөлімдерге белгілі бір тақырыптар оқып-үйретілетін бірнеше сабақтар кіреді. Әрбір тоқсан екі бөлімнен тұрады. Бөлімдегі сағаттар саны тоқсандық сағат санымен сәйкес.

Ұ- ұжымдық жұмыс(сыныппен)

Т – топтық жұмыс

Ж – жұптық жұмыс

Ө – өзіндік жұмыс

ОТ – оқушының тәжірибесі

МК – мұғалімнің көрсетуі

Қ – қалыптастырушы (формативті) бағалау


Бағдарламада оқу мақсаттары төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлімше ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік номерін көрсетеді. Мысалы, 1.2.1.4. кодында «1» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқу мақсатының реттік саны.


Тілдік мақсаттар туралы


Жалпы білім беретін мектептерде оқу үдерісінде пән мазмұны мен тілді оқып үйренуге тең қолдау көрсетілетін оқу ортасы қалыптасады.Әр пәннің өз тілдік стилі бар, оны нақты бір пәннің «ғылыми тілі» деп атауға болады. Ғылыми тіл – пәннің мазмұнын оқып үйрену, ойлау қабілетін және пәндік мазмұнның негізгі ұғымдарымен жұмыс істеуді жақсарту үшін қолданылатын негізгі құрал. Оқушылардың ғылыми тіл мен пән мазмұнын толық игеруі үшін білім алу үдерісінде үнемі қолдау көрсетілуі қажет.

Тілдік мақсаттар ғылыми тілді үйрену үшін маңызды құрал болып табылады. Оқушылар үшін өздерінен не күтілетіндігін түсінуі тілдік мақсаттардың анық құрылуына байланысты. Сондай-ақ, тілдік мақсаттар мұғалім мен оқушыларға оқуға деген ынтаны қалыптастыруға, өлшеуге және қолдауға көмектеседі. Пән мазмұны мен ғылыми тілді оқытуды үнемі қатар назарда ұстайтын пән мұғалімдері оқушыларға үлгі көрсетіп, пән мен тілді оқып үйренуге көмектеседі.

Оқушылар ғылыми тілді оқып үйренуі үшін мұғалім сабақ жоспарларына жүйелі түрде төмендегі оқу мақсаттарын қосуұсынылады:

• оқушылар назарын ғылыми тілге аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажет терминология немесе тұрақты тіркестері бар лексиканы қолдану);

• пән мазмұнының ұғымдарымен жұмыс істеуге қажетті жұмыс тілін қолдану (мысалы, топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және пікірталас жүргізу үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестері);

алдын ала оқыту, оның ішінде ең бастысы, пәнді оқуда дұрыс қолдана білу үшін қажетті термин мен тіркестер жиынтығын қамтитын лексиканы алдын ала орынды қолдану;

• оқушылардың төрт дағдының барлығын түрлі әрекеттерде (мысалы, оқылым-тыңдалым, оқылым-жазылым, оқылым-айтылым, тыңдалым-жазылым және т.б.) түрлі мақсаттарға қол жеткізу үшін қолдану;

• оқушыларды пікірталас диалогтерге қатысуын ұйымдастыру (мысалы, оқушылардан қысқа жауаптарды қабылдамау, білімді ғана көрсететін сұрақтарды қоймау; оқушыларды өз білімін нәтижелі талқылау үшін пайдалануға ынталандыру, сондай-ақ оқушылар диалогқа қатыса алуы үшін қажет лексикалық сөздік қормен қамтамасыз ету);

• тілге қатысты оқу дағдыларын дамыту (мысалы, таңдамалы түрде тыңдау, түсіндіру, металингвистикалық және метакогнитивтік танымды дамыту, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс дағдылары);

• тіл туралы сын тұрғысынан ойлауды дамыту (мысалы, тілдерді салыстыру, оқушылардың тілді барынша нақты пайдалануға ынталандыру, тілді оқудағы жетістіктерді бағалау);

• сабақ басында тілдік мақсатты белгілеу, сабақтың соңында осы мақсат бойынша қол жеткізген жетістіктерді талқылау.


Тілдік мақсат үлгісі оқу жоспарының әр бөлімінде көрсетілген. Тілдік мақсат үлгісі сонымен бірге ғылыми тілдің құрамдас бөліктерін қамтиды, оны пайдалану мен есте сақтауға оқушылардың назарын аудару маңызды. Бұл құрамдас бөліктер ортамерзімді жоспарда тақырыпшалармен көрсетілген:

(1) пәнге қатысты арнайы лексика және терминология.

(2) диалог/жазылымға қажетті сөз тіркестері. Берілген ақпарат тілі оқушылар үшін түсінікті әрі анық болса, бұл олардың пәндік мақсаттар мен тілді оқудағы мақсаттарға қол жеткізуіне көмектеседі.

Тілдік мақсаттарды анықтау үшін келесі етістіктерді пайдалануға болады: саралау, санаттарға бөлу, таңдау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, сәйкестендіру, көшіру, құрастыру, сынау, анықтау, сипаттау, әзірлеу, бағалау, түсіндіру, мысал келтіру, жорамалдау, негіздеу, дәлелдеу, келіссөздер жүргізу, болжау, жасау, балама шешімдер ұсыну, себептерді түсіндіру, пысықтау, қайта ұйымдастыру, басқа сөзбен айту, мазмұндау, көшіріп жазу, рөлдік ойындар ойнау, қорытындылау, синтездеу және жазу, түрлі мақсаттар үшін пайдалану, өз сөзімен анықтама жазу, безендіру.

Тілдік мақсаттардың кейбірін пән мазмұнын оқу мақсаты деп те есептеуге болатынына қарамастан, мазмұн мен тілдің бөлінуі оқушылардың мазмұнға да, тілге де баса назар аударуына көмектеседі. Бұл, сондай-ақ, жауаптар мен шешімдер іздеу үшін қолданылатын үдерістермен салыстырғанда, жауаптарға/шешімдерге аударылатын назарды теңгерімге келтіруге көмектеседі. Атап айтқанда, осындай үдерістерге баса назар аудару тілдің нақты қолданылуы мен ойлау әрекетінің жақсаруына көмектеседі.

Тілдік емес пәндерде оқыту мақсаттарының көпшілігі мазмұнға байланысты, бірақ ең кемінде бір мақсат тілге арналуы тиіс.

Орта мерзімді жоспар

«Дүниетану» пәні. Бастауыш мектеп.1-сынып

1-бөлім: Өзімтуралы

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушыларата- аналар, балабақша, ақпарат құралдарынан алған білімдері арқылы пәннің мақсаты мен ерекшеліктерін ашудағы алғашқы сатысымен таныс. Баланың отбасы мүшелері, достары, туыстары, өзі жақсы көретін ойыншығы, өзіне ұнайтын іс-әрекет түрлері туралы білімі болады.

Мазмұны

Оқушылар мектеп қауымдастығының мүшелеріне айналады. Олардың білім алуыөзі туралы, білімдері мен түсініктерін қалыптастыруға негіз болатын отбасында қалыптасқан білімдері, жеке тәжірибесі мен ресурстарына сүйенеді. 1-бөлімге және оның жекелеген сабақтарына арналған негізгі және қосалқы сұрақтарды, тақырыптарды оқып үйренудің сабақтастығы төменде көрсетілгенҚысқаша шолуданқараңыз.

Осы бөлімдегі «Дүниетану» пәнінің тілдік мақсаты

Осы бөлімдегі оқыту мақсаттарына қол жеткізу үшін тиісті ғылыми тілдегі тілдік мақсаттың үлгісі төменде берілген.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Оқушылар:

-басқаларды тыңдап, диалогқа қатыса отыра үйдегі және мектептегі өмір туралы айта алады;

- тақырыптар бойынша сөздік қорын дамытады.

Нешінші сыныптың оқушысы

Өзіне сабақта қажетті оқу-құралдары

Өзінің жеке бас гигиенасы

Өз үйі мен мектебі арасындағы қауіпсіздікті сақтау

Талқыланатын мәселелер:

  • Сіз қандай оқушысыз?

  • Сіздің сүйіп оқитын пәндеріңіз?

  • Сыныпта қандай оқу-құралдарын пайдалану керек?

  • Жеке бас гигиенасын қалай сақтау керек?

  • Жолда жүру ережелері қандай?

  • Үй мен мектеп арасында қандай қауіпсіздік маршрутын құру керек?….

Басқа тілдік мақсаттарды қою үшін және ғылыми тілді дамытуға қатысты қосымша нұсқаулықты жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімінен қараңыз.

Қысқаша шолу

1-бөлім. «Мен кіммін?» деген басты сұраққа «Өзім туралы» бөлімінің тақырыптарында көңіл бөлінеді. Бөлімді оқып үйрену оқушылардың мектепке келгендегі білімдеріне негізделген. Оқыту сөйлеу/аудиодан тыңдау/тыңдау, сурет салу,оқу және жазу дағдыларын дамытуға бағытталған.

1-бөлім оқушыларды оқу үдерісіне тарту үшін басқа сабақтармен байланысты болады. 1-бөлім «Өзін-өзі тану» пәнінің бағдарламасымен пәнаралық байланыста ұйымдастырылады. Сонымен қатар, «Көркем еңбек» пәнімен (портреттерді салу) және дене тәрбиесімен байланыс бар.

Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері


Мұғалімге арналған ескертпелер

Оқыту ресурстары


1.2 Мектеп және мектеп қоғамдасты ғы

1.1.2.6 Өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау





Мен кіммін?

(Ұ)Балалар шеңбер құрып отырады. Әрбір бала кезектесіп өзі туралы хабарлайды:

  • аты-жөні;

  • жасы;

  • өзіне не ұнайды?

  • Сен мектепалды даярлық сыныбында оқыдың ба?

  • Сен онда не үйрендің ?

(Ж)Оқушыларды жұптарға бөліңіз. Олар кім екенін және қайда тұратынын айта отыра өздерін таныстырады. Одан кейін оқушылар өз өмірінің кейбір сәттерін талқылайды:

  1. ұнататынзаты, аяқ киіміжәне киімі;

  2. естеліктері;

өзі туралы қызықты (ерекше) жайттар;

Оқушылардың үйден әкелген фотосуреті (немесе мұғалім ұсынғын фотосуреттер).

(Ж) Кері байланысты жүзеге асыру үшін оқушылар жұптаса отырып, талқылау нәтижелерімен сыныпты таныстырады.

(Ө/Ж) Сыныпқа олар өз сыныптасының портретін салатындарын хабарлаңыз. Портрет сыныпқа ілініп қойылады. Суретте сыныптасы қандай көңіл-күйде екендігін (бақытты, мұңлы, ойлы) көрсетуі, яғни алдында талқыланған үш ерекше белгіні бейнелеуі тиіс. Әрбір жұмысқа қол қойылады. Оқушылар өз портреттерімен алмасады және онда салынған суретті талқылайды.

(Ұ)Рефлексия. Мұғалім балалардан бүгін нені үйренгенін сұрайды.



Сабақ төмендегі іс-әрекеттер бойынша жүзеге асырылады:

  • сабақтың кіріспе бөлімін мұғалім басқарады;

  • сабақтың негізгі бөлігінде оқыту әрекетінің бір немесе бірнеше түріне басты назар аударылады;

  • сабақ қысқаша қорытынды жасаумен аяқталады.

Жұмысты сабақтан тыс уақытта жалғастыру мүмкіндігі бар.

Бірінші тапсырманың мақсаттары:

  • оқушылар өздерін бір-біріне таныстыру тиіс;

  • оқушылар сыныптастарының есімдерін біледі;

  • оқушылар өздері және жолдастары туралы ақпарат жинайды.

  • оқушы қандай болу керек екендігін айтуы тиіс?

  • мектепалды даярлық сыныбында оқыған пәндердің аттарын атайды

  • оқушылар қандай пәндерді жақсы көретіндігін айтады?

(W) Шеңберде отырып сұхбаттасу – бұл оқушылардың бірін-бірі білуі, тәртіп ережелерін үйреніп және сыныптағы және мектептегі өмірге араласуы үшін жақсы мүмкіндік.

Балалармен бірлесіп сабақты қорытындылау – бұл қызметтің әрбір түрі үшін стандартты тәртіп болып табылады, яғни еске түсіру/түйіндеме/бекіту, сабақ үстіндегі әрекеттерді басқарудың түсінікті және анық үлгісі.



Балалық шақтағы фотосуреті және сүйікті заты.

Ата-аналардан/қамқоршылардан оқушының бала кездегі фотосуретін және бір сүйікті затын мектепке әкелуін сұраңыз.

Портреттің үлгісікелесі ақпараттарды қамтуы керек:

  • адам есімі;

  • ерекшелігі

(оны өзгелерден ерекше ететін үш сипаты).

Фотосуреттер көрмесін жасау.


1.1 Мен және менің отбасым

1.1.1.5 Тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау








Қажетті заттар

(МК, Ұ)Күнделікті өмірде бізге қандай заттар қажет? Берілген суреттер топтамасынан өзіңе ең қажет заттарды іріктеп алу.

Сынып бөлмесіндегі жабдықтармен, оларды қауіпсіз пайдалану жолдарын талқылау. Егер де сыныпта мектепке дейінгі мекемеге, даярлық топтарына/сыныбына барған балалар болса, оларға сынып бөлмесі мен балабақшадағы бөлмелерді салыстыру тапсырмасын беруге болады.

(МК) Мұғалім оқушыларға оқу құралдарын және сыныптағы оқуға қажетті барлық тұтынатын заттарды көрсете отырып, оларды қандай мақсатта қолдануға болатынын, қызметі мен маңызын болжауға шақырады. Оқу құралдары (кітап, дәптер, сызғыш, қалам, қарындаш т.б.). Сыныптағы тұтынатын заттар (тақта, парта, орындық, бор т.б.).

(Ө.Т)Сынып оқушыларын 2 топқа топтастырыңыз. Екі топ оқушыларына оқу құралдары менсыныпта тұтынатын заттарды берілген сурет бойынша ажыратады. 1-топ оқу құралдарын, ал 2-топсыныпта тұтынатын заттардың суретін қоршап сызады.

Дидактикалық ойын: «Кім табады?» екі топтан балалар шығып нұсқау бойынша аталған заттарды бірінші болып ұстап табу қажет.

Мысалы:- Тақта қайсы? - Бор қайсы? т.б. Қорытындылау үшін балаларға: сынып бөлмесінде болмайтын заттарды атауға арналған – «Сыныпта нені таба алмайсың?»; көрнекіліктер немесе сөз арқылы ұсынылған заттардың ішінен (парта, тоңазытқыш, бөлме гүлдері, шаңсорғыш, сыныптақтасы, бор және т.б.) анықтау үшін – «Не артық?»,- сияқты ойын жаттығулар ұсыныңыз.

(Т)Сыныпты 3-4 оқушыдан тұратын топтарға бөлу. Әр топтан жоғарыда аталған бес тармақтың бірін талқылауын сұраңыз. Оқушылардан көздерін жұмып, таңдап алған тармақ туралы 30 секунд ойлануын және одан кейін өздерінің не туралы ойлағанын бір сөзбен хабарлауын сұраңыз.

(Ж)Жұптаса отырып олар жоғарыдағы тізімнен өз таңдауларын талқылайды.

(Ө) Әрбір оқушы өздері не туралы айтқанын қысқаша жазады.

(Ұ)Кері байланысты жүзеге асыру мақсатында, мұғалім балалардың жауаптарын сәйкес атаулардың астына жазады.

(Ұ)Оқушыларжауаптарды талқылайды және туған күн кешін қалай өткізгісі келетінін шешеді.


Оқушылар көздерін жұмып, қандай да бір заттар туралы ойлау және оларды талқылау мүмкіндігіне ие болады. Оқушылар оқу құралдары мен сыныпта өздері тұтынатын заттарды не үшін және қалай қолдану керектігін айтады.

Құралдардың маңызы жөнінде өз пікірін білдіреді.


Міндеттің дұрыс құрылғанына, әрбір оқушының белсенді қатысып, идеялар мен нәтижелерді ұсына алатынына көз жеткізіңіз.

Сыныптан кері байланыс алу және оқушылардың идеяларын тізіп шығу үшін маркерлік тақта мен интерактивті тақтаның болғаны жақсы. Мүмкіндігінше көбірек оқушыны/жұптарды тапсырманы орындауға тартуға тырысыңыз.

Сабақ қысқаша қорытынды жасаумен аяқталады.

Бірінші тапсырманың мақсаттары:

  • Оқушылар оқу құралдары мен сыныпта өздері тұтынатын заттарды ажырата алады.

  • Заттардыңатқаратын қызметі мен маңызы жөнінде біледі.


Сабаққа арналған парақтар.

Түрлі-түсті қарындаштар, стикерлер, маркер, интерактивті тақта, маркерлі тақта, флипчарт және т.б.

Сыныптағы тұтынатын заттар мен оқу құралдары. Тақта, бор, парта, орындық, кітап, дәптер, сызғыш, қарындаштар, өшіргіш, т.б.


1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы
























1.1 Мен және менің отбасым











1.1.2.4 Күн тәртібін сақтау маңызын түсіндіру және күн тәртібін құру





















1.1.2.5 тәулік бөліктері мен апта күндерінің атауларын қолдану










1.1.1.3 отбасы мүшелерінің арасындағы өзара қамқорлықтың маңызын түсіндіріп, мысал келтіру








1.1.2.3 мектепте өзін ұстау ережелерін сақтаудың маңызын түсіндіру;


Оқушының күн тәртібі қандай болу керек?


(Ұ) Мұғалім балаларғакелесі сауалдарды қояды: «Сен күнде ұйқыдан қай уақытта тұрасың? Ұйқыдан тұрған соң сен әдетте не істейсің?».

Өз уақыттарын қалай өткізетіні және не істейтіні туралы әңгіме құрайтынын ескертіңіз. Олар өздеріне әңгімелеуге көмектесетін және күнтәртібін көрсететін кесте құрастырады.Мұғалім уақыт кестесі (күн тәртібі) дегеніміз не, оның мақсатын түсіндіре отыра шаблонды (кестені) көрсетеді, өзінің немесе басқа оқушының бір күнін сипаттай отыра, оны толтырады.Сұрақтар мен жауаптарды пайдаланып, мұғалім тақтада күнделікті уақыт кестесін құрастырады. Күн тәртібі кестесінде:

  • сағат,таң ату, таңертең, тал түс, күн, кеш, түн;

  • күні бойғы әрекеттер мен оқиғаларды қамтуы мүмкін.

(Ө)Уақыт кестесі шаблонын пайдалана отырып, оқушылар үйде өткізген бір күні бойынша өз кестесін құрастырады.

(Ұ) Мұғалімолар күні бойы әртүрлі сезімдерді сезініп, көптеген дүниелер туралы ойлайтынын айтады. Мұғалім балалардың уақыт кестесін пайдалана отырып, олардың бір күн ішіндегі бақытты, ренішті, ашулы, қорыққан және т.б кездерін еске түсірулерін сұрайды.

Оқушылардан осы ойлары мен сезімдерінің бірін күн тәртібі кестесіне қосуды сұраңыз.

(Ұ) Сабақтың қорытындысын жасай отыра мұғалім мен оқушылар олар өздері мен сыныптастары туралы не білгендері туралы айтады.


Жақсылықпен жаным дос

(Т) Мұғалім сыныптастар арасындағы қарым-қатынастар туралы: «Партада кіммен отырасың? Сыныпта досың бар ма, ол кім? Кім мектепке сыныптасымен бірге келеді?» – деген сауалдар төңірегінде әңгіме құрастыруды ұйымдастырады.

(Ө) Оқушылардан сыныптасымен кандай қарым қатынаста болуы керектігі жайында ойлануына мүмкіндік беріңіз.

(Ұ) Балалар ұжымда оқитындықтан сынып ұжымындағы мінез-құлық ережесін сақтауы керек. Мысалы, «Балалар өзара келіспеуде», «Ұл бала қыздың шашынан тартуы», «Қыз ұл баланы мазақтауда» және т.с.с. жағдаяттарды талдау арқылы балаларға сынып ұжымындағы мінез-құлық ережесін жасауды ұсынуға болады.

(Т)Мұғалім сыныпқа келесі сауалдары қояды: «Жақсылық жасау дегенді қалай түсінесің?» «Жақсы қасиеттерге нелер жатады?» Жақсы іс атқару әркімнің қолынан келе ме?



(ӨТ) Сынып оқушыларын 2 топқа топтастырыңыз, «жақсылық» пен «жамандық» сөздерін ажыратып, тақтаға жазу.

Дидактикалық ойын: «Жақсы деген немене, жаман деген немене?». Екі топтан балалар шығып, нұсқау бойынша интерактивті тақтадан берілген суреттерді әңгімелей отырып, қолдарындағы ақ және қара текшені көтереді. (жақсылық- ақ текше, жамандық- қара текше)

(Ж,Т) Әрбір оқушы өздерінің қандай жақсылық жасағандары немесе жақсы іс істегендері туралы қысқаша айтады.

(Ұ) Мұғалім әрбір оқушының жазған ойларын талқылайды.

Сабақтың қорытындысын «Релаксация» арқылы жай әуенмен аяқтау.

Бүгінгі сабақта:

не білдім?

не үйрендім?



Күнделікті әрекет кестесі оқушылардың өміріндегі күн контекстін пайдалана отыра идеялардың кең ауқымын және ақпараттарды білдіреді.

Күн тәртібі кестесін жасау оқушыларды уақытты өлшеу үдерісіне тартады және оқиғалар арасындағы сабақтастық пен қатынастарды айқын көзге елестетеді.

Уақыт кестесі бір күнге арналады. Ол қалай мазмұндалып, құрылатынын мұғалімнің өзі шешеді.

Күн тәртібі кестесі мен онда сипатталған оқиғалар оқушыларға өздері туралы оқиғаларды, басынан кешірген қызықты және тартымды жайттарды айтуға мүмкіндік береді.

Жеке күн тәртібі кестесі оқушыларды олар алдында талқылаған идеялар мен ақпаратты графикалық/жазбаша түрде көрсете алуына, дұрыс мазмұндауға жетелейді. Оқушылардың көзқарастары мен сезімдерді талқылауы мұғалімнің басшылығымен яғни сұрақтар қою, бағыт беруі, жағымды талап етуімен жүзеге асырылады. Оқушылар сондай-ақ, неліктен белгілі бір сезімдерді басынан кешіргенін, сол сәтте қандай үміт болғандығын сипаттау үшін себептерді ұсынып немесе басқа оқиғаларға жүгіне алады. Сауат ашу сабақтарында оқушылар қазақ халық ертегілерін оқып тыңдай алады.









Сабақ төмендегі іс-әрекеттер бойынша жүзеге асырылады:

  • Кіріспе бөлім:

  • Жақсылық сөзінің ұғымын түсіндіру.

  • Негізгі бөлімде

  • «Жақсылық жасау»- ұғымын жаттату.

  • Жақсылық жасау дегеніміз – біреуге көрсеткен көмегің, қамқорлығың, жамандықты ойламай, өзгелерді ренжітпей, айналаңа жақсы істер жасап қуантсаң, жақсылықпен дос болсаң, көңілің қуанышқа бөленіп, бақытты боласың.



Оқушы екі топқа бөлініп, «жақсылық» және «жамандық» ұғымдарын қалай түсінетіндіктерін айтып, «Венн диаграммасын» құрастырады.

















Интерактивтітақта арқылы жақсы іс немесе теріс іс жасап жатқан, мазмұнды сурет көрінеді. Сол суреттің мазмұнын әңгімелей отырып, сигналдық карточкаларды(ақ және қара түсті текшелерді)көтеру арқылы ажыратады.

Оқушылар мұғаліммен бірлесіп, талқылауға қатысады.




Күн тәртібі кестесінің нені білдіретінін және ол қалай толтырылатынын көрсетуге арналған күн тәртібі кестесінің үлгісі.

Түрлі-түсті қарындаштар, стикерлер, маркер, интерактивті тақта, маркерлі тақта, флипчард және т.б.

Тақырыпқа байланысты бейнебаяндар, мультфильмдер мүмкіндігінше қолдана аласыз.



































Сабаққа арналған парақтар.

Түрлі-түсті қарындаштар, стикерлер, маркер, интерактивті тақта, маркерлі тақта, флипчарт және т.б.

Сыныптағы тұтынатын заттар мен оқу құралдары. Тақта, бор, парта, орындық, кітап, дәптер, сызғыш, қарындаштар, өшіргіш, т.б.


«Дүниетану» пәні. Бастауыш мектеп. 1-сынып


2-бөлім: Менің мектебім


Осыған дейін меңгерілген білім


Оқушылар мектеп өмірімен таныс. Олар 1Б бөлімнің көпшілік аспектілерімен1А бөлімінде танысты. Оқушының қарапайым түрде мектеп өмірінің бір күнгі күн тәртібін,үйдегі күндерінің уақыт графигін құруға тәжірибесі болады.


Мазмұны


Бұл бөлім, оқушылардың сынып және мектеп қоғамдастығының мүшелері ретіндегі жекетұлғасын дамытады, бекітеді, олардың бірге оқып және өмір сүретіндігі жайында айтады. Мектептің тәртіп ережелерімен, қауымдастығымен, мектеп бөлмелерінің қызметімен танысады.


Осы бөлімдегі «Дүниетану» пәнінің тілдік мақсаты
Осы бөлімдегі оқыту мақсаттарына қол жеткізу үшін тиісті ғылыми тілдегі тілдік мақсаттың үлгісі төменде берілген.


Тілдік мақсат

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер


Оқушылар талап пен дәйектерге негізделген келіссөз жүргізу, ымыраға және белгілі бір келісімге келуге үйренеді.

Бұған кіретіндер:

  • ынтымақ

  • ымыра

  • пікір-таластар

  • зерттеу

  • тыңдау

  • келіссөздерді жүргізу

  • қатысу

Талқыланатын мәселелер:

  • Қандай ережелерді қолданғанымыз жөн?

  • Барлығыбелгілі бір ережелерге бағынып жүргендеріне қалай көз жеткізе аламыз?

Неліктенекенін айта аласыздар ма?

  • …біз ережелерге мұқтажбыз?

  • …бір-бірімізді мұқият тыңдап, кезекпен сөйлеуге міндеттіміз?


Басқа тілдік мақсаттарды қою үшін және ғылыми тілді дамытуға қатысты қосымша нұсқаулықты жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімді қараңыз.


Қысқаша шолу


1Б-бөлімде оқушыларда мектеп және оқу жайында түсінігі қалыптасады. Олар мектептің орналасқан жерімен танысады, мектепке барар жолды зерттейді. Осы төрт сабақ зерттеу және мәселелерді шешу арқылы оларды мектепті және мектеп өмірін зерттеуге ынталандырады. Оқушылар ережелердің мағынасын, олардың оқудағы, әлеуметтік және күнделікті өмірдегі рөлін қарастырады; олар мұғалімдермен, құрдастарымен араласудың нормаларын біледі және мектеп тәртіп ережелерімен танысады.

Бөлімнің мазмұны "Өзін-өзі тану" пәнімен байланысты.



Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері


Мұғалімге арналған ескертпелер

Оқыту ресурстары


1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы































































































1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік












1.1.2.1 Мектептің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру









1.1.2.6 өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау

















































































1.1.4.4 Жолда жүру тәртібін, жаяу жүргіншілер қозғалысын реттейтін жол белігілерінің мәнін түсіндіру;













1.1.4.5 үй мен мектеп арасындағы қауіпсіз маршрут жоспарын құру;



Мен және менің мектебім

(МК,Ұ) Сыныпқа олардың мектептегі түрлі орындарды, мәселен, кітапхананы, зерттейтіндерін айтыңыз. Мектеп туралы қандай сұрақтары бар екендігін сұраңыз.

(Ж/Ұ) Оқушылар, жұпта, мектептегі түрлі орындар жайлы ойдан екі сұрақ құрайды. Оларды біріктіріңіз де, тізіп айтып беріңіз.

(Ө) Оқушылардан мектептегі түрлі орындарда не болып жатқандығы жайында ойлануына мүмкіндік беріңіз. Олардан 30 секундқа көздерін жұмып, өздеріне ерекше болып көрінетін белгілі орын жайында ойлануларын сұраңыз. Олар көздерін ашқаннан кейін, өз ойларын сыныпқа хабарлайды.

(Ұ) Карта ұғымымен таныстырыңыз: оқушалардан бұл не, олар нені көрсетеді және оны не үшін қолданатынын сұраңыз.Әр оқушыға мектептің қарапайым сызба-картасын беріңіз. Ол нені көрсететіндігін сұраңыз. Мектеп айналасында бағдарлану үшін, картаны қалай қолдануға болатынын талқылаңыздар

(Т) Төрт оқушыдан құрылған топтар мектептің түрлі орындарында болып жатқан төрт іс-әрекетті талқылайды және үйлестіреді. Әр топтың баяндаушысы топ идеясын сыныпқа жариялайды.

(Т) Топтың ұсынысы негізінде мектептегі орындардың тізімін құрыңыз. Оқушылармен бұл орындардың неге арналғанын, оқушылар, қызметкерлер мен мектеп өміріндегі маңызын талқылаңыздар.

(Ж) Оқушыларды жұптарға бөліңіз. Әр жұп жалпы тізімінен, өздері жақсы білгілері келетін орынды таңдап айтуы тиіс.

(Ж) Оқушыларды сынып талқылаған орындарды көрсете отырып, мектепішілік саяхатқа шақырыңыз.

(Ө) Сыныпқа оралып, оқушылар өз жоспарларын толтыруды аяқтайды.

(Ұ) Оқушылар мектеп туралы анықтаған ақпараттарымен, карталар мен жоспарлар туралы білгендерімен бөліседі.

Мектепке баратын жол

(МК, Ұ) Оқушылармен жолда жүру қауіпсіздігі, ең ыңғайлы жол туралы ой бөлісу. Жолдағы түрлі жағдаяттар туралы суреттер арқылы оқушыларға жолда жүру ережесіне байланысты практикалық жұмыс ұйымдастыруға болады. Оқушылар үйден шығып мектепке келгенше жолдағы маршрут жоспарын белгілейді, Оқушылар жолдағы қауіпсіздік ережесіне қоса бөгде адам шақырса бармау, таныс емес адамдармен байланыс жасамау, бейтаныс адамдардың көлігіне отырмау және көліктердің алдынан жүгіріп шықпау сияқты қауіпсіздік ережелерін білгендерінше мұғалімнің көмегімен әңгімелейді.

(Ж, Т) Оқушылар жұпта өз үйлерінен мектепке келудің мүмкіндік болған бірнеше жолын көрсетеді. Қарапайым сызбасын салады. Қай жолмен жүргенде жақын болатынын немесе қауіпсіз екені туралы әңгімелейді. Топта мектепке қалай келетіні (жаяу, автобус, машина) туралы шағын сауалнама жүргізе алады. Сауалнама нәтижесінде неше оқушы жаяу/машинамен/автобуспен келетінін анықтайды.

(Т) Көрсетілген суреттерге қарай отырып, талқылау жүргізеді: балалар жолдан дұрыс өтіп бара ма? Неліктен көшеде өзін ұстаудың ережесін білгені жөн?Сабақтың қорытындысында балалар мектепке дейінгі жолда жаяу, автобуспен немесе машинамен келудің қауіпсіздігін меңгереді.







Оқушылар білетін болады:

  • Мектептің орналасқан орнын;

  • Мектепке барар жолды;

  • Мектеп күнін;

  • Күнделікті сабақ кестесін

Бұл әрекеттер оларды өзіндік білімдерінен және мектеп жайлы оқушылар тәжірибелерінен бастап, карталар мен жоспарлардың неге арналатындығын таныстыратын келесі сабақтарға негіз ретінде қолданыла алады.

Көзін жұмып орындайтын жаттығулар оқушыларға ойларын жинақтауға жақсы көмектеседі.

Топта идеяларын біріктіруге арналған тапсырма, көзқарастарын топтастыру және өз ойларымен/нәтижелерімен бөлісуге көмектеседі.

Егер оқушылар картамен қолдануды білсе, олар оны алып, өздері барған мектептегі орындарды белгілей алады.

Егер қолда сандық фотоаппарат болса, оқушылар оларды тапқандарын түсіріп алуға қолдана алады.

Мектепте не болып жатқандығы жайлы көбірек білу үшін, мектеп ішінде саяхат ұйымдастырыңыз және оқушыларды жоспарлар мен карталардың міндетімен таныстырыңыз. Саяхат барысында кейбір оқушылар өз жоспарларына қысқа жазбалар жасай алады.

Оқушылардың мектептегі әртүрлі адамдармен, мәселен, күзетшімен, кітапханашы және қызмет атқарушылармен, олардың жұмыстары туралы әңгімелесуге мүмкіндіктері болғаны жақсы.

Сынып, мектеп жоспарын қолдану арқылы жоспардың мақсатымен таныстырылды.



Мұғалім сабақ өтетін күннен1 күн бұрын оқушыларға үй мен мектеп арасындағы жолды анықтауға тапсырма береді.

Практикалық жұмысты мектептің холында немесе ашық алаңда өткізуге болады.



Бұл сабақта оқушыларды жолдан немесе көшеден өтудің ережесімен таныстырған жөн: жер асты жолы, жаяу жүргіншілер жолы, бағдаршам арқылы.







Мектеп картасы немесе жоспары.

Маркерлі немесе интерактивті тақта.

Оқушылар баратын әр орындардың фотосуреттері/бейне-суреттері- PowerPoint-та болуы мүмкін.

Сандық фотоаппараттар.

































































Жол макетін жасаңыз. Бағдаршам, жолаушылар өткелін дайындаңыз.





1.1 Мен және менің отбасым

1.1.2.2 мектептегі функционалдық аймақтардың орналасқан жерін анықтау

Мектепке саяхат

(Ұ) Сыныпқа өздерінен кіші жастағы балаларға, оларды мектеппен таныстыратын, оның қандай екенін көрсететін жол-көрсеткіш немесе кітапша жасау керектігін айтыңыз.

) Сынып оқушыларын жұптарға біріктіріңіз. Әр жұпқа жоспар құрылымын ұсыну үшін, кішігірім үлгі беріңіз.

Әр жұп табуы тиіс:

  • Келушілерге көрсеткілері келетін мектептегі бір ерекше орын.

  • Олардың мектептегі ұнататаын орны.

  • Олар мектепте немен айналысқандыжақсы көреді?

(Ұ) Мұғалім ұйымдастырған талқылау барысында, жұптар өз ойымен барлық сыныппен бөліседі. Сынып, мектеп бойынша экскурсия өткізу туралы идеяларын ұсынады.

(Ө) Оқушылар өздерінің мектеп бойынша жеке жол көрсеткіштерімен жұмыс істейді.

(Ұ) Мұғалім сынып оқушыларының жол көрсеткіші туралы ойлау және оны әзірлеу барысында не нәрсеге үйренгеніне шолу жасайды.

(Ұ) Балаларға мектеп ішіне мұғаліммен бірге серуенге шығып келу ұсынылады. Серуеннен келгеннен кейін не көргенін, алған әсерлері жөнінде сұрақ қойылады.

Бұл сабақ оқушыларға мектептегі адамдардың әртүрлі рөлдерімен таныстырады.

Бұл мектепішілік саяхат, мектеппен танысу арқылы бекітіледі.

Мәселеге қатысты - мектеп ұжымының іс жүзіндегі фотосуреттерін қолдануға болады. Бұл әрекетке едәуір үлкен шынайылық беретін еді.

Кіріспе сабақ идеясын және оқушылардың қалай жұмыс істейтіндіктерін түсіндіру, сыныпты тақырыппен таныстырудан тұрады.

Мұғалім әрбір адамның атқаратын қызметі жөнінде ақпарат ұсынады: бұл оқушыларға өз суреттерімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін қажет ақпаратты береді.


Әр жұптың алдына нақты мәселелер қойылады: суретті зерттеу және суреттегі адамның не істеп жатқандығын сипаттау.




Мектеп қызметшілерінің фотосуреттері немесе PowerPoint презентациясы

Талқыланатын әр қызметші туралы ақпараттарды толтыру үшін, оқушылардың әр жұбына аңдатпа парағы.

Парақта фотосурет үшін орын және бір немесе екі сөз, сөз тіркестерін, яғни қысқа түсіндірмелерді жазуға жететіндей бос орын болуы тиіс.





Егер бар болса, үлгі ретінде, балаларға арналған мектеп туралы жол көрсеткіші немесе брошюра.





(Ө) Оқушылар акт зал, спорт зал, асхана, кітапхана, директор кабинеті, мұғалімдер бөлмесі, медбике кабинеті т.б. функционалдық аймақтардың қалай орналасқанын және қандай қызмет атқаратындығы жөнінде айтады.

  • хатшы;

  • мұғалімдер;

  • аспаз, ...


(Ж) Сыныпты жұптарға бөліңіз. Әр жұп суреттердің біреуін талқылайды. Әр сурет адамның не істеп жатқанын бейнелеуі керек. Жұп «көмекші қызметшілердің» не істеп жатқанын бір сөзбен немесе сөйлеммен сипаттайды.

Әр суретпен екі немесе бірнеше жұп жұмыс істеуі мүмкін.

Жұп суретпен жұмыс істеп болған кезде, екіншісін алады да, талқылау үдерісін қайталайды.

(Ұ) Мұғалім сыныптың өз «көмекші қызметкерлер» туралы не білетіні туралы кері байланыс беретін талқылауға бағыттайды. Сыныптың барлық мүшелері талқылауға қатысады. Сабақтың аяғына таман олар мектеп ұжымы/қауымдастығы өздерін қалай қолдайтыны, олардың міндеттері мен жауапкершілігі туралы біледі.

(Т) «Мектеп айналасымен танысу» топсеруен ұйымдастырылады. Оған зерттеушілік сипат беру үшін топсеруен басталмас бұрын білім алушылар алдына оқу мақсаты ретінде: мектепте қандай бөлмелер бар, олар не үшін қажет, онда


Сабақтың қорытындысында идеяларды біріктіріңіз, оқушылардың нені үйренгендерін, қандай жаңалықты білгендерін талқылаңыз.

Оқушыларға жол көрсеткішін құрастыруға арналған үлгі ретінде шағын-құрылым/кесте.



1.1.4.4 жолда жүру тәртібін, жаяу жүргіншілердің қозғалысын реттейтін жол белігілерінің мәнін түсіндіру

жұмыс жасайтын мамандармен танысып, олардың еңбектерінің маңызы туралы сұрастыруды; асханада, спорт залда, кітапханада және т.б. орындарда өзін-өзі ұстау ережесімен, баспалдақ пен коридорда жүрудің қауіпсіздік ережесімен танысуды қоюға болады.

(Ө,Қ) Мұғалім саяхат кезінде оқушыларға: әртүрлі обектілердің орналасу жағдайы (мектеп бағы, спорт алаңы) туралы өз суреттерінде көрсете білуі жөнінде тапсырма береді. Бұл жердегі тапсырманың басты жері: өз мектеп ауласын салған суреттерінде бейнеленген мектеп ауласымен салыстыруға негізделеді. Оқушылар дәрігер бөлмесінің, спорт залдың, кітапхананың, киім шешетін орынның, асхананың, әжетхананың мектепте орналасқан жерлерін және үзіліс кезінде демалуға болатын жерлерді біледі. Мұғалім балаларға өздеріне ұнаған 1 функционалдық аймақтың суретін салуды ұсынады.

(Ж) Жұпта оқушыларға оларға көмектесу үшін мектепте жұмыс істейтін адамдардың суреттерін беріңіз.

Мынадай суреттерді беруге болады:

  • күзетші/ кіші қызметшілер/бағбандар;

  • тіс дәрігері/медбике;

  • аспаздар;

  • кітапханашы;

Әр жұп қалай көмек көрсетуге болатынын айтады.







1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы
















1.1.2.6 Өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау

1.1.2.3 Мектептегі тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығын түсіндіру






Мектеп ережелері

(Ұ/Ж) Ережелер ұғымымен және олардың рөлімен таныстырыңыз: үйдегі және мектептегі мысалдарға сүйене отырып, ереженің не екеніндігі жөнінде сөйлесіңіздер. Оқушылардан бізге ережелердің не үшін қажет екендігін жұпта талқылауын сұраңыздар. Идеяларды сынып болып қарастырыңыздар.

(Ұ) Оқушыларға олардың бірқатар ережелер құрайтынын хабарлаңыз: ұстанатын сынып ережесін немесе сынып жарғысын.

Естеріне салыңыз:

  • қоғамдық тәртіп – мектеп контекстінде сай болу;

  • өзінің тәртібі туралы білу;

  • жеке бастың тәртібі – жауапкершілік және іс-әрекеттер.



Сұрақтар және жауаптар арқылы, сынып жарғысы не екенін анықтаңыз.

(Т) Оқушылар үш немесе төрт оқушыдан құралған топтарда талқылайды:

  • Ережелер өмірге қалай енгізіледі?

  • Ережелер не үшін қажет?







Құқықтар және міндеттер туралы сабақ. Сынып мектеп ережелерімен таныстырылған және мұғалім сыныптың нәтижелі жұмысы үшін орнатылған ережелерге ие болады.

Мұғалім өткізетін талқылауға кіріспе – мұғалім сыныптың жалпы қандай ережелер қажет екендігі жөнінде идеяларды өз еріктерімен ұсынуларын сұрай алады. Ережелердің мысалдары:

  • оқушылардың сыйластық пен үйлесімде өмір сүріп, жұмыс істеулеріне көмектесу;

  • өзін мәдениетті ұстау.

Басқа оқушыларға, барлық адамдарға, ата-аналарға қатысты өзін лайықты ұстау.Барлық оқушылар бірін-бірі сыйлайтынына көз жеткізіңіз.

Осы әрекет ережелердің сипаты мен мақсатын және олардың өздерінің өмірінде қандай маңызды рөл атқаратынын түсінуге мүмкіндік береді.





(Т)Әр топтың баяндамашысы ережеге нені қосуға болатыны туралы ойларды бүкіл сыныпқа айтып береді.

Оқушылар сыныпқа арнап құрастырылған ережелерді қарастырады. Оқушылардың өз міндеттерін түсінетініне көз жеткізіңіз:

  • міндеттерді сәйкес тәртіппен орындау;

  • ережелерді орындау, тәртіп сақтау;

  • басқа барлық оқушыларға әділ қарау;

  • құрдастарымен және мұғалімдерімен жақсы қарым-қатынаста болу;

  • басқаларға сыйластықпен қарау.

Одан басқа:

  • оқушылардың сынып бөлмесі - қауіпсіз орын;

  • олардың сыныптары нәтижелі, еркін және бақытты атмосферада жұмыс істейді;

  • олардың үйлесімді және іскерлік қоршаған ортада нәтижелі оқуларына құқығы бар;

  • щлар әр уақытта бақытты болуға, үйлесімді өмір сүрулеріне құқығы бар.

(Ұ)Оқушылар жалпы мектеп ережесі және ереже түрлері туралы білгендерін түйіндейді.

(Т) Оқушыларды шағын топтарға топтастырыңыз. Топта өздері негізгі деп санайтын мектеп оқушысының ережесін шағын қойылым/пантомимо ретінде сахналап көрсетеді.


Мұғалім жүргізетін талқылау арқылы оқушылар сұрақтар мен нұсқауларға жақсы қарайтын болады. Кері байланысқа идеяны барлық топтар ұсына алмайды.

Сынып мына мәселелерді шешеді:

  • ережелер сақталып жүргеніне көз жеткізу үшін олар не істейтінін;

  • ереже бұзатындарға не болатынын;

  • «сыныптың ережелерді орындауларын бақылауға» кімнің жауапты екенін;

  • әрбіреуінің тәртібіне ұжым жауапты.

Көрсету және үлгілеу

Бұл сабақ мұғалім үшін оқушыларға ереже идеясын олармен бірге құрастыруға, үлгілеуге жақсы мүмкіндік береді.

Қосымша мәселе ретінде сынып мектеп ережелерінің қайсысын одан жақсы ережемен алмастырғысы келетінін және неліктен екенін қарастыра алады.







1.1.4.3 үйдегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру

Мысалы,

• мектеп оқушысысының мұғаліммен, сыныптастарымен қарым-қатынасы:

• барлық оқушыларға әділ қарау;

• басқаларға сыйластықпен қарау;

• үлкендерге, мектеп бойынша кезекшілік атқарып жүргендерге сыйластық таныту;

• кішіге қамқор болу;

• мектеп мүлігін сақтау, тазалық сақтау/жөндеу жұмыстарына белсенді қатынасу.

(Ұ) «Менімен бірге қайтала» ойыны. Балалар шеңбер болып тұрады, мұғалім бастап әртүрлі қимылдар жасайды: алақанын соғады; оң немесе сол қолымен жанында тұрған оқушының басын сипайды; келесі оқушы ойынды жалғастырады. Оқушылар мұғаліммен және сыныптастарымен бірлескен іс-әрекетті орындауға үйренеді; сынып ұжымына деген жағымды сезімдері оянады.



Сабақта мына мәселелер қарастырылады:

  1. Мектепте оқушының өзін-өзі ұстауы

  2. Мектеп тәртібін сақтау

  3. Жағымсыз іс-әрекеттер мен қылық көрсетпеу





Мектеп ережелері.

Мектеп жарғысына арналған үлгі.

Тақта немесе интерактивті тақта.

Оқушылар баратын әр орындардың фотосуреттері/бейне-суреттері- PowerPoint-та болуы мүмкін.

Сандық фотоаппараттар.






1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы





1.1.2.6 Өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау

1.1.2.3 Мектептегі тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығын түсіндіру

Дос болайық бәріміз

(Ұ/Ж)Сынып деген не? Сыныптас деген кім?«Достар», «достық» ұғымының мағынасын талқылау. Өз ойларын ортаға салу.

(Ұ) Оқушылардың жақсы көретін досы немесе адамы туралы ойлауын және оның өздеріне несімен ұнайтынды-

ғын айтуды сұраңыз. Басқа оқушылардың да дәл осыны істеуін сұраңыз. Осы сөздердің тізімін бүкіл сынып көре алатындай етіп құрастырыңыз.

(Ж) Ауыспалы құрамда жұптық жұмысты ұйымдастырыңыз. Әрбір жұп төмендегі тармақтардың бірін талқылайды. Мен үшін жақсы дос нені білдіреді?

  • Дос болу үшінөзіңді қалай ұстау керек?

  • Менің досымның қандай қасиеттері бар?

  • Сіздің достарыңыз өздерін жақсы сезінуі үшін және достықты нығайту үшін қандай істерді істей аласыз?

  • Біз біреумен үнемі досбола аламыз ба?

(Ұ,Ж) Топтар әрбір тармақ бойынша идеяларын сыныпқа жариялайды. Мұғалім әрбір жұптың бес сұрақтың біреуіне берілген түсіндірмелеріне негізделген сыныптың талқылауын жүргізеді – әр тармақ бойынша талқылау жасау үшін бірден төрт жұпқа дейін шақырады.

(Ұ) Достар мен достық туралы пайда болған идеяларды бекіту үшін барлық бес тармақ бойынша сыныптың пікірлерін жинақтаңыз


Оқушылардың күнделікті өміріндегі тәжірибесі осы бөлімге кіріспені жеңілдетеді.

Топтық талқылау мен кері байланысты қамтамасыз ету үшін топтық жұмыс ұйымдастырылып, оның жұмысын бүкіл сыныпқа жариялайтын баяндамашысы тағайындалуы керек.

Идеяларды көрсету және үлгілеу –оқушылардың ойлау, үйрену және өз жұмысының нәтижелерін жазбаша немесе визуалды түрде ұсыну қабілетін дамытудың негізгі тәсілі.

Оқушылардың өз концептуалды карталарын жасауы оқып үйренгенін бекітуге көмектеседі.

Сыныптан тыс міндет ретінде оқушылар ата-аналарынан, сұрастыра отыра, өткен елу жыл ішінде отбасылық өмір өзгеріске ұшырағанын әлде ұшырамағынын біле алады. Бұл оқушыларға ауызша тарих туралы қарапайым түсінік береді.

Бұл тақырып сыныпта бірден қызығушылық тудырады, себебі оқушылар өзінің досы және оны сипаттайтын бір тармақ туралы ойланады.

Бұл тапсырма мұзжарғыш - барлық оқушылар бір мезгілде бір нәрсе/тапсырма туралы ойланып, кейін оны бүкіл сыныпқа жеткізеді. Осының арқасында сөздер мен сөз тіркестерінің тізімі жасалады, бұл түсінікті дамытады, сөздік қорды толықтыруға көмектеседі.













Тармақтардың реттілігін сақтау талқылауға нақты бағыт береді және сыныптың оларға берілген мәселені/міндеттерді шешуде тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Әрбір тармақты талқылауға үш-төрт жұпты тарту тапсырманы орындауға барлық сыныптың қатысуына кепілдік береді.

Қорытынды талқылауда мұғалім басты идеяларды, олардың цитаталарын, олардың достығын көрсететін кейбір фотосуреттерді, кейбір алақан таңбаларын көрсететін көрме ұйымдастыра алады.

Тақта немесе интерактивті тақта.

Осы тақырыпқа байланысты фотосуреттері/бейне-суреттері- PowerPoint-та болуы мүмкін.

Сандық фотоаппараттар.



Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар және т.б.









түсіндірмелеріне негізделген сыныптың талқылауын жүргізеді – әр тармақ бойынша талқылау жасау үшін бірден төрт жұпқа дейін шақырады.

Достар мен достық туралы пайда болған идеяларды бекіту үшін барлық бес тармақ бойынша сыныптың пікірлерін қорытындылаңыз.




«Дүниетану» пәні. Бастауыш мектеп. 1-сынып

3-бөлім: Менің отбасым және достарым

Осыған дейін меңгерілген білім

3- бөлімінің көптеген тақырыптары мен аспектілері 1 және 2-бөлімдерінде таныстырылған. Бұл бөлімнің оқу материалдары мен тілдік мақсаттары алғашқы екі бөлімдерге негізделген.

Мазмұны

3-бөлім оқушылардың сынып ұжымының және мектеп қауымдастығының мүшелері ретінде қалыптасуына қадам басуын жүзеге асыра отыра, олардың жеке әлеміне арналады. Бөлім оқыту саласын кеңейтеді, отбасын, достарын және оқушылардың ата-аналары өмір сүретін және жұмыс істейтін қауымдастықты қамтиды, қазіргі Қазақстандағы отбасылық қатынастар саласын зерттейді, сондай-ақ қарапайым тарихи түсініктер қалыптаса бастайды.

Осы бөлімдегі «Дүниетану» пәнінің тілдік мақсаты

Осы бөлімдегі оқыту мақсаттарына қол жеткізу үшін тиісті ғылыми тілдегі тілдік мақсаттың үлгісі төменде берілген.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Оқушылар:

Үйіне, өз отбасына, өзінің қауымдастығына қатынасы бойынша өз ойлары мен сезімдерін, уақыт өте келе отбасы мен қоғамдық өмір қалай дамығанын сипаттайды және түсіндіреді

Оған кіретіндер:

  • есімдер мен қатынастар;

  • туған күн, фестивальдер мен мереке күндері;

  • нысандар,естеліктер, фотосуреттер, портреттер;

  • үйдің/пәтердің мекен-жайы - көшелердің атауы,аудан, пошталық индекс;

  • естеліктер, ойлар, бақытты сәттер, мерекелер;

  • үй телефоны және жедел қызметтердің телефон нөмірлері.

  • «Отбасы» ұғымы

  • туыстық байланыстар жүйесіндегі өз орны

  • отбасы мүшелері арасындағы қамқорлық қарым-қатынас

  • отбасындағы мереке

Талқыланатын мәселелер:

Отбасы деген не?

- Қандай туыстық атауларды білесің?

- Қамқорлық деген не?

- Отбасына қалай қамқорлық көрсетесің?

- Отбасында қандай мерекелер атап өтіледі?

Отбасындағы қай мереке қатты әсер қалдырды, сипатта?

Достық дегеніміз не?

Неліктен достарыңның болғаны соншалықты маңызды?

Сіздің үйіңіз қандай?

Өткен заманда қазақтардың үйлері қандай болды?

Басқа тілдік мақсаттарды қою үшін және ғылыми тілді дамытуға қатысты қосымша нұсқаулықты жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімді қараңыз.

Қысқаша шолу

2 А бөлімде қарастырылатындар: үй, отбасы өмірі, бос уақыт; ата-ана, аға-іні, әпке-сіңілі, ата мен әже және жақын туыстар; оқушының отбасындағы міндеттері; мерекелер мен фестивальдер; достар мен достық және олардың маңыздылығы; отбасының, әулет шежіресін қарастырылады



Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

Оқыту ресурстары


1.1 Мен және менің отбасым



1.1.1.1 Түрлі дереккөздерді зерттей отырып, «Отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру









1.1.1.2 Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау

Менің отбасым

(Ұ,Т)Отбасындағы туыстарын еске түсіріңдер. Олар саған кім болып келеді? Балалар отбасы және оның мүшелері туралы алған білімдерін одан әрі кеңейте отырып, «туыс» ұғымның мәнін ашады. Сонымен қатар отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтайды.Мысалы: Мен анама- қызымын; Мен атама- немеремін.Мен ағама – қарындаспын; Мен апама- сіңлімін. Мен ініме- апамын т.с.с.

(Ұ/Ж) Отбасындағы қамқорлық.

Отбасы мүшелері арасындағы қамқорлық



Оқушылардың күнделікті өміріндегі тәжірибесі осы бөлімге кіріспені жеңілдетеді.

Топтық талқылау мен кері байланысты қамтамасыз ету үшін топтық жұмыс ұйымдастырылып, оның жұмысын бүкіл сыныпқа жариялайтын баяндамашысы тағайындалуы керек.



Идеяларды көрсету және үлгілеу –оқушылардың ойлау, үйрену және өз жұмысының нәтижелерін жазбаша немесе визуалды түрде ұсыну қабілетін дамытудың негізгі тәсілі.







Осы бөлімде келтірілген жеті пункт бойынша идеяларымен толтырылатын, жеті жолды концептуалды карта.



1.1.1.3 Отбасы мүшелерінің арасындағы қамқор қарым-қатынастың маңызын түсіндіріп, мысалдар келтіру




Отбасы - үлкен қуаныштың, қамқорлықтың, бақыттың ортасы. Бала отбасында жақсы тәрбиеленсе, өскенде әдепті, ақылды азамат болып өседі. Қашанда отбасы мүшелеріне көмектесу, үлкендердің айтқанын тыңдау әр баланың қолынан келеді. Мұқият тыңдайды.
Дәйексөз «Үлкенге- ізет, кішіге- құрмет»

(Ө) Балалар өз түсінгендері бойынша дәйексөздің мағынасын ашады.

(Т) Оқушыларды 2 топқа топтастырыңыз. Бірінші топқа өзінен үлкенге көмек көрсетіп жатқан, ал екінші топқа өзінен кішіге қамқорлық көрсетіп жатқан баланың суреті беріледі. Оқушылар суреттің мағынасын ашып, сипаттайды.

Ситуациялық сұрақтар:

  • Ауырып жатқан әжең қандай көмек көрсету қолыңнан келеді? (Сенің көмегіңді қажет ете ме?)

Бұл жағдайда көрсету мен үлгілеу бірлескен композицияға алып келеді, яғни мұғалім концептуалды карталарды ынтымақтастықта/сыныптың қатысуымен жасайды. Концептуалдық/ақыл ой картасы топтар мен сынып талқылаған мәселелерді бірге біріктіреді.

Оқушылардың өз концептуалды карталарын жасауы оқып үйренгенін бекітуге көмектеседі.

Сыныптан тыс міндет ретінде оқушылар ата-аналарынан, ата-әжелерінен сұрастыра отыра, өткен елу жыл ішінде отбасылық өмір өзгеріске ұшырағанын әлде ұшырамағынын біле алады. Бұл оқушыларға ауызша тарих туралы қарапайым түсінік береді.






(Ө) Оқушылар сынып дайындаған үлгіге негізделген өздерінің жеке концепт-карталарын жасайды.

(Ұ)Үй мен отбасылық өмір туралы өткен материалға шолу.

Сыныпты төменде көрсетілген

1-пункті, одан кейін 2-7-пунктердіталқылау үшін үш-төрт адамнан топтарға біріктіріңіз. Әрбір топқа 2-7 аралығындағы пунктердің қайсысын олар 1 пунктпен бірге талқылайтынын, яғни 1мен 2, 1 мен 3, 1 мен 4, 1 мен 5, 1 мен 6, 1 мен 7 айтыңыз.

  1. апта ішіндегі және демалыс күндеріндегі отбасылық өмір;

  2. отбасы мүшелері: ата-аналары, аға-інілері,

  3. ата мен әжелері;

  4. үйдегі өмір: оқушылар орындайтын істер: ережелер, қамқорлық және жауапкершілік;






  1. үйдегі қауіпті жерлер;

  2. ұлттық салт-дәстүрлер;

  3. мерекелер мен фестивальдар – олардың уақыты мен өткізу орны және мәні;

  4. ауылдағы немесе қаладағы жергілікті қауымдастықтағы өмір. Жұмыс орындары мен кәсіптер.

(Т/Ұ) Әрбір топ өздерінің екі пунктін талқылай отыра идеялар тізімін жасайды. Топтың баяндамашысы сыныпқа оның тобы нені талқылағанын және қандай қорытындыға келгенін хабарлайды.

(МК/Т) Концепт картаның не екендігін және ол қалай жасалатындығын көрсетіңіз. Сыныппен кері байланысқа жүгіне отыра сыныптың концептуалды картасын толтырыңыз. Әрбір оқушы 1-7 арасындағы топтар талқылаған салалардың біріне жазба жасайды.





1.1.6.1 Отбасылық мерекелердің бірін сипаттау





1.1.1.3 отбасымүшелерінің арасындағы қамқор қарым-қатынастың маңызын түсіндіріп, мысалдар келтіру

Отбасындағымерекелер

(Ұ) Портреттер галереясына қысқаша шолу. Мұғалім сыныпқа олардың бүгін туған күн мерекесін жоспарлайтындарын хабарлайды. Туған күндерді атап өтуді жоспарлау үшін, оқушылар мыналарға назар аударуы қажет:

  • сүйікті тағамы мен сусындарына

  • жақсы көретін ойындарына

  • сүйікті істеріне

  • мектептен тыс уақыттарын қалай өткізетініне

Бұл тақырып бірінші сынып оқушыларына жақсы таныс, өйткені отбасында өтетін мерекелерге балалар белсенді қатынасады және жылына келетін туған күн кешінің де басты «себепкерлері» балалар болып саналады. Сабақтың басында өз отбасында қандай мерекелерді атап өтеді, қонақ күтуге қалай әзірленеді, мереке барысында қандай ойындар ойналатыны жөнінде әңгіме жүргізуге болады.

Мұғалім балалардың туған күндері қалай аталып өтілетіндігін сұрап біледі.

(Т) Суреттерді пайдалана отырып, талқылау жүргізеді:

- туған күн кешіне дайындыққа балалар қалай атсалысады:

- қонақты қалай күтеді:

- сыйлықты қалай қабылдайды:

- үстел басында балалар өздерін қалай ұстайды:

- балалар қандай ойын ойнағанды ұнатады:

-мерекеден соң ыдыс-аяқты, бөлмені жинастыруға балалар көмектесе ме?

(Т) Әрі қарай мұғалім жағдаят ұйымдастырады:

  1. туған күн иесін таңдайды. Оның міндетіне өз туған күніне бірнеше оқушыны шақыру кіреді (ол телефонды пайдалана отырып, басқа да адамдарды шақыруға болады);








1.3 Менің атамекенім
















1.1.3.1 өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау

Менің үйім

(Ұ) Оқушыларға жергілікті аудандағы үйлердің түрлі типтерінің фотосуреттерін немесе суреттерін көрсетіңіз. Олар өздері тұратын үйдің типін анықтауын сұраңыз.

(Т) 3-4 адамнан құралған топтардағы оқушылар өз үйі қалай болып көрінетінін және онда өздеріне ненің ұнайтындығын әңгімелей отыра, үйлерін талқылайды.

(Т) Топтар өз идеялармен бөліседі және өз үйлерін бүкіл сыныппен талқылайды. Әр топтан шығатын баяндамашылар өз көзқарастарын/нәтижелерін айтып береді. Мұғалім тақтада белгілі бір тармақтар бойынша веб диаграмманы/торды құрастырады.

(Т) Өз топтарында оқушылар өздерінің жеке үйлеріндегі бөлмелерді және олардың пайдаланылуын талқылайды.

(Ұ) Мұғалім сыныппен олардың үйлеріндегі атқаратын жұмыс туралы әңгіме жүргізеді. Топтағы әрбір оқушы өз көзқарастарын айтып береді.

Кеңістікті (яғни бөлмені) талқылау арқылы мұғалім жоспар ұғымын, оның рөлін және оқушылардың өз үйлерінің жоспары контекстінде пайдалануды түсіндіреді.

(Ұ) Сабақты оқушылардың өздерінің үйлерін еске алумен және оларға қойылатын негізгі сұрақтардан бастаңыз. Оқушылар PowerPoint презентациясы арқылы ертедегі әртүрлі кезеңдердегі қазақ үйлерімен – немесе көне үйлердің суреттерімен танысады.


(Ұ) Балалар ең көне үйден бастап хронологиялық ретпен суреттерді қатарымен орналастырады. Қазіргі заманғы үйді ең соңында орналастырады.Оқушылар үйлердің уақыт өте өзгергендігін түсінгенен кейін жекелеген суреттерді зерделеуге кіріседі.


(Ж) Суреттерді жұпта барлық оқушылар әрекетке қатысатындай етіп бөліңіз. Бірнеше жұп бірдей суретпен жұмыс істейтін болады. Әрбір жұп олар иллюстрациясын қарастырып отырған үйдегі өмірді болжап сипаттауы тиіс.


(Ж) Жұптар осы үйдегі тіршілік туралы ойларын бүкіл сыныпқа таныстырады.


(Ұ) Өткен замандағы үйлер мен үйдегі тіршілік туралы идеяларымен бөліседі.





Тапсырманың мақсаттары: Отбасын әрбір адам үшін қажетті рухани құндылық екендігін түсінеді; әрбір отбасы мүшелері үшін отбасылық өмірдегі сыйластық, сүйіспеншіліктің маңыздылығы мен қажеттілігін көрсетеді;баланың өз отбасымен бірлігінің қуаныш сезімін оятады. туыстық атауларды білді және ондағы өз орнын анықтай алды;





Оқушылардың әлемінен басталатын және оны білімдер мен түсінікті дамыту үшін негіз ретінде пайдаланатын сабақ.

Топтық жұмыс әрбір оқушының қатысуына және топ мүшелерінің бір біріне құрметпен қарауына кепілдік беруі тиіс.

Әрбір топтын атынан шығатын баяндамашылар топтың басқа мүшелерімен үнемі ауыстырылып отыру керек.

Мәнерлеп оқу, жеткізе білу және сынып талдауларының толыққанды және белсенді мүшесі болу маңызды – мұны бастапқы сабақтардан қалыптастыру оқытудағы үйреншікті жағдай ретінде қабылданады; бұл орасан зор көмек пен қолдау көрсетеді.

Оқушылардан олар жоспарлар туралы не білетіндіктерін естеріне түсіруін сұрауға болады. Егер бұл оң нәтиже бермесе, оқушыларға жоғары бұрыштан, бүйірден немесе құс ұшар биіктіктен түсірілген фотосуреттерді көрсетіңіз және оқушылардың салыстыруына беріңіз. Айырмашылықтарды талқылауға ықпал етіңіз.





Осы әрекеттің балама бастамасы түрінде оқушыларға олардың үйлерінің суретін шеңбер ішінде, жұптарда немесе кішігірім топтарда талқылауға мүмкіндік береді. Бұл суреттер сабаққа дейін жасалуы тиіс және оқушыларда анық нұсқаулықтар мен тапсырмаға басшылық болуы тиіс.

Оқушылар одан кейін үйлердің суреттерімен және ондағы тіршілік жағдайлары туралы жұмыс істейтін болады.

Бейнелі дереккөздермен жұмыс істеу әдістемесі тілді, жазуды және идеялар мен қорытындыларды көрсете алуды дамытатын шығармашылық, ынталандырғыш тапсырма болып табылады.

Егер уақыт мүмкіндік берсе, бұл әрекет сондай-ақ тіл сабақтарында жазбаша мәліметтер мен деректерді зерттеу мүмкіндігі болып табылады. Оқушыларды суреттердегі отбасылық өмір көріністеріне негізделген рөлдік ойындарға тартуға болады. Жазбаша жұмысты ұйымдастыру үшін орасан зор мүмкіндіктер ашылады;сөз)







Мектеп ауданындағы әртүрлі үйлердің картинасы (PowerPoint бағдарламасындағы немесе жекелеген фотосуреттер).

Жоспар сызбасының ерекшелігін көрсететін сынып бөлмесінің ірі масштабты жоспары:

  • масштаб

  • символдар

  • орналасу

  • белгілеулер

  • бағдар











Біздің заманымызға дейін суреттері жетпеген үйлер үшін сенімді тарихи мәліметтер негізіндегі жасалған иллюстрацияларды пайдаланыңыз.

Суреттер жеткілікті дәрежеде анық және баланың қабылдауы үшін қолжетімді болуы тиіс.

Суреттер хронологиялық ретпен кез келген жазықтыққа (қабырғаға немесе тақтаға) орналастырылуы тиіс.

Барлық мұғалімдер қол жеткізе алатын PowerPoint бағдарлам





















«Дүниетану» пәні. Бастауыш мектеп. 1-сынып

4-бөлім: Бізді қоршаған әлем

Осыған дейін меңгерілген білім

Осыған дейінгі бөлімдерде келесі тақырыптар қарастырылды: үй, отбасы, достық және мектеп. Бұл бөлім - әлемді жалпы қарастыратын логикалық жалғасы.

Мазмұны

Бұл бөлімдеоқушының тікелей тәжірибесінің және оның қоршаған ортаны қабылдау негізіжалғасады. Оқушылар навигация, бағдарлау, карталарды оқу және пайдалану арқылы дүниені қалай зерттеп, тану жайында хабардар болады. Оларға Қазақстанның әлемдегі орны, оның аумағы және ландшафты, аймағы мен ауданы, ауылдары және қалалары туралы бастапқы түсінік беріледі. Күнделікті ауа райының құбылыстарын бақылап үйренеді.

Осы бөлімдегі «Дүниетану» пәнінің тілдік мақсаты

Оқушыларға пәндік мақсаттарға жетуге көмек үшін сәйкес ғылыми тілдің тілдік мақсаттың үлгісітөменде берілген.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Оқушылардың қолынан келеді:

Кеңістіктегідүниені, қоршаған ортаны және олардың орналасуын сипаттау.

Бұған кіретіндер:

  • байқау/зерттеу

  • солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс

  • қоршаған орта

  • ауылдық/қалалық

  • ғимараттардың түрлері: мәселен, фабрика, банк, саябақ, мұражай және т.б.

  • ауа райы түрлері: мәселен, ыстық, салқын, ылғалды және т.б.


Талқыланатын мәселелер:


  • Бұл қандай жер, ол не үшін қолданылады?

  • Біздің қаламыз жайында нені білгілеріңіз келеді?

  • Қала/ауылқайда орналасқан?

  • Осындағы ауа райы қандай? Неліктен... екенін айта аласыздар ма?

Қала ....осылай салынған?

Басқа тілдік мақсаттарды қою үшін және ғылыми тілді дамытуға қатысты қосымша нұсқаулықты жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімді қараңыз.

Қысқаша шолу

Бөлім навигацияның идеясымен таныстырады, карта мен нұсқауларды, сонымен қоса жергілікті белгілердіпайдаланып, жол таба білуі қалыптасады.Оқушылар Қазақстан жерлері сипатының қаншалықты күрделі және алуан түрлі екендігін түсінеді. Жергілікті ауыл мен қалаларды тану арқылы оқушылардың назары ауылдық және қалалық өмірге аударылады. Ауа райы туралы сабақ, климат түсінігімен және оны зерттеудіңәдіс-тәсілдерімен таныстырады. Географиялық білімді және түсінушілікті көрсету үшін түрлі әдістерді қолдануға болады. Бөлімнің мазмұны жергілікті ауданмен тығыз байланысты, алайда, географияға көбірек назар бөлінген.



Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері


Мұғалімге арналған ескертпелер

Оқыту ресурстары





2.1 Жергілікті жерде бағдарлану





1.3 Менің атамекенім


1.2.1.1 жергілікті белгілер бойынша көкжиек тұстарын анықтау



1.1.3.1 өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау






Бағдарлауды үйренейік

(Ұ) Егер оқушылар досын өз үйіне қонаққа шақырғысы келсе (қалаға, ауылға), ол сол жерге қалай жету керектігін қайдан біледі?Навигация ұғымымен, карта, көкжиек тұстары С. О. Ш. және Б. атауларымен таныстырып, анықтатыңыз.


(Т) Оқушылардан сұраңыз:

  • картада өз мектебін табуды;

  • облыс картасында қалалар мен ауылдарды табуды;

  • Қазақстан картасында Астананы және Ақмола облысын табуды;

  • Еуразия жәнеАзия картасында Қазақстанды табуды.


(Ұ) Олардың үйлері, ауылы немесе қаласы қай бағытта орналасқандығын анықтау үшін, мектеп белгіленген, жергілікті картаны зерттеңіз (олардың картада белгіленгендігіне көз жеткізіңіз).

Оларға осыны жасауға жергілікті белгілерқалай көмектесетіндігін түсіндіріңіз.

(Ж) Оқушылар жұптасып С, О, Ш пен Б көкжиек тұстарын анықтау үшін жергілікті белгілердіпайдаланады.

Жұптасқан балаларға мынадай тапсырма беріңіз: досыңызға сызбаны/картаны пайдалана отырып сіздің үйіңізге/ауылыңызға/қалаға қалай жетуге болатындығын түсіндіріңіз. Сіздің үйіңіз немесе мектеп сияқты бастапқы шығу орнын таңдаңыз.

(Ұ) Сынып оқушыларыныңжергілікті белгілер, бағыттар және карталар жайында нені білгендері жайында талқылау ұйымдастырыңыз.


(Қ) Оқушылар жергілікті белгілерді білуөмірдің басқа аспектілеріндегі рөлін қалай қарастыратындықтарын тексеру кезінде формативтік бағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік бар.





Сұрақтар мен жауаптар сессиясы кезінде қажетті ақпаратты алу тәсілі ретінде жетелеуші сұрақтарды пайдаланыңыз.

Мына білімдерге сүйене отыра жолдың бағыттарын қалай анықтау керектігін оқушылармен бірге анықтаңыз:

  • компастың бағыттары;

  • табиғи ерекшеліктер/назар аударарлық орындар;

  • күн, жұлдыздар және т.б.

Сабақтың қорытындыбөлімінде материалды жалпылау және бекіту жасалады.

Қосымша тапсырма ретінде оқушыларғаөткен кезеңдегі Қазақстан бойынша саяхат туралы баяндайтын қазақ халық ертегісін ұсынуға болады, мысалы: егер сіздер бір тарихты білсеңіз, барлығына айтып беріңіздер. Ескерту: айтылатын әңгіме аудиторияның жас ерекшелігіне сәйкес болуын қадағалаңыз





Баспа: Книжник.

Автор: Григорьева Татьяна

Кітапта географиялық ашылулар дың маңызды оқиғалары әсерлі баяндалады. Мәселен, жас оқырманға ғаламшар дағы полюстер қашан пайда болды, осы сынды танымдық деректерді білетін болады.



Азия картасы

Қазақстан картасы

Облыс немесе аймақ картасы

Нұсқаулықтары берілген мектепті қоршаған жердің жоспары/картасы:

• көкжиек тұстары:С, О, Ш, Б.

•масштаб

•негізгі географиялық өзгешеліктер, яғни, жол, ғимараттар, өзендер/жылғалар, төбелер, жазықтар,

Дала тарихтары: қазақ халық ертегілері






1.3 Менің атамекенім
































1.1.3.1 өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау














1.1.3.2 Өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау







Қала мен ауыл

(МК,Ұ) Ауыл мен қала көрінісі бейнеленген суретті көрсетіңіз. Суреттерді салыстырыңдар. Қай суретте ауыл, қайсысында қала берілген? Оны қайдан білдіңдер? Қала мен ауылдың ерекшелігі туралы әңгіме жүргізу. Өз тұратын жерің қалай аталады? Тұратын жерің несімен ерекшеленеді?

(Ұ) Оқушыларға олардың туған қаласын, оның табиғи ландшафтін зерттеуге кірісетіндіктерін айтыңыз.Оқушылардың міндеті оларға қонаққа келетін досы үшін қала (немесе оның бір бөлігі) бойынша саяхатты жоспарлау болып табылады. Алдымен олар қала (немесе қаланың бір бөлігі) туралы білуі тиіс. Олар не туралы білгісі келер еді?

(Ж) Оқушылар жұпта өздерінің саяхатын дайындау үшін қала туралы сұрағысы келетін кем дегенде үш сұрақ туралы ойланулары тиіс. Сынып үшін мына сияқты түрлі сұрақтардың тізімін жасаңыз:

  • Бізге қалалар не үшін керек?

  • Қаланың әртүрлі бөліктерін не байланыстырады?

  • Сіздер қаланың қандай жерлерінұнатасыздар және неліктен?

Оқушылар осы сұрақтардың жауабын қалай біле алатындықтарын ұсынады. Оларға көмектесу үшін сізде қаланың негізгі ғимараттары мен басқа ерекшеліктерінің фотосуреттері, жерді пайдалану сызбасы, қаланың аэрофототүсірілімі (болса) және қаланың негізгі картасы бар екендігін айтыңыз.

(Ж) Жұптарда, мұғалімнің көмегімен, оқушылар фотосуреттерді талқылайды. Оқушылар қаланың негізгі картасында көрсетілген қаланың табиғи сипаттамаларына сай адамдардың фотосуреттері мен пейзаждың фотоларын лайықтайды. Оқушыларды қаланың әуеден түсірілген фотосуретімен таныстырыңыз.

Оқушылармен бірге қаланың орналасуын және неліктен дәл осылай орналасқанын талқылаңыздар.

(Ж) Жұптар фотосуреттер мен аэротүсірілімдер бойынша анықтаған басты ерекшеліктерін (жерді пайдалануды) қаланың картасында қалай белгілейтіндіктерін шешеді.

(Ұ) Сызба картада белгіленген тұрғылықты қаласы бойынша экскурсия ұйымдастыру үшін олардың әрқайсысыдайындайтын жолкөрсеткішті сыныппен бірге талқылаңыздар.

(Т) Топта өз тұратын жерінің бір бөлігінің макетін қолда бар материалдардан жасауды тапсырыңыз. Жиі баратын орны немесе ұнататын жері болуы мүмкін. Жұмыс соңында оқушылар өз таныстырылымдарын жасап, көрме ұйымдастырады.





Бұл тапсырма арқылы туған қаланы зерттеу көзделеді, алайда бұны оқушылар Астана сияқты қаланың бір бөлігі туралы білу үшін пайдалана алады.



Туған қаланы зерттеу көзделеді, алайда бұны оқушылар Астана сияқты қаланың бір бөлігі туралы білу үшін пайдалана алады.

Сұрақтары бар тапсырмалар оқушыларда қатыстылық және жауапкершілік сезімін дамытады. Әрбір оқушыға ойлану үшін, әріптесімен идеямен бөлісіп, содан кейін сұрақтарды ауыстырып жаңа әріптесіне көшуге болатын жеке сұрақ қоюға болады. Бұл оқушыларды тақырыпқа тартады. Сұрақтар оқушыларды қала туралы өз сезімдерін білдіруге ынталандыруы, пікірлерін білдіруге және өз нұсқаларын қарастыруға мүмкіндік беруі тиіс.

Бұл тапсырма жоғарыдағы тізімнен және оқушылар жұмыс істейтін негізгі картадан алынған жерді пайдаланудың түрлерін көрсететін бірқатар фотосуреттерге негізделген.

Әуеден түсірілген фотосурет міндетті болып табылмайды. Егер ол қолданылса, оқушылардан фотосуреттерде көрсетілген ғимараттардың типтері көрсетілген аумақтарды сәйкестендіре алама екендіктерін және өздерінің сапары аясында олар қай жерге барғысы келетіндіктерін сұраңыз.

Оқушыларға сыныптан тыс уақытта да жол көрсеткіштерін құрастыруды жалғастыруына рұқсат берген жөн.

Жолдағы мінез-құлық ережелерін, жаяу жүргіншілердің қозғалысын реттейтін жол белгілерін қайталаңыздар.












Диалог п ен жазу үшін пайдалы сөзорамдардың сериясы:

көпірлер, кафе, шіркеулер, кинотеатрлар, фабрикалар, әкімшілік ғимараттары, үйлер, ескерткіштер, мешіттер, музейлер, кеңселер, саябақтар, жолдар, дүкендер, назар аударарлық орындар, ескерткіштер, театрлар және оқушылардың қабілетіне сәйкес кез келген басқа арнайы терминология.


Жерді пайдалану дың басты типтерін анық және айқын көрсететін қаланың сызба картасы. Картада бағыттар мен масштаб болуы тиіс.

Егер бар болса, қаланың немесе ауылдың әуеден түсірілген фотосуреті.

Егер қолжетімді болса GoogleStreetView құралын пайдалану оқушыларға өз көшесінің картиналарын қарастыруға мүмкіндк береді.


1.3 Менің атамекенім

1.1.3.1 өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау

Мен қайда тұрамын

(Ұ) Орналасқан орын ұғымын талқылаңыздар– мектептің, олардың ауылындағы немесе қаладағы үйінің орнын анықтау.

(Ж) Оқушылар жұптасып жерді пайдаланудың түрлерін талқылайды, мысалы, фабрика, үй, жол, кино үшін, демалыс аймақтарын, саябақтар салуға арналған, ауылшаруашылық, жайылымдар, мектеп және жергілікті ауылдардың айналасындағы орманды алқап.

(Ұ) Табиғи пейзажды талқылаңыздар. Оқушыларға олардың табиғи ландшафт контекстіндегі жергілікті ауылындағы жерді пайдалануды зерттейтіндіктерін айтыңыз.

(Ө) Оқушыларға олар жерді пайдаланудың әртүрлі түрлері мен пейзаждың ерекшеліктерін бояп, белгілей алатын мектеп аумағының немесе жергілікті ауылдың сызбалық немесе эскиздік картасын беріңіз.

Ауылдағы жерді пайдаланудың әрбір түрі үшін сынып символ мен түсті кодты таңдайды. Оқушылар топырақтың фотосуреттеріне мектеп аумағы мен ауылдың негізгі картасындағы адамзаттық және физикалық сипаттамаларды анықтайды. Олар сызба карталарда жерді пайдалану жазбаларын жасау үшін түсті кодты қолданады.

(Т) Оқушылар өз карталарын төрт төрттен топтасқан топтарында талқылайды; әрбір жұптың өз карталарында көрсетілген басты бекеттерді, көрікті жерлерді сипаттайды.

Бұл тапсырмалар жерді пайдалану ұғымымен таныстырады және басты назардыаулдарға аударылады. Себебі, Қазақстан аумағында ауылдар басым. Келесі тапсырмалар қалалық аймақтармен байланысты.

Оқушылардың білімдері мен тәжірибесінің негізіндегі кіріспе талқылауда жерді пайдаланудың әртүрлі түрлерінің мысалдары келтіріледі. Оқушылар өздерінің көргендерін,бақылағандарын өздерінің жергілікті орналасуымен байланыстыра алады.

Оқушылар картада белгілейтінжерлерінің көлемін және жерді пайдалану түрлерін шектеу қажет болады.

Түспен кодтау және қарапайым сызба карталар мен диаграммаларға символдарды қосу, материалды жақсы меңгеруге ықпал етеді. Оқушылар өздерінің карталарын жаңа жұпта/топта талқылаулары тиіс. Оқушылар үйренген білімдерін неғұрлым тереңірек түсінуге қол жеткізулері керек.

.

Облыстың физикалық картасы.

Сөздер мен фразалар.

Орналасқан жердің басты ерекшелігін көрсететін, мектептің тұрғылықты жерінің немесе жергілікті ауылдың сызбанемесе эскиздік картасы– мысалы, ауыл үшін: ауыл шаруашылық жерлері, жайылым, орманды алқап/орман, дала, ғимарат, ферманың ғимараттары, мешіт/

шіркеу.




2.2 Климат және ауа-райы

1.2.2.1 Ауа-райының адамға және оның іс-әрекетіне әсерін анықтау










1.2.3.1 жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктерін анықтау

Ауа-райы деген не?

(Ұ) Оқушылардан «ауа райы» туралы нені білдіретіндерін сұраңыз? Олар ауа райы туралы қандай сұрақтар қоюы мүмкін? Олар мұны қалай зерттейді және мәліметтер жазбасын қалай жасайды?

«Ауа райы» сөзі нені білдіретінгін және жергілікті ауа райы қандай екендігін талқылаңыздар. Әрбір оқушыға ауа райының әртүрі бойынша сурет салуға тапсырма беріңіз. Сұрақтар қойыңыз және талқылаңыздар:

  • Жыл маусымдары бойы ауа райының түрлері.

  • Термометрді пайдаланып температураны өлшеу.

  • Адамдардың ауа райы жағдайларын әртүрлі пайдалануы (мысалы, киімді кептіру, ойындар, батпырауық ұшыру, электр қуатын өндіру, күн қуатын тудыру, өсімдіктерді өсіру, бос уақытын өткізу, туризм және т.б.)

  • Ауа райының өзгеруі.

(Т) Топ мүшелері ауа райын көрсете отырыпөз суретінсалады. Оқушылар өздерінің суретіндеауа райының ерекшеліктерін жазу үшін климат туралы арнайы терминологияны қолдана алады.

(Ұ) Сыныптан сұраңыз: біз бүгін ауа райы туралы не білдік? Олардың жауаптарын қорытындылаңыз.


(Т,Ө) Топқа талқылау үшін мынадай сұрақтар беріледі: Неліктен газетте, радио немесе теледидардан күнсайын алдағы күннің ауа-райын хабарлап отырады? Сурет бойынша жауап береді. Балалар ауа-райына сәйкес киінген бе? Неліктен олар ауа-райының қандай болатынын біліп жүруі керек?

«Кім дұрыс киім таңдайды?» ойынын ұйымдастырыңыз.


Талқылау басқарылатын түсінік формасында өткізіледі, яғни әрбір сатыда мұғалім оқушыларды оқу мақсаттарына қол жеткізуге бағыттап, қолдап отырады, алайда бұл жерде оларға осы контексте ұжымдық білімдер мен түсінікті барынша өрбітуге мүмкіндік беру керек.

Егер уақыт болып жатса және оқушылардың қабілеттерін ескере отыра қарастыруға болатын басқа сұрақтар:

  • Біз ауа райы бойынша мәліметтерді қалай жазамыз – символдар.

  • Біз әртүрлі ауа райыны қалай өлшейміз (жауын-шашын, жел, ашық күн, және т.т.)

  • Біздің күнделікті тілімізде ауа райын сипаттау үшін сөздер мен сөзорамдарын қалай пайдаланамыз.

Қосымша тапсырма ретінде оқушыларға төрт маусымның суретін салуды ұсынуға болады. Бұл оқып үйренгендерін жинақтауға көмектеседі және оқушыларды жыл ішіндегі климаттың басты ерекшеліктеріне назар аудартады.


Сабақта оқушылардың ауа-райына сәйкес киімді таңдай білу біліктерін қалыптастыру мақсатында «Кім дұрыс киім таңдайды?» ойынын жүргізуге болады. Ойынның шарты: оқушылар өздері киінуі немесе топта бір қатысушыны ауа-райына сәйкес киіндіруі қажет (Ауа-райын сурет бойынша немесе бейне жазба арқылы көрсетуге болады).

«Балапан» арнасының ауа-райы болжамы:

https://www.youtube.com/watch?v=mBx3qavkx4Y




https://www.youtube.com/watch?v=EdcauDmkxOw









«Дүниетану» пәні. Бастауыш мектеп. 1-сынып

5-бөлім: Саяхат

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар алғашқы төрт тарауда үй мен мектеп арасындағы жолға бағдар жүргізу, жергілікті жермен танысу арқылы жалпы саяхат туралы түсінігі болады.

Мазмұны

Бұл бөлімде үй мен мектеп арасындағы «Саяхаттау» тәжірибесі арқылы, коммуникациялардың маңыздылығын түсіне отырып, «Саяхат» тақырыбымен танысады.Алғашқы адамдардың пайда болуы, Қазақстанның ертедегі тарихы, көшпенділік уақытындағы маңызды кезеңдер, Қазақстан мен көршілес елдер аумағындағы сауда қатынасының қарастырылуы «Саяхат» ұғымының мазмұнын кеңейтеді.

Осы бөлімдегі «Дүниетану» пәнінің тілдік мақсаты

Оқушыларға пәндік мақсаттарға жетуге көмек үшін сәйкес академиялық тілдегі тілдік мақсаттың үлгісітөменде берілген.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Оқушылар:

көші-қон/қоныстану/сауда контекстіндегі «саяхат» ұғымымен байланысты сөздер мен лингвистикалық құрылымдар арқылы сөздік қорларын ұлғайтады.

Оған кіретіндер:

  • «Туризм» және «турист» ұғымдарының мәні және оның мақсаттары;

  • Көне заманның ең белгілі тарихи ескерткіштері;

  • Көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірін әңгімелеу

  • Сақтардың өмір салты, сақ дәуірінің жекелеген ескерткіштері

Талқыланатын мәселелер

  • «Саяхат» деген не?

  • «Саяхатшы» деген кім?

  • Көне заманның қандай ескерткіштерін білесіңдер?

  • Ежелгі адамдардың өмірі қандай болған?

  • Қазақстан астанасы туралы не айта аласың?

  • Тәуелсіз мемлекеттің қандай белгілерін білесің?


Басқа тілдік мақсаттарды қою үшін және ғылыми тілді дамытуға қатысты қосымша нұсқаулықты жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімді қараңыз.

Қысқаша шолу

Басты тақырып – бұл саяхаттардың ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына қалай ықпал еткендігі. Алғашқы тапсырмалар оқушыларды Африкада пайда болып, кейіннен әлемнің қалған бөліктеріне, соның ішінде Қазақстанға қоныстана бастаған «алғашқы адам» ұғымымен таныстырады. Тапсырмалардың келесі түрлері «қазіргі заманғы саяхат» ұғымымен байланысты болады.Көшпелі шаруашылықтың дамуына алып келген ұлы қоныс аудару кезеңіндегі Қазақстанның аграрлық өркениеттердің дамуындағы саяхаттардың рөлі қарастырылатын болады. Бөлімде сақтар туралы аңыздарды баяндап беру арқылы олардың Қазақстанға тигізген ықпалын таныстырумен аяқталады.

Бұл бөлім қазақ халқы ауыз әдебиетімен және дәстүрлерімен, тарихымен, мифтерімен және аңыздарымен байланысты. Тарихты айтып берумен, оларды құрастырумен байланысты тапсырма түрлері сауаттылыққа үйрету бойынша бағдарламамен қатар жоспарлануы тиіс. Бөлім, сонымен қатар, «Көркем еңбек» пәні бойынша бағдарламамен де байланысты, өйткені ол оқушыларды көзбен көретін образдармен және суреттермен таныстырады.





Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері


Мұғалімге арналған ескертпелер

Оқыту ресурстары




3.1 Көне мәдениеттер мен өркениеттер
























































1.3.1.1 көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу




















Алғашқы адам

(Ұ) Оқушылардан сағатқа қарауларын сұраңыз, ойша 2 сағат бұрын уақытқа оралып, сол уақытта олар немен айналысқанын сұраңыз. Ары қарай 10 жыл бұрын не болғанын кімнің білетінін сұрап көріңіз. Оқушыларға бұрынғы өткен заманда не болғанын зерттейтін, оқытатын ілім бар ол тарих деп аталатынын, оны оқып бастайтындықтарын айтып кетіңіз. Ол бізге адамзаттың басынан кешкендерін үйретеді. Тарихта алғашқы адамдар пайда болған кезден басталғанын айтып кетіңіз.



Оқушыларға кішкентай ботаның қоржынға салып әкелген ежелгі еңбек құралдарын көрсетіңіз: қашау, тас балта. Оқушылардан оларды кім және қай кезде қолданғанын сұраңыз. Олар жауап бере алмауы да мүмкін. Сол уақытта картадан Африканың шығысын көрсетіп, алғашқы адамдардың сол жерде пайда болғанын айтыңыз. Ғалымдар адамның арғы тегі аса ірі адам тәріздес маймылдан шыққан деген пікірді ұсынады.

Қазақстан аумағын адамдар бұдан миллион жыл бұрын мекендеген.

(МК, Ұ)Итерактивті тақта арқылы алғашқы адамдардың өмір сүруі туралы материалмен таныстыру. Алғашқы адамдардың қазіргі адамдардан айырмашылығы қандай екендігін табуларын сұраңыз.

(Т) Оқушыларды екі топқа біріктіріңіз. Бір топ терімшілер, екінші топ аңшылар болады. Оқушыларға терімшілер мен аңшылардың кім екендігін ойлануына біраз уақыт беріңіз. Олардың болжамдарын тыңдаңыз. Оқушыларға мынадай толықтыру жасаңыз: терімшілік тамақ тауып жеудің негізгі көзі болған. Балалар мен әйелдер жеміс, тамыр тіпті құртқа дейін теріп күнелткен. Ер адамдар аңшылықпен айналысқан. Жасалған жұмыстарын бекіту үшін әртүрлі тәсілдерді немесе сұрақ жауапты қолдана аласыз.

1-сурет: «Алғашқы адамдардың дене бітімі»

2-сурет: «Алғашқы адамдардың баспанасы»

3-сурет: «Құрал-саймандары»

4-сурет: «Алғашқы адамдардың кәсібі»

5-сурет: «Алғашқы адамдардың азығы»

Бұл сабақта оқушылар алғашқы адамдардың тіршілігімен танысады. Өткен күн мен қазіргі уақыттың айырмашылығын түсініп өз көзқарастарын білдіреді.

Сабақта оқулықтағы ақпараттар арқылы сұрақтарға жауап беріп, бірлесіп істеген жұмыстарына қорытынды жасап үйренеді.

Оқылған тақырып негізінде алғашқы адамдарды суреттейді, рулық қауымдастықтың тіршілігін сипаттайды.

Сабақ оқушыларға адамзат баласының пайда болуына, бабаларына, тарихқа деген құрмет қалыптастырады.



Алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін сипаттау барысында қалыптастырушы бағалау жүргізе аласыз.



Бұл тапсырманың сөздік қорына төмендегі сөздер кіреді:

  • ру;

  • терімшілік;

  • аңшылық.










Баспа:Книжник. Автор:Волкова Александра

Әлемдік тарих. Бұл кітап жас оқырмандарды жиырма бірінші ғасырға дейінгі өмір сүрген халықтардың тарихи кезеңімен таныстырады. Біздің заманымызға дейінгі адамзат ғұмырындағы ежелгі әлем мен ортағасыр тіршілігінің маңызды деректерін қызықты баяндайды.

Африкадағы ежелгі адамның даму картасы – гоминидтердің ертедегі қоныстану/даму аумағын, олардың орын ауыстыру маршруттарын Африка, Еуропа мен Азияның картасы және көрсететін карта.

Суретшінің картинасы Аңшылық/қоғам терімшілігі, олардың өмірлері (Британиялық мысал: http://g uerillaarchaeology.files.wordpress.com/
2012/06/meso-recon1.jpg)

Қазақ халқының ертеде қоныстануы


3.2 Қазақстанның тарихи тамырлары
































































1.3.2.1көрнекі материалдарң негізінде сақтардың өмір салтын сипат





1.3.4.1 дереккөздерді зерделеу арқылы Томирис туралы әңгімеле

















1.3.1.1 көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу




















Ежелгі ата-бабаларымыз

(Ұ) Қазақтардың арғы ата-бабаларының ішінде сақтар деп аталған күшті де қайратты атты әскерлер тайпасы болғандығын айтыңыз.

Оқушыларға А картасын көрсетіп жұмыс ұйымдастырыңыз.Сақтар – біздің танымал арғы бабаларымыз.

Сақтар туралы археологиялық зерттеулерден көптеген ақпараттар алынды. Сақтар туралы аңыз әңгімелер де бар.

(Ұ) Сақ ханшайымы Томирис туралы әңгіме бастау үшін төмендегі сұрақтарды қоюға болады.

Сыныпта Томирис есімді неше қыз бар?

Томирис есімді неше қызды танисың?

Аттарын неліктен Томирис қойды деп ойлайсың? - деген бірнеше сұрақ қою арқылы өрбітуге болады. Одан кейін батыр қыз туралы мынадай мәлімет беріп кетіңіз. Ежелде ұлы даламыздың Сақ тайпаларында Томирис есімді патшайым болған. Ол халық арасында Тұмар ханшайым атымен де белгілі. Өзінің ер мінезділігімен, ақылды, парасаттылығымен ерекшеленген. Ол Азияда билік құрған Кир патшасына төтеп берген. Содан бастап аты аңызға айналған.

(Ж/Ө)Оқушылардан кезектесе отырып бүкіл сынып үшін сақтартуралы аңызды оқуын сұраңыз. Тарихи аңызнегізінде оқушылар тақырыптық сурет салу тапсырмасын беруіңізге болады.

(Т) Үш-төрттен топтаса отырып, оқушылар Томирис туралы аңыз-әңгімелердегі деректерді талдайды.



(Қ) Оқушылардың мәтіннен қажетті ақпаратты таба білуін, Томирис бейнесін сипаттап айта білуін, мінездеме бере білу дағдыларын бағалаңыз.






Тарих – оқушыларда саяхат тақырыбы туралы түсініктерін дамытатын орта.

Сабақтағы тапсырмалар саяхатты жергілікті қаламен байланыстырады.

Оқушылар жаңа ақпарат ала отырып, ерте кездегі ата-бабаларымыздың кім болғанын біледі. Томирис ханшайым туралы қарапайым түсінік алады.

Олардың тұрмысымен танысады, қазіргі заман тіршілігімен салыстырады. Қоршаған орта, ерте мен бүгін туралы түсінік алады. Сақтардың қоныстанған жерінің қарапайым сызбасын жасайды.

Топтық, жұптық, жеке жұмыс кездерінде өз белсенділіктерін барынша танытады. Сұрақтарға еркін жауап беріп, өз ойын немесе көзқарасын жеткізе алады.


Баспа:Книжник.

Автор:Волкова Александра

Әлем кереметтері. Баспа: Аруна

Әлем халықтары. Әдет ғұрып, көшу қону.



Сақтажаулап алған аумақтардың ұлғаюын көрсететін карта.

A суреті: Сақ патшалығының картасы.

В суреті: Сақ әскерлерінің кімге ұқсастығын анықтауға болатын сурет

Саяхат туралы қазақ халық аңызы.







































3.1 Көне мәдениеттер мен өркениеттер






































































1.3.1.1 көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу






































Ұлы дала тарихы

(Ұ) Оқушылар Қазақстанның бірқатар қазіргі монеталарды қарастырады. Монетада салынған бір немесе бірнеше заттарды анықтаңыз.

(Ұ) Монета алтыннан жасалған және өте құнды. Оның фотосуретін – әр оқушы жұбына бір-бірден үлестіріңіз. Оқушылардың қайсысы монетада не салынғанын – ондағы мүсін, нышандар, жазу туралы білетіндіктерін сұраңыз. Олар нені білдіретінін түсіндіріңіз және оларды талқылаңыз.

(Ж) Оқушылардан жұптарымен салынған суреттері, монета туралы әңгімелесулерінсұраңыз.

Төмендегі сұрақтарды тақтаға жазыңыз, жауаптарын талқылаңыз.

  • Алтын адам кім болған?

  • Ол туралы не білесің?

  • Ол туралы қайдан білдің?

(Ұ)Сыныпқа Алтын адам туралы тарихи аңызды айтып беріңіз. Оқушылардан Алтын адамның кім болғаны туралы ойларын сұраңыз.

(Т) Алтын адам туралы топтастыру құра отырып, оқушылар санасында ол туралы түсінік сөздерді қалыптастыра аласыз.

(Ұ) Оқушылардан Қазақстанның ежелгі тарихы туралы не білгенін және монеталарды зерттей отырып олардың қайталанбас тарихы туралы ойын біліп, сабаққа шолу жасаңыз.







































































































































































2.4 Туризм































3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және отансүйгіштік






1.2.4.1 туризмнің мәнін түсіндіру



































































1.2.4.1 туризмнің мәнін түсіндіру



1.2.4.2 Туризмнің негізгі мақсаттарын атау

















1.3.5.3 Қазақстан астанасы туралы шығармашылық жұмыстарды таныстыру








Ертедегі саяхат

(МК, Ұ) Мұғалім оқушыларды ежелгі дәуірге саяхат жасауға шақырады. Ежелгі дәуірде адамдар көшіп-қонып жүргендігін, біздің ата бабаларымыз болған сақтар отбасымен күймелі арбамен көшкендігін, ал қонғанда киіз үйлерде отырғандығын түсіндіреді. «Көшу» сөзін қалай түсінетіндіктерін сұрайды. Оқушылардың жауаптарытыңдалады. Қандай елдің атауын білетіндіктерін сұрап көріңіз. Оқушылар ата-анасымен саяхаттаған немесе естерінде қалған аймақтардың (елдердің) атауын айтады.

(Т) Сіз сол аталған елдердің атымен сыныпты топтарға бөліп алыңыз. «Көшпенділер» ойынын ойнатыңыз. Көшкен кезде барлық заттарын өздерімен алып жүруін сұраңыз. «Көш қозғалды» деген сәтіңізде топтарымен келесі топтың орнына, одан ары қарай орындарын ауыстырып отырулары қажет. «Көш қоныстанды» деген сәтте, қай орынға келіп тоқталды, сол орындарында қалулары тиіс. Ойын арқылы оқушылар жаңа сабақ туралы біршама түсінік алуы керек.





Өткендегі және осы шақтағы көлікті көрсететін бірқатар картиналар, қазіргі заманғы суретте Астана туралы картиналарды/суреттерді көрсетуге басымдық берген жөн. Суреттерде төмендегілер үшін бос орын болуы тиіс:

  • атауын жазуға,

  • суретке салынған көліктің түрін көрсетуге.



















































































(Т) Сюжетті суреттер бойынша топтың ішінде кіші зерттеу жұмысын жасатыңыз. Зерттеу жұмысында оқушылар көшпенді ел сақтардың немен айналысқанын, қандай қару-жарақ ұстанғанын, көшкенде қандай көлік түрлерін пайдаланғанын анықтап, талдайды. Оны постерге түсіреді. Әр топістеген жұмыстарын іліп қояды. Оқушыларға достарының жұмысын бағалау үшін біраз уақыт беріңіз. Әрбір жұмысқа өз ойларын жазба, смайликтер, сыйлық суреттері түрінде білдірулерін сұрауыңызға болады.

(Ж) Жұптық жұмыс ретінде «Сымсыз телефон» ойынын ойната аласыз. Бір оқушы қазіргі заман, екіншісі сақ дәуіріндегі бала болып телефонмен әңгімелеседі. Жақсы әңгіме жүргізіп жатқан жұпты үлгі ретінде

тақтаға шығарып көрсетуіңізге болады.

(Ұ) Мұғалім: Сендер біріңе бірің қонаққа бара алар ма едіңдер? Барсаңдар қандай көлік түрлерін пайдаланасыңдар? Оқушыларға көлік түрлерін қалай топтауға болатынын сұрап көріңіз. Ежелгі, құрлық, су, әуе көліктеріне бөлінетіндігін айтуы мүмкін. Айта алмаса бірнеше сұрақтар қоюға болады. Мысалы:

Ерте кезде халық немен көшті деп ойлайсың?

Отбасың саяхатқа немен барады?






1.2.4.2 туристтердің негізгі мақсаттарын анықтау

Саяхат, саяхатшы

(Ұ) «Саяхат» және «саяхатшы»сөздеріне ой қозғау. Саяхат деген не? Саяхатшы деген кім? Әр адам саяхатшы бола ала ма? қандай мақсатта саяхатқа шығуға болады?



(Ж;Т) Жұпта оқушыларқазіргі кезде адамдар қалай саяхат жасайтыны туралы пікір бөліседі.

- Қайда саяхатқа бардың?

- Саяхатта қандай қызықты оқиғалар есіңде қалды?

- Саяхат жасағанда қандай әдемі жерлерді көрдің?

Оқушылардан ертедегі және қазіргі кездегі саяхат жасаудың қандай ұқсастық пен айырмашылықтары барын табады. Қазақстанға саяхат жасау жөніндегі нұсқаулық/жолкөрсеткіш жасауға көмек сұраңыз. Саяхатшыларда сол жерлер туралы суреттері көп, алайда қарындасы/сіңлісі шатастырыптастаған.

  • көлік түрлерін салыстырады;

  • қандай мақсат?

  • қолданған заттарын салыстырады.

(Ұ,Т)Әр топтың баяндаушылары суреттеріндегі қазіргі және ертедегісаяхаттың өзгерістері туралы баяндайды.




Қазіргі және ерте замандағы саяхат туралы суреттердің не туралы екендігі және олар қандай жұмбақтарды шешуге көмек беретіндігі жөнінде ой қозғауға беруге болады.





«Дүниетану» пәні. Бастауыш мектеп. 1-сынып

6-бөлім: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті


Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылардың аңыздар, әңгімелер, ертегілер, мақал-мәтелдер туралы білімдері болады. Астана қаласы, «Бәйтерек» монументі туралы біледі.

Мазмұны

Бұл бөлімде ұлттық салт-дәстүр, халық ауыз әдебиеті, еліміздің тарихы туралы қарапайым түсініктер беріледі. Қазақстанның өткенімен байланысты мифтер мен аңыздардың маңыздылығы қарастырылады. Карта түрлерімен жұмыс істейді.

Осы бөлімдегі «Дүниетану» пәнінің тілдік мақсаты:

Оқушыларға пәндік мақсаттарға жетуге көмек үшін сәйкес академиялық тілдегі тілдік мақсаттың үлгісітөменде берілген.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Оқушылар:

Қазақтың ұлттық және өзге ұлттармен ұқсастық тұрғысындағы мақал-мәтелдерді, халық ертегілері, аңыз әңгімелерін, образдарын, символдарын, туын, монеталарын,картиналарын/фотосуреттерін, ескерткіш-жәдігерлерін біледі.

Оған кіретіндер:

  • мақал- мәтелдер;

  • халық мифтері, аңыздары;

  • ескерткіштер;

  • археологиялық мұрағаттар,артефактілер /нысандар;

  • картиналар;

  • ұқсастық, ұлтжандылық, патриотизм.

Талқыланатын мәселелер:

  • Аңызда қандай мәліметтер бар?

  • Дәстүрлі халықауыз әдебиетінде не туралы айтылады?

  • Берілген монета/суретке қатысты қандай сұрақтар қоюға болады?

... неліктен екендігін айта аласыздар ма?

  • … осы мақал- мәтелдер маңызды

…қазақтың дербестігі үшін ұлттық ту маңызды ма?

  • …сіздер Алтын адам туралы аңызды шындық немесе жалған деп ойлайсыздар ма?

Басқа тілдік мақсаттарды қою үшін және ғылыми тілді дамытуға қатысты қосымша нұсқаулықты жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімді қараңыз.

Қысқаша шолу. Осы тарау көркемсурет символдарын пайдалану тәсілдеріне және оларды ұлттық бірегейлікті, оған қатыстығын, патриотизмды дамыту мақсатында маңызды тірек ретінде тануға негізделген. Бес сабақ халық ертегілерін/аңыздарын, мақалдарын; Қазақстанның мемлекеттік Туын, монеталарын; Алтын адам туралы аңызды, археологиялық олжалар мен қоғамдық ескерткіштерді – «Бәйтерек» монументін қамтиды. Пәнаралық байланыстар әдебиет, көркем еңбек, АКТ пәндерімен қатар жүреді (театр, музыка, скульптура, живопись және мультимедиа). Тарау Қазақстан мен оның ұлттық бірегейлігі туралы идеяларды кіріктіретін байрақтардың, ғимараттардың, ескерткіштердің, бейнелер мен символдардың дизайндарымен байланысты қазақ әдебиетіндегі халық ауыз әдебиетінің әңгімелері, ертегілері, мақал-мәтелдерінің бай қорына сүйенеді.





Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері


Мұғалімге арналған ескертпелер

Оқыту ресурстары






3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және отансүйгіштік





1.3.5.2 Тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері туралы әңгімелеу.

Мен қазақпын



(Ұ) Бөлім қарапайым тапсырмадан басталады. Оқушылардан олардың үйлерінде естіген қандай да бір халық ертегілерін, тарихи әңгімелер, мақал-мәтелдерді білетінін сұраңыз. Жауаптарын тыңдаңыз және қазақ халқы туралы не білетінін талқылаңыздар.



(Ұ) Қазақ халқының бір мақал-мәтелін таңдап алып, оқушылардан мазмұнын немесе ол қазақ өмірінің қай қырын сипаттайтыны туралы сұраңыз. Мұғалім оқушыларға өз идеяларын айғақтармен ұсынады. Мұғалім бұл топпен орындайтын тапсырмаға үлгі екендігін түсіндіреді.



(Т) Сыныптағы оқушыларды топтарға бөліңіз. Әрбір топтан бір оқушы сөйлейтін болады. Әрбір топтың мүшелері өздері дайындап келген бір мақалмен жұмыс істейді (егер олар мұны жасай алмаса, мақалдарды оқушыларға ұсыныңыз) – «Оқу ресурстарын» қараңыз. Егер бұл мүмкін болса, оларды басылған немесе жазылған түрде топтарға таратып беріңіз.



(Т) Әрбір топта жақсы оқи алатын оқушы бар екендігіне көз жеткізіңіз – оқушылардың әрбір жұбында біреуден болғаны дұрыс. Оқушылар мақалды оқыған соң топ мүшелері мақалдарды –– топ ішінде талқылап, қазақ халқы туралы қандай ақпарат алуға болатынына назар аударады. Оқушы істейді (егер олар мұны жасай алмаса, мақалдарды оқушыларға ұсыныңыз) – әрбір топтың сыныпқа өз үйі мен отбасылық өміріне сілтеме жасай отырып, мақалдың мағынасы туралы не ойлайтындығы туралы айтып беруін сұраңыз. Оқушылардың қойылым көрсетуіне болады.

(Ұ,Т) Оқушылар бұрын оқып үйренгендеріне ұқсас мақалдардың мағынасын талқылайды. Сынып алдында таныстырады.



Қазақ мәдениетіндегі маңызды элементтер:

ән айту, өлең оқу, жұмбақ, мақал-мәтел, ертегі мен аңыздар айту дәстүрі. Сабақ оқушыларды қазақ өміріндегі осы бір бай да маңызды элементпен таныстырады.

Қазақ мақалының немесе мәтелінің қарапайым, нақты мысалынан бастаңыз.

Одан кейін оқушылар оның мәнін талқылай және талдай алады және өз тұжырымдарын сыныпқа ұсына алады. Бұл кішігірім қойылым жасау және басқа да тұрғыдан әрекет ету үшін, пантомима үшін мүмкіндік береді.

Егер жұмысты жұппен және топта ұйымдастыру қиын болса, онда жекелеген мақалдардың мағынасын анықтау бойынша, идеяларды бекіте отыра және сұрақтар мен жауаптардың көмегімен оқушылардың тақырып бойынша келе жатқандығына көз жеткізе отыра тұтас сыныппен жұмыс істеңіз.

Қосымша талқылау үшін стереотиптер туралы мәселені көтеріңіз (терминнің өзін енгізбей) – осы уақытта олардағы идеялар бар ма? Қазіргі қазақтар мақалдар мен мәтелдерде сипатталғандай болып табыла ма? Бұл сондай-ақ мақалдарды дереккөз ретінде пайдаланудың дұрыстығы туралы мәселені қояды.

Егер уақыт болса, онда оқушылар шетелдіктерге қазіргі уақытта қазақ болу дегеніміз нені білдіретіндігін түсіндіре алатын өз мақалдары мен мәтелдерін ойлап шығара алады. Оларды сыныпқа оқып беріңіз – оқушылар жұмбақты шешуге және мәтелдер нені білдіретіндігін түсіндіруге тырысып көреді.








Қазақ мәтелдері

    • Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.

  • Ел барда, ер қор болмас.

  • Ер барда, ел қор болмас.

  • Ел үмітін ер ақтар

  • Ер атағын ел сақтар.


Қазақ батырлары:

https://www.youtube.com/watch?v=Vqe0M6cYepg

Толағай батыр: https://www.youtube.com/watch?v=e60MQsFtltA





3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және отансүйгіштік




























1.3.5.1 Қазақстан Республикасының рәміздерін өзге елдердің рәміздерінен ажырату


























Қазақстанның рәміздері

(Ұ) Оқушылардан олардың қандай образдар мен символдарды білетінін сұраңыз немесе егер бұл қиындық туғызса, олар тани алатын образдар мен символдарды көрсетіңіз және олардың нені білдіретінін талқылаңыздар.

(Ұ) Белгілер мен символдар идеяларын ұсынған символдар идеяларын тани алатын образдар мен символдарды көрсетіңіз және олардың не білдіретінін сұраңыз.

(Ұ) Сынып оқушыларына тудың үздік жобасына байқау жүргізуге ниетті екендігімізді айтыңыз. Үш немесе төрт адамнан тұратын командалар өз туларын құрастыратын болады. Одан кейін олар өз жобасын қалған оқушыларға көрсететін болады. Ең көп дауысқа ие болған ту жеңімпаз болады. Бастамас бұрын, біз тудың нені білдіретіндігі туралы кейбір идеяларды анықтап алуымыз қажет.



(Ұ) Оқушыларға көмектесу үшін сіз олар білулері мүмкін туды көрсетіңіз. Оларға бұл туды жасау үшін 600 адам қатысқан байқауда жеңімпаз болғандығын айтыңыз. Әрбір оқушыға Қазақстан туының көшірмесін беріңіз. Оқушылардан оны қаншалықты білетіндіктерін сұраңыз?



(Ж/Ө) Оқушылар жұптарымен өздерінің туына қандай идеялар мен нысандарды орналастырғандықтарын талқылайды. Жекелеген оқушылар өз ұсыныстарын жасайды – оларды тыңдаңыз және тақтада ұсыныстар тізімін құрастырыңыз.

Тудың мағынасы мен маңызын түсінуді бекіту үшін сыныпта жасаған туларына қайта қарастырамыз.

(Т) Әр топ сынып туының өз нұсқаларын жасайды. Әрбір топтың туын кезекпен талқылайды және оған дауыс береді. Көп дауыс жинаған топ жеңіске жетеді.









Бұл сабақ қажет болған кезде қосымша тапсырма ретінде жүзеге асырылады. Оның басты тақырыбы Қазақстан туы болып табылады.

Ту идеясын беру кезінде оқушылар әрбір жұптан бүкіл сыныпқа өз ойларын ұсына отыра жұппен жұмыс істей алады.

Егер де оқушылар тудың мағынасын неғұрлым нақтырақ зерттегісі келсе, олар жұмысты жұптасып орындай алады. Әрбір жұпта жақсы жаза алатын оқушының бар екендігіне көз жеткізіңіз. Жұптар туды талқылайды және тудан көргендерінің бәрін жазады. Бұлар түс, форма және ондағы нысандар сияқты белгілерді – нақтылау үшін ресурстар бағанын қараңыз. Тудың нені білдіретіндігі туралы оқу ресурстарынан идеяларды қосып талқылаңыздар.

Сынып оқушылары тани және талқылай алатын таңбалар мен символдар.

Қазақстан Республикасының туы.

Тудың мағынасы мен символдары:

  • Көгілдір түс - бейбітшілікті және Қазақстанда тұратын халықтың бірлігін білдіреді және шексіздік пен тазалықтың символы болып табылады.

  • Күн - бұл тіршілік пен қуат көзі және көшпенділер үшін алға ұмтылу мен қозғалыстың символы болды. Күннің бедері ауқаттылық пен молшылықтың символы,

бидай масағы формасындағы 32 күн шапағы – береке мен байқуаттылықтың негізі.

  • Қыран масағы мемлекеттің күшін және қырағылықты білдіреді. Далада өмір сүретін адамдар үшін қыран, бүркіт – тәуелсіздіктің, еркіндіктің және құлшыныстың, сондай-ақ қиыншылықтарды жеңетін күштің символы.



3.3 Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар




1.3.3.1 Қазақстан аумағындағы көне жазу туралы білу

1.3.3.2 Түрлі материалдарды, әдістер мен құралдарды пайдалана отырып, көне жазуларды бейнелеу


Көне жазбалар



(Ұ) Көне жазулар туралы не білетіндігін анықтау үшін төмендегі сұрақтарды қоюға болады. Қазақ жерінде бұрын жазу болды деп ойлайсыңдар ма? Олардың өмірі туралы міліметтер бізге қалай жеткен?

(Ұ) Мұғалім мынадай мәліметтермен таныстырады. Сақтар жануарлардың бейнелерін ыдыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа бейнелеген. Ал,ең алғашқы жазуды шумерліктер әкелді. Ол Қосөзен жерінде пайда болған. Мысалы Шумер сөзінде: ада-әке, ама-шеше, уш-үш дегенді білдіреді. Дүниедегі ең ежелгі жазу сына жазу деп аталды. Содан кейін ежелгі түркі жазуы қалыптасты. Оның ескерткіштері «Оғызнама» жазбалары және Күлтегін ескерткіштерінде келтірген. Көне Түркі жазулары немесе Көне түркі алфавиті - дыбыстық жазу түрі, яғни сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады. Жазба әдебиетінің көне ескерткіштері- «Күлтегін» және «Тоныкөк» жазулары.





Оқушыларға бірнеше сұрақтар беру арқылы оқытудағы негізгі алған білімдерін тексереді:Көне жазулар қай ескерткіштер арқылы белгілі? «Күлтегін» немесе «Тоныкөк» ескерткішіндегі жазуларын қайдан көруге болады? Сабақ соңынан қысқаша қорытынды жасаумен аяқталады.






Қазақ тиындары – екі оқушыда бір тиыннан болғаны жеткілікті.

«Алтын адам» тиынының суреті.

Оқушыларға түсінікті нысанда «Алтын адам» туралы аңыз.

«Алтын адамға» арналған рамкаға суретке және оны сипаттауға арналған ашық орын.






3.1 Көне мәдениеттер мен өркениеттер








1.3.1.2 көне заманның танымал тарихи ескерткіштері/жәдігерлері туралы әңгімелеу














«Алтын адам» туралы аңыз

(Т) Сынып бөлмесіне әр түрлі заттардың суреттерін (ғимараттар, ескерткіштер, теңге, қорғандағы қазба жұмысының жүргізілу сәті) іліңіз. Әр топтың оқушыларына суреттер арасынан «Алтын адамға» қатысты суретті таңдап алуды сұраңыз. Оқушылар таңдаған суретін топта талдай отырып қорытынды пікірлерін бір сөйлеммен айтуларын тапсырыңыз. Бұл жұмыстың қорытындысында «Алтын адам» жайлы шағын мәтін құрылуы тиіс.

) Оқушылар суретті талдау барысында өздері қоятын сұрақтарды жұптасып талқылайды. Осы суреттерді талдау барысында «кім?», «қайда?», «қашан?», «неге?», «не?» және «қалай?» деген түйінді сөздерді пайдалануға болатынын ұсыныңыз. Оны тақтада көрсетіп қойыңыз.

(Ұ) Сыныпта «археолог» дегеннің кім екенін білетіндер бар ма деп сұраңыз. Оларға археологтар Алматы жанында болғанға ұқсас қорғандарды қазатын немесе қазуды ұйымдастыратын адамдар екенін айтыңыз. Олар өте ертеректе болған оқиғалар суретін құру үшін табылған заттарды біріктіріп жинайды. Қорғандағы заттар жас жігіттің қандай киім кигенін көрсетті.

Сонымен қатар, оқушыларға өткен кезеңдер туралы бізге мәліметтерді жазба деректер де беретінін айтып өтіңіз, оның ішінде таста қалдырылған жазбалар. Мысалы, Күлтегін ескерткіші.

(Ж) Жұптар картинаны зерттейді және сынып қойған сұрақтарға жауап беру мақсатында ойланады.

(Ұ) Сыныппен картинада не көрсетілгенін талқылау. Сыныптан қайтадан олардың «Алтын адам» туралы аңыздың шын болған деп ойлайтынын сұраңыз. Егер иә десе – онда неге? Олардың жауаптары өзгерді ме?


Бұл сабақ алдыңғы сабақта алған білімге негізделеді және Қазақстанның ең әйгілі археологиялық жаңалығына қатысты дәлел үшін идеялар келтіреді. Бұл жаңалық ұлттық бірегейліктің дамуында маңызды элемент болды.

Сауалнама оқушылар бойында проблемалардың шешу жолдарын іздестіретін ғалымдар ретінде ойлау дағдыларын дамытады.

Ол өз кезегінде логикалық тұрғыда «Алтын адам» туралы аңыз шындық па деген сұраққа жетелейді.

Қосымша тапсырма археологиялық табыстарды түрлі матералдарды (ермексаз, саз, қағаз)қолдану арқылы жасау.Мысалы, Күлтегін ескерткішін.









































(Қ) Формативті бағалау жүргізу мүмкіндігі бар – оқушылардың аңызға деген көзқарастары оларға түрлі дәлелдер берілген кезде қалай өзгеретінін белгілеу








Есік қорғанында табылған алтын киген адам денесі бар зират туралы ақпарат.

Суреттер хронологиялық ретпен кез келген жазықтыққа (қабырғаға немесе тақтаға) орналастырылуы тиіс.

Барлық мұғалімдер қол жеткізе алатын PowerPoint бағдарламасындағы картиналардың презентациясы болғаны пайдалы.




3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және отансүйгіштік



1.3.5.3 Қазақстан астанасы туралы шығармашылық жұмыстарды таныстыру






















«Бәйтерек» - өмір ағашы

(Ұ/Ө) Оқушыларға өздерінің арман-қалауларын ойлап жасыра алатындықтарын айтыңыз. Әр оқушы өз қалауын ойлап, не қалайтынын сыныпқа айтады.

(Ұ) Сыныпқа Елордада, өздерінің тілектерінің орындалуын сұрайтын орын бар, бұл Бәйтерек екенін айтыңыз. Сыныпқа олар барлығы көре алатындай үлкен, плакат немесе әрбір екі балаға бір-бір көшірмеден ескерткіш суретін таратыңыз. Олардың мұнараның атын білетіндіктерін, оған барған-бармағандарын сұраңыз. Егер олар білмесе, оның атауын және оның ел нышаны болып табылатынын айтыңыз.

(Ұ) Осы сурет туралы сынып қандай сұрақтар қоя алады? Олар жауапты қалай таба алады?

(Ж) Жұптар 2 сұрақтан қояды, содан кейін сынып сұрақтарын мұғалім жазып алады.

(Т)Топтар құрылымын пайдалана отырып, сыныпты рөлдері белгіленген топтарға бөліңіз, оның ішінде жазушы, баяндаушы, материалдарды үйлестіруші, жазбаларды ұйымдастырушы болу керек. Әр топқа Бәйтерек туралы аңыз туралы кейбір ақпарат көздерін беріңіз. Топ мүшелеріне олар таңдаған сұрақтарға қатысты ақпарат көздерімен жұмыс істеуді сұраңыз.

(Т) Әр топ баяндаушысы барлық сыныпқа аңыз туралы өз ойларын айтады.

(Ұ) Оқушыларға Бәйтерек пен Самұрық туралы аңызды айтып беріңіз немесе оқушыларға оны оқуды тапсырыңыз.

(Ұ/Т) Ескерткіш Қазақстанның, оның ішінде Астананың символы болып табылады. Топтан қазақ халқы аңыздан алатын жолдаулар неден тұратынын түсіндіруді сұраңыз.

(Ұ) Сабақты аяқтап, оларға мұнараға көтерілген кезде, қолдарын Президент Назарбаев қолының таңбасына салып өз тілектерін тілей алатынын айтыңыз. Әр оқушы қандай тілек тілегісі келетінін айта алады. Тағы да бірінші сұрақты талқылаңыз: «Бәйтерек туралы аңыз неліктен ерекше мәнге ие?».


























Бәйтерек қазақ халқының аңыздарында бейнеленген ертегідегі өмір ағашын білдіреді. Ол ұлттық бірлік идеясының символы болып табылады, осыған орай оны 6-7 жасар балаларға дұрыс түсіндіру керек.

Аңызға сәйкес Бәйтерек – өмір ағашы, оның басында қасиетті Самұрық құсының ұясы бар. Ол өмір мен үміт беретін алтын жұмыртқасын – Күнді – салу үшін, ағаштың ұшар басын паналаған.Ағаш түбінде аш Айдаһар жұмыртқаны жемекші болып тығылып жатады. Осылай мейірімділік пен қатыгездік арасындағы мәңгі күрес белгіленген. Монумент жанында өзен ағып жатыр, оның жағасында бәйтерек орналасқан және жерді өз тамырымен қолдап ұшар басы аспанға тіреліптұр.

Осы балалар жасынабейімделген аңыздың ауызша нұсқасы болса, оны жазып және аудио жазбасын сыныпқа тыңдату жақсы болар еді.

Мәтінді оқу тапсырмасынкүрделі мәтін құрастыру арқылы жүзеге асыруға болады, дегенмен, осыны қосымша тапсырма немесе сауаттылыққа үйретуі мәтін құрастыру арқылы жүзеге асыруға болады, дабзал.

Кейбір оқушылар өз армандарымен сыныппен бөліскісі келмеуі мүмкін, бұл мәселеге де түсіністікпен қараған жөн.




















Астана. Жанрлар: Өлең

Бәйтерек постері немесе ауқымды суреті.



Бәйтерек туралы ақпарат.

Күрделі мәтіндерді оқу үшін «Жазба және баспа көздермен тарих құру» қара: www.history.org.uk.




«Дүниетану» пәні. Бастауыш мектеп. 1-сынып

7-бөлім: Тағам және сусын

Осыған дейін меңгерілген білім

Алдыңғы бөлімдерде тамақ пен сусын тақырыбының көптеген мәселелері қарастырылған.Оқушылар осыған дейін ұлттық және өздері тұтынатын тағамдар мен сусындардың түрлерін біледі. Бөлімге байланысты кейбір тарихи деректермен таныс.

Мазмұны

Бұл тарауда оқушылар тағам мен сусын түрлерін ажырата біледі, ертедегі және қазіргі адамдардың тамақтануын біле отырып ежелгі Ұлы Жібек жолы туралы ақпарат алады. Дұрыс тамақтана білу денсаулыққа пайдалы екендігін түсініп, Қазақстанда жасалатын негізгі тағам өнімдерімен танысады.

Осы бөлімдегі «Дүниетану» пәнінің тілдік мақсаты

Оқушыларға пәндік мақсаттарға жетуге көмек үшін сәйкес академиялық тілдегі тілдік мақсаттың үлгісітөменде берілген.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер


Оқушылар:
тамақ және сусынмен, оларды қазіргі уақытта және өткен уақытта сатып алу және дайындаумен байланысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерін біле алады.




Олардың қатарына мыналар кіреді:

  • базарға бару;

  • сатып алатын заттар тізімі;

  • тамақ үшін қажет өнімдер сатып алу;

  • тамақ дайындау, рецептер, ингредиенттер дайындау туралы ой жүгірту;

  • тамақ дайындау;

  • дастарқан жаю (үстел жасау).

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Көмекші сөздер нені білдіреді?

  • Дүкен немесе базардан не сатып ала аласыздар?

  • Ас үйде нені табуға болады?


Жазуға арналған ұсыныстар:

  • Тамақдайындауүшінқажеттікөгөністерменжемістердіатаңыз.

  • Тамақ пісіруге арналған ыдыстар және қажетті заттар.

Басқа тілдік мақсаттарды қою үшін және ғылыми тілді дамытуға қатысты қосымша нұсқаулықты жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімді қараңыз.

Қысқаша шолу

Бұлтараутамақтанутақырыбынаарналған, ондақазақұлттықтамақтарыменсусындарынаерекшеназараудыралады. Тарихиперспектива «Ұлы Жібек жолы» тақырыбымен байланысты қарастыруға болады. Қазіргі және ерте замандағытамақтануменқазіргітамақтануарасындасалыстыружасалады. Оқушылардүкендерментамақөнімдерінсатыпалуды, үйжағдайындатамақдайындауды,сондай-ақҚазақстандаөндірілетіндәндідақылдар, жемістер, малменбалықеттерінталдайды.

Бұлбөлімөзінегеография, тарихжәнеқоғамтануэлементтерінбіріктіреді,тағамөнімдерініңтехнологиясыжәнетамақтану,сусындар, денсаулықсақтаумәселелерін пәнаралық байланыста қарастыруға болады. Тамақтыөңдеу, пайдалану (мысалысақтау, тасымалдаужәнет.б.) жәнедайындауқолданбалыбілімніңнегізгіаспектілеріболыптабылады.БарыншаауқымдымәндеҚазақстандаимпортталатынжәнеэкспортталатынтамақөнімдерінзерттеугемүмкінболады.



Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері


Мұғалімге арналған ескертпелер

Оқыту ресурстары


1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік


1.1.4.2 Тамақтану режимін сақтау қажеттілігін түсіндіру








Біз қалай тамақтанамыз?

(Ұ,МК,Т) Денсаулықты сақтауға нелер көмектесуі мүмкін? «Ас – адамның арқауы» дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай азық түрлері адам ағзасына пайдалы болуы мүмкін? Адам ағзасына қуат беретін азықтар (бал, қарақұмық, геркулес, мейіз, май), сүйектер берік болуына септігін тигізетін азықтар (ірімшік, балық еті, жұмыртқа, май, жаңғақтар), ағзаны дәрумендер мен минерелды заттармен қамтамасыз етуге ықпал ететін азық түліктер (жеміс-жидектер, көкөністер) бар.

Азық түлікті түрлендіріп белгілі мөлшерде тұтыну пайдалы бола ма? Әлде азық түліктің бір түрін пайдалану пайдалы болуы мүмкін бе екендігін топта талқылап өз ойын қорытындылауын ұйымдастырыңыз.

(Т) Түрлі жастағы адамдар үшін топта азық түліктер таңдап салауатты тағам дайындауды тапсырыңыз. Мысалы,

    • кішкентай сәбилер үшін;

    • ата-әжелер үшін;

    • балалар кеші үшін.

Біздің салауатты тағамымыз тек көкөніс және жемістен тұрады. Бүгінше етсіз болады. Шағын топта жұмыс істейміз; әр топ жоғарыда аталған үш топтың біреуі үшін салауатты тағам дайындайды.

(Т/Ұ) Әр топ өздері не дайындай алатынын ойлайды, топ баяндаушысы осы идеяны бүкіл сыныпқа жеткізеді. Екі-үш топ ұсынылған үш тапсырманың біреуін жеке орындайтындығын назарда ұстаңыз.

(Ұ/Т) Сыныпқа оларға өз тамақтарын дайындау үшін қандай көкөніс пен жемістерді пайдаланатыны туралы ойлануды тапсырыңыз. Топ баяндаушысы жазып оларды бүкіл сыныпқа жеткізеді. Оқушылар идеясын барлық сынып үшін жазып қойыңыз.

(Т) Әр топ үшін екінші тапсырма: тамақ пісіру үшін оларға қандай ас үй құралдары мен ыдыстар қажет екендігі туралы ойлану. Топтық пікірталастан кейін олар ойларын сыныпқа жеткізеді, мұғалім оларды жазады.



(Ұ) Түрлі тамақ пен сусын салынған пакетті үстелге қойыңыз. Оқушыларға тамақ пен сусындарды сатып алу төңерегінде болатындығын және алдарында тұрған пакеттерде олардың бірнеше түрі бар екендігін айтыңыз.

(Ж) Оларды жұптасып пакетте не бар екенін болжауды сұраңыз (олар өздері жақсы көретін тамақ пен сусын түрлерін атауы мүмкін). Оқушылар жауаптарына пікір білдіріңіз және оларды сыныппен талқылаңыз.

(Ұ)Бұл не? Оны қайдан сатып ала аламыз?

Пакеттен бір азықты суырып алуын немесе лото ойынындағыдай әр топтан бір оқушыдан шығып, кезекпен пакеттен азық-түлікті таңдайды. Басқа оқушылардан бұл затты анықтау мақсатында сұрақтар қояды. Қалай пайдалана алатынынсұрайды. Дұрыс тапқан жағдайдатаңдаған затты сыныпқа көрсетеді. Азық-түлікке қатысты ұсыныстарды талқылаңыздар. (Т) Оқушылардан пакеттен алынған өнімдер туралы әңгімелеуді және олардың ата-анасы одан не дайындауын қалайтынын сұраңыз. Әр топ мәзір ойлап тауып, ол туралы сыныпқа айта алады.

Тамақ пен сусын туралы не білгенін

қорытындылау.


Оқушыларды оқыту үдерісіне белсенді түрде қатыстырады, бұл жолы өлең айту және тиісті қимылмен көрсету арқылы.

Егер оқушылар жаза алса, бұны жазба жұмысы ретінде өткізуге болады.



Оқушыларға алдын ала қажетті тіс щеткасын, тіс пастасын алып келуді тапсырыңыз. Сыныпқа қол жуу үшін бірнеше флакон сусабын дайындаңыз. Практикалық жұмысты орындауы үшін арнайы шағын ыдыстар, бір рет пайдалануға арналған стакандар. Судың оқушыларға қолжетімді болуын жоспарлаңыз. Оқушылар бір-біріне қол жуу барысында су құбыр көзі болмаған жағдайда, жұпта кезекпен қолға су құйып көмектеседі. Халқымыздың қолға су құю мәдениеті туралы ой салуға болады.



Дұрыс тамақтану режимін белгілегенде тамақты адамның жасына, денсаулығына байланыстытаңдау қажет. Сонымен қатар уақтылы тамақтанған дұрыс. Ал беймезгіл уақытта тамақтану адамдардыңшектен тыс толысуына немесе ауруға шалдығуына әкеп соқтыруы мүмкін.

Таңғы асқа міндетті түрденан, жұмыртқа, сүт ішкен абзал.


Сөздер жинағы – тақта мен қағазда дене бөліктері, дене бөліктерімен карточка суреттер: қол, құлақ, көз, бет, саусақ, аяқ, алақан, тізе, табан, ауыз, мұрын, тістер.



Тақтада 12 торлы квадрат, онда дене бөліктерінің суреті/фотосы орналастырылған, оқушылар сөзді табады және тиісті суретпен қатар орналастыратын болады.

Дұрыс тамақтану ережесі.



Салауатты өмір салты туралы мәліметтер.



3.1 Көне мәдениеттер мен өркениеттер




























1.3.1.1 Көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу



1.1.1.4 тауар-ақша қатынасының қарапайым түрлерін түсіндіру


Ертеде қалай тамақтанған?

(Ұ) «Детектив» ойыны. Оқушыларға көне Тараз қаласының немесе Ұлы Жібек жолы бойындағы елдіңтұрғындарының дастарқанында қандай азық-түлік болғанын зерттеу керектігін хабарлаңыз.

Бізде бұл туралы оқулықтар, тақырыптық кітаптар мен суреттер, бейнежазбалар бар екенінкөрсетіңіз.Бірақ алдымен біздің ақпарат көздерінен табылған дәлелдер негізінде жауап беруге болатын сұрақтарды белгілеуіміз керек.



(Т) Сынып оқушыларын шағын топтарға ұйымдастырыңыз. Оқушыларға олар детективтер рөлінде карта, кітаптар мен картиналарды зерттейді. Ұлы Жібек жолы тұрғындары олардың дастарқанында қазіргі заман тағамының өнімдеріне ұқсас қандай азық-түлік болғанын табуды тапсырыңыз.

(Т) Топтан топқа өтіңіз және фотосурет немесе өз кітаптарында не көретіні туралы талқылауға қатысыңыз – егер қажет болса, оларға мазмұны мен тақырыптар реттілігін түсіну жөнінде көмектесіңіз. Оқушыларға талқылау барысында қолдау көрсетіңіз, ақпарат алу және ойды дамыту барысында көмек көрсетіп қолдау жасаңыз.

(Ұ/Ж) Ұлы Жібек жолы бойындағы елдерде қандай базарлар болуы мүмкін?

• Олар базарларында қандай тауарлар сатуы мүмкін?

• Ол тауарларды кім сатып алады?







(Ұ) Не өтілгенін қайталау үшін әр топ баяндаушысынан сыныпқа олар тапқан ақпаратты айтып беруін сұраңыз. Олар пакеттегіге ұқсас қандай да бір тауарлар тапқанын сұраңыз, сол кезде мен қазіргі уақытта өнім сатып алуда қандай айырмашылықтар болуы мүмкін, олармен салыстырғанда дүкендері қандай болған, сондай-ақ олар табуы мүмкін кез келген айырмашылықтар туралы сұраңыз. Сабақты қысқа шолумен аяқтаңыз: «Бүгін нені білдік?»

Бұл сабақты Ұлы Жібек жолы немесе көне Тараз қаласымен байланыстыруға болады.

Осы сабақты түрлі контексте немесе түрлі тарихи кезеңдердегі, мәселен, көшпенділер заманындағы тағамдар мен сусындарды зерттеу үшін қолдануға болады.



Сабақ оқушылардың деңгейіне сәйкес болу керек – олар детектив немен айналысатынын немесе «дәлел» және «ақпарат көздері» деген сөздерді білмеуі мүмкін.

Оқушылар үшін сызық-түлік, тағам суреттерін таңдау кезінде қазіргі фотосуреттер пайдаланыла алады, олар Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан ел тұрғындары тамақ пісіру үшін қандай өнім сатып алғанын көрсетуге көмектеседі. Бұл сабақ оқушыларды дәлел/болжам іздестіруге, талқылау/қорытындыларуға қол жеткізу, көне қалаларда базарлар рөлін түсіну мен дамытуға мүмкіндік береді.


Ерден атаның әңгімелері 4бөлім Ұлы Жібек Жолы:



https://www.youtube.com/watch?v=IUAXTTMJvTE











Ұлы Жібек жолы:



https://www.youtube.com/watch?v=9q-TjUpj1ak



Ұлы даланың көне шаһарлары – Тараз:

https://www.youtube.com/watch?v=OlIHK3ROaXI




  • сол кезде мен қазіргіуақытта өнім сатып алуда қандай айырмашылықтар болуы мүмкін?

Сабақты қысқа шолумен аяқтаңыз: «Бүгін нені білдік?»







Мен және менің отбасым






















































1.1.1.4 тауар-ақша қатынасының қарапайым түрлерін түсіндіру







1.1.1.5. Тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау


Дәмді әрі пайдалы

(Ұ) Қонақтарды күтуге арналған тамақ (немесе мәзір) ойлап табады. Оқушылар төртеуден топтасып жұмыс істейді. Әр топқа пайдалану үшін өнімдер таңдау ұсынылуы керек. Нақты атауымен оқушыларға тамақ суретін беріңіз.

(Ұ/Ж) Оқушыларға өз өнімдерімен не жасау керектігін ойлауы керектігін айтыңыз. "Рецепт" түсінігін беріңіз, олардан үйде тамақ дайындауға көмектесетіндіктерін сұраңыз, олар қандай тамақ дайындай алады? "Рецепт" түсінігін сөздік қорға енгізу.

(Ұ/Ж) Сол уақыт тағамдарын дайындауға болатын бірнеше тамақтар мысалдарын келтіріңіз, мысалы қандай сусын үшін арпа пайдаланылады. Пияз, қой еті және бұршақтан қандай тағам пісіруге болады?

(Ұ/Ж)Ас үй құралдарының суреттерін көрсетіңіз, мысалы балта, соғуға арналған балға, пышақтар, кесу тақтайлары, тамақ пісіруге пайдалана алатын кастрюльдер, табалар.

(Ж) Оқушылардан жұптасып тамақ үй жағдайында пісірілген жағдайда не болатынын ойлауды сұраңыз. Тамақты қайда дайындайды? Ол қалай сақталады? Оны қалай пісіреді? Қалай қуырады?

(Т) Мұғалім басшылығымен топтар оларға берген өнімдерді анықтауы керек. Осыдан кейін олар қандай өнімдер тамақ пісіруге жарайтыны туралы нақты анықтай алады.

(Т/Ұ) Топтар ойлап тапқан идеяларды талқылаңыз және қайсы азықты өзі ұнатып таңдайтынын дауысқа салыңыз.

МК,Ұ) Қазақ халқының қонақжайлылық дәстүрінің мағынасын ашатын мақал-мәтелдер қолданып, оқушылармен «Жақсы қонақ келсе, құт», «Қонақпен бірге ырыс келеді» т.б. мәтелдермен талқылау ұйымдастырыңыз.



(Ж) Өз отбасыңда келген қонақтарға қандай ұлттық тағамдар дайындайтынымен бөліс. Қандай қазақ халқының ұлттық тағамдарын білетінін атайды.



(Ұ) Әлем халықтарының асханасы қандай екенін білу мақсатында саяхатқа шығайық. Өздерің барғың келетін елді таңдаңдар. Бұл ел туралы ақпаратты қандай дереккөздерден табуға болады? Таңдаған еліміз қандай азық түліктерді көбірек пайдалануы мүмкін? Неліктен олай ойлайсың? Ол елдің асханасы туралы қысқаша ақпаратты қандай формада белгілеп алуға болады?


Оқушылар өздері тұтынатын тамақ пен сусындарға қатысты өздері не білетіндерін пайдаланып проблеманы шешуге қатысуы керек.

Азық-түлік пакетімен жұмыс істеу - осы тақырыпты оқытудың тиімді тәсілі болып табылады.

Бірқатар тәсілдер бар, онда мысалы оқушылар шыққан кезде қарамай біреуін шығарып және пакеттен бір тамақ өнімін/затты шығарып өнім сипаттамаларын анықтап/талдайды.

«Қайдан сатып алуға болады?» дүкен, супермаркет, базарда, және т.б. қамти алады.










Әрқайсысының астында төменде келтірілген жазулары бар. Қазақстанда өсірілетін түрлі дәнді дақылдылардың фотосуреттері:

    • Не үшін пайдаланады?


Егер мүмкін болса карточка ретінде фотосуретті басып шығарып ламинаттап тастаңыз.


Фотосуреттер сондай-ақ PowerPoint презентациясына жинала алады.


Оқушылардың жазбалары үшін орын дайындаңыз, оқушы атын, жоғары бөлігінде тақырып пен күнін жазуға орын қалдырыңызжазбалары үшін орын дайындаңыз.


1.1 Мен және менің отбасым

1.1.1.5 Тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау
















Қазақстанда жасалған



(Ұ) Сыныптан Қазақстан қандай тамақ пен сусын түрлерін өндіретінін біле ме? Оны не үшін пайдаланады? Республиканың қай өңірінен алып келеді? Егер олар білмесе, ақпаратты қайдан алуға/ білуге болады? Ортақ ой қалыптастыру үшін оқушылар берген жауаптарды пайдаланыңыз.

(Ж) Жұптасып Қазақстанда өндірілген тамақ өнімдері мен сусындардың фотосы/суретін қараңыз. Әр суретте нақты өнім не сусын берілген, үстінде «Бұл не?» және астында «Не үшін пайдаланады?» деген сұрақтар бар.
Оқушылар тамақ өнімінің атауы және оны пайдалану түрін жазады.

(Ұ) Сыныпқа әр суретке үш минут уақыты берілетіндігін, кейін олар оны келесі жұпқа беріп, жаңасын алатындығын ескертіңіз.

(Т) Оқушылар Қазақстанда өндірілетін тағам өнімдерінің әртүрі туралы түсінік алып кескіндеме/сурет бойынша жұмыс істейді.

) Оқушылар білгенін қорытындылап сабақты аяқтаңыз, егер мүмкін болса республиканың түрлі облыстарында не өндірілетіні көрсетілген Қазақстан картасымен таныстырыңыз.
















Сабақта Қазақстан оқушыларға тағам өнімдерін өндіруші ретінде таныстырылады: әр түрлі дақылдар, егіншілік (жемістер, жүзім мен алма) балық шаруашылығы, аңшылық.



Топтар арасында бір біріне шеңбер құрып сурет беру – оқушыларға бар ресурстармен тез әрі жемісті жұмыс істетудің тиімді әдісі.


Барлық сынып талқылауы кезінде оқушылар не білгендігі анықталады.


Бұл сабақ сондай-ақ осы тақырыпты тереңдетуге және «Қазақстанның түрлі облыстарында тағам өнімдері мен ауыл шаруашылығы» тақырыбына арналады.







Әрқайсысының астында төменде келтірілген жазулары бар Қазақстанда өсірілетін түрлі дәнді дақылдылардың фотосуреттері.


Егер мүмкін болса карточка ретінде фотосуретті басып шығарып ламинаттап тастаңыз.



Оқушылардың жазбалары үшін орын дайындаңыз, оқушы атын, жоғары бөлігінде тақырып пен күнін жазуға орын қалдырыңыз,жазбалары үшін орын дайындаңыз, оқушы

    • Бұл не?

Не үшін пайдаланылады?




«Дүниетану» пәні. Бастауыш сынып. 1-сынып

8--бөлім: Дені саудың – жаны сау

Осыған дейін меңгерілген білім

Алдыңғы бөлімдерде оқушылар «Дүниетану» бағдарламасындағы бірқатар аспектілермен танысты. Оқушылардың осы бөлімде қамтылған ақпарат туралы белгілі білімдері бар.

Мазмұны

Бұл бөлім оқушылардың білімі мен түсінігін кеңейтіп тереңдетеді, себебі денсаулық және қауіпсіздікпен байланысты салалар олардың өмірі үшін маңызды. Бөлімнің мақсаты – оқушылардың қауіпсіз және салауатты өмірі туралы түсініктерін дамыту, өздерінің қауіпсіздігі мен денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру. Оқушылар 2, 4, 5-бөлімдерінде алған ақпараттарын толықтырады. Салауатты өмір салты мен әл-ауқат туралы ақпаратқа бай қазақ тіліндегі әдебиет осы бөлім үшін ауқымды контексті қамтамасыз етеді.

Осы бөлімдегі «Дүниетану» пәнінің тілдік мақсаты

Оқушыларға пәндік мақсаттарға жетуге көмек үшін сәйкес ғылыми тілдегі тілдік мақсаттың үлгісітөменде берілген.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Оқушылар:

Денсаулық пен қауіпсіздікке қатыстыәлеуметтік және жеке мәселелерді анықтай алады

Келесі:

  • стоматолог;

  • тамақтану рационы;

  • дәрігер;

  • денсаулық және қауіпсіздік;

  • денсаулық мәселелері мен проблемалары;

  • гигиена;

  • жекежауапкершілік,өзін-өзікүту;

  • басқаларға күтім.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Біздер өткен сабақта нені білдік?

  • Дене мүшелерін атай аласыз ба?

  • Денің сау болуына не әсер етеді? Дене сымбаттылығын қалай сақтайсыз?

Басқа тілдік мақсаттарды қою үшін және ғылыми тілді дамытуға қатысты қосымша нұсқаулықты жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімді қараңыз.

Қысқаша шолу


Бұл бөлімде оқушылар денсаулық және жеке бас қауіпсіздігі туралы түсінеді. Жеке бас денсаулығы және оны сақтау жолдарын байланыстыра алады. Сонымен қатар қоршаған ортадағы қауіп түрлерімен таныстырып, олардан сақтану жолдары беріледі. Бұл бөлім «Өзін өзі тану» және тіл сабақтарымен байланысты.





Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері


Мұғалімге арналған ескертпелер

Оқыту ресурстары


1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік


































1.1.4.1 Жеке бас гигиенасын сақтау маңыздылығын дәлелді түрде түсіндіру


Денің сау болсын десең

(Ұ) Оқушыларға өткен сабақта тамақ пен сусын туралы не білгенін еске түсіріңіз.

Оқушыларға ауру, әлсіз күшік суретін көрсетіңіз. Оқушыларданкүшік сауығып кеткеніне көз жеткізу үшін не істеу керектігін сұраңыз. Сұрақтарды таңдап, орларды талқылаңыз және жұлдыз немесе концепт-карта түрінде диаграмма құрып тақтаға орналастырыңыз.

Оқушыларға ауру күшіккеұқсамау үшін не істеу керектігі туралы білетін болатындықтарын айтыңыз.

(Ұ) Суретті талқылағаннан және денсаулықты сақтауға әсер ететін факторларды анықтағаннан кейін сыныпқа «Кім миллион алады?» ойынын «Қалай дені сау болуға болады?» тақырыбында ойын өткізуді бастайтыныңызды айтыңыз.

(Ұ) Ойынды және оның ережелерін түсіндіріңіз. Оқушылар жұптасып ойнайды.

(Ж) Әр жұп сұраққа өз жауабын таңдайды. Олар жауап парақтарын толтырады, дұрыс жауапты белгілейді. Әр раундтан кейін талқылауды бастаңыз, содан кейін келесісіне өтіңіз. Осылай ойын аяқталғанға дейін немесе сабақ соңына дейін талқылауға уақыт қалғанға дейін жалғастырыңыз.

(Ұ) Сау болып қалу үшін не істеу керектігі тақырыбы бойынша сыныпта оқушылар жауаптарын талқылаңыз. Оқушылар жұптасып ұсынылып отырған сауалдарды өзара талдап, бір-бірлеріне түсіндіреді.

(Т) Олардың қаншалықты дұрыс ұғынғандарын білу мақсатында сыныпта «қолды дұрыс жуу» дағдысының қалыптасуы үшін тренингісін өткізіңіз. Ол үшін әрбір топқа «қолды дұрыс жуу ережесін»құрастыру тапсырмасын беріңіз.



Осы тапсырманың басты идеясы викторинаны оқушыларды қызықты, интерактивті, ойды дамытатын ойынға тарту үшін пайдалану болып табылады. Викторина сұрақтары арқылы мұғалім оқушыларды салауатты тамақтану және дұрыс диета, жеке бас гигиенасы туралы таныстырып, алдыңғы бөліммен байланысты қамтамасыз етеді.

Бұл әдіс өте жақсы. Ойын оқушыларға ұнайды, ол оқуға ынталандыратын көп ақпарат санын беруге көмектеседі.

Ауру күшік суреті арқылы сау және әл-ауқат идеясымен таныстырып мұғалім оқушыларға «Қалай дені сау болуға болады?» тақырыбына қатысты өз идеяларын табуға көмектеседі.



Өте науқас және әлсіз күшіксуреті.

«Кім миллион алады?» ойынында пайдаланған сұрақтар сыныпқа арналған викторинаның негізі бола алады. Олар оқушыларға сау болып қалуды түсінуге көмектесетін элементтерді қамтуы керек. Сондай-ақ, олар қазақ тағамдары мен сусынына бейімделуі керек.

Қазақстандықтар сау болуына көмектесетін факторлар тізімі.

Оқушылардың әр жұбына жауап толтыруға арналған парақ










1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
















































































1.1.4.1 Жеке бас гигиенасын сақтау маңыздылығын дәлелді түрде түсіндіру












































Тазалық денсаулық кепілі

(Ұ) «Гигиена» ұғымы туралы қысқаша қайталатыңыз. Жеке бас тазалығы дененің сымбатты болуына ықпал ете ме? Қандай жеке бас гигиенасын сақтауға арналған құралдарды білетінін атауын өтініңіз. Сынып оқушылары дене мүшелерін қалай таза сақтауға болатыны туралы өз тәжірибесімен бөліседі.

(Т) Оқушылармен тазалық сақтау туралы өлеңдерді топта бірге оқиды және қимыл арқылы көрсетеді. Тіс күтімі, дене тазалығын сақтау туралы өлең жолдарын оқып, оларды таза сақтаудың маңыздылығы туралы ойларын топта бөліседі. (Т) Топта оқушылар қол жуу, тіс тазалау т.б. нұсқаулығы және оған сәйкес суретті табуы, постерге жабыстыру тапсырмасын орындау керек.

(Ө, Ж) Қол жуу немесе тіс тазалауды практикада орындауды тапсырыңыз. Тамақтану режимі

(Ұ) Өткен сабаққа қысқаша шолу жасаңыз. Суретті көрсетіп, тамақтану режимінің орындалу ретін балаларға көрсетіңіз. Оқушылар өздері тауып, өз ойларынша әңгімелеп айтып берулері тиіс. Мысалы: таңғы аста ішілетін тағамның орны ауысып кеткен болса оқушылар анықтау қажет.

Біздің салауатты тағамдарға нелер жататынын болжам жасасын, Өз ойларын түрлі дереккөздерден мағлұмат алып негіздеуге қолдау көрсетіңіз.

(Т) Оқушыларды шағын топтарға топтастырыңыз. «Дүкен» ойынын ұйымдастырыңыз. Әр топқа түрлі азық түлік түрлерін таратып беріңіз. Мысалы. шырын, чипсы, роллтон, сүт өнімдері мен нан өнімдері т.б. қаттамадағы азық түрлері. Әр топ азық түліктердің сыртқы мұқабасынан ақпаратты тауып оқиды. Дүкеннен азық түлік сатып аларда неге назар аудару қажеттігін талқылаңыздар.

Азық түлік түрлерімен танысу үшін уақыт беріңіз.

Әр топ азық түліктерді таныстырады. Ағзаға пайдасы мен зиянын болжайды. Азық түліктер бойынша постер жасауына уақыт болған жағдайда, топтық жұмысты жалғастыруға болады.Топқа ұнаған азық түлікке жарнама ойластыру.

(Т) Әр топ өз азық түліктерін таныстырады. Топ мүшелері барлығы азық түлікті жарнамалайды.

(Ұ) Сынып оқушылары арнайы стикерлерді қолданып ұнатқан азық түлігіне таңдау жасайды. Таңдауының себебін түсіндіреді. Нәтижесі бағанды диаграмма түрінде беріледі.


Оқушыларды оқыту үдерісіне белсенді түрде қатыстырады, бұл жолы өлең айту және тиісті қимылмен көрсету арқылы.

Егер оқушылар жаза алса, бұны жазба жұмысы ретінде өткізуге болады.





Оқушыларға алдын ала қажетті тіс щеткасын, тіс пастасын алып келуді тапсырыңыз. Сыныпқа қол жуу үшін бірнеше флакон сусабын дайындаңыз. Практикалық жұмысты орындауы үшін арнайы шағын ыдыстар, бір рет пайдалануға арналған стакандар. Судың оқушыларға қолжетімді болуын жоспарлаңыз. Оқушылар бір-біріне қол жуу барысында су құбыр көзі болмаған жағдайда, жұпта кезекпен қолға су құйып көмектеседі. Халқымыздың қолға су құю мәдениеті туралы ой салуға болады.

Сөздер жинағы – тақта мен қағазда дене бөліктері, дене бөліктерімен карточка суреттер: қол, құлақ, көз, бет, саусақ, аяқ, алақан, тізе, табан, ауыз, мұрын, тістер.

Бұл сөздер қорабы үшін негіз бола алады (сөздік).

Тақтада 12 торлы квадрат, онда дене бөліктерінің суреті/фотосы орналастырылған, оқушылар сөзді табады және тиісті суретпен қатар орналастыратын болады. Дұрыс тамақтану ережесі.



Салауатты өмір салты туралы мәліметтер.

Интернет ресурстар.








1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
















































1.1.4.3 үйдегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру

















1.1.4.6 шұғыл көмек қызметтерін біледі және олармен хабарласу жағдайларын анықтау









1.2.1.2 табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін сақтаудың қажеттілігін түсіндір

Үйдегі қауіпсіздік ережелері

(Ұ) Алдыңғы екі сабақты еске түсіріңіз – сыныптан «Денсаулығы мықты болу» деген сөз нені білдіретінін сұраңыз. Олармен дене жаттығуларының қажеттілігін, ұйықтау үшін жеткілікті уақыт, жеке бас гигиенасы, бос уақытты дұрыс пайдалана білуді талқылаңыз. Сау болу үшін сақтық жасау керектігі туралы сұраңыз.

(Т) Оқушыларды топқа бөлінуді және күнделікті өмірде - үйде және мектепте қандай қауіпке ұрынуға болатынын болжауды сұраңыз.

(Ұ) Олар жауапты бола алатын әрекетті қарастыруды сұраңыз, үй мен мектепте қауіпсіздік ережелерін сақтау маңыздылығын атап кетіңіз және сыныптың ұжымдық жауапкершілікті қалай бөлісетіні туралы айтыңыз. Жауаптарды жинаңыз және оларды мынадай топтарға бөліңіз:

1. Айналамызда – қоршаған ортадағы қауіп.

2.Үйде – үй ішіндегі қауіп.

Үйде сақ бол!

(Ұ) Сұрақ-жауап арқылы үйдегі қауіпсіздік түсінігі таныстырылады. Басты сұрақтан бастаңыз:

-Сіздің үйде/пәтерде немесе басқа адамдармен болған қауіпті оқиғалар туралы айта аласыз ба? Жауаптарды параққа жазыңыз, жұмыс кезінде туындайтын кез келген сұрақты талқылаңыз. Жауаптарын оқушылар үйде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін басқа адамдармен болған кезде қажетті іс-әрекеттірді баяндайды.

(Ж) Оқушыларды жұпқа бөліңіз, онда олар сәйкестікке жаттығулар орындай алады (басы мен соңын табу). Егер оқушылар кесілген қағаз беттерімен жұмыс істесе, олар оны «Үйдегі қауіп» атты атаумен үлкен қағазға желімдей алады.

Үйде қауіпті жағдай орын алғанда қандай телефон номеріне қоңырау шалу керек екенін еске түсіріңіз

Айналадағы қауіп-қатер

(Ұ) Сыныпқа алдын ала жұптасып жұмыс істейтінін түсіндіріңіз, оларға жұмыс парақтарды көрсетіңіз. Содан кейін олардың өздерін қай жерде қауіпсіз сезінетінін біліңіз және қай жерде қауіп болуы мүмкіндігін айтыңыз. Қандай қауіптер болуы мүмкіндігін талқылаңыз, жол мен судағы қауіптер жеке қарастырылатынын айтыңыз.

(Ж) Жұптағы бір оқушы «Өзін қауіпсіз сезіну» кестесі, екіншіоқушы «Қауіп-қатер»кестесі бойынша жұмыс істейтінін хабарлаңыз, оларға жұмыспарақтарын үлестіріңіз. Жұпта өзара пікіралмасып, жұмыстарын таныстырады.

(Ұ) Мұғалім бүкіл сыныппен талқылау өткізеді, оқушылар ықтимал қауіп-қатерлер туралы өз жауаптарында белгілегендерді қорытындылайды.

Жолда сақ бол!

(Ұ) Оқушылардың оларды жолда күтіп тұратын қауіптер туралы білімін пайдаланып сабақты бастаңыз.

(Ж) Оқушыларды жұпқа бөлінуді сұраңыз, онда олар мектепке барар жолда қауіпсіздік ережелері туралы плакат құру үшін өз білімдерін пайдаланады.

(Т) Топта саяхатқа шыққан жағдайда жолда жүру ережесін сақтау туралы нұсқаулық жасаңдар. Әр топ өз жұмыстарын таныстырады.

(Ұ) Су маңында сақ бол!

Оқушылармен кестеде қандай қауіптер белгіленгенін талқылаңыз. Осы талқылауды ұйымдастыру үшін ең тиімді техниканы қолданыңыз, оның ішінде көшеде немесе теледидарда көре алатын ақпаратты пайдалана отырып.

(Ж) Оқушыларды жұптасып нені қауіпті және нені қауіпсіз деп санайтынын талқылауды сұраңыз.

(Т) Жауаптармен жұмыс істеңіз - қауіпті жерде қауіпсіздік шараларын қалай жақсартуға болатыны туралы сұраңыз.Көпшілік орындарда орналастыру үшін ескерту белгілерін ойлап жасауды тапсырыңыз. Әр топ оқушылары жыл мезгілдеріне байланысты жолда және су маңындағы қауіпсіздік шараларына арналған белгілерді ауа райы ерекшеліктерін ескере отырып құрастыруды сұраңыз. Бұл белгілер суреттен тұруы мүмкін – бұл қандай сурет, сондай-ақ жалпы қабылданған белгілер екендігі туралы ойланыңыз.

(Ұ) Сабақты қорытындылап, сыныппен қауіпті кездестіруге болатын төрт орын туралы еске түсіріңіз және олардан осы тақырыпты өткенге дейін өздерін қалай қауіпсіз сезінетіндігін сұраңыз.



Қосымша сіздер осы идеяны сынып пен мектепте қауіпсіздікті зерттеу үшін өзіңізше дамыта аласыз.





















































































Бұл жаттығу оқушыларды күнделікті кездесетін қауіптермен және қауіпсіздік ережелерімен таныстырады.

Мұғалім тапсырманы барлық сыныпқа немесе оқушыларды топтарға бөлу туралы шешім қабылдайды. Екінші жағдайда сыныпты екі топқа бөліңіз, оларға түрлі тапсырма беріңіз, ал талқылау кезінде оларға бір-бірімен өз бақылауларымен бөлісуді сұраңыз.

Бұл жаттығуда қоршаған орта қауіп болатын немесе керісінше жайлы және қауіпсіз орындар туралы баяндайтын халық ертегілері мен әңгімелерді пайдалануға болады.

«Айналамыздағы қауіп-қатерлер» тақырыбы бойынша жергілікті қоршаған ортаны зерттеуге және мұғаліммен бірге әлеуетті қауіпті орындарды, сондай-ақ өзін қауіпсіз сезіне алатын орындарды табуға болады.

Қосымша тапсырма – жұптар топқа жиналып өз кестелерін талқылай алады.

Мұғалімнің жұмыс схемасы осы жаттығуда қалған үш жұмысшы парақтар үшін қайталанады

Жолда сақ бол! – оқушыларды жолдағы қауірпсіздік ережелері туралы плакат жасауға ынталандыратын, өзгермелі, интерактивті сессия.

Су маңында сақ бол! - әдеттегі қиылысқан жаттығу. Егер уақыт болса, оқушылардан мүмкін қауіптіттегі қиылысқан жаттығу. Егер уақыт болса, оқушылардан мүмкін таландыратын, өзгермелі

барлық елде жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілері бірдей екеніне оқушылардың назарынаударыңыз.



Әр зерттеу саласына жұмыс үшін төрт парақ

Үлкен қағаз парағы, желім-қарындаш, қайшы

Толтырылған парақтарды (оқушы жұмыстарын) ілуге арналған орын.

«Жер сілкінісі. өрт, су тасқыны, сел, көшкін және төмен температуралар кезінде не істеу керек?» Оқу құралы. Юнисеф, 2013































Жолда сақ бол! – оқушыларды жолдағы қауірпсіздік ережелері туралы плакат жасауға ынталандыратын, өзгермелі, интерактивті сессия.

барлық елде жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілері бірдей екеніне оқушылардың назарын аударыңыз.

Жолда сақ бол! – оқушыларды жолдағы қауіпсіздік ережелері туралы плакат жасауға ынталандыратын, өзгермелі, интерактивті сессия.

Барлық елде жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілері бірдей екеніне оқушылардың назарын аударыңыз.







1 жұмыс парағы – [бір A4 парағы, онда оқушы суретіне арналған төртбұрыш салынған]

Қоршаған ортада сақ бол!

Аты Күні

Өзіңізді қай жерде қауіпсіз сезінесіз?

Өзіңізді қауіпсіз сезінетін көшедегі бір орын туралы ойланыңыз. Оны осы жерге салыңыз:





2 жұмыс парағы – [бір A4 парағы, онда оқушы суретіне арналған төртбұрыш салынған]

Қоршаған ортада сақ бол!

Аты Күні

Қауіп қай жерде болуы мүмкін?

Қауіпті болатын көшедегі орын туралы ойлаңыз. Оның суретін салыңыз:








3Aжұмыс парағы: Үйде сақ бол!

Аты Күні

Сөйлем басы мен соңынсәйкестендіріңіз. Үйдегі қауіп туралы әңгіме шығатындай бір парақ қағазға өз сөйлемдеріңізді жазыңыз.


Ас үйде бір затты ұстар кезіңде сақ бол, себебі...

құлап қалуың мүмкін.


Жоғарыда орналасқан затты алу үшін орындықты қолданбаңыз, себебі...

қысылып қалып, саусақтарыңды ауыртып алуың мүмкін

Ересек адамның көмегінсіз пышақты қолданба, себебі...

тайып кетіп құлап қалуың мүмкін.

Өз ойыншықтарыңды баспалдақта қалдырма, себебі...

бір жеріңді кесіп алуың мүмкін.

Есік және терезені ашып-жапқандақолыңды байқа, себебі...

кастрөлмен плита қақпақтары ыстық болып күйіп қалуың мүмкін.


3B жұмыс парағы: Жолда сақ бол!

Аты Күні

Жолда қауіпсіздік ережелерін көрсететін постер жасаңыз:

  • Жолдан өту үшін қауіпсіз орынды тап.

  • Екі жағыңа қара және тыңда.

  • Жол бос болған кезде, жылдам өт.





4 жұмыс парағы:Су маңындасақ бол!

Аты Күні

Егер ол жер қауіпсіз болса картина жанына √ белгісін қой немесе қауіпті болса X белгісін қой

Сурет - Жүзу жеңдері бар оқушы


Сурет – оқушы құз шетінде, қауіпті жерге жақын тұрып, балықтарға жем шашып тұр


Сурет – көл жағасындағы ескерту жалауы

Жүзу жеңдері

Балыққа жем шашу

Ескерту жалауы


сурет – оқушы қолында қармақ, балық аулап отыр


сурет – оқушықауіпсіздік кеудешесін киіп каноэда отыр

Балық аулау


Каноэда жүзу


сурет – тізесі жарақаттанған оқушы


қоқысүйіндісі жанында ойнап жүрген балалар

Аяқтағы жарақат

Қоқыс үйіндісі



Қысқа мерзімді жоспар



Сабақ жоспарының шаблоны


Сабақты жоспарлаудан бұрын орта мерзімді жоспарды қараңыз. Сабақ жоспарын ұсынылған үлгі негізінде әзірлеуге болады.

Пән:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы




Осысабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме)


Сабақ мақсаттары

Сабақмақсаттарынанықтапалыңыз. Олароқумақсаттарымен (ОМ) бірдейболуынемесеОМұзақмерзімдісипаттаболса, нақтыосысабаққабейімделгенболуымүмкін (ОМқолжеткізуүшінбірнешесабаққажетболғанжағдайда)

Барлық оқушылар:



Көптеген оқушылар:



Кейбір оқушылар:

Бағалау

критерийлері

Формативті (қалыптастырушы) бағалау (ФБ) бойынша мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулықтар құжатынан таңдап алынған ОМ үшін бағалау критерийлерін көшіріп алыңыз.

ФБ үшін таңдап алынбаған ОМ үшін бағалау критерилерін өзіңіз құрастырыңыз.

Тілдік мақсаттар


Тілдік емес пәндер үшін құрастырылады.



Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз



Пәнге тән лексика мен терминология:



Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:


Құндылықтарды дарыту




Осы сабақта балалардың бойына сіңіруге арналған кіріктірілген оқу бағдарламасындағы құндылықтар мен ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтарды көрсетіңіз.

Құндылықтарды дарыту … арқылы/көмегімен жүзеге асады (іс-әрекетті және/немесе тақырып мазмұнын сипаттау).

Пәнаралық байланыстар

Ықтимал пәнаралық байланысты әріптесіңізбен талқылаңыз немесе дереккөздерге жүгініңіз.

Сабақта пәнаралық кіріктірілу қалай жүзеге асырылатынын көрсетіңіз (іс-әрекет және/немесе мазмұн арқылы)

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта оқушылар қандай АКТ дағдыларын дамыта алатынын көрсетіңіз

Бастапқы білім


Оқушылар бастапқыдан нені біледі немесе осы сабақ алдында олар нені білуі керек? (негізгі ұғымдар, фактілер, формулалар, теориялар)

Бұрыннан бар білімді қалай белсендендіре аласыз?

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Сабақбасында:

- оқушылардыңзейініншоғырландыруға

- оқушыларменбіргесабақмақсаттарын/ОМанықтапалуға

- оқушылардың «жақындамуаймағын», сабақсоңындакүтілетіннәтижелердіанықтауға

көңілбөлуқажет


Сабақтың ортасы


Сабақмақсатынаорайбарбілімдердіқалыптастырумендағдылардыдамытуғабағытталғаніс-әрекет.

Іс-әрекетбарысындаақпараттыталдаужәнеөңдеу, зерттеу, практикалықжұмыс, проблемалықжағдаяттардышешуарқылыоқушылардыңбойындабіліммендағдыларқалыптасадыжәнедамиды


Сабақтың соңы

Сабақсоңындаоқушыларрефлексияжүргізеді:

- ненібілдім, неніүйрендім

- ненітолықтүсінбедім

- немен жұмыстыжалғастыруқажет



Оқушыларөздерініңжұмысыменсыныптастарыныңжұмысынбелгілібіркритерийлербойыншабағалайалады


Саралауоқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы


Саралауіріктелгентапсырмалар, нақтыбіроқушыданкүтілетіннәтижелер, оқушығадербесқолдаукөрсету, оқуматериалдарыменресурстарыноқушылардыңжекеқабілеттерінесепкеалаотырыпіріктеу (Гарднердіңжиындықзияттеориясы) түріндеболуымүмкін.

Саралаууақыттыұтымдыпайдаланудыесепкеалаотырып, сабақтыңкез-келгенкезеңіндеқолданылаалады

Бұлбөлімдеоқушылардыңсабақбарысындаүйренгенінбағалауүшінқолданатынәдіс-тәсілдеріңіздіжазасыз

Денсаулықсақтаутехнологиялары.

Сергітусәттеріменбелсенді іс-әрекеттүрлері.

ОсысабақтақолданылатынҚауіпсіздіктехникасыережелерініңтармақтары


Сабақбойыншарефлексия


Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба? ОқушылардыңбарлығыОМқолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме?

Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма?

Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен?

Бұлбөлімдісабақтуралыөзпікіріңіздібілдіруүшінпайдаланыңыз. Өзсабағыңызтуралысолжақбағандаберілгенсұрақтарғажауапберіңіз.


Жалпыбаға



Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?