Шет ауданының білім бөлімі
Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясы базасындағы тірек мектебі(РО)
Жобаның тақырыбы: Шаңның адам денсаулығына әсері.
Бағыты: экология
Орындаушы: Ы.Алтынсарин атындағы
мектеп-гимназиясы базасындағы
тірек мектебінің 1 сынып оқушысы
Дәулет Нұрәли Нұрболатұлы
Жекетшісі: Ы.Алтынсарин атындағы
мектеп-гимназиясы базасындағы
тірек мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Байкенова Мөлдір Болатқызы
2017 жыл
Мазмұны
Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
Шаңның адам денсаулығына әсері
Шаңның құрамы қандай? Шаң дегеніміз не? Ол қайдан пайда болады?
Шаң. Пайдалы ма? Зиян ба?
3. Зерттеу жұмысы
4. Қорытынды
5. Пайдаланған әдебиеттер.
Тақырыбы: Шаңның адам денсаулығына әсері
Мақсаты: Бөлме шаңың зерттеу, адам денсаулығына әсерін анықтау.
Міндеттері:
Әдебиеттермен таныса отырып, шаң туралы ақпарат жинастыру
Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында, шаңңың адам денсаулығына әсерін анықтау.
Мектеп ішіндегі ең таза орынды анықтау.
Ғылыми- зерттеу жұмыстың өзектілігі:
Денсаулық-табиғаттың берген теңдессіз сыйы, тек ол мәңгілік емес, сондықтан оны сақтау қажет.
Болжам: Шаң -адам денсаулығына зиян.
Кіріспе
Денсаулық-табиғаттың берген теңдессіз сыйы, тек ол мәңгілік емес, сондықтан оны сақтау қажет.
Таза ауа денсаулық кепілі. Біз жүрген жерлердің ауасы таза болуы шарт, әсіресе бөлме ішінде, себебі ол жерде біз уақытымыздың 10-15 сағатын өткіземіз, ал балалар мен үлкендер 20-24 сағат үйде болады.
Мені қызықтырған сұрқтар:
Бөлме ішінде немесе мактепте ауа қаншалықты таза?
Таза болу үшін не істеу керек?
Ғалымдар мен дәрігерлердің пікірі қандай?
Менің сыныптастарым шаңның адам ағзасына әсері жайлы біледі ме?
Осы ойлар мені «Шаңның адам денсаулығына әсері» туралы зерттеуіме алып келді. Мектепте шаңның деңгейі қандай?. Ойымдағы осы сұрақтарға жауап іздеу үшін мынадай жұмыстар атқару керек еді:
Шаң туралы әдебиеттермен танысу.
Шаңның құрамын анықтау. Біз немен тыныс алып жүрміз?
Ғалымдар мен дәрігерлердің пікірін білу
Менің сыныптастарым шаңның адам ағзасына әсері жайлы сауалнама, анкета алу
Жүргізілген жұмысты сыныптастарыма таныстыру
Шаңның адам денсаулығына әсері
Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының болжауынша 21 ғасырдың басында адамдар арасында ең көп таралған аурудың түрі аллергиялық аурулар болып табылады, бронхтық- астма және жүрек- тамыр аурулары.ғалымдардың есептеуі бойынша астма ауруымен ауыратын адамдар жақын жылдары 30% көбейеді. Бұл ауру барлық жерде қауіпті болады: далада, жабық мекеме ішінде. Яғни шаң барлық жерде болады.
Шаңның құрамы қандай? Шаң дегеніміз не? Ол қайдан пайда болады?
Шаң - қатты бөлшектердің атмосферадағы жиынтығы. Шаңның қаншалықты зиянды болатыны құрамына байланысты. Шаң бөлшектері неғұрлым ұсақ болса, олар солғұрлым атмосферада және адамның өкпесіне енгенде өкпенің ең терең бөліктерінде ұзақ сақталады.
Шаңның түрлері




Табиғи органикалық
жасанды минералдық
Шаң ауада ұзақ сақталады. Оны күн түскенде көруге болады (1сурет) немесе қара түсті заттардың үстінен жылдам көрінеді (2сурет). Шаң адамдар қимылы арқылы ауаға көтеріледі, қимыл басылғанда басылады.
1 сурет

2 сурет
Шаңды микроскоп арқылы көруге болады. Ол үшін бір қағаз бен лента болса жеткілікті.(3 сурет)
3 сурет
Интернет жеісін пайдалану арқылы мен шаң туралы білімімді толқытырдым.
Шаң адамның жансызданған терісінен тұрады. Әр адам жылына 450г жансызданған терісін тастайды екен
Көп тараған шаң минералдық шаңдар. Аяқ киім арқылы күнделікті мектептен, даладан үйге шаңдарды тасимыз.
Үй құстары мен жануарларының түктері
Микроағзадан тұрады.
Шаң. Пайдалы ма? Зиян ба?
Шаң адам денсаулығына зиян ба? Зиян десеңіздер, мен толық келісемін. Бірақ сөйте тұра адам тап- таза ауамен тыныс ала алмайды. Адам осындай ортаға бейімделген. Сондықтан тыныс алуы үшін кішкен шаң бөлшектері қажет.
Шаңның адам денсаулығына айтарлықтай зияны жоқ. Тек шаңның құрамында одан қорек алатын ұсақ жәндіктер болмаса.
Шаң жәндіктері- кілемдерде, дивандарда және жұмсақ төсектерде тіршілік етеді. Олар өте ұсақ болғандықтан адамға зиян келтіре алмайды, бірақ әртүрлі аллергиялық реакция бере алады.
Күнделікті шаңмен тыныс алған жағдайда тыныс органдарына (мұрын, бронх, аллергиялық реакция, кеңірдек), бастың ауруы, көздің ашуы зиян келуі әбден мүмкін. Ауада шаң туберкулез тағы басқа ауруларға да себеп болады.
Бірақ ғалымдардың таңғаларлық зерттеулерінің нәтижесінде шаңның адам денсаулығына пайдасы да бар екенін дәлелдепті. Ол біздің иммундық жүйемізді күшейтеді екен. Олар ата- аналары мен балалары тұратын пәтерде зерттеу жүргізген.Үйде аз шаң болған сайын балаларда аллергия жиі пайда бола бастаған. Сондықтан дәрігерлер балаларды тым стириленген аймақта ұстамауға кеңес береді.
Бұдан менің түйгенім, шаңның өзі зиян емес. Сондықтан мектептерде шаңның шығуын зерттеу қажет.
Зерттеу жұмысы
Осы оқыған, білгенімнің барлығын толықтыру үшін, мектептегі оқушылардан сауалнама алуды жөн көрдім. 40 оқушыдан, шаң ның адам денсаулығына әсерін білесіздерме?
Ия- 23-45%
Жоқ- 20-39%
Естідік-8-16%
Осылайша, шаңның адам денсаулығына қалай әсер ететіндігі анықталды.
Жұмысымды әрі қарай толықтыру үшін, практикалық жұмысымды жалғастырдым. Бір парақ ақ қағазды алып адамдар көп жүретін жерлерге, дәлізге, асханаға, кітапханаға, киім шешетін орынға іліп қойдым. Бір апта өткен соң қағаздарды шештім. Ең таза орын асхана болып шықты. Асханада аптасын бірнеше рет жинау жұмыстары жүргізіледі және барлығы екінші аяқ киіммен жүреді екен. Шаңның аз болуы осыған тікелей байланысты болды. Ал ең шаң жер дәліз. Менің ойымша бұл жерлермен жүретін адамдардың санына байланысты.
Осы жұымстан кейін 5-8 сынып оқушылары арасында анкета алдым.
Мектепте екінші аяқ киім қажет пе№
Сыныпты жинап отыру қаншалықты маңызды?
Шаңның адам өміріне қаншалықты зиян?
Анкета қорытындысы:
38% оқушылар екінші аяқ киім қажет деп санайды.
29% ғана жинау жұмыстарын жүргізу керек деп санайды
79 % оқушы шаңның адам денсаулығына зиян дейді
Қорытынды.
Зерттеу жұмысымның қорытындысы
Шаң мектептегі адамдар санына байланысты.
Оқушыларда екінші аяқ киім болуы шарт.
Сыныптарда жиі- жиі ауасын тазарту, шаңды сүртіп отыру керек.
Шаңның адам денсаулығына әсері жайлы, оның түрлі ауруларды асқындыруға әкеп соғатынын білдім.
Практикалық жұмыстарды жүргізу барысында мектептегі ең таза жер асхана болып шықты. Осы қорытындыны ескере отырып:
Шаңмен күресудің бірнеше кеңестерін ұсынамын.
Сыныптарды жиі- жиі тазалау
Сыныптың ішін ылғалдандыру
Екінші аяқ киім ауыстыру
Мектепте жүгірмеу
Шаңның адам денсаулығына зиян екені расталды. Осы жұмысымды 3 сыныпта жалғастырамын деген ойдамын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Оқушы энциклопедиясы 2007 жыл
Айналамен танысу. Экология
Интернет ресурстары.