СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ізденген жетер мұратқа

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

аааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааа

Просмотр содержимого документа
«Ізденген жетер мұратқа»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Сабақ: 6

Мектеп: «Қазыбек бек бекетіндегі орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мерзiм:

Тақырып: Ізденген жетер мұратқа

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: табандылық, еңбекқорлық, өзін-өзі бағалау

Мұғалiм: Маратқызы Ж Сынып: 6а,б,-сынып Оқушылар саны –

Сабақ мақсаты: оқушыларды өз бетінше танып – білуге , құштарлыққа, талпынысқа, ізденіске үйрету .

Міндеттері :

-оқушыларға мақсатқа ұмтылушылық, мұратқа жету туралы түсінік беру;

-оқушылардың ерік – күшін дамытуға ықпал ету;

-еңбекқорлыққа, табандылыққа, өзін-өзі бағалау тәрбиелеу

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Оқулық,дәптер,түрлі-түсті қалам,ақ қағаз

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәтi. « Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

үнтаспа

Үй тапсырмасын тексеру

Адам мүмкіндігін білеміз бе? 16-17 бет оқу.

1.Адамның мүмкіндіктері мен қабілеттерін дамытуына қандай қасиеттер ықпал етеді?

2.Адам мүмкіндіктерін ашудағы ерік-күштің мәні неде?


Жағымды ой-пікір. Дәйексөз.

«Жаман әдеттен құтылуға,

Жақсы әдетті табуға шара бар.

Ол шара - табандылық, қаржылық.

Қажет қасиеттің бірі-өзіне-өзі сенімділік.»

1.Дәйексөзден қандай ой түюге болады?

2.Өздеріңнің бойларыңда қандай жаман қасиеттер бар?

3.Осы жаман әдеттеріңнен қалай құтылуға болады, ойланып көрдіңдер ме?

Өзін-өзі тану оқулығы

Мұғалімнің сыйы:

«Адам өмірі» аңыз әңгіме

Үш ағайынды жігіт «Адам өмірінің өткені, қазіргісі әлде болашағы маңызды ма?» деген сауалға дауласып қалады.

Біріншісі:

-Өйткені өмірім менің қазіргімнің бастауы болды. Бұрын үйренгендерім қазіргі өміріме азық болып отыр. Мен өз-өзіме сенімдімін, себебі алға қойған мақсаттарыма жету үшін мен қажымай-талмай күресе білдім. Өз өміріме серік еткен жолдастарым да өзіме ұнайды,-дейді.

Сонда екіншісі:

-Егер сенің айтқаның дұрыс болса, «Түйе көргенінен жазбас» дегендей, адам бір орнында дамымай тұрып қалар еді. Маған бұрынғы үйренгендерім,қазіргі білетінім маңызды емес, болашағым маңызды. Сондықтан да мен өз болашағыма қажетті нәрселерге үйренемін. Маған «екі жыл бұрын мен кім едім?» деген сауалдан «екі жылдан кейін менің өмірім қандай болады?» деген сауал маңыздырақ. Менің қазіргі қаракетім бұрын қандай болғаныма емес, болашақта қандай болатындығыма бағытталып отыр. Маған жаңа таныстар өте ұнайды, олардан білмегенімді үйренемін, ал ескі таныстарымның білетінін өзім де білемін,-деп дауласа жөнелді.

-Өткен мен болашақ тек сендердің ойларыңда ғана болатындығын ұмытып кеттіңдер ме?-деп сөзге араласты үшіншісі:

-Өткеннің енді қайтып келмейді, ал болашағың жеткізбейді. Сондықтан да өткеніңді қанша аңсасаң да, болашағыңды қанша қиялдасаң да, олар қолға түспейді. Тек кәзіргі өміріңде ғана алдыңа мақсат қойып, өз өміріңді өзгертуге болады. Өйткені өткен бақытты ойлау-жаныңды жабырқатады, болашақ бақыт туралы ой жаныңды жегідей жейді, тек қазіргі өмірде ғана өз ойыңды жүзеге аыра аласың.

1.Сендер қайсысының пікірімен келісесің?

2.Мақсат қоюдың адам өмірінде алатын орны қандай?

Шығармашылық жұмыс: Топтық жұмыс

1-тапсырма: Өлеңді оқып, оның негізгі идеясын өз сөзіңмен қорытындылап дәптерге жаз.

2-тапсырма: Өз қалауыңмен шұғылданғың келетін іс пен атқаруға міндетті істің арасынан таңдау жасаған кездерің болды ма? Есіңе түскендерді қысқаша әңгіме түрінде жаз.

әдеби кітаптар




Топпен ән айту:

«Жас дәуірдің түлегіміз»

Сөзі Е.Өтетілеуов

Әні И.Нүсіпбаев

Бау-бақша, белдер,

Орман, тау, көлдер-

Көрікті шексіз даламыз.

Дәулеті тасқан,

Сәулеті асқан-

Көңілді ауыл, қаламыз.

Қайырмасы:

Жадырап күндей,

Жайнаған гүлдей-

Бақытты біздер баламыз!


Өзіміз туған,

Көбелек қуған

Өлкеде өсіп толамыз.

Жалықпай оқып,

Көңілге тоқып-

Білімді адам боламыз.

Қайырмасы

Бау-бақша, белдер,

Орман, тау, көлдер-

Көрікті шексіз даламыз.

Дәулеті тасқан,

Сәулеті асқан-

Көңілді ауыл, қаламыз.

Қайырмасы:

Өзіміз туған,

Көбелек қуған

Өлкеде өсіп толамыз.

Жалықпай оқып,

Көңілге тоқып-

Білімді адам боламыз.

Қайырмасы

үнтаспа

Үй тапсырмасы:

24-26 беттердегі мәтінді оқып мазмұнын ашу

оқулық

Қорытынды:

Адам өз ынтасымен талап-мақсат қойып, оны өзі таңдаған талпыныс, ізденіспен игеруі өзіне де, өзгеге де, қоршаған ортаға да пайда келтіреді.

Ұдайы ізденген адам өз бетімен білімін жетілдіріп, өздігінен дами алады.

Соңғы тыныштық сәті:

Әсем әуен қойылады.

Балалар бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді өз жүрек тұстарыңа апарып,жүректеріңде мәңгі сақтап алыңдар!