СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Еліктеу сөздің түрлері

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Еліктеу сөздің түрлеріне арналған 6 сыныпқа арналған ашық сабақ

Просмотр содержимого документа
«Еліктеу сөздің түрлері»

Қазақ тілі

6 сынып


Уақыты:

Сабақтың тақырыбы:

Еліктеу сөздің түрлері

Сабақтың мақсаты:

Еліктеу сөздің мағыналық түрлерін және олардың қолданылатын орындары туралы түсінік беру. Өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып, еліктеуіш және бейнелеуіш сөздерді ажырата білуге үйрету

Күтілетін нәтиже:

-Еліктеу сөздің мағыналық түрлерін біледі

-Мағыналық түрлерін ажырата алады

-Еліктеуіш және бейнелеуіш сөздерге күнделікті өмірден нақты мысалдар келтіре алады

-Көру, есту, ойлау, аңғарымпаздық қабілеттері артады

Ұйымдастыру кезеңі

Топқа құру (пазл арқылы)

Дауыстап мәтін оқу (құрамында еліктеу сөздің мағыналық түрлері қатысқан мәтін)

Қызығушылықты ояту

«Табиғат тамашалары» видеороликті оқушылар назарына ұсынамын

Ережені оқушылар өздері шығарады

Ұй жұмысын тексеру

Әбділхамит Марқабаевтың «Ғарыштағы қымыз» әңгімесінен еліктеу сөздерді тауып, жазып келу

Мағынаны тану

1.Жеке жұмыс. Оқулықпен жұмыс. Жаттығу жұмысы(тақтамен жұмыс)

2.Топтық жұмыс

1-топ Семантикалық картамен жұмыс

2-топ Сәйкестендіру тесті

3-топ Еліктеуіш және бейнелеуіш сөздерді қолдана отырып, 5 сөйлем құрастыру

3. Жұптық жұмыс

Сергіту сәті

«Ана туралы жыр» Шәмші Қалдаяқов

Ой толғаныс

1) Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы.

(мектеп)

2)Өзі бір қу,

Жүрген жері айқай шу (түлкі)

3) Көк көйлекті жеңешем,

Көлбең-көлбең етеді.

Желмен ұшып кетеді,

Жер түбіне жетеді. (түтін)

4)Отқа құйсаң елпілдеп,

Быж-быж етіп тұншығар.

Тақиясы селкілдеп,

Танауынан бу шығар. (Шәйнек)

5) Адамға серік,

Күзетке берік (Ит)

6)Маңайын түгел көрiп,

Биiктен қарайды… (Керiк)

7) Қық-қық етеді,

Кезіп жүріп көшені.

Жата қалса орнына,

Ақ доп тастап кетеді. (тауық)

8) Жылт-жылт еткен,

Жылғадан өткен. (су)

9)Өзi кiлем түрiндей,

Құдды қырдың гүлiндей.

Гүлге қонса кетедi,

Айырмасы бiлiнбей. (Көбелек)

10) Көкте жарқылдап найзадай,

От шашты шатынап… (Найзағай)

Бағалау


Үй тапсырмасы

233-жаттығу Еліктеуіш сөздерді пайдалана отырып, табиғат құбылыстарын суреттеп шығарма жазу. Көлемі: 100-110 сөз

Кері байланыс

«Желкенді қайық»

1. Желкенді жасыл түске боя (сабақ ұнаса)

2. Желкенді сары түске боя (біраз қиындықтар болса)

3. Желкенді қызыл түске боя (сабақты мүлдем түсінбесең)











Аты-жөні

Үй жұмысы

Қосымша сұр.тап

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс

Жаттығу жұмысы

Қорытынды

Толық жауап-5 балл

Жартылай-3балл

















































































1-жұп

Төмендегі Абай өлеңдерінен алынған үзінділерден басқа сөз таптарын жасауға негіз болған еліктеу сөзді табыңдар. Морфологиялық талдау жасаңдар

Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,

Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.


Ыржаңдамай тыңдасаң нең кетеді,

Шығарған сөз емес қой әңгіме үшін.


2-жұп

Төмендегі Абай өлеңдерінен алынған үзінділерден басқа сөз таптарын жасауға негіз болған еліктеу сөзді табыңдар. Морфологиялық талдау жасаңдар

Мақтауға есіріп,

Барынша көсіліп.

Ырғалып қарқ етті,

Ірімшік жерге салп етті.


Жарқ-жұрқ ектіп екеуі айқасады,

Жеке батыр шыққандай қан майданға.


3-жұп

Еліктеу сөзді тауып, қандай сөзбен тіркесіп тұрғанын көрсет

.... Аяғының астында, сонау көзге түртсе көрінбес, қара түнекте ол өмірі көрмеген бір дүлей аранын ашып, тісін са-сақ қайрап тұрғандай ту сыртынан мұздай тер шығады.

... Сүйменді қайта ұстады. Сыз қабырғаны дүңк-дүңк ұра бастады. Кенет тасқа тиіп шық ете түсті. Сосын жаңағы сүйменіне қатты тиген жерді бойлап қаза түсті. Әлгі күрт-күрт дыбыс жоғалды.

Мына мысалдарға назар аудар:


4-жұп Сөйлемдерден еліктеу сөздерді тауып, мағынасын түсіндір

1.Аттылар бұрылып келіп, дөңгелене отырған жиынға жапыр-жұпыр сәлем берісіп амандасып қалды.

2.Селк ете қалды кең далам, селк ете қалды тау іші.

3.Әкем келе жатып, жүрісін кілт тоқтатып, жалт қарады.

5-жұп

Бейнелеуіш және еліктеуіш сөздерді салыстыр

6-жұп

Еліктеуіш сөзді бір бөлек, бейнелеуіш сөзді бір бөлек теріп жаз

Құдықтың аузындағы жігіттер шыңыраудың түбіне бір тал шаштай боп, сымша тартылып, созыла түскен жіп-жіңішке қыл арқанның ұшына жармасып тырбаң-тырбаң етеді.

Сыз қабырғаны дүңк-дүңк ұра бастады. Кенет тасқа тиіп, шық ете түсті. Еңсеп өтірік пе шын ба дегендей, аңтарыла тұрып қалды. Сосын жаңағы сүйменіне қатты тиген жерді бойлап қаза түсті. Әлгі күрт-күрт дыбыс жоғалды. Сүйменнің тиген жері-шақ-шұқ тас. (Ә.Кекілбай).

7-жұп

Сөйлемге қажетті сөздерді төменде берілген қатардан тауып қойыңдар

Шолпы қыз жүрген сайын .... етіп, ақын жүрегіне әдемі бір күй сыйлады.

Оған қыздың ..... күлкісі қосылды

Тырс-тырс, сыңғыр, сылдыр-сылдыр, сыңқ, сылқ-сылқ, күмбір-күмбір

8-жұп

Сөйлемге қажетті сөздерді төменде берілген қатардан тауып қойыңдар

Ол кірпігін қағып ді, жасқа толған жанарынан жас тамшылары жерге ...... тамды.

Ерке бұлақ кең далаға еркелей .... күліп ағып жатты.

Тырс-тырс, сыңғыр, сылдыр-сылдыр, сыңқ, сылқ-сылқ, күмбір-күмбір

9-жұп

Сөйлемге қажетті сөздерді төменде берілген қатардан тауып қойыңдар

..... еткен аққу үнімен домбыра үні қатар шықты.

...... төгілген домбыра күйіне қобыздың зарлы әуені қосылып, Айдынның денесін шымыр еткізді

Тырс-тырс, сыңғыр, сылдыр-сылдыр, сыңқ, сылқ-сылқ, күмбір-күмбір

10-жұп

Еліктеуіш туралы 5 жол өлең қолдану

1 жол-бір зат есім

2 жол- екі сөзбен сипаттау, екі сын есім.

3жол-тақырыпқа қатысты үш қимыл атауына үш етістік жазу

4 жол- тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз болу керек

5 жолда төрт сөзден тұратын бір сөйлем болу керек.



























Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!