Просмотр содержимого документа
«Физика пәні бойынша ашық сабақ»
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қайнарлы негізгі орта мектебі КММ

Тақырыбы: Электролит ерітінділеріндегі электр тогы.
Электролиздің қолданылуы. Электролиз заңы.
Өткізген: Физика пәнінің мұғалімі
Машаева Г.К.
Сабақтың тақырыбы: Электролит ерітінділеріндегі электр тогы. Электролиздің қолданылуы. Электролиз заңы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға электролит арқылы электр тогы өткенде электродта бөлініп шыққан зат массасының тоқ күшіне, уақытқа және ерітіндіден өткен электр зарядына тәуелді екендігі туралы түсінік беру. Сол заттың массасының формуласын білу. Фарадей заңдарымен таныстыру.
Дамытушылық: Формулаларды қолдана отырып есеп шығара білуге үйрету, ойлау қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін арттыру, ұзақ есте сақтауын қадағалау.
Тәрбиелік: Оқушылардың еңбек ету қабілетін жетілдіру, пәнаралық байланысты арттыра отырып теориялық білімдерін практика жүзіне қолдана білуге, өз бетінше іздене білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тірек сызбалар, сурет, формулалар
Пән аралық байланыс: химия
Сабақ барысы.
А) Ұйымдастыру кезеңі
Б) Үй тапсырмасын сұрау
В) Жаңа сабақ
С) Сабақты бекіту
Д) Оқушыларды бағалау
Е) Үйге тапсырма
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) амандасу
Б) жоқтарды белгілеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары.
А) тізбек құру
Б) формулалармен жұмыс
ІІІ. Жаңа сабақ
ЭЛЕКТР ТОГЫ СҰЙЫҚТЫҚТАРДА


ДИЭЛЕКТРИК
ЖАРТЫЛАЙ ӨТКІЗГІШТЕР
ӨТКІЗГІШТЕР
Дистилденген су
Электролиттер
Сульфит балқымалары
ТҰЗДАР ҚЫШҚЫЛДАР СІЛТІЛЕР
Иондық өткізгіштік
Еріткіш әсерінен оң,
Теріс иондарға ыдырауы
Теріс иондар анодқа,
Оң иондар катодқа
Электр тогы
Токтың өтуі зат
Тасымалдауымен
байланысты
ЭЛЕКТРОЛИТ АРҚЫЛЫ ЭЛЕКТР ТОГЫ
ӨТКЕН КЕЗДЕ ЭЛЕКТРОДТА ЗАТТЫҢ БӨЛІНУІ
ТОТЫҒУ
ЭЛЕКТРОЛИЗ
ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ
Д
НИКЕЛЬДЕУ, ХРОМДАУ
АЛТЫНДАУ, МЫСТАУ
МЕДАЛЬ, МОНЕТАЛАР,
СТЕРОТИПТЕР
Б.С. ЯКОБИН
1836 Ж.
І
АНОДҚА ТЕРІС ИОНДАР ӨЗДЕРІНІҢ
АРТЫҚ ЭЛЕКТРОНЫН БЕРЕДІ
КАТОДТА ОҢ ИОНДАР ӨЗДЕРІНЕ
ЖЕТІСПЕЙТІН ЭЛЕКТРОНЫН АЛАДЫ
ӨНЕРКӘСІПТЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ
ГАЛЬВАНОСТЕГИЯ
(ШАТЫР, ЖАМЫЛҒЫ)
ГАЛЬВАНОПЛАСТИКА
(ЖАБЫСТЫРУ, МҮСІН ЖАСАУ ӨНЕРІ)
МЕТАЛДЫҢ БЕТІ ЕКІНШІ МЕТАЛДЫҢ
ЖҰҚА ҚАБАТПЕН ҚАПТАЛУЫ
МЕТАЛДАРДЫҢ БЕТ БЕДЕРІНІҢ
КӨШІРМЕСІН АЛУ
Сонымен балалар электролиз құбылысы дегеніміз не?
- электролит арқылы электр тогы өткенде заттың бөлініп шығуы. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты осы электродта бөлініп шыққан заттың массасы қандай шамаға тәуелді екенін анықтау және қандай формуламен есептеліп шығарылуы. Сонымен сабағымыздың тақырыбы электролиз заңы. Балалар электродта бөлініп шыққан заттың массасы қандай шамаларға тәуелді болатындығына өздерің жауап беруге ойланып отырыңдар. Енді назарларыңы мына сызбаға аударыңдар:
Электролиз заңы – электродта зат бөлінеді.
Электролиз кезінде электродта бөлінген заттың массасы электролит арқылы өткен электр (заряд) мөлшеріне пропорционал. Бұл заң Фарадей заңы деп аталады:

немесе 
мұндағы m – бөлініп шыққан заттың массасы, q – электролит арқылы өткен заряд, k – берілген заттың электрохимиялық эквиваленті деп аталатын пропорционалдық коэффициент.
Заттың электрохимиялық эквивалентінің сан мәні электролит арқылы 1 Кл заряд өткенде электродтардың біреуіне бөлінетін заттың массасына тең.
IV. Сабақты бекіту. Бүгінгі сабағымызда Фарадей заңымен таныс болдық, енді осы заңдарды қорытындылау мақсатында есептер шығарайық.
V. Оқушыларды бағалау
VI. Үйге тапсырма: §46-47 оқу, 23 – жаттығу
Ток күші 1 ампер болғанда 10 сек ішінде электролиттік ваннаның катодына қанша кг мыс бөлінеді? |
Ток күші қандай болғанда 3 минут ішінде электролид ваннаның катодында 0,33 г мыс бөлінеді? |
Метал заттарды мырышпен қаптау кезінде 1 сағат ішінде қанша кг мыс бөлінеді, егер қоспаға 2 В кернеу, ал оның кедергісі 4 Ом берілсе. |