СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Естествознания 6 класс

Нажмите, чтобы узнать подробности

​Биология сабағында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, қызықты өткізуге тырысамын. Себебі, оқушылар ынтамен тыңдаса, берері көп. Қоршаған ортаны әр түрлі ластанудан қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалана отырып, экологиялық проблемаларды тиімді шешудің жолдарын қарастырамыз. Сабақта топтық, жұптық, жеке оқушылармен жұмыс түрлерін ұйымдастырамын.

Просмотр содержимого документа
«Естествознания 6 класс»



Пәні:Жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 бөлім.Тірі табиғат.

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: «№44 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ

Мұғалімдердің аты-жөні: Шалабаева Т.М.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Денеге қалай күтім жасаймыз?


Оқу мақсаты

2.2.3.4- Денсаулық сақтаудағы жеке гигиенаның рөлін анықтау;

2.2.3.5- Тіс күтімінің денсаулық сақтаудағы маңызын анықтау.

2.1.2.4- Бақылау жүргізудің жоспарын құру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Жеке бас гигиена сақтаудың адам өміріндегі рөлін анықтайды,тісті күтудің денсаулыққа тигізетін әсерін түсінеді. Жеке бас гигиенасын сақтау ережелерін құрастырады.

Көптеген оқушылар: тіске зиянды заттардың әсерін жасалған тәжірибе арқылы сипаттайды.

Кейбір оқушылар: тіс күтіміне,тістің түрлеріне байланыстызерттеу нәтижелерін сипаттайды, дәлел келтіреді.Бақылау жүргізудің жоспарын құрады

Бағалау критерийлері

Денсаулық сақтаудағы жеке гигиенаның рөлін анықтайды

Тіс күтімінің денсаулық сақтаудағы маңызын анықтайды

Бақылау жүргізудің жоспарын құрады

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар орындай алады:Дене мүшелерінің тазалығын сақтайды. Тіс күтімін біледі.

Пәнге тән лексика мен терминология: бактерия, тісжегі, тіс эмалі, кальций.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Бактерия қандай зиян келтіреді?

  • Неліктен тісжегі пайда болады?

  • Тіс эмалін бұзылудан қалай сақтаймыз?

  • Кальций туралы не білеміз?

Құндылықтарды дарыту

Мәңгілік ел идеясының құндылықтарына жататын тұлғаның еңбек дағдыларының қалыптасуы,ынтымақтастықта

Пән аралық байланыс

биология

АКТ қолдану дағдылары

Бейне жазба

Бастапқы білім

Адамның дене мүшелерін және дене мүшелерінің қызметін біледі.Тазалық сақтауды біледі.


Сабақ барысы


Сабақтың

Жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 минут










3 минут

Сәлемдесу: Психологиялық көңіл-күй ахуалын орнату.

Тазалықты іздесең,
     Мөлдір судан аласың.
     Жиі-жиі жуынсаң,
     Аппақ,таза боласың.

Тазалықты іздесең,
     Тіс пастадан табасың.
     Тістеріңді щеткаға
     Тазалатып аласың.


«Жұмбақ зат» әдісі бойынша оқушылар алдына жасырылған жұмбақтың шешуін тауып, гигиенаға қатысты екенін айтады. Ортақ мақсаттарын анықтайды, денеге күтім жасаудағы пайдасын дәлелдейді.

1-топ:

Тұра қалсам алдына,

Жалтыраған ақ айдын,

Өзiмдi — өзiм мен мына,

Көре аламын ап-айқын.    

(Айна-зеркало-mirror (мэррә)

2-топ:

Үскiнiң көп тармағы,

Қара орманды шарлады.

Қисықтарын түзедi,

Теп-тегiс түз ендi.    

(Тарақ-расческа-comb(кәйм)


3-топ:

Кiрге суда кезiгедi,

Сүйкенем деп езiледi.    

(Сабын-мыло-soap (сәйп))


4-топ:

Жон арқасы сүйектен,

Қылшық қалың жүйекте,

Жалбыз паста жағады,

Бізге қызмет қылады.

(Тіс щеткасы-зубная щетка- toothbrush (тиз брәш))


Интербелсенді тақта

Сазды әуен.










Дене күтіміне байланысты суреттер

Тақырыптық суреттер



Сабақтың ортасы

3 минут






7 минут
































7-8 минут



Жарайсыңдар, балалар.Сендер өткен сабақта тірек –қимыл жүйесімен танысқан болатынсыңдар.Кәне, еске түсіріңдерші.

-Адам қаңқасы қандай бөлімдерден тұрады?

(бас,кеуде, аяқ-қол сүйектерінен тұрады).Кеуде бөліктерінде қабырғалар төссүйегіне бекіген.

- Адамның қаңқасы сендердің ағзаларыңда қандай қызмет атқарады?

(Адам қаңқасы ағзада тірек-қимыл мүшесі болғандықтан біздің ағзамызды қимыл қозғалысқа келтіріп тұрады.Сондай-ақ, қорғаныш қызметін атқарады)

Тапсырма№1(Ұ)

«Мозайка» әдісі арқылы оқушыларды төрт топқа бөлу. Оқушылар үстелдің үстінен суреттердің қиықтарын алып, суретіне сәйкес өз топтарына барып, қиықтарын мозайка ретінде жинайды.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы төрт топтағы құрастырылған суреттерді байланыстырып сабақ тақырыбын анықтау, оқу мақсатымен таныстыру


ҚБ: (Ұ) «Бұрыштар»


Оқушыларға бейнежазбаны тыңдату.

- Балалар біз тістің құрамына тоқталайық.Тіс эмальмен қапталған және тістің көмегімен тамақты механикалық үгуден өткіземіз.Тіс құрамына қарай күрек тіс, ит тіс және кіші ,үлкен азу тістер болып бөлінеді.

-Тістеріңе қалай күтім жасайсыңдар? (күніне 2 рет тісімізді тамақтан соң тіс пастасымен тазартамыз.Бұл ауыздағы бактерияларды жойып, тамақ қалдықтарын тазартуға көмектеседі.)


Тапсырма №2 (Ж.Т) «Пікірлер базары» әдісі бойынша тапсырма беріледі.


І топ. Топ мүшелері өз тістерінің санын, тістерінің пішінін анықтайды, топта ақылдасып, кестеге толтырады. Тістерінің суретін салады.


ІІ топ. Берілген суретті басшылыққа ала отырып әр оқушы тіс неге ауырады, тісжегі қалай пайда болады, тіс сау болу үшін не істеу керек екендігін ойланады, топта ақылдасады, ортақ шешімін постерге түсіреді.


ІІІ топ. Тістердің түрлері, күрек тіс, ит тістер, азу тістер, ақыл тістердің түрлерін ажыратып

орналастырады. Жазады.

ІҮ-топ.Тазалықты қалай сақтау керек?

Сөйлемдерді оқы.

*Тамақ ішер алдында және тамақтан соң.

*Даладан үйге оралған соң

*Кітап оқу алдында

*Әжетханаға барғанға дейін

*Әжетханадан келгеннен кейін

*Мысықпен, итпен ойнағаннан кейін

Достарыңа қандай жағдайларда қол жууға кеңес берер едің?-деген сұраққп топта ақылдаса отырып шешеді.Неге екенін түсіндіреді.

Әр топ жұмыстарын қабырғаға іледі, топ басшысы жұмысты қорғайды, қойылған сұрақтарға, пікірлерге, қарсы дәлелдерге жауап береді.

ҚБ: (Т)«Пікірлер базары» әдісі стикермен бағалау.

Сергіту сәті.

Таңертең тұрамын

Бетімді жуамын.

Тісімді тазалап,

Қолымды сүртемін.


Айнаға қараймын,

Шашымды тараймын.

Тап-таза боламын.

Тәртіпті баламын.

Тапсырма № 3 (Ж.Ж.Т)

«Ойлан, бірік, бөліс» әдісі. Оқушылардың денсаулығына зиянды/пайдалы сусындарды анықтау мақсатында тәжірибе жасау. Тәжірибе кезеңінде бір күн бұрын оқушылармен бірлесе отырып кока кола сусынына салынған және жартылай тіс пастасы жағылып, жай суға салынған ыдыстардағы жұмыртқаларға зерттеу жүргізіледі.

Оқушылар көреді, өзгерісті байқайды, ойланады, дәптерге жазады, жұппен ақылдасады, өзгерісті топта талқылайды, ойды толықтырады.

Қазір біз жұмыртқаға тәжірибе жасап көрейік.Алдын-ала кока –коланы ыдысқа құйып, ішіне жұмыртқа салып қойған болатынбыз.Қазір соны тексеріп көрейік.Өздерің көріп отырғандай жұмыртқаның сарғыш тартқанын көруге болады.Ендеше газдалған сусындар тіс эмалына айтарлықтай зиян келтіреді екен.Сондықтан газдалған сусындар мен тәттілер тіске зиян болып саналады.Ал тіс пастасы біздің тісімізді ағартып, тіс жегісінен алдын-ала сақтандырады.Ендеше, сүт өнімдері мен ірімшік, құрт біздің ағзамызға анағұрлым пайдалы болып табылады.

І топ.

Кока колаға салынған жұмыртқаның сарғайып кетуінің себебін анықтайды, қорытынды жасайды.

ІІ топ.

Жартылай тіс пастасы жағылып, суға салынған жұмыртқадағы өзгерістің айырмашылықтарын табады, сараптайды.

ІІІ топ.

Тәжірибе барысында зерттелген заттардың өзгерісін негізге ала отырып, күтімсіз тістің неге апарып соғатын салдарын анықтайды.

ІҮ-топ

Ненің құрамында кальций көп?Дәлел келтіреді.

ҚБ (Ж.Ж.Т) «Оқушылардың шолуы».

Әр топтан бір оқушы берілген тапсырма бойынша өз жұмысына, жұппен ақылдасып шешкен шешіміне, топтағы ортақ пікірге баға береді. Жеке бас гигиенасын сақтаудың ережесін құрастырады.



Адам қаңқасының макеті


















АКТ




Кесте, айна, постер, маркер, сау және тісжегі түскен сурет, қима қағаздар, желім, стикер.







































Кока кола сусыны, су, тіс пастасы, тіс щеткасы, 2 жұмыртқа, ыдыс.











Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс:«Бағалау терезесі»

«Көңілді тіс»- бүгін сабақта бәрін түсіндім, белсенді қатыстым.

«Паста жағылған тіс» - әлі де көп білгім келеді.

«Диск таққан тіс» - бүгінгі сабақта тапсырмаларды орындау барысында қиындық болды, көмекті қажет етемін.






«Бағалау терезесі» бойынша тіс суреттері.

Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырасыз?

Бағалау - оқушылардың материалдың меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Барлық оқушылар:

Жеке бас гигиенасына қатысты заттардың қолданылуын сипаттайды, кестемен, қима қағазбен жұмыс жасайды.


Көптеген оқушылар:

Тіске зиянды заттардың әсерін жасалған тәжірибе арқылы анықтайды.


Кейбір оқушылар:

Жеке бас гигиенасын сақтаудың ережесін құрастырады.

Тіс сүйектерін дұрыс нығайту үшін құрамында кальций көп құрт, сүт өнімдері, көгөніс пен жемістердің пайдасын дәлелдейді.


ҚБ: (Ұ) «Бағдаршам»

ҚБ: (Т) «Пікірлер базары» әдісі стикермен бағалау.

ҚБ (Ж.Ж.Т) «Оқушылардың шолуы».

Кері байланыс: «Бағалау терезесі»


Топпен жұппен жасағанда партаға дұрыс отыруларын қадағалау.



Сергіту сәтін жасау кезіндегі қауіпсізікті сақтау.


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Жаратылыстану пәні бойынша үшінші бөлім- Адам, бөлімшесі «Денеге қалай күтім жасаймыз?». Бұл сабақтың оқу мақсаты:

2.2.3.4- Денсаулық сақтаудағы жеке гигиенаның рөлін анықтау;

2.2.3.5- Тіс күтімінің денсаулық сақтаудағы маңызын анықтау.

2.1.2.4- Бақылау жүргізудің жоспарын құру.


Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Оқушылар сабақ барысында саралау тапсырмаларын орындай отырып ОМ қол жеткізді.

Жеткізбесе неліктен? -

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Тапсырмалар кезінде саралау жеке, жұптық, топтық жұмыстар арқылы үздіксіз жүргізіліп отырылды.


Сабақтың уақыттық кезендері сақталды ма?

Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды.Сабақ басына 4 минут, сабақ ортасына 33 минут, сабақ соңына 3 минут бөлінді.


Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ.

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі(оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:Оқушы бойында зерттеу дағдылары қалыптасты.

2:Топтық ынтымақтастық жүйелі жүргізілді.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Бірлесіп табысқа жету.

2.Белсенді оқу, саралау.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Тәжірибе кезінде кейбір оқушылардың салыстыра зерттеуге құлшынысын байқадым.

Сабақ мақсатына қол жеткізу үшін оқушылардың тілдік дағдылардың, соның ішінде тыңдалым-жазылым дағдыларының төмендігін байқадым.

Келесі сабақтарда АКТ саласындағы (тыңдалым) дағдыларын жетілдіру.



































Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар

3 Бөлім: «Адам»

Бөлімше: Денеге қалай күтім жасаймыз?

Оқу мақсаты: 2.2.3.4- Денсаулық сақтаудағы жеке гигиенаның рөлін анықтау;

2.2.3.5- Тіс күтімінің денсаулық сақтаудағы маңызын анықтау.

2.1.2.4- Бақылау жүргізудің жоспарын құру.

Бағалау критерийі: Білім алушы

  • Денсаулық сақтаудағы жеке гигиенаның рөлін анықтайды.

  • Тіс күтімінің денсаулыққа тигізетін әсерін түсіндіреді.

  • Жеке бас гигиенасын сақтау ережелерін құрастырады.



Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу, түсіну.

Қолдану.


1.Тапсырма:Жасырылған заттардың атын сипаттау бойынша табыңыз. Қандай ортақ мақсатта қолданылатынын ата.









Бағалау критерийі

Дескриптор

Жасырылған заттарды сипаттау бойынша табады.

  • Тыңдалым арқылы сабынды анықтайды.

  • Тыңдалым арқылы тіс пастасын анықтайды.

  • Тыңдалым арқылы беторамалды анықтайды.

  • Тыңдалым арқылы айнаны анықтайды.


Ортақ мақсаттарын анықтайды, денеге күтім жасаудағы пайдасын дәлелдейді

  • Ортақ мақсаты гигиена екенін табады.

  • Дене тазалығын сақтау жолдарын біледі.















2.Тапсырма:Берілген суреттерді пайдаланып тапсырманы орында







Тапсырма

Бағалау критерийі

Дескриптор

І топ

Өз тістерінің санын, тістерінің пішінін анықта, кестеге толтыр

Айнаны пайдалана отырып өз тістерінің санын санайды, тістерінің пішінін анықтайды, бірлесіп кестеге толтырады.

-Тістердің санын біледі.


-Тіс пішіндерінің әртүрлі болатыны анықтайды.


- Кесте толтырады.

ІІ топ


Берілген суретті басшылыққа ала отырып тістің ауру себебін анықта.

Тісжегі қалай пайда болады?

Тіс сау болу үшін не істеу керек?

Тісжегісі бар суретті басшылыққа ала отырып тістің ауру себебін анықтайды,тісжегі қалай пайда болады, тіс сау болу үшін не істеу керектігін анықтайды.

- Тістің ауруына байланысты бірнеше себептерді атайды.


- Бактерия мен тісжегін байланыстыра алады.



ІІІ топ

Тістердің түрлері: күрек тіс, ит тістер, азу тістер, ақыл тістерді қызметіне қарай топтастыр.

Тістердің түрлері: күрек тіс, ит тістер, азу тістер, ақыл тістерді атайды, қызметіне қарай топтастырады.

-Тістердің түрлерін атайды.

- Тіс түрлеріне қарай атқаратын қызметін таба алады.























3.Тапсырма:Оқушылардың денсаулығына зиянды/пайдалы сусындарды анықтау мақсатында тәжірибе жасау. Тәжірибе кезеңінде бір күн бұрын кока кола сусынына салынған және жартылай тіс пастасы жағылып, жай суға салынған ыдыстардағы жұмыртқаларға зерттеу жүргізіледі.










Тапсырма

Бағалау критерийі

Дескриптор

І топ

Кока колаға салынған жұмыртқаның сарғайып кетуінің себебін анықта, қорытынды жаса.

Жұмыртқаның сарғайып кетуінің себебін анықтайды, қорытынды жасайды.

-Газдалған судың тіс эмалін 24 сағатта бүлдіретінін атайды.

- Өз ағзасына газдалған сусынның қаншалықты зиян екенін біледі.

ІІ топ


Жартылай тіс пастасы жағылып, суға салынған жұмыртқадағы өзгерістің айырмашылықтарын тап, сараптама жаса.

Суға салынған жұмыртқадағы өзгерістің айырмашылықтарын табады, сараптама жасайды.

-Үнемі тіс пастасын қолдану тісжегінің алдын алатынын айта алады.

- Тісті күніне үш миуттан екі рет тазалау керектігін айтады, тіс пастасының пайдасын айта алады.


ІІІ топ

Тәжірибе негізінде тіс күтімінің денсаулық сақтаудағы маңыздылығына қорытынды жаса.

Күтімсіз тістің неге апарып соғатын салдарын анықта.

Жеке бас гигиенасын сақтаудың ережесін құрастыр.

Тіс күтімінің денсаулық сақтаудағы маңыздылығына қорытынды жасайды, күтімсіз тістің неге апарып соғатын салдарын анықтайды.

Жеке бас гигиенасын сақтаудың ережесін құрастырады.

Жылына екі рет тіс дәрігеріне қаралып отыру керектігін айтады.

Тісті күту арқылы жеке бас гигиенасы сақталатынын біледі.

Тазалық сақтау ережесін ретімен орналастырады.


























Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!