Бекітемін:
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Б.Баяхметова
Тақырыбы: «Қарыштай бер, Қазақ Елінің Ұланы»
Күні:
Мақсаты: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Өзін-өзі басқаруға, көшбасшылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу. Көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлау.
Түрі: Мерекелік концерт (Бенефис шоу)
Жүру барысы:
І жүргізуші: Қайырлы күн Құрметті ұстаздар, Жігерлі жас достар және де қадірменді кеш қонақтары! «Жас Ұлан» ұйым мүшелерінің арасында ұйымдастырылып отырған, «Қарыштай бер, Қазақ Елінің Ұланы!» атты бенефис шоуға қош келдіңіздер!
ІІ жүргізуші: Бенефис шоуда бәрі де бар
Ән де бар, әңгіме де бар
Сыйлық та бар, сыйлы қонақта осында!- сол үшін «Бенефис шоудың» қызықтарын бірге тамашалайық!
ІІ жүргізуші: Мерейім –нұрлана бер, азат күнім,
Көрейін бақытымның азаттығын.
Таңымды тамылжытқан бостандықтан
Танылды бар әлемге қазақ бүгін - Иә, «Рухы күшті ел – алынбайтын қамал» дейді халық нақылы. Отан - қасиетті ұғым. Отанымызға, туған халқымызға адал қызмет ету – біздің азаматтық борышымыз. Елім деп жүрегі соққан нағыз патриот азаматтар міне бүгін бас қосып отыр.
І жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән - шашу әсем бимен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады. –
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау және биылғы мектеп түлектерін «Жас Ұлан» ұйымының құрамынан шығу салтанатына қош келдіңіздер!
Ән: « Көкке өрле!» Тұрдашова Айым
І жүргізуші: «Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.
ІІ жүргізуші: «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған. Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады. «Жас Ұлан» - өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының 2011 жылдың 11 ақпанындағы ХІІІ съезінде Елбасы Н.Назарбаев ел жастарын «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына» біріктіріп, балалардың «Жас Ұлан» ұйымын құруды тапсырған болатын. Міне осы ұйым бүгінде біздің мектепте де қызмет жасауда. Олай болса сіздердің ыстық ықылас, зор қошеметтеріңізбен бүгінгі кешіміздің басты қонақтарын ортаға шақырайық. (Ортаға 11-сынып оқушылары шығады)
І жүргізуші: Абдоллаева Ақбота – мектебіміздің ұланбасы
ІІ жүргізуші: Қизатоллаева Марал – мектебіміздің мәдениет министрі
І жүргізуші: Серікбеков Жақсылық – спорт министрі
ІІ жүргізуші: Тоқтасынова Назерке – білім және ғылым министрі
І жүргізуші: Нұрбеков Бақытжан – ұлдар жетекшісі
ІІ жүргізуші: Әсетова Аяулым – қыздар жетекшісі
І жүргізуші: Дастанова Айша – бастауыш буын жетекшісі
ІІ жүргізуші: Дүйсенов Елтай
І жүргізуші: Ахметбекова Назгүл
ІІ жүргізуші: Қапсаметов Мейіржан
І жүргізуші: Төлегенов Темірлан
ІІ жүргізуші: Құрметті кеш қонақтары қош келдіңіздер! Көңіл күйлеріңіз қалай? Сіздермен сыр-сұхбатымызды бастамас бұрын әдемі бір би тамашалап алсақ!
Би : «Лови дови»
Бенефис шоу сұрақтары:
«Жас Ұлан» ұйымы сіздерді несімен қызықтырды?
«Жас Ұлан» ұйымына қабылданған күн естеріңіздерме?
Ұйымда неше жыл қызмет еттіңіз? Ауысым болдыма, айырмашылық қандай?
Сіздің мектеп қабырғасындағы күндеріңізге ұйымның әсері бар ма?
Ата-анаңыздың ұйымға деген көзқарасы қалай деп ойлайсыз?
Ұйымға айтар жылы лебізіңіз?
Болашақ Жас Ұландықтарға не айтасыздар?
Мектеп қабырғасында биыл соңғы жыл жүрсіздер, сезімдеріңіз қандай?
Жайдарманды сағындыңыздар ма?
«Жас Ұлан» ұйымының әнұранын өз арамызда алғаш өмірге әкелген өздеріңіз, осы жайлы айтып өтсеңіздер?! Қазір кеш соңында орындайтын боламыз!
Сіздерді өнерге баулыған ұстаздарыңызба әлде ата-аналарыңызба?
«Жас Ұлан» ұйымына қандай естелік калдырасыздар?
І жүргізуші: Қазақ халқы қонақжай, қонағын төрінде құрметтеген халықпызғой! Ендеше бүгінгі қонақтарымыздан «Қонақ кәде» сұрасақ!(Өз өнерлерін көрсетеді).
Ән: « » Тоқтасынова Назерке
ІІ жүргізуші: Құрметті көрермендер кешімізді әрі қарай жалғастырсақ, барлықтарыңызды «Жас Ұлан» ұйымына саяхатқа шақырамын. Яғни бұл айдарымыз «Қызықты саяхат» деп аталады. Бүгінгі кеш қонақтарының осы уақытқа дейінгі «Жас Ұлан» ұйымында қызмет еткен кездерінен қызықты сәттерді видеролик арқылы бірге тамашаласақ! Назарымызды экарнға аударайық! ( «Жас Ұлан» ұйымының видеосы)
Би: « » 10-сынып қыздары
І жүргізуші: Желбіреген көк алау ел көгінде
Қайырлықпен батырлық жедкенінде
Қазағымның қайратты ұландары
Ел қорғайды елінің ертеңінде – дей келе келесі айдарымызға кезек берсек, қазір бізде «Ашық микрофон».
ІІ жүргізуші: Яғни, бұл айдарда көрермендер өз ойларында жүрген сұрақтарын кеш қонақтарына қойса болады немесе жылы лебіздері болса да жеткізуге болады. Сонымен қатар бүгінгі кешімізге осы кеш қонақтарының ата-аналары да келіп отыр, олай болса сол кісілерге де арнайы сұрақтар қоятын боламыз!
Ән: «Сарбаздар»
ІІ жүргізуші: Шықты торап ой-санадан
Бері қарады жұлдыз беті
Өзі қалап сайлап алған
Мектептің бар президенті
Шырақ етіп өмір нұрын
Алыс тартып алдағы жол
Мектеп намысын, елдің жүгін
Арқалаған ардағым ол
І жүргізуші: Қазақстан өз президентін Ұлы тұлға деп құрметтейді, қадірлейді, мақтана алады. Біз де мектебіміздің президентін мақтан тұтамыз, құрметтейміз, адал үлкен үміт күтеміз.
ІІ жүргізуші: Бірлік, татулық, ынтымақ! Халық осы үш ұғымның қадірін жақсы біледі. Мектебіміздің мәртебесін көтере, өзге оқушыларға үлгі болар, мектеп президентінің көмекшілері бар. Олай болса сіздердің ду қол шапалақтарыңызбен «Жас Ұлан» ұйымының мүшелерін және жаңадан қабылданғалы тұрған мектеп оқушыларын сахана төріне шақырамыз! «Жас Ұлан» ұйымының ланбасын және ұйымға жаңадан ұйым мүшелерін қабылдау құрметі биылғы мектеп түлкетеріне тапсырылады.
(Ұланбасы сайланады және жаңадан ұйым мүшелері қабылданады)
І жүргізуші: Қазақстан күннен – күнге өркендеп, гүлденуде. Біз осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Биылғы мектеп түлектерін қимастықпен, болашаққа деген зор үмітпен «Жас Ұлан» ұйымынан шығарып салу үшін сөз кезегі биылғы жаңадан қабылданған ұйым мүшелеріне беріледі. (Төс белгілерін тағады, альбомға автограф қалдырады)
ІІ жүргізуші: Жасұлан-жігерлі де жайдарлы ұйым
Төл мерекең жыл сайын тойланды ұйым
Жаңғырып, жанданатын жылдан-жылға
Жасұлан-жалынды ұйым, айбарлы ұйым
Самғаңдар бейбіт елдің аспанында,
Зулайды жастық дәурен қас-қағамда.
Мектебің ұстаздарың алтын қазық,
Тілейді сәтті қадам жастарына. - Құрметті мектеп түлектері «Тәуелсіз Қазақстанның жастары, нақ сендер елдің ең басты байлығы болып табылатындарыңды және біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының болашағы сендерге байланысты екенін есте ұстаңдар!» -деп сендерге сенім білдіргім келеді. Сіздермен қимастықпен, сағынышпен қоштасамыз! Сіздер студент болып жырақта жүрсеңіздерде алтын ұя мектептеріңізді, аяулы ұстаздарыңызды және мектептегі ең қызықты ұйым «Жас Ұлан» ұйымын ұмытпаңыздар! Біз сіздерді ұмытпаймыз, сағынышпен еске аламыз! Ақ жол, сәт сапар құрметті түлектер!
Барлығы хормен «Жас Ұлан» ұйымының ең алғашқы әнұранын орындайды.
І жүргізуші: Ризамын деп осындай жастық шаққа,
Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа.
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа!
ІІ жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Уақытымыз біраз жерге таяп қалды.
Керісінше қош сау болып тұрыңыздар,
«Қарыштай бер, Қазақ Елінің Ұланы» атты кешіміз аяқталды.-құрметті көрермендер, ата-аналар, аяулы ұстаздар және кеш қонақтары бүгінгі бенефис шоуға келіп қатысып, алтын уақыттарыңызды бөлгендеріңізге үлкен рахмет! Әр сәрсенбінің кешінде бенефис шоуда кездескенше сау болыңыздар!
«Көктүбек орта мектебі» КММ

(Бенефис шоу)
Тәлімгер: А.Тәкібаева
2016-2017 оқу жылы