| Бөлім: | 5-бөлім. Кәсіп - бақыттың шырағы. Еңбек - ырыстың бұлағы. |
| Педагогтің аты-жөні: | |
| Күні: | |
| Сыныбы: 8 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
| Сабақтың тақырыбы: | Еңбек ер атандырады. |
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: | 8.1.4.1-орта көлемді прозалық,драмалық және поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау; 8.2.1.1-тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрау. |
| Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар үшін: орта көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдайды, тақырыбы мен идеясын талдай алады; Көпшілік оқушылар үшін: тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрай алады. Кейбір оқушылар үшін: сыни ой-пікірін дәлелдер келтіріп айта алады. |
| Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
| Сабақтың басы Қызығушылықты ояту 7 мин. | Ұйымдастыру кезеңі: (Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру. Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру. Топтастыру. | Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру: Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру. I -Үшбұрыштар тобы II - Дөңгелектер тобы III -Төртбұрыштар тобы | Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру. Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады. | Фигуралар салынған конверт |
| Жаңа сабаққа кіріспе | (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Сұрақтар: Оқушылар сабақ тақырыбы бойынша бір-біріне өздері сұрақ қояды. | Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады. Өз ойымен бөліседі. | Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар қойылады. | Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. |
| Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 2 6 мин. | 1-тапсырма Жеке жұмыс 2-тапсырма Жеке жұмыс Оқушыларға тапсырманы орындатады. Пікірлерін сұрайды. Кері байланыс береді. | Айтылым Мақал- мәтелдің жалғасын табады. Жазылым Сурет бойынша сөйлем құрайды. «Синквейн» стратегиясы бойынша еңбек сөзіне бес жолды өлең құрастырады. | Дескриптор: -жалғастырады Жалпы – 3 балл. Дескриптор 3 балл -баяндайды -салыстырады -ойын айтады | 8-сынып оқулығы Жұмыс дәптерлері Интербелсенді тақта |
| Топтық жұмыс | 3-тапсырма Топтық жұмыс Мұғалім оқушыларға ережені түсіндіреді, мысал келтіру арқылы нақтылайды. 4-тапсырма Жеке жұмыс 5- тапсырма Жұптық жұмыс Ойтаразы Жеке жұмыс | Оқылым Айтылым Мәтінді мәнерлеп оқиды, топқа бөлініп, негізгі ойды анықтайды. Қай стильге жататынын айтады. Жазылым Сөздерді пайдаланып, сөйлем құрайды. Бәсекеге қабілеттілік, бизнес- орта, берекелі ел, маңдай тер, жетістік. Жазылым Диалогты тыңдап, мәтіндегі ақпаратпен толықтырады. Әрі қарай сұхбатты парталасымен жұптасып жалғастырады. Айтылым «БББ» кестесі арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөліседі. | Дескриптор: -идеясын анықтайды -талдайды Жалпы - 5 балл. Дескриптор 3 балл -сөйлем құрайды. -өз ойын білдіреді. Десркиптор 4-балл -сұхбаттасады -сұрақ дайындайды. Дескриптор 3 балл -қорытынды жасайды. | 6-сынып оқулығы Жұмыс дәптерлері Диаграмма Суреттер топтамасы Презентациялық слайдтар |
| Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин. | «Аяқталмаған сөйлем» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. | Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім. - бүгін сабақта қуантқаны..... - мен өзімді.....үшін мақтар едім. - маған ерекше ұнағаны..... - сабақтан соң маған........келді - бүгін маған..........сәті түсті. - қызықты болғаны..... | Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың! Жақсы! Талпын! Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. | |