СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Л-М дыбыстарын салыстыру

Категория: Логопедия

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Л-М» дыбыстарын сөзде, сөйлемде дұрыс айтуға машықтандыру. Сөйлемді 3-4 сөзден құрап, сұрақтарға толық және  нақты жауап беруге үйрету. Дұрыс тыныс алуын қалыптастыру. Оқушыларды  ұйымшылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

 

 

Просмотр содержимого документа
«Л-М дыбыстарын салыстыру»

Пән: Тіл кемшіліктерін түзеу.

Дефектолог-логопед: Мухаметова А.М.

Сабық тақырыбы: Л-М салыстыру.

Сабақтың мақсаты: «Л-М» дыбыстарын сөзде, сөйлемде дұрыс айтуға машықтандыру. Сөйлемді 3-4 сөзден құрап, сұрақтарға толық және нақты жауап беруге үйрету. Дұрыс тыныс алуын қалыптастыру. Оқушыларды ұйымшылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: түрлі-түсті суреттер; айналар, жемістер, магнит тақтасы, әріптер.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық тренинг /майшам арқылы бір-біріне жақсы тілектер айтып, тыныс алу жаттығуын жасап, май шамды үру/.

ІІ. Жаңа сабақ. Л-М салыстыру.

Артикулляциялық жаттығулар. «Күрекше» - жалпақ тілді шығарып, астыңғы ерінге ұстап тұру.«Сағат» - тілді жіңішкертіп ұстап, оңға, солға жайлап қозғау керек.«Терезе» - аузымызды кең ашып жабамыз.

Босаңсыту жаттығулары. Алыста тұрған адамды өзімізге қарай шақырайық. /1-4/

Ерінге арналған жаттығу. Екі ерінді ауыз ішіне тарту /1-4/Үстіңгі және астыңғы ерінді кезек-кезек үстіңгі ауыз тіспен тістеу. /1-4/. Үстіңгі және астыңғы ерінді уқалау.

Л дыбысының айтылу ерекшелігі.Артикулляциялық қалпы: жалпақ тіл үстіңгі тістерге көтеріледі. Дыбыстық сипаты –дауыссыз үнді.«Л» әрпінің баспа, жазба түрлерін көрсету. Буындарды айту, әндетіп санап айту.Ла-ла-ла, ло-ло-ло, лу-лу-лу

М дыбысының айтылу ерекшелігі. - М дыбысын айтқанда еріндері жұмулы, ауа ағысының жолында кедергі бар, ауа ағысы еріндерді жарып өтетін тәрізді. Дыбыстық сипаты-дауыссыз үнді. «М» әрпінің баспа, жазба түрлерін көрсету. Буындарды айту, әндетіп санап айту.Ма-ма-ма, мо-мо-мо, лму-му-му.

Тапсырма №1 Сурет бойынша сөйлем құрау. Суреттің атын атау, буынға бөлу, қай буында екенін айту. Лақ, гүл, дөңгелек, жылан, балық, жолбарыс, түлкі, мысық, марал, алма, алмұрт, тағам, талғам.

2 Жұмбақтар шешу, ойлау қабілетін, ұсақ моторикасын дамыту.

Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты. /Алма/

Сумаңдаған тілі бар,

Бұраңдаған ізі бар,

Тіл ұшында уы бар,

Ол не? /Жылан/.

Алма, жылан сөздерін тауып, буынға бөліп, «Л-М» әріптерін табу, магнит тақтаға жазу.

Сергіту сәті.

Көбелек болып ұшайық.

3 «Л» дыбысына тақпақ жаттау.

«Жалт-жұлт» етіп лақ,

Жағалайсың бұлақ,

Секірем деп бірақ,

Қала көрме құлап.

4 Жемістерді көрсете отырып, атын сұрау, түсін, көлемін, дәмін сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақты қорытындылау.

- Біз бүгін қандай әріптермен таныстық?

- «Л-М» дыбыстарының баспа, жазба түрлерін көрсет.

- «Л» дыбысын айт. «М» дыбысын айт.

- «Л-М» дыбыстарына сөздер ойла.

ІV. Үйге тапсырма: «Лақ» өлеңін жаттау.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!