СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Информатика әлеміне саяхат.

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Информатика әлеміне саяхат.»

«Информатика әлемі» (зияткерлік ойын)


Мақсаты:

білімділік: Білімгерлердің информатика пәні бойынша алған білімдерін тексеру; қайталау және пысықтау;

дамытушылық: білімгерлердің есте сақтау қабілеттерін, ойлау жылдамдықтарын, іс-әрекет жылдамдықтарын, зейін және ойлау қабілеттерін дамыту;

тәрбиелік: білімгерлерге топпен жұмыс істеуді, бір-бірінің пікірін тыңдай білуді, оны сыйлауды үйретуді жалғастыру және пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға тәрбиелеу.

Ойынға қатысушылар: ойынға І курстан 9 білімгер қатысады.

Сабақ көрнекілігі: Тірек-сызба, тілме қағаздар, есеп парағы т.б.

Сабақ жабдығы: слайд, карточкалар және т.б.

Жүргізуші:

Армысыздар, ағайын!

Ағайын тілін табайын.

Есенбісіз, ұстаздар,

Шаршамайтын қыс-жазда.

Көрермендер аман ба,

Бәріңізге бір сәлем!

Бүгінгі І курс білімгерлердің арасында өткелі жатқан «Информатика әлемі» зияткерлік ойынына қош келдіңіздер! Бүгінгі ойынымыздың жоспарымен танысыңыздар:

І -кезең. «Бәйге» (30 сұрақ оқылады)

ІІ -кезең. «Жеті жұрттың тілін біл» ( полиглот)

ІІІ -кезең. «Тапқыр болсаң, тауып көр» (есеп шығару)

ІV -кезең. «Информатикалық жұмбақтар» (жұмбақ шешу)

V– кезең. Сөзтізбек «Кім алғыр!» (Сөзтізбекті шешу)

Алдымен ойыншының білімін дұрыс бағалау үшін әділқазы алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әр әділқазының алдына дайындалып қойылған. Әділ қазыларды таныстыру.

Жүргізуші:

 Мынау ұшқыр заманда

Жаңалық енді ғаламға.

 Компьютер тілін меңгеру

Қажеті туды адамға


Әр топ өзін таныстыру, ұранын айту. 1-топ Бейсик және 2-топ Паскаль

3-топ Алгоритм

Iкезең. «Бәйге»

Бейсик тобының сұрақтары:

1. Бәйге жарысы:
1. Белгілі бір атпен сақталатын ақпараттар жиыны. (файл)
2. Windows - та өшірілген файлдар қайда жіберіледі? (себет)
3. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым (информатика)
4. Компьютердің басты бөлігі, миы (процессор)
5. Алгоритм атауы кімнің есімімен байланысты? / араб математигі Әл - Хорезми/
6. Монитор мен адамның арақашықтығы неше см? (60 - 70)
7. 1М байтта қанша К байт бар? (1024).
8. Буып - түйілген файл (архив)
9. Енгізу пернесі? (enter)
10. Экранда жыпылықтап тұратын тік сызықша (курсор)


Паскаль тобының сұрақтары:

1. Пернетақтада қанша функционалдық перне бар? (12)
2. Сол жақтан бір символды өшіру үшін қандай перне қолданылады? (Backspace)
3. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер)
4. Paint қандай редактор (графикалық)
5. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы? (CD - ROM)
6. Файлдар жиыны. (папка)
7. Мәтінмен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office - тің құрамына кіретін программа. (MS Word)
8. Вирустың кері әсерін жоятын программа. (антивирус)
9. Сандардың аталу және жазылу әдісін не деп атайды? (санау жүйесі)
10. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал? (компьютер)

Алгоритм тобының сұрақтары:

1. Қандай архиватор бағдарламалары бар? (Win RAR, WinZip)
2. Windows сөзінің аудармасы (терезе)
3. Сегіз биттен тұратын өлшем бірлік (байт)
4. Компьютерлік алфавит символдарының кез келген тізбегі (мәтін)
5. Мазмұндық мәні бойынша топтасқан тізбектелген қатар. (абзац)
6. Оң жақтан бір символды өшіру үшін қандай перне қолданылады? (Delete)
7. Дүниежүзілік ғаламдық тор. (интернет)
8. ЭЕМ - нің дамуы неше буыннан тұрады? (5)
9. Word Pad қандай редактор? (мәтіндік редактор)
10. Әр түрлі амалдар бойынша мәтіндік құжаттардың көркемделуін қалай атайды? (пішімдеу)

ІІ – кезең. «Жеті жұрттың тілін біл» ( полиглот)

Келді кезек полиглотты шешуге
Жауаптарын үш тілде де беруге
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз
15 ұпай шәкірт саған несібе.
Келесі кезең «Полиглот». Бұл кезеңнің ерекшелігі білімгерлер берілген сұрақтарға қазақша, орысша, ағылшынша жауап береді. Егер 3 тілде айтса, 15 ұпай алады.
Бейсик тобына арналған сұрақтар:

1. Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз? ( ақпарат, информация, information)
2. Сақталған құжатты ашу командасы? /Файл – ашу, файл - открыть, file - open/
3. Windows – дегеніміз не? /ОЖ, операционная система, Operation system/
4. Компьютерде берілетін командаларды жарық қаламымен басқаруға негізделген құрылғы
/ Тышқан, мышь, Mouse/
5. Қажет емес символды алып тастау пернесі - (өшіру, удалить, delete)

Паскаль тобына арналған сұрақтар:

1. Өшіргенді жинаған, уақытша сақтаған. (себет - корзина - basket)
2. Экрандағы төрт бұрышты аймақ. Ол не? (терезе - окно - windows)
3. Оның жұмысы үшін аздаған ғана жад қажет, өте кішкентай мәтіндік редактор.
(кітапша - блокнот - notebook)
4. Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі,
Бір күн бар да, бір күн жоқ (пернетақта - клавиатура - keyboard)
5. Биологияда паразит,
Көзге зорға көрінер.
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпаратты өлшер. (бит - бит - bit)

Алгоритм тобына арналған сұрақтар:

1. Жақтаулармен шектелген төрт бұрышты аймақ? (терезе, Окно, Windows)

2. Деректерді сақтауға арналған құрылғы? (Жад, Память, Memory)

3. Әр түрлі объектілер орналасқан Windows экраны? (Жұмыс үстелі, Рабочий стол, Work table)

4. Адам мен компьютер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін жүйелік программа? (Операциялық жүйе, Операционная система, Operation system )

5. Терезе командалары орналасқан бөлікті қалай атаймыз?

( Мәзір жолағы, Строка меню, Menu)


ІІІ – кезең. «Тапқыр болсаң шешіп көр!»

Әр топқа 1 есептен беріледі. Берілген есептің шешімін Бейсик, Паскаль,Блок-схемаға салу керек.

1-есеп. Бейсик тобы

X=y-x/(y-z)/1+(y-x)


2-есеп. Паскаль тобы

S=bsin(atcos2t)-1


3-есеп. Алгоритм тобы

Y=sin(26x2+5a+9)/2


ІV – кезең. «Информатикалық жұмбақтар»

1 - жұмбақ
Екі батырмалы,
Бір бұрандалы.
Жалғыз өзі - ақ,
Сансыз іс тындырады. (Тышқан)
2 - жұмбақ
Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан. (Компьютер)
3 - жұмбақ
Монитор жанында бір қорап,
Тұр өне бойын тоқ орап.
Ең негізгі микросхема,
Аталған ол... (жүйелік қорап)
4 - жұмбақ
Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қағаз - қаламсыз. (Пернетақта)
5 - жұмбақ
Төртбұрышты жұқа қорап,
Магнитпен қапталған.
Сыйымдылығы 1, 44 МБайт,
Сақтайды ол ақпарат (дискета)
6 - жұмбақ
Бар құрылғы әркім білмес,
Ғаламтормен байланыстырар.
Телефонға жалғанып ап,
Ақпаратпен алмастырар (модем)
7 - жұмбақ
Компьютердің құрамдас бөлігі,
Қағазға басып береді. (принтер)
8 - жұмбақ
Батырмасын тұтқасына орнатса да,
Жан - жағына емін - еркін қозғалатын.
Бар сондай ойын құмар құрылғысы,
Экрандағы нысандарды басқаратын. (джойстик)
9 - жұмбақ
Компьютердің қосымша бөліктері,
Ай мен күндей егіздер.
Сыбырлап та, айқайлап,
Көңіл - күйді көтерер. (колонкалар)

Көрермендермен ойын (Үш тілде айту)

1. «Ас - адамның арқауы», ал компьютердің асы... (ток, ток, current)
2. Компьютермен жұмыс жасауды жеңілдететін қосымша құрылғы (тышқан, мышь, mouse)
3. Компьютерге ақпарат егнізетін құрылғы /пернетақта, калвиратура, кей
4. Біз мектепке келген кезде алғашқы қолымызға не ұстаймыз? /қалам, ручка, peinl
5. Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ. (терезе, окно, windows)
6. Компьютерді миы /жүйелік блок, процессор, systemblok/,/
7. Дыбыс шығарғыш құрылғы /колонка, дыбыс, шығарғыш,
8. Сәлем ненің патшасы. (сөз, слово, word)
9. Кітап ненің бұлағы. (білім, знание, knowledge)
10. Тышқанның неше батырмасы бар? /үш, три, cri/


V – кезең. Сөзтізбек «Кім алғыр!» (Сөзтізбекті шешу)

1962 жылы. Кендітау жерінде Гурван көлі жағасында үлкен мәрмәрдан ескерткіш орнатылған, онда Шыңғыстың өсиет сөзі жазылған.


А

Л

Ұ

Қ

А

С

С

Ғ

А

Д

М

А

Ы

Ы

М

А

Ы

Л

Н

Б

А

Л

Л

Ұ

Қ

А

С

Ұ

О

Қ

Ұ

Й

Ы

Қ

Қ

М

Р

Р

Н

М

М

Е

А

А

Ғ

Ы

І

Н

Ғ

А

н

Е

Л

Е

Қ

Ұ

Л

А

Ш

Д


«Құлаш денем құласа құласын, құраған елім, қолымдағы байрағым құламасын».

Жүргізуші:

Марапаттау. Жеңімпаз топ анықталып, ойынға қатысқан білімгерлерге сыйлықтар таратылады.