СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сапалық және мәтінді есептер шығару

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Физика

7-сынып

Сабақ тақырыбы: Сапалық және мәтінді есептер шығару

Сабақтың типі: Білімді және іс-әрекет тәсілдерін бекіту мен өзектендіру

Сабақтың түрі: Практикалық жұмыс (есептер шығару).

Аннотация

Сабақтың негізгі идеясы: топтық жұмыс арқылы ынтымақтастық орта құрай отырып, өздігінен білім алуға үйрену.

Просмотр содержимого документа
«Сапалық және мәтінді есептер шығару»


Юсупова Гульзира Салимовна

ММ«Жітіқара аудан әкімдігінің білім бөлімі»

Коммуналды мемлекеттік мекемесі «№ 9 орта мектеп»

Физика пәнінің мұғалімі

Екінші санатты

Физика

7-сынып

Сабақ тақырыбы: Сапалық және мәтінді есептер шығару

Сабақтың типі: Білімді және іс-әрекет тәсілдерін бекіту мен өзектендіру

Сабақтың түрі: Практикалық жұмыс (есептер шығару).

Аннотация

Сабақтың негізгі идеясы: топтық жұмыс арқылы ынтымақтастық орта құрай отырып, өздігінен білім алуға үйрену.

Сабақта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру-сабақтың сәтті өтуінің кепілі. Сондықтан оқушылар сабақтың барысында топқа бөлініп бірігіп жұмыс жасады. Сабақтың барысы үш кезеңнен құралған. Бірінші кезең өткен тақырыпқа шолу жасай отырып, психологиялық дайындық түрінде өткізілді. Нәтижесінде сабақ жақсы көңіл күймен басталып, оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынастары, достықтары нығая түседі. Бұл сабақ сапасына оң әсер етеді. Сабақтың екінші кезеңін жаңа сабақты түсіну. Практикалық жұмысты бастамас бұрын оқушылар сұлбаны қолдана отырып сабақтың мақсатын өздері анықтап алды. Бұл оқушылардың сабақ тақырыбын өз бетінше ұғынуға көмегін тигізеді. Практикалық жұмысқа үлестірілген тапсырмаларды тәжірибе арқылы демонстрациялау барысында оқушылардың сын тұрғысынан ойылаулары байқалады. Бұл оқушылардың өздігінен білім алуларына және ынтымақтастық ортада бірін-бірі үйрету үшін өте қолайлы екені байқалды. Әр түрлі деңгейдегі берілген тапсырмалар оқушылардың ойлау дағдыларын арттыруға және білім деңгейін анықтауға ықпал етеді. Үшінші кезеңінде оқушылар мұғалімге бар сұрақтарын стикерге жазып кетеді. Бұл әдіс арқылы мұғалімнің оқушылармен кері байланысын көруге болады.

Сабақта тиімді әдіс тәсілдерді қолдану арқылы сабаққа оқушының қызығушылығын арттырып, сыни ойын дамытуға болады.

SMART мақсат:

Ынтымақтастық орта арқылы оқушылардың мысалдағы негізгі ойды біліп түсіну мен жұмыс, қуат, потенциалдық және кинетикалық энергияға есептер шығару жолдарын білу

Ресурстар:7-сынып оқулығы, электронды оқулық “Физика 7”, компьютер, музыкалық әуен, компьютер, видеопроектор, экран, құрал-жабдықтар, тапсырмалар және бағалау крийтерилері жазылған карточкалар, постерлер, маркерлер, стикерлер.

Демонстрациялар: Арбашалар, тірек жолы, секундомер, жүктер жиыны, сызғыш, динамометрлер, штатив, жіп ;

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Өткен тақырыптарға шолу.

Сағат тілдері бойынша жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтар. Оқушылар әр сағат тіліне сыныптастарының есімдерін жазады және бір сұрақтан дайындайды.

Әр оқушы жазған сыныптастың жанына барып осы сұрақтарға жауап алады.



Мұғалім өткен тақырыпқа шолу жасайды, қорытындылайды


Сабақтың мақсатын анықтау (плакат бойынша)



Оқушылар «Мозайка жинау» әдісі бойынша 4 топқа бөлінеді.


3. Жаңа сабақ

Мұғалім: Бүгінгі сабағымызда «Жұмыс», «Қаут» «Энергия» тақырыптарына байланысты тәжірибелер жасау арқылы есептер шығарамыз.



INSERT – түртіп алу

Не білемін?

Нені білгім келеді?



INSERT кестесін толтыру, өз ойларын айту;


Әр топқа қажетті құрал- жабдықтар және тапсырмалар үлестіріледі;

1-тапсырма: тәжірибе арқылы денелердің

1-топ:жұмысын,

2-топ:қуатын,

3-топ: кинетикалық энергиясын,

4-топ:потенциалдық энергиясын анықтап демонстрациялайды;


2-тапсырма: әр топ берілген өз тәжірибелеріне есептер құрастырады, шығарады

  • Тәжірибенің сұлбасын салады

  • Әр топтан бір оқушы өз тобында қалады, басқа оқушылар «галерея» әдісі бойынша басқа тотардың жұмыстарымен танысады. Қалған оқушы келген оқушыларға тәжірибе барысын және есептің шығару жолын түсіндіреді

  • Топтар бір-бірінің жұмыстарын бағалайды (стикерлерге бағаларын қойып кетеді)


4. Сабақты бекіту

3-тапсырма:

А деңгейі

1.Денеге әсер ететін ауырлық күші мына жағдайларда жұмыс істейме:

1) үстелде жатқан гір тас;

2)қолдан түсіп бара жатқан тас;

3)байланған жіптен тартқанда,горизонталь бағытта үстелдің бетімен сырғанап келе жатқан кішкентай тақтай?

2.Суы бар шелекті жоғары көтергенде қай жағдайда аз жұмыс істеледі?

Жәшіктердің қайсысын жоғары көтергенде аз жұмыс істеледі?Неліктен?

3. А жағдайда жүк машиналарының қайсысының кинетикалық энергиясы көп? Б жағдай да ше?Неге?


А тобы


Күш,Ғ (Н)

Жол, S (м)

Жұмыс,А (Дж )

1

130

3

?

2

250

5

?




Ќуат; N (Вт)

Жұмыс,А (Дж )

Уақыт, t (с)

1

?

200

4

2

36000

?

2




Потенц.энергия,Е (Дж)

Биіктік ,һ (м)

Масса , m (кг)

1

?

20

3

2

400

?

2


Б –деңгейі

1.Суретте көрсетілген денелердің қайсысында-кинетикалық.қайсысында потенциалдық энергия бар және қандай деңгеймен салыстырғанда,ал қайсысында энергияның қатарынан екеуі де бар?

2.Бірдей заттан жасалған екі дене төбеге ілінген (а –сурет).Еден деңгейімен салыстырғанда олардың қайсысының потенциалдық энергиясы көп?Төбеде ілулі тұрған көлемдері бірдей детальдардың,осы деңгейлермен салыстырғанда,потенциалдық энергиялары бірдей ме (б-сурет)? Жауаптарыңды түсіндіріңдер.

3.Жүк тасу кезінде жүкті өздігінен түсіретін машина 30 кВт қуат өндіреді.Осы машинамен 45 минутта қандай жұмыс істеледі?


С- деңгейі

1.Оқушы мектептің екінші қабатына 20 с-та көтеріледі.Қабаттың биіктігі 2 м болса,массасы 40 кг оқушының өндіретін қуаты қандай болар еді?

2.Көтергіш кранның қуаты 10 кВт.Онымен массасы 2 т жүкті 0,5 с ішінде көтеруге болады.Бұл жағдайда кран қандай жұмыс істейді.Ол жүкті қандай биіктікке шығарады.

3.Тереңдігі 150 м шахтадан көлемі 200 м 3 суды тартып шығару үшін қуаты 50кВт насос қанша уақыт жұмыс істеуі керек?


5. Сабақты қорытындылау

«Сұрақтары бар қорап» -қа бар сұрақтарын салып кетеді, келесі сабақтың басында бұл сұрақтар талқыланады.



  1. Бағалау: Оқушыларды сабаққа қатысу картасы б/ша бағалау.


Бағалау парағы


Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

1-тапсырма:

2-

тапсырма:

3-

деңгейлік тапсырма:

Оқушының өзіне қойған бағасы

Мұғалімнің

бағасы

Қорытынды баға

А

В

С

1.











2.












  1. Үйге тапсырма: Кесте толтыру.


Физикалық шама

Әріппен белгіленуі

Формулалар

Өлшем бірлігі

Сапалы және мәтінді есеп құрастыру

Жұмыс





Қуат





Потенциалдық эн





Кинетикалық эн







Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!