СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Физика есептері

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

1 – нұсқа.

1. Электр плитасының спиралындағы ток күші 5 А болса, онда кернеу 120 В болғанда әр секунд сайын плита қандай энергия тұтынады?

1 – нұсқа.

1. Электр плитасының спиралындағы ток күші 5 А болса, онда кернеу 120 В болғанда әр секунд сайын плита қандай энергия тұтынады?

м

Просмотр содержимого документа
«Физика есептері»

1 – нұсқа.

1. Электр плитасының спиралындағы ток күші 5 А болса, онда кернеу 120 В болғанда әр секунд сайын плита қандай энергия тұтынады?


2. Кернеу 220 В болғанда үстел желдеткішінің двигателіндегі ток күші 0,1 А-ге тең болса, онда желдеткіш двигателіндегі электр тогы 30 с ішінде қандай жұмыс істейді?


3. Кернеуі 220 В болатын дәнекерлегіштегі ток күші 0,9 А. Дәнекерлегіштегі токтың қуатын анықтаңдар.


4. Екі электр шамының қайсысының электр тогының қуаты артық: 24 В кернеуге және 0,7 А ток күшіне есептелген шамның ба, әлде 120 В кернеуге және 0,2 А ток күшіне есептелген шамның ба?


5. Электр дәнекерлегіштің кедергісі 440 Ом. Ол 220 В кернеуде жұмыс істейді. Дәнекерлегіш тұтынатын токтың қуатын анықтаңдар.


6. Электр трактордың қуаты 38 кВт. Егер трактор 1000 В кернеуде жұмыс істесе, онда оның электр двигателінің тұтынатын ток күшін анықтаңдар.


































2 – нұсқа.

1. Ток күші 3,5 А болғанда 12 В кернеуге есептелген автомобиль электр шамының 20 секундта жұмсайтын энергия шығынын анықтаңдар.


2. Оқушы қыз фотосуретті шығару үшін кернеуі 220 В электр желісіне электр шамын 3 секунд қосқан. Егер шамдағы ток күші 5 А болса, онда суретті шығаруға қанша энергия жұмсалған?


3. Кернеуі 3 В электр шамындағы токтың күшін 100 мА деп алып, ондағы токтың қуатын анықтаңдар.


4. Электр шамының қыздыру қылсымының кедергісін 484 Ом деп алып, кернеуі 220 В желіге қосылған электр шамындағы токтың қуатын анықтаңдар.


5. Кернеуі 120 В электр шамында 0,5 минут ішінде 900 Дж энергия шығындалған. Шамдағы ток күшінің неге тең екенін анықтаңдар.


6. Электр двигателінің қуаты 3 кВт, ток күші 12 А. Электр двигателі қысқыштарындағы кенеуді анықтаңдар.


































3 – нұсқа.

1. Электр шамындағы ток күшін 0,5 А деп алып, осы шамды кернеуі 127 в желіге 10 мин қосқандағы электр энергиясының шығынын есептеңдер.


2. Кернеуі 220 В болғанда еден сүрткіштің электр двигателіндегі ток күші 1,25 А, ал оның пайдалы әсер коэффициенті 80% болса, онда электр двигателі 25 минутта қанша жұмыс істейді?


3. Кернеуі 400 В электр двигателіндегі токтың күші 92 А. Электр двигателінің орамындағы токтың қуатын анықтаңдар.


4. Электр шәйнегінің қыздыру элементінің кедергісі 24 Ом. Кернеуі 120 В шәйнектің тұтынатын тогының қуатын табыңдар.

5. Қуаты 100 Вт электр двигателі 6 В кернеуде жұмыс істейді. Электр двигателіндегі токтың күшін анықтаңдар.


6. Электр тракторының тұтынатын қуаты 38 кВт. Егер трактордың двигателіндегі ток күшін 38 А болса, онда оның двигателі қандай кернеуге есептелген?