Сабақтың тақырыбы: Иелік форма қосымшасы. «Отау көтеру».
Сабақтың мақсаты: Тыңдаушыларға иелік форма қосымша туралы түсінік беру, жаңа сөздерді жаттау, суретпен жұмыс жасай білу, сауаттылығын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту.
Сабақта – қолданылатын әдіс – тәсілдер: суретпен жұмыс, электронды қаламмен жұмыс, сұрақ-жауап, «Сандық» стратегиясы, психологиялық тест.
Сабақтың көрнекілігі: смайлик, электронды қалам, психологиялық сурет.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық жағдай.
Көңілдімін Көңілім орташа Көңілсізбін
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырыптарды еске түсіріп қайталау.
ІІІ. Жаңа сабақ. А2 оқулығы 168-169-бет. Иелік форманың сұрақтары: кімдікі? (кого?чей?), ненікі (чей?). Мысалы: Майранікі, Көкшетаудікі, бастықтікі.
Үй – біздікі. (Дом наш) Кітап – баланікі. (Книга мальчика)
Мына фотосурет менікі. (Эта фотография моя)
Үлкен бөлме ағасынікі. (Большая комната брата)
Кестені көрсету. Түсіндіру.
1-деңгей.
1) Суретпен жұмыс.
...... – мен.... .
...... – сен..... .
..... – оны..... .
Бұл –
..... Айжан..... .
Бұл -
..... оқушы..... .
2) Отбасы тақырыбына байланысты сөздерді еске түсіру. Мысалы: ата-ана, ата-әже, апа, аға, немере, шөбере.
2 – деңгей.
1) Жаңа сөздермен танысу.
Тұңғыш – первенец
Ұнату – нравится
Әскери қызметкер – военно-служащий
Келін, жеңге – сноха
Әпке – старшая сестра
Қарындас – младшая сестра
Іні – младщий брат
Сыйлау – уважать
2) Мәтінмен жұмыс. Менің отбасым.
Менің 3 ұлым бар және 1 қызым бар. Әйелім жоғары білімді маман. Астана қалалық сотында қызмет істейді. Тұңғыш ұлымыз –Тәукел 14 жаста, ал қызымыз – Балжан орта мектебінің 3 сыныбында оқиды, кіші ұлымыз – Жанмұрат 3 жаста, кенжеміз Еркежан - 6 айлық. Біз жазда өзіміздің отбасымызбен жақсы демаламыз. Мен өзім күнделікті газет оқығанды, радио тыңдағанды, теледидар көргенді ұнатамын. Менің інім – әскери қызметкер. Келінім – экономист. Ал әпкем – мұғалім. Қарындасым магистратураны биыл бітірді. Ол болашақ заңгер. Менің анам ініммен тұрады. Біз анамызды сыйлаймыз.
3) Электронды қаламмен жұмыс. 74-75-бет. Сөздерді тыңдап, таныс емес сөздерді дәптерлеріне жазып алу.
3 – деңгей.
1) Жазбаша жұмыс. Иелік форманың жалғасын жазыңыз.
Әпке......, қарындас..... , іні...... , аға.... , апа.... , ата.... , әже.... , жеңге..... , нағашы..... .
2) Жазбаша жұмыс. Сөйлемдердегі сөздерді ретімен қою.
Кімдікі/орындық/бұл
Кітап/менікі/ол
Мына/сіздікі/сурет
Ойыншық/бұл/біздікі
Сенікі/кесе/үселдегі
3) Сұрақ – жауап. Тыңдаушылар сұрақтарға дұрыс жауап беру.
– екі жас отбасы құрғанда олардың ата-аналары бір-біріне қалай атайды? (құда)
- үйлену тойында келіннің бетін ашқанда, бұл салтты қалай атайды? (бет ашар)
- құдалар бір-біріне тойда қандай сыйлық береді? (дорба)
4) Сұқбаттардағы жауаптарды иелік формаға ауыстыру.
1. – Көк дәптер кімдікі?
- Ол менің дәптерім. Дәптер менікі.
2. – Бұл кімнің ақшасы?
- Айшаның ақшасы. ...................................
3. – Бұл сіздің телефоныңыз ба?
- Бұл менің телефоным. ...........................
4. – Мынау Жібектің үйі ме?
- Иә, Жібектің үйі. ...................................
4-деңгей.
1) «Сандық» стратегиясы.
1) Не тәтті?
2) Не жұмсақ?
3) Не қатты?
4) Кім жақын?
5) Не қымбат?
Жауабы: Не тәтті? Ананың сүті тәтті.
Не жұмсақ? (Ананың қолы жұмсақ).
Не қатты? (Атаның жүрегі қатты).
Кім жақын? (Ағайың жақын).
Не қымбат? (Ата-анаң қымбат).
2) Психологиялық тест жүргізу. Тыңдаушылар ұнаған суретті таңдап алады және олар қандай тұлға екенін анықтайды.
Өмір, жар, дос
Мақсаты: Тыңдаушылардың еске сақтау, ойлау қабілетін, өз ойын анық жеткізуін байқау.
Сіз қандай адамсыз, қалай өмір сүріп жатырсыз, өмірге көңіліңіз тола ма... Өзіңізге беймағұлым өз ішкі жан әлеміңіздегі құпияларды психологиялық сынақ арқылы анықтаңыз. Әр сұрақтың жауабын есіңізге сақтап отырыңыз немесе жазып алыңыз. Жазба соңында жауаптарымен салыстырасыз.
Орманды аралап келе жатқаныңызда, алдыңыздан бір күркеше кезікті дейік:
1. Сізше күркешенің есігі қалай тұр? (Жабық не ашық)
2. Үйдің ішіне кіргенде бір үстел көзіңізге шалынды, сізше үстелдің формасы қандай? (Дөңгелек, сопақша, квадрат формалы, тік төртбұріш формалы, үшбұрыш формалы)
3. Үстелдің үстіне бір гүл құмырасы қойылған, бұл құмырада су бар, Сізше бұл құмыраға қаншалықты су құйылған? (Толтырылған, орта, су жоқ)
4.Сізше бұл құмыра қандай материалдан жасалған? (Әйнектен, фарфордан, балшықтан, метал, пластик)
5. Сәлден кейін бір сарқырамаға келесіз, сол арада жарқ-жұрқ еткен бір затты көрдіңіз, ол затты иіліп алсаңыз бір топ кілт тағылған кілтілгіш екен. Сізше онда қанша кілт бар? (1-10 дейін)
6. Бұл жерден өтіп, тағы да жолға шықтыңыз, жолдың сорабын іздеп жүргеніңізде алдыңыздан қала қорғаны көзіңізге шалынды, сізше бұл қандай қорған? (Ескі қорған, жаңа қорған)
7. Қала қорғанынң ішіне кіріп жүріп келе жатқаныңызда алдыңыздан бір ластанған малтау көлшігі кезігеді, кенет былғанған көлшік бетінен жалт-жұлт етіпеткен асыл тастарды байқайсыз, сіз бұл асыл тасты қайтесіз? (Аламын, алмаймын)
8. Қала қорғанының енді бір басында шығатын есік бар, сіз осы есік арқылы қала қорғанынан шығып кеттіңіз. Одан шыққаныңызда үлкен гүл бақшасын көрдіңіз, бақшадан бір сандық көзіңізге түсті. Сізше сандықтың үлкендігі қандай? (Кішкене, орташа, үлкен)
9. Сандық қандай материалдан жасалған? (Қатты қағаздан, ағаштан, металдан)
10. Сандыққа жақын жерден гүл бақшаның ішінен көпір көрінеді. Сізше оны неден салған?(Металдан, ағаштан, өсімдік сабағынан)
11. Көпірдің қасына келгеніңізде бір арғымақты көресіз, сізше арғымақтың түсі қандай? (Ақбоз, күрең, қара)
12. Арғымақ не істеп тұр? (Тынш мүлгіп тұр, жайылып тұр, шапқылап жүр)
13. Арғымаққа жақындау жерде қатты құйын соғып кетті, сіз не істейсіз?
Жауап:
1. Есік. Ашық есік: сіздің қандай іс болса да басқалар мен ортақ игіліктенуді қалайтын адам екеніңізді бейнелейді.
Жабық есік: қандай іске тап болсаңыз да жалғыз өзіңіз шешуді жөн санайтын адам екеніңізді бейнелейді.
2. Үстел. Дөңгелек, сопақша формадағылар: сізге серік болатын бірнеше достарыңыз бар, сіз оларға өте сенім артасыз.
Квадрат, тік төртбұріш формалылар: сіз дос талғайсыз, тек жақсы танитын адамдарыңызбен ғана дос бола аласыз.
Үшбұріш формалылар: сіз өте қазымыр адамсыз, сондықтан досыңыз көп емес.
3. Құмырадағы су. Құрғақ: сіз көз алдағы тұрмысыңызға риза емессіз.
Орташа су: сіздің тұрмысыңыз сіз армандаған тұрмысқа жартылай болса да жақын.
Толы су: сіз қазіргі тұрмысыңызға өте ризасыз.
4. Құмыраның материялы.
Әйнек, фарфор, балшық: сіздің тұрмыста дәрменсіз, басқалардың көмегіне мұқтаж екеніңді бейнелейді.
Метал, пластик: сіздің тұрмыста мықты адам екеніңізді бейнелейді.
5. Кілт.
Тек бір ғана: сіздің тек жалғыз досыңыз ғана бар.
Бірден беске дейін: сіздің бірнеше досыңыз бар.
Алтыдан онға дейін: көптеген достарыңыз бар.
6. Қала қорғаны.
Ескі қорған: сіздің өткен өміріңізде араласқан достарыңыз жайлі көңілсіз, еске алуға татымайтын істер болған.
Жаңа қорған: сіздің өткендегі достарыңызбен болған тамаша қарым-қатынас сезіміңіз жүрегіңіздің түпкірінде сақталған.
7. Лас көлшіктегі асыл тас.
Алған болсаңыз: сіздің өмірлік жарыңыз қасыңызда болса да, сіз басқаларға қырындайсыз.
Алмаған болсаңыз: сіздің өмірлік қосағыңыз қасыңызда болса, сіз тек осы адаммен бірге боласыз.
8. Мөлдір көлшіктегі ақшалар.
Алған болсаңыз: сіздің өмірлік қосағыңыз сіздің қасыңызда болмаса, сіз маңайдағыларыңызбен жақсы боласыз.
Алмаған болсаңыз: сіздің өмірлік қосағыңыз сіздің қасыңызда болмаса да, сіз оған мәңгі адалсыз.
9. Сандықтың үлкен-кішілігі.
Кішкене: жауапкерсіз.
Орташа: мәлім мөлшерде жауапкершілік бар.
Үлкен: жауапкершілігі күшті.
10. Сандықтың материалы.
Қатты қағаздан, ағаштан (сырты жарқырамайды): сіз кішпейіл жансыз.
Метал: мақтаншақ әрі тоңмойын жансыз.
11. Көпірдің материалы.
Метал: достарыңызбен өте жақын, қою байланыстасыз.
Ағаш: достарыңызбен белгілі дәрежеде байланыстасыз.
12. Аттың түсі.
Ақбоз ат: сіздің қосағыңыз сіздің жүрегіңізде кіршіксіз әрі ардақты.
Күрең арғымақ: сіздің қосағыңыз сіздің жүрегіңізде әдеттегідей ғана.
Қара тұлпар: сіздің қосағыңыз сіздің жүрегіңізде тым жақсы емес тіпті жаман болу мүмкін.
13. Аттың қимылы.
Тыныш тұрған не жайылып тұрғанды таңдаған болса: сіздің қосағыңыз үйдің қамын жейтін кішіпейіл адам.
Шапқылағанды таңдаған болса: сіздің қосағыңыз тұрпайы адам.
14. Ең соңғы әрі ең маңызды сұрақ, иә, әңгіменің аяғы боран соққанға келді, сол жағдайға не істедіңіз:
Қазір біз бұл заттардың нені бейнелейтініне қарайық:
Соққан құйын: сіздің өміріңіздегі қиыншылық.
Сандық: өзіңіз
Көпір: досыңыз
Жылқы: өмірлік қосағыңыз.
Сандыққа тығылу: қандай қиыншылыққа кездессеңіз де жалғыз өзіңіз қарсы тұрасыз.
Көпірдің астына бару: мейлі қандай уақытта қандай қиншылыққа жолықсаңыз да достарыңызбен бірге шешесіз.
Тұлпарды таңдаған болсаңыз: қандай қиыншылық, боран-шашынды күнде де өмірлік қосағыңызбен бірге өткізесіз.
ІV. Сабақты қорытындылау. Оқулық А2, 4-жаттығу, 22-бет. Тәуелді жалғаулы сөзді иелік формамен ауыстыру.
Мына менің қағаздарым. Мына қағаздар менікі.
Бұл - Қуаттың үйі.
Бұл кімнің суреті?
Мына сіздің фотосуретіңіз бе?
Бұл сендердің сыныптарың.
Менің пәтерім – мынау.
Мынау кімнің ноутбугі?
Бұл кімнің телефоны?
Бұл – нағашыларымның – бөлмесі.
Мынау Әсияның қолшатыры емес.
Бұл сенің көзілдірігің бе?
V. Үйге тапсырма. Жаңа сөздерді жаттау. Иелік формаға 6 сөйлем құрастыру.