| Пән мұғалімі: Оспанова Толқын Қуанышқызы |
| Мерзімі: | |
| Кабинеті: | |
| Сыныбы: | 7-сынып |
| Пәні: | Қазақ әдебиеті |
| Сабақтың тақырыбы | Қанатты, нақыл сөздер туралы |
| Сабақтың түрі: | аралас сабақ |
| Мақсаты: | Оқушылардың қанатты, нақыл сөздер туралы түсініктерін кеңейте отырып, ауызекі сөйлеу тілдерін, сөздік қорларын дамыту. |
| Міндеттері: | Қанатты, нақыл сөздерді ажырата білуге, күнделікті өмірде жай сөздердің орнына қанатты, нақыл сөздерді пайдалана білуге үйрету; Шапшаң ойлау, есте сақтау, ойын жүйелі жеткізе білу қабілеттерін дамыту; Тіл, Отан, достық тақырыбындағы нақыл, қанатты сөздерді бере отырып, өз тілін құрметтеуге, туған жерін, Отанын сүюге, досын, ата-анасын қадірлеуге тәрбиелеу; |
| Қолданылатын модуль | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: диалогтік оқыту, Оқыту үшін бағалау, Оқытудағы АКТ пайдалану, Талантты және дарынды оқушыларды оқыту, Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, Оқытуды басқару және көшбасшылық |
| Қолданылатын стратегиялар | Сұрақ қою техникасы (Түрткі сұрақтар), «Шаттық шеңбері», «Жиксо», «Сәйкестігін тап», «Мюнстернберг», «Шығармашылық шыңы» , «Медаль және миссия», «Басбармақ», «Ойлан. Бірік. Бөліс», «Көргенімнен түйгенім» деңгейлік, жұптық, топтық оқыту, шығармашылық жұмыс. |
| Ресурстар | интернет материалдары: интербелсенді тақта, стикер, флипчарт, маркер, үлестірмелі қиындылар, суреттер, бағалау парағы |
| Күтілетін нәтиже | Қанатты, нақыл сөздерді ажырата біледі, күнделікті өмірде жай сөздердің орнына қанатты, нақыл сөздерді пайдалануға үйренеді; Шапшаң ойлау, есте сақтау, ойын жүйелі жеткізе білу қабілеттері дамиды; Нақыл, қанатты сөздердің мәні арқылы өз тілін құрметтейді, туған жерін, Отанын сүйеді, досын, ата-анасын қадірлейді; |
| Сабақтың барысы: |
| Сабақ кезеңдері | Уақыт | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау |
| Ұйымдастыру кезеңі | 1 мин | Ұйымдастыру, амандасу, сынып оқушыларын түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын қадағалау. | Оқушылар амандасады, сабаққа дайындықтарын білдіреді. | Мадақтау |
| Қызығушылықты ояту | 4 мин | Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық тренинг. "Шаттық шеңбері". Олай болса біз бүгінгі сабағымызда да көп нәрсені ұғып, үйренеміз. | Оқушылар шеңберге тұрып, бір- біріне тілектерін арнайды. | Қол шапалақтау |
| 3 мин | Сынып оқушыларын санау арқылы 3 топқа бөліп, топ басшысын тағайындау. Бүгінгі сабақ барысында орындалатын тапсырмаларға сәйкес бағалау парағын дайындап, топ басшыларына беру. Оқушылардың қатысуымен топтың ережесін қабылдау. Көрнекі қылып сынып бөлмесіне іліп қою. | Санау арқылы 3 топқа бөлінеді. Топтар бірігіп топтың ережесін шығарып, қабылдайды. | Мадақтау, марапаттау |
| Үй тапсырмасы | 7 мин | Үй тапсырмасын "Қарлы кесек" әдісі арқылы сұраймын. | Берілген сұрақтарға әрбір оқушы жеке-жеке жауап береді. Топ басшылары үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға дұрыс жауап берген өз тобының оқушыларын берілген бағалау парағына бағалайды. (Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай) | Бағалау парағына топ басшысы өз тобының мүшелерін критерий арқылы бағалайды. |
| Мағынаны тану | 7 мин | Нақыл сөздер туралы түсінік беру. Нақыл сөз - мағынасы терең ойды қысқаша бейнелейтін, авторы белгілі, тұжырымды ереже-қағидалар. Оқушыларға тақырыпты оқуға беріп, алдарыңа сол тақырып бойынша тапсырмалар жазылған үлестірмелі ресурстар таратамын. | Оқушылар жұмыстарын постер арқылы қорғайды. «Жиксо » стратегиясы. "Қанатты, нақыл сөздер" тақырыбын оқып шығып, сол бойынша тапсырма орындау. | Бағалау бетшесіне топ басшысы өз тобының мүшелерін критерий арқылы бағалайды. |
| | 6 мин | Тұрақты тіркестерге қатысты суреттер беріліп, жазылған тұрақты тіркестерді суреттермен сәйкестендіріп, мағынасын түсіндіруі қажет. «Сәйкесін тап» стратегиясы | Оқушылар «Сәйкестігін тап стратегиясы арқылы жазылған тұрақты тіркестерді суреттермен сәйкестендіріп, мағынасын түсіндіреді. | Бағалау бетшесіне топ басшысы өз тобының мүшелерін критерий арқылы бағалайды. |
| Сергіту сәті | 2 мин | Сергіту сәті. "Мюнстернберг" | Оқушылар берілген тапсырмадан тақырыпқа қатысты сөздерді табады. | Қол шапалақтау |
| Ой толғаныс кезеңі | 8 мин | Шығармашылық тапсырманың орындалу бағытын түсіндіріп, соған сәйкес флипчарттар таратамын. «Шығармашылық шыңы» стратегиясы | Шығармашылық жұмыс. 1 топ – сөзжұмбақ құрастыру 2 топ – кластер құрастыру 3 топ- тақырып бойынша анықтама беру | Мадақтау, қол шапалақтау |
| Рефлексия | 3 мин | Кері байланыс "Медаль және миссия" стратегиясы | Оқушылар сабақ бойынша ұсыныстары мен пікірлерін флипчартқа жазып қалдырады. | Мадақтау |
| Бағалау | 3 мин | Бағалау парағы арқылы оқушылардың критерийлер бойынша бағалауынан қорытынды бағаны шығарамын. | Топ басшысы дискрипторлардағы ұпай санын қосып, топ мүшелерін бағалайды. | Қорытынды бағалау |
| Үй тапсырмасы | 1 мин | Бірнеше қанатты, нақыл сөздерді жаттау. | Оқушылар үй тапсырманы күнделіктеріне жазып алады. | |