СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ғ.Қайырбеков «Ана тілі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ана тілім мақтанышым,елдігім,

Ана тілім күш-қуатым,өрлігім.

Қиянатқа ешқашанда төзбейтін

Ана тілім мәңгі өлмес ерлігім.

  Сурет-суретшілердің тілі,ән-әнші,музыканттардың тілі,сөз ақын-жазушылардың тілі болып есептеледі.Олардың әрқайсысы өз тілінде туған жеріміз жайлы,оның қазына байлығы,салт-санасы,табиғаты және тағы басқа кереметтері жайлы жеткізіп отырады.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Балалар,Ы.Алтынсариннің «Бай баласы мен жарлы баласы» ойын арқылы пысықтап алайық

«Қызықты жетілік»

1.Ыбырай Алтынсарин кім?

2.Асанға мінездеме бер.

3.Үсенге мінездеме бер.

4.Үсен үйрікті қалай ұстады?

5.Венн диаграммасын сызу.

6.Асанның шегіртке жинауы.

7.Еліне ама-есен оралуы.

Просмотр содержимого документа
«Ғ.Қайырбеков «Ана тілі»»

Сабақтың тақырыбы: Ғ.Қайырбеков «Ана тілі»

Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға ұлттық болмысымыздың белгісі,халқымыздың асыл қазынасы ана тіліміздің құдіретті күшін,қасиетін түсіндіру.

2.Шығармашылық деңгейлерін дамыту.

3.Өз тіліне деген сүйіспеншілігін оятып құрметтеуге,қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер,автордың суреті,қажетті тірек сызбалар,Қазақстанның физикалық картасы

Пәнаралық байланыс: дүниетану,бейнелеу,қазақ тілі.

Түрі:жаңа материалды меңгерту сабағы ,топтастыру.

Әдісі: мәнерлеп оқу,түсіндіру,шығармашылық жұмыс,сұрақ-жауап,күрделі тапсырмалар.

Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі


Ана тілім мақтанышым,елдігім,

Ана тілім күш-қуатым,өрлігім.

Қиянатқа ешқашанда төзбейтін

Ана тілім мәңгі өлмес ерлігім.

Сурет-суретшілердің тілі,ән-әнші,музыканттардың тілі,сөз ақын-жазушылардың тілі болып есептеледі.Олардың әрқайсысы өз тілінде туған жеріміз жайлы,оның қазына байлығы,салт-санасы,табиғаты және тағы басқа кереметтері жайлы жеткізіп отырады.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Балалар,Ы.Алтынсариннің «Бай баласы мен жарлы баласы» ойын арқылы пысықтап алайық

«Қызықты жетілік»

1.Ыбырай Алтынсарин кім?

2.Асанға мінездеме бер.

3.Үсенге мінездеме бер.

4.Үсен үйрікті қалай ұстады?

5.Венн диаграммасын сызу.

6.Асанның шегіртке жинауы.

7.Еліне ама-есен оралуы.

ІІІ.Жаңа сабақ кезеңі

«Ой қозғау».Тіл туралы ойлар,сұрақтар:

-Тіл туралы заң қай жылы қабылданды?(1997 жылы 11-шілдеде)

-Тіл дегеніміз не?

-Біз қай тілде сөйлейміз?(қазақ тілі)

-Қазақ тілін тағы қалай айтуға болады,неліктен?(ана тілі,ана сүтімен дарыған)

-Мемлекеттік тіл дегенді қалай түсінесің?

-Балалар,тіл туралы бекер сөз қозғаған жоқпыз.,бүгін Ғ.Қайырбековтың«Ана тілі» өлеңімен танысамыз.Өлеңнің мазмұны ашып,негізгі айтылар ойды анықтап,ана тіліміз-қазақ тілін қадірлеп,құрметтеуге,өзгелерге насихаттауға үйренеміз.

Авторға түсінік

Ғ.Қайырбеков (1928-1994) қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданында туған.Қазақтың көрнекті ақыны.Оның«Алматы бесік» т.б көптеген өлең жинақтары бар.

Оқулықпен жұмыс

«Ана тілі» өлеңін мәнерлеп тізбектеп оқи отырып, мазмұнын түсіндіру.

Мейлі шарлап теңіз өттім, тау бастым,

Мейлі көктің ақ бұлтына жармастым.

Сонда-дағы сен қалмассың көкейден,

Сонда-дағы сені ұмыта алмаспын.

(Дүниені шарлап жүрсе де адам қаншалықты білімді, мәдениетті болған сайын өз ана тілін құрметтеуі тиіс. Өз ұлтын адал пейілімен сүйгіш ақын тілегі де, мүддесі де сол).

Бар қазақтың арман, көлі, өзені.

Тау қиясы жалпақ, жазық кезеңі.

Сайрап, сөйлеп тұрған жоқпа қазақша,

Қалай тозар сендік асыл сөз енді.

(Қазақстан Республикасы-бай өлке.Ақын кең байтақ жері, байлыққа толы екенін сүйсініп, тіл тозбайды,ол мәңгілік ұрпақтан ұрпаққа жалғасады деп жырлайды.)

Сенде емес пе солардың бар ажары,

Орман үйі, бұлағының таза әні.

Гүл, бәйшешек, көкорайдың жұпары,

Жақсы қысы, жомарт көктем, жаз айы.

(Қазақстан Республикасы-бай өлке. Сол байлықтың ажарын кіргізетін тіл-қазақ тілі, табиғат әсемдігін де жырлайды.)

Ана тілім күшім менің, қуатым,

Жырым сендік жүрегімнен туатын.

Тауысар ма ырысыңды, қорыңды

Тізелесіп қатар жазса мың ақын.

(Ана тіліміздің байлығы мен қуаттылығы жөнінде ақын ерекше толғанып, байлықты ысырап етпей үнемдеп жұмсауға бағыт берген.)

ІV. «Ой қозғау» стратегиясы.

-Ақынның ана тілі деп отырғаны қай тіл?

-Енді мемлекеттіктің басты белгілерінің – тіл. Өзіміздің туған тіліміз ана тіліміз-қазақ тілі.

-Адам қаншалықты көп біліп, биіктен көрінсе де, ана тілін ұмытпау керектігі жөнінде өлеңнің қай шумағында айтылған? (1-шумағында)

-Қазақстан өлкесі бай өлке екендігі жөнінде ақын не дейді?(2-шумағында)

-Сол байлықтың ажарын кіргізетін не? Ол жөнінде өлеңнің қай жолдарында айтылған?(3-шумағында)

-Қазақ тілінің ерекше байлығы, ұлылығы туралы ақын қалайша шабыттана жырлайды?(4-шумағында)

Поэзия минуты Ербұлан Асар

Дәптермен жұмыс

1.Бейнелі сөздерді тауып жазу.

2.«Ажар» сөзіне синоним сөздер тауып жазу.

3.Бәйшешек ,жұпар сөздерін қатыстырып,сөйлем құрап жазу.

4.«Ана тілін арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте----» өлеңін аяқтап жазу

V ІІ. Ұйқасын тап ойыны.
Ана тілім – ұраным,
Ана тілім – құралым.
.......... болмаса,
Болмас еді жыр, әнім

Қазақ тілім - өз тілім,....
Абай, Мұхтар сөйлеген – дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың – мәңгі сені,
Қуанышым, бақытым дара тілім.

Айналайын халқымнан,
Айналайын даңқыңнан.
............ бағасы,
Қымбат екен алтыннан.

Құндағында бесіктің,
......... үйрендім.
Сол арқылы бой жазып,
Азамат боп өсемін


Күрделі тапсырма: «Тілге деген құрмет-елге деген құрмет» деген нақыл сөздің өлеңге қандай қатысы бар?

-Барлық халықтардың өз тілін үйренуге және дамытуға,тілді қалай құрметтесе елді де солай құрметтеу керектігі.

VІ «Шығармашыл орта» стратегиясы:

1.Ана тілін қалай құрметтеу керектігі жөнінде әңгімелеу.

2.Тілге байланысты нақыл сөздер жинастыру.

VІІ.Қорытынды.

1.Кімнің қандай шығармасымен таныстың?

2.Өлең ұнады ма? Өлең несімен ұнады?

3.Ана тілін қалай құрметтеу керек деп ойлайсыңдар?

Тест

1.Ақынның ана тілі деп отырғаны қай тіл?

а) қазақ тілі ә) орыс тілі б)ағылшын тілі

2.«Өнер алды-қызыл тіл» кімнің нақылы?

а) Шәкәрім ә) Абай б)Шоқан

3.Сөйлеу және қарым-қатынас құралы не?

а)тіл ә)ой б)қол

4.«Туған тілім-бабам тілім-өз тілім!

Туған тілім-анам тілі-өз тілім!

Туған тілім-далам тілі-өз тілім!

Туған тілім-адам тілі өз тілім»-деген жолдар кімнің өлеңінен алынған?

а) ӘбілевД,«Туған тілім» ә) Қайырбеков Ғ.«Ана тілі» б)ӘлімбаевМ.«Ана тілім!»

5.Тіспен түйгенді не шешеді деп ойлайсың?

а)қол ә) ой б) тіл


Үйге тапсырма:Өлеңді мәнерлеп оқу. Тілге байланысты нақыл сөздер жинастыру.

Бағалау