-К-Г дыбыстарын дұрыс, анық айтуға, салыстыра білуге үйрету.
-ойлау, сөйлеу, фонематикалық есту,қабылдау қабілеттерін дамыту.
-ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Просмотр содержимого документа
«К-Г дыбыстарын салыстыру»
Пән: Тіл кемшіліктерін түзеу.
Дефектолог-логопед: Мухаметова А.М.
Сабық тақырыбы: К-Г салыстыру
-К-Г дыбыстарын дұрыс, анық айтуға, салыстыра білуге үйрету.
-ойлау, сөйлеу, фонематикалық есту,қабылдау қабілеттерін дамыту.
-ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: кеспе әріптер, буындар, сөздер.
Сабақ әдіс-тәсілдері: жаттығу, түсіндіру, көрнекілік.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Кел, балалар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық.
Қай тапсырма болса да
Орындамай қоймайық.
ІІ. Артикуляциялық жаттығулар орындату.
«Кесе», «сылақшы», «тәтті тосап», «саңырауқұлақ», «құлыншақ»
ІІІ. Тыныс алу жаттығуы: «шарик»
ІV. Жаңа сабақ
К-Г салыстыру.
Га-ка гу-ку го-ко гі-кі ге- ке гө- кө
К-Г дыбыстарының артикуляциясын жекелей түсіндіріп, айтқызу.
Сөздерді қайтала:
Шеге-шеке гүл-күл
Кеше-кеме газ-көз
Егеу, ілгек, шелек, кеше, етік, ілгіш, мерген.
К-ні Г-мен ауыстыр:
Елек-елегі өрік-өрігі
Шелек-шелегі бөрік-бөрігі
Бесік-бесігі көрік-көрігі
Есік-есігі көлік-көлігі
Сөк-сөгу бүк-бүгу
Төк-төгу тік—тігу
Саусақ жаттығуы.
Санамақ санату.
Тақпақ оқу, жаттау.
Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа
Үлкен болған кезінде,
Сыйлы болмақ өзі де.
Сөздерді буынға бөл, дыбыыстық талдау жаса:
Терек мереке кебеже кесе береке текемет кереге егіз шеге бетеге сегіз неге
«КӨБЕЛЕК» сөзіне сөйлем құрастыр.
V .Үйге тапсырма: тақпақ жаттау.