Ұзақмерзімдіжоспарбөлімі: 5.1A Қазақстандағыежелгіадамдардыңөмірі | №114 орта мектеп |
Күні: 7- 11.09.17ж | Мұғалімнің аты-жөні: Абенова У |
Сынып: 5 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Ежелгі адамдардың өміріне саяхат – 2 сағат |
Осы сабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме) | Барлығы: 5.1.2.1 алғашқы адамдардың тұрмыс- тіршілігін шығармашылық түрде (әңгімелеу, бейнелеу, көрініс, макет) көрсету Көпшілігі: Тас дәуіріндегі оқиғаларға шолу жасайды; Ежелгі адамдардың мәдени жетістіктерін қорытындылайды; Алғашқы жылқы өсірушілерді анықтайды; Кейбірі: Жартастағы суреттерге шолу жасайды; |
Бағалау критерийлері | ежелгі адамдардың тиісті іс-әрекетін анықтайды; еңбек құралдарын топтастырады; Екі петроглифтердің арасындағы 2 айырмашылық пен 2 ұқсастықты анықтайды; Петроглифтерді салыстыра отырып, ежелгі адамдардың дүниетанымын сипаттайды. Дағдылар: түсіну,білімін қолдану, талдау |
Тілдікмақсаттар | Пәндік лексика және терминология:Ру, алғашқы қауым, тобыр, аналық және аталық ру, абыздар, терімшілік, аңшылық, балық аулау, мал шаруашылығы, теселі егіншілік, еңбек бөлінісі, өнімді еңбек, жеке меншік, өндіруші шаруашылық, қолөнер, кен өндірісі, тоқымашылық, керамика, көзе т.б.сөздерді еске түсіреді. Оқытудың тілдік мақсаты: Алғашқы адамдардың өміріндегі ең маңызды сәттерден құралған бейнелерді ажыратып, шағын көрініс жасайды (айтылым дағдысы). Ежелгі еңбек құралдарын жасауда, тиісті критерийлерді жазады (жазылым дағдысы). Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:Адамның жануарлар әлемінен басты ерекшеліктері... Алғашқы адамдардың тұрмыс тіршілігінде келесі өзгерістерорын алды... Біздің анықтағанымыз... Қорытындысында... Біздің тобымыздың ойынша... Келесі себептер/факторлар.... Ең басты жетістіктер ... |
Құндылықтарды дарыту | Алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігі, еңбегіне, тарихи ескерткіштеріне құрметпен қарау. |
Пәнаралық байланыстар | География, дүниежүзі тарихы пәндеріндегі негізгі білім дағдыларын пайлана отырып, археологиялық ескерткіштердің орналасуын, әлем елдеріндегі табиғи, қоғамдық өзгерістермен салыстыра отырып, тиісті қорытынды жасайды. Қазақстандағы ежелгі тас, қола дәуіріндегі басты қоғамдық өзгерістерді анықтайды. |
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта, презентация арқылы оқушылардың шығармашылық түрде жұмыстануына мүмкіндік ашылып, пәнге қызығушылығы артады. |
Бастапқы білім | Қазақстантерриториясындағы алғашқы адамдардың антропологиясын, тұрмысын, археологиялық ескерткіштерімен, діни наным-сенімімен танысты. |
Сабақбарысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар |
1 сабақ Сабақтың басы 10 мин | Қызығушылықты ояту кезеңі. Бастапқы стимул. (Б) Бұл сабақта оқушыларға өткен тақырыптарды қайталай отырып, ежелгі дәуірге саяхат жасайтындығын ескертіп өтемін. «Тас және қола дәуірінде қандай өзгерістер орын алды?» сұрағын қоя отырып, оқушыларды өзара пікір алмасуға бағыттаймын. Алдымен талқылау үшін тақырып бойынша (барлығына бір тақырып немесе әр топқа бөлек тақырып) топтарға бөліп отырғызамын. Талқылаудан кейін оқушыларға түстер беріп, тиісінше қайтадан топқа бөлемін. Топты «Мозайка» әдісі арқылы 4 оқушыдан 4 топты анықтаймын. Жаңа топтар «бастапқы топ» қатысушыларынан тұрады. Кейін оқушылар топта не талқылағандарын айту үшін қайта оралады. Бұл одан әрі тақырыпқа шолу жасауға түрткі болады. Оқушылар сабақ мақсатымен, тапсырмалармен және жетістік критерийлерімен таныстырамын. | Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. – Алматы, 2010 ж. |
Сабақтыңортасы 10 мин 10мин 10мин 2 сабақ 10 мин 15 мин 10 мин | Мағынаны тану кезеңі. (Т) 1-тапсырма. «Уақыт сызығы».Презентация арқылы ұяшықтарға тас дәуірінің кезеңін (палеолит, мезолит, неолит, энеолит) санмен көрсетіп қойямын. Сынып оқушыларын топқа бөлемін: 1 топ. Палеолит 2 топ. Мезолит 3 топ. Неолит 4 топ. Эноелит Өткен тақырыптарды еске түсіру мақсатында сұрақтар беремін: Қосымша 1 (Т) 2-тапсырма. «Суретін сал».Оқушыларды топтарға бөлемін. Әр топ топ мүшелерінің санына қарай 1-ден 4-ке дейін немесе 5-ке дейін нөмір беремін. Сыныпқа сұрақ қоя отырып, «Бірге ойлаймыз» – деп айтамын. Сұрақ: «Ежелгі адамға ең үлкен пайдасын әкелген еңбек құралы қандай?» Оқушылар сұрақты ауызша талқылау үшін үстелдің орта тұсына барады. Ең үлкен пайда әкелген еңбек құралын анықтау үшін топтарға ежелгі адамдардың әртүрлі іс-әрекетін карточкамен ұсынамын. 1 карточкада – аң аулау, 2- от жағу, 3- аңдардың терісін боршалау, 4 – балық аулау. Осы іс-әрекеттерге сәйкес келетін еңбек құралын анықтап, топпен не жұппен суретін салады. Еңбек құралдарын еске түсіру үшін оқулықтың бастапқы беттеріндегі тақырыптарды қайталайды. Қалыптастырушы бағалау жұмысын ұсынамын. Қосымша 2 (Т) 3-тапсырма. «Топтық зерттеу».Оқушыларға «Тас дәуіріндегі Қазақстан» тақырыбы бойынша алынған білімді жүйелеу мақсатында топтық жұмыс ұйымдастырылатындығы туралы ескертемін. Мысалы: алғашқы адамдар, тас құралдары, кен өндіру, қыш құмыралар, петроглифтердің суреттері. Осы суреттер бойынша сол кезеңге ойша өтіп, нені елестеткендерін жазып алады. 1 топ: Журналистер: «Менің тас дәуіріндегі бір күнім» тақырыбында оқиға орнынан репортаж дайындайды; Критерийлері: 1. Пәндік мазмұны: кәсібі, тұрмысы және т.б 2. Өзектілігі: тас дәуірінің ерекшелігі, еңбектің рөлі, адам эволюциясы және т.б. 2 топ:Ұсталар: Тас және қола дәуірінің еңбек құралдарының ішінен адамға ең үлкен пайдасын (қажетті) әкелген еңбек құралын таңдап, оның суретін салып, мысалдар келтіре отырып, өз таңдауларын негіздеу. 3 топ: Қыш құмыра (керамика) жасаушылар: Тұрақтардан табылған қыш құмыраларды зерттеп, олардың қажеттілігі мен қолданылуын түсіндіреді. Қыш құмыралардың бірнеше нұсқасының суретін салады, ондағы бейнеленген суреттерді сипаттайды. 4 топ: Этнографтар: Тас және қола дәуіріне тән ғұрыптармен наным-сенімдер бойынша презентация жасайды. Олардың мағынасын ашып, түсіндіреді. Қалыптастырушы бағалау жұмысын ұсынамын. Қосымша 3 (Т) 4-тапсырма. Стоп-кадр.Ежелгі адамдардың өміріне саяхатты мектеп ауласында немесе кітапханада өткізуге болады. Сыныпты шағын топтарға бөлемін. Топтар келесі көріністерді көрсетеді: І топ: ежелгі адамдардың тастардан еңбек құралын жасауы; ІІ топ: терімшілік пен егіншілікпен айналысуы; ІІІ топ: аң аулауы; IV топ: от жағу тәсілін; V топ: ежелгі адамдардың тастарға сурет салуы; VI топ: тоқымашылық, тері өңдеу; VII топ: баспана салу. Оқушылар өздерінің алған білімдеріне негізделе отырып, өзіндік интерпретацияны көрсетеді. Әр топ өз көріністерін сипаттап, таныстырады. (Б) 5-тапсырма. «Ыстық орындық». Бір оқушы ортаға шығып, өзін питекантроп, саналы адам немесе андроновтық тайпа өкілі ретінде ыстық орындыққа отырып, пікірін айтады. Ол тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Қалған оқушылар белгілі бір пікірмен келіспеген жағдайда, алға шығып сөйлей алады. Бұл жерде оқушылар белгілі бір рөлді немесе адамды сомдай алады. | презентация Слайд 4 презентация Слайд 5 Т.С.Садыков, А.Т.Толеубаев, Г.Халидуллин, Б.С.Сарсекеев. Ежелгі Қазақстан тарихы, 1-бөлім. – Алматы:Атамұра, 2011 ж. презентация Слайд 6 |
Сабақтың соңы 5 мин | (Ф) Қорытынды кезеңі. (Д) Кері байланыс. «Бағдаршам» тәсілі арқылы оқушының тиісті рефлексия жасауына бағыт беремін: Жасыл түс – осы секілді тапсырмалар көбірек болса Сары түс – ұнады, бірақ барлығы емес Қызыл түс – сабақ мүлдем ұнамады |  |
Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулықжәне қауіпсіздіктехникасыныңсақталуы |
Қабілеті жоғары оқушылар: Топта ұйымдастыру жұмыстарын алады; Сабақ барысында зерттеу жұмыстарын жүргізуде белсенділік танытады. «Топтық зерттеу» әдісі арқылы оқушыларды тиісті тапсырмаларды таңдау жасауға мүмкіндік беруге болады. Таңдап алған топтық жұмысты бұл топтағы оқушылар үшін күрделендірген жөн. Тиісті критерийлердің қасына шығармашылық тапсырманы қосқан жөн. Қабілеті орта оқушылар: Стоп-кадр әдісі арқылы ұсынылған тақырыптар негізінде шағын көрініс дайындайды. Тиісті рөлдік сөздерді өздерінің дайындауына мүмкіндік беріңіз. Сабақ барысында зерттеу сұрақтарына жауап береді; Орта деңгейдегі топтық жұмыстарға қатыса алады. (Тапсырма мазмұны бір, орындау уақытына қарай ықшамдалған, бірақ оқушының таңдау құқығы бар) Қабілеті төмен оқушылар: | Ынталандыру, қолдау көрсету, формальды емес бағалау түрлері; Оқушылар өзара бағалайды; Жұппен бағалау жүргізеді; Зерттеу жұмысын қалыптастырушы бағалау ретінде жүзеге асады; Мұғалім әрбір тапсырмаға тиісті кері байланыс беріледі. | Оқушылар сабақ барысындатуындайтын қауіп-қатердің алдын алу шараларын белгілейді. |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме? Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма? Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен? | Бұлбөлімдісабақтуралыөзпікіріңіздібілдіруүшінпайдаланыңыз. Өзсабағыңызтуралысолжақбағандаберілгенсұрақтарғажауапберіңіз. |
|
Жалпы баға: Сабақта қойылған сабақ мақсаты мен оқу мақсаттарына жеттім. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нен ібілдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |