СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Информатика әлеміне саяхат

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Информатика әлеміне саяхат" сыныптан тыс сабақ.

Просмотр содержимого документа
«Информатика әлеміне саяхат»



Күні: 18.01.2017 жыл

Тақырыбы: «Информатика әлеміне саяхат»

Мақсаты:

1. информатика пәніне байланысты оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау бір жүйеге келтіріп, тексере отырып, қорытындылау;

2. оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;

3. оқушылардың компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: слайдтар, компьютер, Quiver 3D программасы

Қатысатындар: 5 сынып оқушылары

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, әділ - қазылар алқасы. «Информатика әлеміне саяхат» атты сайысымызға қош келіпсіздер! Біз бүгін 5 сынып оқушыларының арасынан топтастырылып алынған үміткерлердің сайысын тамашалаймыз.

Мынау ұшқыр заманда

Жаңалық енді ғаламға

Компьютер тілін меңгеру

Қажеті туды адамға

І-топ «Принтер» тобы: Топ басшысы: Алина, мүшелері:Саламат , Рамазан, Әсем, Әкімжан.

ІІ-топ «Сканер» тобы: Топ басшысы: Ұлмекен, мүшелері:Аружан, Ерзат, Айбол, Азамат.

І-жүргізуші:

Компьютер – сенің көмекшің

Қаламың әрі қағазың!

Керек емес демессің,

Аздаған болса хабарың

Үйрену керек бәрінде

Ақпараттық заманың! - дей отырып бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныс болайық.

Бұл сайыс 7 кезеңнен тұрады:

І кезең. «Таныстыру»

ІІ кезең. «Сұрақ бізден, жауап сізден»

ІІІ кезең. “Көкпар”

IV кезең. “Адасқан әріптер”

V кезең. «Иә, жоқ» - топ басшылар сайысы.

ҮІ кезең. «Кім жылдам?»

І кезең. «Ширату»

Әділ-қазы алқаларымен таныстырып өтейін:


Жүргізуші: Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.

дегендей І кезең. «Таныстыру» әр топ басшылары өз топтарын таныстырады. Топтың аты, ұраны. Бағалануы 1-5 ұпай арасы

ІІ кезең.«Сұрақ бізден, жауап сізден». Әр топқа 15 сұрақ оқылады. Әр жауап 1 ұпай.

«Принтер»тобы

1.Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер)

2. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы (модем)

3. Ең алғаш санау құралы (есепшот)

4. Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы (монитор)

5. Ақпараттың өлшем бірлігі (бит, байт)

6. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиынтығы (файл)

7. Деректерді сақтауға арналған құрылғы (жады)

8. Вирустың кері әсерін жоятын программа (антивирус)




9. Мәліметтерді енгізу пернесі. (еnter)

10. Бос орын қалдыру пернесі. (пробел)

11. Қосымша сандық режимді іске қосу пернесі. (NumLock)

12. Презентация жасауға арналған программа (Power Point)

13. Ақпаратты енгізу құрылғысы (пернетақта)

14.Қарапайым графикалық редактор (Paint)

15. Paint сөзі қай тілден аударылған (Ағылшын)

«Сканер» тобы

1. Қағаздағы ақпаратты компьютерге тікелей енгізетін құрал (Сканер)

2. Алгоритмнің графиктік түрде бейнеленуі (Блок - схема)

3.Компьютердің ақыл ойы? (Процессор)

4.Терезенің орысша атауы? (Окно)

5.Сурет салуға арналған графикалық редактор?(Paint)

6.Алғашқы есептеу құрылғысы (Саусақ)

7.Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (Бит)

8.Бір байта неше бит бар? (8)

9Компьютерге зақым келтіретін арнайы шағын программа (Вирус)

10.«Paint» қандай редактор? (графиктік)

11.«Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан? (Латын)

12.Дүниежүзілік желі? (Интернет)

13.Вирусты жоятын программа (Антивирус)

14.Дыбыс жазу құрылғысы (Микрофон)

15.Дыбыс шығару құрылғысы (Колонка)

ІІІ кезең. “Көкпар”. Бұл бөлімде логикалық есептер беріледі дұрыс жауапқа 10 ұпай.

1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама – қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? - 4

2. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды.

неше стакан қалды? - 3 стакан

3. Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді?

(15км/сағ)

4. Допты лақтырғанда, доп сол ізі мен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? - жоғары

5. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? – шырпы

6. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышта тұру керек? – 8.

7.Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады? 12

IV кезең. “Адасқан әріптер” бұл кезеңде информатикаға қатысты сөздер берілген. Осы адасқан әріптер арқылы дұрыс сөз құрастыру. Әр сөзге 1 ұпай , Уақыт 1минут

1. Нимотор ----------- Монитор

2. Пьюромтек ------- Компьютер

3. Енрепатқат -------- Пернетақта

4. Лайф ---------------- Файл

5. Рльоукятакл ------ Калькулятор

6. Атқсуа -------------- Сақтау

7. Аэкторикелн ----- Электроника

8. Дңеөу -------------- Өңдеу

V кезең. «Иә, жоқ» - топ басшылар сайысы. Бұл кезеңде топ басшыларына

сұрақтар қойылады. Иә, жоқ деп жауап бересіздер. Әр жауап – 1 ұпай.

1-топ (Принтер)

  1. Пернетақтада абзацтан енгізу пернесі Caps Lock болып табыла ма? Жоқ

2. Enter пернесі шрифтерді бас әріпке ауыстыра ма? Жоқ

3. Сақталған құжаттарды себеттен қарауға бола ма? Жоқ

4. «Информатика» ғылымы ақпараттық процестерді зерттей ма? Иә

5. «Іске қосу» батырмасын басқанда бас меню ашыла ма? Иә



6. Қазіргі есептеу құрылғысына саусақ жатады ма? Жоқ

7. Windows сөзі қазақша «терезе» деп айтыла ма? Иә

8. Сканер шығару құрылғысына жатады ма? Жоқ

9. Әл-Хорезми атынан алгоритм сөзінің шыққаны рас па? Иә

10. Информатиканың өлшем бірлігіне бит жата ма? Иә

2-топ (Сканер)

1.Информатика пәні біздерге тек қана жексенбі күні болады ма? Жоқ

2.Мәтін теру үшін Сурет салу редакторын ашамыз ба? Жоқ

3.Интернет желісіне қосылу үшін модем құрылғысын пайдаланамыз ба? Иә

4.Адам ақпаратты ешқашан шығара алмайма? Жоқ

5.Информатикада санау жүйелері қолданылама ? Иә

6. Мәтін теру үшін пернелік тақта міндетті түрде керек пе? Иә

7.Программа жазу үшін компьютер керек пе? Иә

8.Компьютер жанына қойылатын өсімдік роза гүлі ме? Жоқ

9.Компьютер жанына қойылатын өсімдік кактус па? Ия

10.Бас әріппен жазу үшін пробел пернесін баса отырып жазу керек пе? Жоқ

ҮІ кезең«Кім жылдам?» Берілген торкөздердегі әріптерден кім жылдам және информатикаға қатысты атауларын табар екен? Әр сөзге 1 ұпай, уақыт 3 минут


М К А К О М П

О Н К С Т Н Ь

В И Т У Ы А Ю

И Т О Р Ш Қ Т

Р П С К А Р Е

У Е Е Т Н Е Р

С Р Н А Қ Т А

Жауап: бұл жерде 7 информатикаға қатысты сөз жасырылған (МОНИТОР, КОМПЬЮТЕР, ВИРУС, КАКТУС, ПЕРНЕТАҚТА, СКАНЕР, ТЫШҚАН)

VІІ кезең. «Ширату» - тапсырмаларды орындау.

Әр топқа берілген қағаздағы суретті түрлі-түсті қаламдармен бояп, планшет арқылы Quiver 3D программасынан суретті көру. 5 минут, бағалануы 10 ұпай.


Қорытынды, марапаттау.

Әділ қазылар алқасы сіздердің ойларыңызды білсек.

Информатика нық басып ғаламатта,

Ой бөлісіп заманды саралапты.

Қош болыңдар, қымбатты қатысушылар,

Қайта айналып көріскенше саламатта.

Бүгінгі сайысымыз осыменен аяқталды!













Сабақтың тақырыбы: «Информатика дарабозы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс - әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

Дамытушылық: ойлау қабілеттеріндамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.

Тәрбиелік: өз білімдерін дамытуға, бір–бірін құрметтеуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Сыныптан тыс жұмыс

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Жабдықталуы:Компьютерлер, интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар.

Көрнекілігі: Слайд презентация, кеспе қағаздар.

Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, қазақ тілі, математика, орыс тілі.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру.

1. Сынып оқушыларын түгендеу.

2. Сабақ жоспарын таныстыру.

3. Жетон арқылы оқушы тандау. 10 оқушыға дейін. (алғашқы 1-10 дейінгі сандар алған оқушылар ойынға қатысушылар).

Жарыс кезеңдері:

І. “Бәйге” (Сайыскерлерге 10 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі).

ІІ. “Тіл - өнер” (Жұмбақталып 10 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтқан оқушыға 30 ұпай, ал екі тіл де айтса 20 ұпай, бір тілде айтса 10 ұпай).

ІІІ. “Көкпар” (Логикалық есептер беріледі, дұрыс жауапқа 10 ұпай).

ІV. “Адасқан әріптер” (Дұрыс жауапқа 5 ұпай).

V. «Кім жылдам?» (Информатикаға қатысты торкөзде сөздер жасырылған дұрыс жауапқа 5 ұпай)

VI. “Жорға” Қалған 2 оқушыға 10 - 10 – нан сұрақтар оқылады, көп ұпай жинағаноқушы “Информатика дарабозы” атанады.

VII. Марапаттау.


Әділқазы алқасын сайлау.


Жүргізуші: Құрметтіұстаздар мен оқушылар! «Информатика дарабозы» аттысайысымызғақошкелдіңіздер!

Компьютер – сенің көмекшің

Қаламың, әрі қағазың!

Керек емес демессің,

Аздаған болса хабарың.

Үйрену керек бәрін де –

Ақпараттық заманың! – дей келе «Информатика дарабозы» атты ойынымызға қатысушыларды қошеметтейік. Енді қазір алдарыңызға жеребе тасталды, барлығымыз бір-бір жеребе алайық. 1-10 дейінгі сандары бар жеребе алған оқушылар сайысқа қатысушылар. ал қалған оқушылар артқы орындарға жайғаса беріңіздер.

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Бәйге» деп аталатын І кезеңін бастайық. Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек. Қай оқушы қолындағы жалаушаны бірінші көтереді, сол ойыншы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

1. Ақпараттың неше түрі бар? (5 түрі бар)

2. Ақпараттық процестерді атаңыз. (сақтау, өңдеу, жеткізу).

3. Компьютердің негізгі құрылғыларына не жатады? (жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан).

4. «Ақпарат» сөзі латынның қандай сөзінен шыққан? (informatio)

5. Пернетақтаның неше пернесі бар? (104 пернесі бар)

6. Алғашқыесептеуқұрылғысы? (саусақтар)

7. Компьютердің миы. (процессор)

8. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы (Модем)

9. Адам мен компьютер арасындағықарым – қатынас (Интерфейс)

10. Вирустыңкеріәсерінжоятын программа (Антивирус)


Жас достарым, мұны айтпаймын несіне,

Информатиканы құрметтеу менің есімде.

Қазақ, орыс, ағылшын тілін білсеңіз,

30 ұпай, шәкіртім саған несібе, - дей келе “Тіл - өнер” атты ІІ кезеңімізді бастайық. Бұл бөлімде жұмбақ беріледі. Жауабын тауып, сөзді орысшаға, ағылшынға аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 10 ұпай, екі тілде жауап берсе 20 ұпай, 3 тілде жауап берсе 30 ұпай қосылады.


1. Төртбұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек. (монитор - монитор)


2. Ұзын тұра Жалқаубек,

Тұрмай ылғи жатады.

Қозғала қалса артынан,

Ешбір белгі қалмайды. (бос орынпернесі - пробел - blank)


3. Бұта қорнында мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені (кактус - cactus - тікенекгүл)


4. Тетігін бассаң алаңсыз,

Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта - клавиатура - keyboard)


5. Батырмасын басасың

Қажетті файлды ашасың (тышқан - мышка - maus)


6. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

(сызғыш, линейка, a ruler)

7. Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама.

(кітап, книга, book)


8. Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады?

(он екі, двенадцать, twelve)

9. Батырмасын басасың

Қажетті файлды ашасың

(тышқан, мышь, mouse)

10. Жақтаулар арқылы шектеледі

Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді.

(терезе, окно, windows)


Қойылған сұрақ есепке,

Ойланып жауап іздейік.

Уақытты текке өткізбей,

Қатесін анықтап берейік, -дей келе “Көкпар”атты ІІІ кезеңімізді бастайық. Бұл бөлімде логикалық есептер беріледі дұрыс жауапқа 10 ұпай. Және осы бөлімнің қорытындысы бойынша аз ұпай жинаған 3 оқушы ойыннан шығады.


1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама – қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? - 4

2. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды.

неше стакан қалды? - 3 стакан

3. Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді?

(15км/сағ)

4. Допты лақтырғанда, доп сол ізі мен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? - жоғары–

5. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? – шырпы–

6. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышта тұру керек? – 8.


Жарысайық сайыста,

Кімнің ойымықты екен?!

Кімніңкүшіаздаубоп,

Кім озып алға шықты екен деп, ІІІ кезең бойынша ұпайы аз 3 оқушыға «Ойында жеңілсеңіз де, өмірде жеңілмеңіздер» - деп шығарып салайық. Енді әділқазылар алқасына сөз беріледі.


Жүргізуші. Ойынымыздың IV кезеңі “Адасқан әріптер”бұл кезеңде информатикаға қатысты сөздер берілген. Осы адасқан әріптер арқылы дұрыс сөз құрастыру. Дұрыс жауапқа 5 ұпай.

1. Нимотор ----------- Монитор

2. Пьюромтек ------- Компьютер

3. Енрепатқат -------- Пернетақта

4. Лайф ---------------- Файл

5. Рльоукятакл ------ Калькулятор

6. Атқсуа -------------- Сақтау

7. Аэкторикелн ----- Электроника

8. Дңеөу -------------- Өңдеу


ІV кезең қорытындысы бойынша ұпайы аз 3оқушыға «Ойында жеңілсеңіз де, өмірде жеңілмеңіздер» - деп шығарып салайық. Әділ қазы алқасына сөз берейік.


Жүргізуші.

V. «Кім жылдам?» атты бесінші кезеңімізді бастайық. Берілген торкөздердегі әріптерден кім жылдам және информатикаға қатысты атауларын табар екен?





М К А К О М П

О Н К С Т Н Ь

В И Т У Ы А Ю

И Т О Р Ш Қ Т

Р П С К А Р Е

У Е Е Т Н Е Р

С Р Н А Қ Т А









Жауап: бұл жерде 7 информатикаға қатысты сөзжасырылған (МОНИТОР, КОМПЬЮТЕР, ВИРУС, КАКТУС, ПЕРНЕТАҚТА, СКАНЕР, ТЫШҚАН)

Енді әділқазылар алқасына сөз беріп, осы кезеңнен аз ұпай жинаған 2 оқушының ойыннан шығарып салайық.


Жүргізуші. VI. “Жорға” қалған 2 оқушыға 10 - 10 – нан сұрақтар оқылады көп ұпай жинаған оқушы “Информатика дарабозы” атанады.

1 оқушы.

1. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғыны қалай атаймыз? (Принтер)

2. Қағаздағы ақпаратты компьютерге тікелей енгізетін құрал (Сканер)

3. Компьютердің ақыл ойы? (Процессор)

4. Терезенің орысша атауы? (Окно)

5. Сурет салуға арналған графикалық редактор?(Paint)

6. Алғашқы есептеу құрылғысы (Саусақ)

7. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (Бит)

8. Бір байта неше бит бар? (8)

9. Алгоритмнің графиктік түрде бейнеленуі (Блок - схема)

10. Компьютерге зақым келтіретін арнайы шағын программа (Вирус)

2 оқушы.

1. ЭЕМ - мен жұмыс жасау кезінде экраннан қанша қашықтықта отыру керек? (60 - 70)

2. «Paint» қандай редактор? (графиктік)

3. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (Бит)

4. «Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан? (Латын)

5. Дүниежүзілік желі? (Интернет)

6. Бас әріптер режимін іске қосу пернесі? (CapsLock)

7. Екілік санау жүйесінің сандары? (0 мен 1)

8. Компьютердің миы (Процессор)

9. Вирусты жоятын программа (антивирус)

10. Дыбыс жазу құрылғысы (Микрофон)


Әділ қазыларға сөз беріледі. Ойынның қорытындысы айтылып, оқушыларды марапаттау.


Жүргізуші. Бүгінгі көріп тамашалаған «Информатика дарабозы» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!