Просмотр содержимого документа
«"Қорықтар" сабақ жоспары»
Едилова Мадина Нуровна
Сынып: 8
Күні: 18.03.2016
Сабақтың тақырыбы: Қорықтар
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстан жеріндегі қорықтар туралы мағлұматтар беру. Сөздік қорларын көбейту.
Сабақтың міндеттері:
оқушыларға Қазақстан жеріндегі қорықтар туралы толық мәліметтер бере отырып, олардың маңыздылығы жайында білім беру. Сөздік қорларын көбейту. Картадан оларды көрсете білуге үйрету.
: оқушылардың мемлекеттік тілде оқу, жазу, сөйлеу дағдыларын дамыту. Карта жайындағы біліктіліктерін дамыту.
оқушыларды табиғатты қорғауға, аялауға, сүюге тәрбиелеу. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақты мультимедиямен игерту
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ қазақ тілі мен география
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, сөздік жұмыс, әңгімелеу, топтық жұмыс
Пәнаралық байланыс: география
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, Қазақстаның физикалық картасы, сызбалар,
қорықтардың суреттері, үлестірмелі карточкалар, видеоролик
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Блиц турнир Қазақстан жері қандай?
Қазақстанның табиғаты туралы не айтасыздар?
Оның неше пайызын таулар алып жатыр?
Неше мыңға жуық өзендер, көлдер бар?
Жазық жер аймақтары туралы не айта аласыздар?
ІІІ. Негізгі бөлім.
1. Сөздік жұмыс.
Қорық – заповедник
алғашқы – первый
құрып кету – исчезновение
қауіп – опасность, бедствие
ұялау – гнездиться
табиғи қалпы – естественный облик
қорғау – защищать
аялау – беречь
жұлмау – не вырывать
қарт, кәрі – старый
таптамау – не топтать
құмтөбе – бархан.
2. Қазақстан қорықтары жайлы жалпы мағлұмат беру және картамен жұмыс
жүргізу.
ТАБИҒИ ҚОРЫҚ – табиғат нысандарын қорғаудың жоғарғы көрсеткіші. Ерекше қажет ететін тұқымы құрып бара жатқан өсімдік пен жануарлардың түрлерін табиғи күйінде сақтайтын жер.
Қазір елімізде 10 қорық жұмыс жасауда, олардың әлемдік маңызы бар деген мәртебеге ие болған Қорғалжын және Наурызым қорықтары. Ең соңғы 10-ыншы қорық
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданына 2004 жылы «Қаратау» қорығы ұйымдастырылды. Оның жерінің ауданы 34300 га жерді қамтиды. Қорғалатын табиғат нысандары Қаратау өңірінің экожүйелерінің табиғат байлығын сақтау.
Қазақстанда ең алғаш болып «Ақсу Жабағылы» қорығы 1926 жылы құрылған. Бірақ біз көптеген ғалымдардың еңбектерінде VІ-VІІ ғасырларда қазақ жерінде ерекше қорғалатын жерлер болғанын жазады.
Біздің республикамыздағы 10 қорықтың үшеуі Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Олар – Марқакөл, Батыс Алтай және Алакөл қорықтары. Бұл сандар біздер үшін үлкен мақтаныш бола алады. Аталған қорықтарды картадан көрсету.
3. Қорықтар жайлы видеоролик көрсету
Қорықтар тақырыбына байланысты сөзжұмбақ шешу
Талас Алатауында орналасқан қорық?
Ақмола облысында орналасқан қорық?
Арал теңізінің батыс бөлігінде орналасқан қорық?
Қостанай далалы аймағында орналасқан қорық?
Оңтүстік Алтайда орналасқан қорық?
Маңғыстау облысында орналасқан қорық?
Шығыс Қазақстанда орналасқан қорық?
Мәтін бойынша кесте берілген мәліметті пайдаланып әңгімелеу
ІV. Қорытындылау.
Топтастыру. Топтастыру. Сонымен бүгінгі аталған қорықтарды топтастырайық.

V. Бағалау.
Сабақққа белсенді қатысып және тапсырмаларды дұрыс орындаған оқушыларды бағалау.
VІ. Үйге тапсырма. 235 бет, 1 тапсырма