Ересек тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні : 28.10.2019
Тәрбиеші :
Білім беру саласы : Коммуникация
Пән : Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып : "Бірге жұмыс істейміз"
Тақырыбы / Тема: "Сары алтындай сары күз!"
Мақсаттары / Цели. Мақсаты:
1. Тәрбиелік – воспитательная : Әдемілікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу. Күз туралы түсініктерін кеңейту.
2.Дамытушылық – развивающая Балаларды затқа қарап,немесе көз алдарына елестету арқылы әңгіме құрастыруға қалыптастыру. Күзгі табиғат құбылыстарын ерекшеліктерін әсерлі қабылдауын қалыптастыру.
3. Оқыту – обучающая :«Күз»тақырыбында әңгіме құрауға,тындай білуге үйрету
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, ,
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение кітап, қарандаш,суреттер.
Көп тілділік полиязычие:
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетінің күз мезгілі туралы. Көзімізді жұмып күз мезгілін көз алдымызға елестетіп көрейік.
Күз туралы сурет бойынша әңгіме жүргізу.
Балалардың жауаптары:
- Балалар мектепке, балабақшаға бара жатыр.
- Пісіп тұрған алма, жерге түсіп жатқан жаңғақтарды көруге болады.
- Ағаштардың жапырақтары сарғая бастаған.
2. негізгі бөлім
Тірек сұрақтар:
1. Қазір қай мезгіл?
2. Күз екенін қайдан білдіңдер?
3. Неліктен жомарт күз дейміз?
4. Күздегі адамдар еңбегінен не білесіңдер?
5. Неліктен күзді жақсы көресіңдер?
6. Күз туралы не білесіңдер?
7. Күз айларында ағаштарда қандай өзгерістер болады? «Ненің жапырағы?» дидактикалық ойыны.
Егіс алқабы - бидай, тары, жүгері, арпа сияқты дәнді дақылдар өсетін дала.
Қырман - астық бастыратын, тазалайтын ашық алаң.
ә) Бидайдың сабағының суретін салу.
б) Жұмбақты шешу. Шешуі: бидай.
Жұмбақ жасыру
Төбеден төнеді
Тамшысын төгеді
Сол кезде ой қаулап
Жемістер өнеді (жаңбыр)
Біз кішкентай балдырған,
Сескенбейміз жаңбырдан.
Төбемізде қолшатыр,
Алдымызда жол жатыр.
Жаңбыр қай мезгілде көп жауады ?
Күзгі жаңбыр бейнеленген суретке балалардың назарын аударып,акварел бояумен жаңбырдың суретін салады. Суретті салу ретімен таныстырып , жұмыс жасауға бағыт беру
Сұрақтарға жауап береді
Балалар серуен кезінде жинаған жапырақтарының қандай ағаштікі екенін ажыратады.
Бидайдың суретін салып, жұмбақтың шешуін табады.
Ағаштар күз мезгілінде жаңбырды қажет етеді. Қыс бойы суғарылып, көктемге дейін тәтті ұйқыда болады.
Рефлексивтік-
түзетушілік
Қорытынды.
Тәрбиеші М. Әлімбайдың «Алтын күз» өлеңін оқиды, сөздік жұмысын жүргізеді, сұрақтар қояды.
М Әлімбай «Алтын күз» өлеңін оқу
Сарғайды тоғай
Сап-сары маңай
Соңғы әнін айтып
Құс кетті қайтып
Мадақтау. Күзде жауын бұлт тұман
Сары жапырақ жауады
Жердің бетін әсемдеп
Сары кілем басады
Балалар осы оқу іс әрекетінен үйренгендерін естеріне түсіріп жауаптар береді.