СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қазақ тілі. 8-сынып

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ тілі бойынша тест сұрақтары. тест тапсырмасы 8-сыныпқа арналған.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі. 8-сынып»

8-сынып

1. Дара бастауышы бар сөйлемді белгілеңіз. 
A) Талаптыға нұр жауар. B) Еңбек түбі – береке. C) Үш салт атты жүріп келеді. 
D) Шу өңірі өнімді мол береді. E) Сегіз қырлы, бір сырлы. 

2.Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінетінін көрсетіңіз. 
A) 3. B) 2. C) 4. D) 1. E) 5. 

3.Жасырын тұрған бастауышы бар сөйлемді белгілеңіз. 
A) Ол жығылып қалды. B) Табиғат – біздің досымыз. C) Марат күліп жіберді. 
D) Еңбек етсең, есейерсің. E) Ол тыңдағанды жақсы көреді. 

4.Бастауыш қызметін атқарып тұрған сан есімді көрсетіңіз. 
A) Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар. B) Сабақты екеулеп оқыды. C) Қызыл шұбары – он үш. 
D) Отыз – онға бөлінеді. E) Сексенді екіге бөл. 
5.Бастауыш қай сөз табынан екенін анықтаңыз. Кейбіреулері сәл тоқтады. 
A) Зат есім. B) Сын есім. C) Есімдік. D) Етістік. E) Одағай. 

6.Бастауыш қызметін атқарып тұрған етістікті көрсетіңіз. 
A) Бұл – Еркебұлан сөзі. B) Кешікпей Абайлар да аттанды. C) Келгендер – осы ауылдың адамдары. D) Орамалың бар ма? E) “Тұр орныңнан,” – деп әмір етті. 

7.Тек тұрлаулы мүшелерден тұрған сөйлемді белгілеңіз. 
A) Атың әдемі екен. B) Оның өзі шеткерірек тұр екен. C) Көп ұзамай жауын басылды. 
D) Өңі алабұрта күрең тартқан. E) Бүгін сабақта Әмір жоқ. 

8.Зат есімнен болған баяндауышты көрсетіңіз. 
Сендер өмірдегі ең бақытты адамсыңдар. 
A) Сендер. B) Өмірдегі. C) Ең. D) Бақытты. E) Адамсыңдар. 

9.Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаны белгілеңіз. 
A) Еңбек - өмір рахаты. B) Олар бір-бірлеп келе бастады. C) Үйде екі-ақ адам отыр. 
D) Телефон-автомат бұзылып қалыпты. E) Ол мәселені шешіп кетті. 

10.Анықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз. 
A) Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез. B) Іздеген жетер мұратқа. C) Тау жақтан баяу жел еседі. D) Әбіштен келген екен. E) Жауын сіркіреп тұр екен. 

11.Бірыңғай мүшелі сөйлемді белгілеңіз. 
A) Мен сендерге көргенімді айтамын. B) Жел соқпай, құс шуламай – бәрі жым-жырт. 
C) Тыңда, дала, Жамбылды. D) Дүниеде, сірә, сендей жар жоқ маған. E) Дариға, домбырамды берші маған. 
12.Жақсыз сөйлемді табыңыз. 
A) Ауылдың малы өсті. B) Асан ұйықтап қалды. C) Досанның тауға барғысы келді. 
D) Бұл - үлкен сыйлық. E) Ермек өте жақсы оқиды. 

13.Жақсыз сөйлемнің анықтамасын көрсетіңіз. 
A) Бір ғана сөзден жасалса. B) Іс, оқиғаны баяндамай, атап қана тұратын сөйлем. 

C) Сөйлемнің оқшау келетін түрі. D) Баяндауыштың өзі сөйлемге негіз болатын түрі. 
E) Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің қатысуы. 
13.Атаулы сөйлемді анықтаңыз. 
A) Сені тексергім келіп тұр. B) Тәңірберген осы жолы үндемеді. 
C) Айсыз қараңғы түн. D) Инабаттылықты қастерлейік. E) Еңбек етсең, емерсің. 
14.Қарсылық салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. 
A) Құнанбай Ұлжан қасына отырды да, Мәкіш пен Абайдың жүзіне қарады. B) Сізден сұрайтынымыз мынау: бізге қамқоршы болыңыз. C) Олар қыстаудан шықпайды, өйткені төлді қорада ұстау керек. D) Мал өріске қарай шұбатыла жөнелді. E) Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ. 
15.Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемді белгілеңіз. 
A) Ұлберген кедей болғанмен, киім-кешектерін таза ұстайтын еді. 
B) Абай үйге кіргенде, Әбіш бар қағазды оқып шыққан еді. 
C) Ол заманда ұл балаға бас кеспесе, қан төкпесе, ат қойылмайтын еді. 
D) Бұл күнде Құнанбай өлсе де, құнанбайлық құрымапты. 
E) Мен де алға қарайтынмын, бірақ көзіме ештеңе көрінбейтін. 

16: «Тулардың да тарихы бар»

Егер мәтінге сенетін боласақ «Барлық мемлекеттердің туларынан жаугершілік рухты білдіретін рәміздер алынып, бейбіт-еңбек рәміздері бейнеленсін» деген үндеу жарияланған. Үндеуді жариялауға 14 елдің делегаттарының қатысуына не себеп болды деп ойлайсыңдар?

.....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

17: «Тулардың да тарихы бар»

Вексилология –ту туралы ғылым. Қалай ойлайсың, вексикология институты қазір жұмысын жандандырып жатыр ма? Жауаптарыңызды растайтын мысалдар келтіріңіз.

.....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

18: «Тулардың да тарихы бар»

Бұл мақалада не айтылды?

А. Вексиология институты

В. Рәміздердің тарихы

С. Мемлекеттік туға жоғары баға беріді

Д. Ұлттық бояу

Е. Тутанушылар



19. Салалас құрмаластың түрлерін жазыңыздар.


20.Берілген сөйлем құрмаластың қай түріне жатады?

1973 жылы Лондонда вексиллологтердің бесінші конгресі өткізіліп, оған 14 елден 57 делегат қатысты.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!