Просмотр содержимого документа
«Құс табиғат байлығы.»
Тақырыбы: Құстар біздің досымыз.
Мақсаты: Табиғатты сүюге баулу. Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту. Табиғатқа деген мейірімін ояту.Балалардың ой-өрісін дамытып сөздік қорын молайту. Адамгершілікке баулу.
Шаттық шеңбер!
Кел балалар күлейік.
Күлкіменен түлейік,
Қабақ түйген не керек.
Көңілді боп жүрейік.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем
-Жарайсыңдар
- Көктем мезгілілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?
- Күн жылынып, құстар қайта оралады.Табиғат- халық қазынасы Адамның бар тіршілігі табиғатқа байланысты, күш қуатты бар игілік пен жақсылық алады.Ал балалар сендер қандай құстарды білесіңдер?
-Көгершін, қарлығаш, сауысқан.
Олай болса кезекті құстар туралы тақпақтарға берейік.
Сұлтан С
Тоқылдақтар тоқылдап
Ешбір тыным көрмейді
Ағашты қанша тиссе де
Жұмысы бір өнбейді.
Бақтияр.
Тырау тырау тырналар
Жем іздесең қырға бар
Қырда бірақ түлкі бар
Сақ болмасаң жұлмалар
Бексұлтан
Қарға, қарға, қарғалар
Қар үстінде жорғалар
Боран соқса қар болар
Бұтаға қонар қарғалар
Айзере
Азамзаттың жақыны
Қарлығашта ақылды
Көгершін мен екеуі
Жайлайды бір шатырды.
Д Сұлтан
Қос қанатын иіп ап
Жарға келіп қонады
Қара киім киіп ап
Балшықтан үй соғады.
Құстар-біздің қанатты достарымыз. Құстарды қамқорлыққа алуымыз керек. Жыл құстары көктемде қайта оралады.
Ән « Торғай»
Арайлым
Құстар құстар келеді
Жерді шуға бөледі
Көктем келді деп бізге
Жақсы хабар береді.
Алияр
Таспен атып торғайды
Ұя бұзған оңбайды
Құс өкпелеп кетеді
Бақшамызға қонбайды.
Дилярам
Жаршысымын көктемнің
Көкек дейді мені жұрт
Өз атын айтар құс менмін
Көктемді күтсең мені күт.
Ойын «Ұшты-ұшты»
Мақсаты: Балалар
Айша
Даланы сыйлап келген көп,
Атпайды құсты мерген боп.
Бөдене қырғауылмен
Көршілес қонып көрген жоқ.
Мөлдір
Ала қанат сауысқан
Құртты көрсе жабысқан
Бір томардан томарға
Секең-секең ауысқан
Сергіту сәті:
Біз кішкентай баламыз
Өсіп өніп толамыз
Көкке колды созамыз.
Құстай қанат қағамыз.
1,2,3 Қарлығаш болып ұшамыз.
Ой жарайсыңдар балалар.
- Біз бүгінгі сабақта не туралы айттық?
-Сауысқан,көгершін қарлығаш
-Бұлардың бәрін бір сөзбен айтқанда не деп айтамыз?
-Құстар
Өте жақсы балалар сіздер тақпақты, ойынды , өлеңді жақсы біледі екенсіңдер.Көктем мезгілінде айналаның бәрі әсем гүлге толы, ағаштардың бұтақтары бүршік атып, ауа-райы күрт өзгеріп, дала жайнай түседі.Олай болса балалар біздің Бүгінгі«Құстар –біздің досымыз» тақырыптық сабағымыз аяқталды.


