СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Есеп 2019-2020 оқу жылдың , 1-ші жарты жылдық

Категория: Музыка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Для педагогов дополнительного образования

Просмотр содержимого документа
«Есеп 2019-2020 оқу жылдың , 1-ші жарты жылдық»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

№ 1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ- ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ




























«Жеке пәндер әдістемелері»пәндік – циклдік

комиссиясінің оқытушысы Рысбаева Г.Ж.






Алматы,2019 ж




1Алматы қазақ мемлекеттікгуманитарлық педагогтік колледж оқытушысы Г.Ж.Рысбаеваның 2019-2020 оқу жылдың І жарты жылдық «Ырғақ» ,«Музыка, музыкалық білім беру әдістемесімен» пәндері, «Музыкалық аспапта ойнау» факультатив бойынша жұмыс

Есебі.


1)Марапаттары:

Жастар арасында өткен «Жұлдызды қолтаңба» ІІІ Республикалық өнерпаздар байқауына қатысып, үздік өнер көрсеткені үшін, Құрманғалиева Диана Маратқызы ІІ орын және лауреат атағын алды. 2019

1 АҚМГПК –нің «Жеке пәндер әдістемелері» ПЦК нің «Білім берудегі қазіргі инновациялық технологиялар болашаққа деген жарқын қадам» атты декадасында колледждің рухани әлеуметтік даму жолында қол жеткізген табыстарымен жаңартылған білім беру мазмұны бойынша өз білімдерін көрсетіп, жоғары белсенділік танытып, аса жауапкершілікпен және шығармашылықпен қосқан үлестері үшін колледж ұжымы 41бш, 31бш,41м, және т.б. топтарына алғыс білдірді.2019

Білім саласында өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жоғарғы көрсеткіштері мен жемісті еңбегі және кәсіподақ қозғалысын дамыту мен нығайтуға белсенді үлес қосқаны үшін Рысбаева Гульнара Жанатовнаға Алматы қалалық жергілікті кәсіптік одағы бірлестігі ,«Ұстаз» кәсіподағының төрағасы К.Назарбетов Алғыс білдірді.2019

USTAZ tilegi Республикалық ұстаздар сайтында белсенділік танытқаныңыз үшін шын жүректен алғыс білдірді.2019

USTAZ tilegi Құрмет грамотасы. Білім саласының дамуына қомақты үлес қосып, Республикалық ұстаздар сайтында көрсеткен белсенділігі үшін марапатталды 2019

2) Куәлік:

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, А.Селезнев атындағы хореографиялық училищесі. Курс- семинар куәлігі.72 сағат. Тіркеу 148/11-19. Алматы, 3-8 ноября 2019


3) Кафедрада (ПЦК, колледж) атқарылған істер

1 АҚМГПК –нің «Жеке пәндер әдістемелері» ПЦК нің «Білім берудегі қазіргі инновациялық технологиялар болашаққа деген жарқын қадам» атты декадасында колледждің рухани әлеуметтік даму жолында қол жеткізген табыстарымен жаңартылған білім беру мазмұны бойынша

04.12.19ж. №1 АҚМГПК «СLIL технологиясы» бойынша Мастер класс өтті. Махатма Ганди атындағы №92 лицей Робототехник балаларды шақырдым. Oлар: оқушылар арасында «ІІТU Robokon GAMES 2019»жеңімпаздары, «Жаңа Астана» және Халықаралық ІТU Универсеттерінің Гранд сертификаттар иегерлері,9, 11 сынып оқушылары.

09.12.2019ж. №1 АҚМГПК «Рухани құндылықтар» тақырыбында галлерея өтті. «Музыкалық аспапта ойнау» факультатив қатысушылары өнерлерін көрсетті

12.12.2019ж. №1 АҚМГПК «Өмірім- өнерім» тақырыбында Халықаралық ТURAN сыйлығының лауреаты Данияр Сарбасовпен Кездесу өтті. Домбырашылар ансамбілі Қ.Сағырбаев «Адай», 131 топ студенті Кенжебек Аружан Қайратқызы Ш.Қалдаяқов әні «Отырар тойы» орындады

13.12.2019ж. №1 АҚМГПК Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Абай жолы» сахналық қойылымда 41 бш, 31бш топтар және «ЖПӘ гүлдері» ансамбілінің оқытушылары өнерлерін көрсетті

Жасөспірімдерді музыка әлеміне терең бойлап, түсініп қабылдауға, талғамын арттыруға, эмоциялық сезімдерін қалыптастыруға, жан – жақты білімді, мәдениетті болып өсуіне зор ықпал ететін музыка сабағының орны ерекше.

Музыка пәнінің мұғалімі шығармашылық қиялы мол, арнайы бір аспапты еркін меңгере алатын, музыкалық сауатты, жан – жақты ғылым – білімнен хабардар, ой –өрісі кең маман болғанда ғана жасөспірімдерге жүйелі музыкалық білім бере алады.

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, әлгеніміз тіріліп, өшкеніміз қайта жанған, өз өнеріміз бен рухани байлығымызды, әдет – ғұрпымыз бен салтымызды толық меңгеруге мүмкіндік алған жағдайға келген кезде, өз халқымыздың ғасырлар бойы жиналған бай мұрасын ұрпақтан –ұрпаққа жалғастыру музыка пәні мұғалімінің басты мақсаты болуы керек. Сондықтан музыка пәні мұғалімі үнемі ізденіспен әр сабағында оқушылардың бойына ізгілік пен адамгершіліктің, әсемдік пен сұлулықтың, инабаттылық пен қайырымдылықтың нәрін беретіндей әдістерді қолданып отыруы керек. «Музыка, музыкалық білім беру әдістемесімен» пәні бойынша жұмыс бағдарламасына сай сабақтарды өткіздім, сабақтың түрін, формасын ауыстыра отыра, әр түрлі әдістерді қолданып, музыка сабағын мағыналы етіп өткіздім.

Салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты  жауапкершілік қағидаты – денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясатындағы ең басты мәселесі болуы тиіс.(Н.Ә. Назарбаев )

«Ырғақ» ,«Ырғақ хореография элементтерімен» пәндері бойынша сабақ беру барысында салауатты өмір салты, өз денсаулығы және оқытудың жаңа технологиялық әдістерін қолдану басты назарда болды.

Уақытты үнемдеу тиімді пайдалану мақсатында қорытынды сабақтарында ауызша тапсырмалар берілді,шығармашылықтарын дамытатын, ой-өрістерін кеңейтетін үй тапсырмаларын, өзіндік жұмыстар беріліп отырды. Сабақ беру барысында мынадай міндеттерді атқару жоспарланды:

- студенттерді ырғақ арқылы еркіндік, шығармашылық пен психологиялық  жағымды эмоциясын арттыру;

- өздігінен жұмыс істеу біліктерін қалыптастыру;

- білімнің сапалы меңгерілуін;

- оқытудың ғылымилығын арттыру;

- практикалық әдіске бейімделуін.

Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. (Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев. Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру) «Музыкалық аспапта ойнау» факультатив бойынша сабақ беру барысында сазгерлердің өмір жолы, шығармашылығы,шығарманың шығу тарихы, және оқытудың жаңа технологиялық әдістерін қолдану басты назарда болды. Уақытты үнемдеу тиімді пайдалану мақсатында қорытынды сабақтарында ауызша тапсырмалар берілді,сүрет – викториналар,ват сап арқылы сан бойынша оқыту, шығармашылықтарын дамытатын, ой-өрістерін кеңейтетін тапсырмаларын, өзіндік жұмыстар беріліп отырды.

«Музыкалық аспапта ойнау» факультатив бойынша 2019-2020 оқу жылында жұмыс бекітілген жоспармен жүргізілді, берілген жүктеме толық орындалды.

Факультатив бойынша маған 8 сағат бөлінген. Факультативке қатысатын топтар:12б,13б,және 111,112,131,32бш,41м,31бш,41бш,21қ,11бш,21а, 122,21и, 121, 42б, 41б, және т.б.

Жыл басында топтар студентің қол қою, дұрыс отыру, еркін ойнау, перне басу жұмыстары жүргізілді.Музыкалық репертуар іріктелді, білім алушыларды Отандық, азаматтық тәрбие баулитын әндер, күйлер, шығармалар алынды. Жұмыс кестесі жасалынды. Аптасына 2 рет дайындық жұмысы жүргізілді.

Сабақ кестесі:

12б – Сейсенбі, Сәрсенбі сағат 13.00– 14.30.

13б – Сәрсенбі, сағат 14.30– 16.00. Жұма сағат 13.00– 14.30.

Оқу барысында Музыкалық аспапта ойнау ерекшелігі үнемі аспапта ойнау техникасын өсіру үшін гаммалар,терциямен ойнау, тремоло, пиццикато жаттығуларды орындауға көп көңіл бөлдім. Күнделікті естіп жүрген, құлақтарына сіңісті болған халық шығармаларын және орыс,қазақ сазгерлерінің шығармасын үйретуден бастадым. Репертуарында: халық әндері, Н.А.Тілендиевтің «Әлқисса», «Ата толғауы», Ә. Желдібаевтің күйі «Ерке сылқым», Қ.Сағырбаевтың күйі «Адай», «Балбырауын»,Абай Құнанбаев «Айттым сәлем, Қаламқас», «Сегіз аяқ», М.Ю.Глинка «Полька», Е. Хасанғалиев «Атамекен», шетел әндері және т.б. Домбыра үйірмесінің жетекшісі ретінде, оркестрге ән-күйлерді нотаға түсіріп, лайықтап 3-4 дауысқа жаздым. Дыбыстар сапасына көп көңіл бөлдім. Әр-түрлі аспаптар қолданып, шығармалардың мәнің ашуға үйреттім.

Студенттердің музыкалық дыбыстарды есту қабілеттерін дамыта отырып музыкалық эстетикалық талғамын тереңдетіп дауысты және дыбысты дұрыс және табиғи түрде меңгеруді үйреттім.

«Музыкалық аспапта ойнау» факультатив қатысушылары және өнерпаздары колледжде өткен мерекелік іс – шараларға, аудан және қала көлемінде өткен концерттік бағдарламаға қатысып өз дайындықтарын көрсете алды. «Музыкалық аспапта ойнау» факультативке қатысатын білім алушылары колледж ішінде, қала көлемінде, ауданда өтілген бірнеше іс-шараларға қатысты. Мысалы:

I жарты жылдықта:

  1. «Шарықта, өнерпаз» 1 курстар арасында өнер байқауы өтті. (Ұымдастырушылар: Досмуханбетова М.А., Рысбаева Г.Ж.) Өнерлі білім алушылар әр түрлі үйірмелерге тартылды. 20.09.19ж.

  2. «Ұстаздарға арналған мерекесі»өтті. Студенттер өз өнерлерін көрсетті 10.19ж.

  3. Жастар арасында өткен «Жұлдызды қолтаңба» ІІІ Республикалық өнерпаздар байқауына қатысып, үздік өнер көрсеткені үшін, Құрманғалиева Диана Маратқызы ІІ орын және лауреат атағын алды. 11.2019ж.

  4. Аккредитация комиссиясына концерт көрсетті 11.2019ж.

  5. Студент қатарына қабылдау күні өтті. Студенттері іс- шараға қатысты.

  6. 1 АҚМГПК –нің «Жеке пәндер әдістемелері» ПЦК- нің «Білім берудегі қазіргі инновациялық технологиялар болашаққа деген жарқын қадам» атты декадасында колледждің рухани әлеуметтік даму жолында қол жеткізген табыстарымен жаңартылған білім беру мазмұны бойынша факультатив қатысушылары, және т.б. топтар өз өнерлерін, және білімдерін көрсетті 03.12.19 - 13.12.19ж.

  7. 1 АҚМГПК «Рухани құндылықтар» атты галлереяда өнерлері көрсетті. 09.12.2019ж.

  8. «Өмірім- өнерім» тақырыбында Халықаралық ТURAN сыйлығының лауреаты Данияр Сарбасовпен Кездесу өтті. Домбырашылар ансамбілі Қ.Сағырбаев «Адай», 131 топ студенті Кенжебек Аружан Қайратқызы Ш.Қалдаяқов әні «Отырар тойы» орындады 12.12.19ж.

  9. 1 АҚМГПК Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Абай жолы» сахналық қойылымда 41 бш, 31бш топтар және «ЖПӘ гүлдері» ансамбілінің оқытушылары өнерлерін көрсетті 13.12.2019ж.

  10. Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт өтті. Хор және әншілер өз өнерлерін көрсетті.

  11. Жаңа жыл мерекесі 131 топ білім алушылары ұйымдастырды.Кішкентай балаларға концерт және жаңа жылға арналған ертегілер қойды

  12. Тәрбие сағаттарға, кездесулерге, және т.б.қатысты.


4) Өзара сабаққа қатысу:

Колледж оқытушыларының сабақтарына қатысты пікір алмасып, тәжірибе бөлісу мақсатында 2019-2020 оқу жылдың І жарты жылдықта 16 сабаққа қатыстым. №1 АҚМГПК –нің «Жеке пәндер әдістемелері» ПЦК нің «Білім берудегі қазіргі инновациялық технологиялар болашаққа деген жарқын қадам» атты декадасына қатысып, көмегімды аямадым.

5) Оқу-әдістемелік әзірлемелер

КМО, «Ырғақ», «Ырғақ хореография элементтерімен», «Музыка, музыкалық білім беру әдістемесімен» пәндері, және «Музыкалық аспапта ойнау» факультатив бойынша - Жұмыс оқу бағдарламасы, Күнтізбектік –тақырыптық жоспарлары, ҚМЖ. «Ырғақ», «Ырғақ хореография элементтерімен», «Музыка, музыкалық білім беру әдістемесімен» пәндер және «Музыкалық аспапта ойнау» факультатив бойынша тақырыптық папкалары, презентациялары, көрнекіліктері, тест сұрақтары, және т.б. әзірледім

«Болашаққа бағыт» Республикалық ғылыми - әдістемелік журналда (№6 маусым, 2019) «Би бидеудің адам өміріне пайдасы» мақалам шықты.

6) Өзіндік кәсіби дамыту жоспарының ұйымдастырылуы, әдістемелік тақырыптар

Оқу әдістемелік тақырыбы «Сапалы білім беруде білім алушылардың рухани адамгершілік қасиеттерін дамыту». Жеке тұлғаны жан – жақты дамыту жолында сапалы білім, саналы тәрбие беруде оқу процессінде жаңа технологиялар мен әдістерді енгізіп, білім алушылардың рухани адамгершілік қасиеттерін дамытып, әр сабағында әдістемелік тақырыбына сүйене отырып,әдістемелік әдебиеттірді оқып,заман талабына сай алынған жаңашыл әдіс-тәсілдерді,жаңа педагогикалық технологиялары сабақтарында тиімді пайдалана отырып, сабақты түрлендіре өткізуге көңіл бөлдім. Сабақтарында пәнаралық байланыста білім алушылардың теориялық алған білімдерін практикамен ұштастыра білуіне үнемі көңіл бөліп отырдым. Білім тәжірибесін көтеру мақсатында педагогикалық шеберлік апталығына,ақпараттық технологияларды практикалық оқу семинарларға, әдістемелік оқыту семинарға, әдістемелік жиналыстарға, мастер класстарға, және т.б.қатыстым.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, А.Селезнев атындағы хореографиялық училищесінде Курс- семинардан өттім. Куәлік.72 сағат. Тіркеу 148/11-19. Алматы, ноябрь 2019

7) Білім сапасының көрсеткіші

«Ырғақ» пәні бойынша 31бш, 32бш, 41бш, 111, 112 топтар, «Музыка, музыкалық білім беру әдістемесімен» пәні бойынша 131 тобы.Оқу жылы басында берілген оқу жүктемесі толық орындалды,үлгермеушілер – жоқ.

Семестр соңындағы нәтиже үлгерім сапасы: 100%, білім сапасы 92%.

Семестр қорытындысы:

131 тобында-25 білім алушы. Үлгерімі:100% . Білімі: 100% Сынақтан өтті..

4 білім алушы – «5» тапсырды

21 білім алушы – «4» тапсырды

41бш тобында-24 білім алушы Үлгерімі:100% . Білімі:100%.

20 білім алушы – «5» тапсырды

4 білім алушы – «4» тапсырды.

31 бш тобында-24 білім алушы. Үлгерімі:100% . Білімі: 100%

7 білім алушы – «5» тапсырды

17 білім алушы – «4» тапсырды

32 бш тобында-25 білім алушы. Үлгерімі:100% . Білімі: 100%.

10 білім алушы – «5» тапсырды

14 білім алушы – «4» тапсырды

111 тобында-25 білім алушы. Үлгерімі:100% . Білімі: 100%

5 білім алушы – «5» тапсырды

20 білім алушы – «4» тапсырды

112 тобында-25 білім алушы. Үлгерімі:100% . Білімі: 100%

11 білім алушы – «5» тапсырды

14 білім алушы – «4» тапсырды

 

8) LESSON STADY және AR тәсілдемелерін ұйымдастырылуы

Lesson study бойынша 2019жылы Әдістемелік педагогикалық семинарға қатыстым, Алимжанова Ә.Б., Айтбаева А.Т.,Оңғарова Б.К. және т.б.баяндамалар тыңдап, көп білім өзіме алдым. Кафедра отырысында Lesson Study туралы Какежанова М.Д., Айтақын А.І.жасалған баяндамалары тындадым

9) Баспасөз беттеріне жарияланған материалдарым:

USTAZ tilegi Білім саласының дамуына қомақты үлес қосып, Республикалық ұстаздар сайтында 10 материал жарияладым.

Баспасөз беттеріне жарияланған материалдары: Рысбаева Г. Ж. USTAZ tilegi Республикалық ұстаздар сайтында авторлық материал жариялаған 06.19ж :

1. Ойын –сабақ «Күй қайнары»

2. Лекция –концерт «Ұлттық аспаптар»

3. ҚМЖ. Аяқ қол позициялары. Тренаж элементтері. Plie. Grand plie. Demi plie .

4. ҚМЖ. Полька биі.

5. Ашық сабақ. Рухани жаңғыруҚазақ халқының музыка және күй өнері»

6. Презентация. Рухани жаңғыруҚазақ халқының музыка және күй өнері»

7. Презентация. Денсаулық сақтау технологиялары музыка сабақтарында.

8. Презентация. Домбыра – қазақ халқының жүрегі.

9. ҚМЖ. Балалардың ұлттық билерінің элементтері.

10. Мақала. Үйірме жұмысы – білім алушылардың домбыра ойнау шеберлігін

шыңдау жолы.



«Болашаққа бағыт» Республикалық ғылыми - әдістемелік журналда (№6 маусым, 2019) «Би бидеудің адам өміріне пайдасы» мақалам шықты.



«Жұлдызды қолтаңба» ІІІ Республикалық өнерпаздар байқауының Лауреаты: Құрманғали Диана Маратқызы. (ІІ орын)


А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі. КЖ курс 06 - 08. 11. 2019ж.(72сағат.)

Халықаралық ТURAN сыйлығының Махатма Ганди атындағы №92 лицей Робототехник балалар.

лауреаты Данияр Сарбасов Оқушылар арасында V Республикалық Чемпионат «ІІТU Robokon

GAMES 2019»жеңімпаздары


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!