СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

??стар - бізді? досымыз.

Нажмите, чтобы узнать подробности

??стар т?рлерімен таныстыру.??стар тіршілігі туралы толы? т?сінік беру.

Просмотр содержимого документа
«??стар - бізді? досымыз.»



Тәрбие сағатының тақырыбы: Құстар- біздің досымыз..

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың құстар туралы білімдерін кеңейту. Өлең, жырларды мәнерлеп, нақышына келтіріп айтуға үйрету.

Құстар туралы әңгімелер, ертегілер айту. Құстар- бау- бақшаның сәні, әні, емшілері екенін ұғындыру.

Оқушыларды табиғатты сүйіп, құстарға қамқорлық жасай білуге баулу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, құстар суреті, слайд, жұмбақтар.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру бөлімі

ІІ Кіріспе сөз

Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар.Біз бүгін табиғаттың бір бөлігі құстар туралы әңгіме қозғаймыз. Құстар бау- бақшаның сәні, бау- бақшаның емшілері. Құстар- біздің досымыз. Олардың сазды әуені табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл күйіне әсер етеді. Біздің халық ежелден- ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп, ең жақсы көретін адамды құсқа теңеген.

ІІІ. Психологиялық дайындық.

Құстар, құстар келеді

Жерді шуға бөледі

Көктем келді деп бізге

Жақсы хабар береді.

Сіздерді көктем мерекесіне орай ұйымдастырылған «Құстар – біздің досымыз» атты тәрбиелік шараны тамашалауға шақырамыз.Құстар –тірі табиғаттың бір бөлігі,жабайы құстар табиғатта өмір сүреді.Табиғаттағы құстар түрі сан алуан.Құстар өсімдік зиянкестерін-жейді.

Күзде құстардың көбі жылы жаққа ұшып кетеді.Кейбір құстар қыстап қалады Құстар ауада еркін ұшады.Құстар бізге көктемде ұшып келіп,ұя салып,балапан шығарады.Құстар ұяларын өздері жасайды. Сол ұяға жұмыртқа салады.Уақыты келгенде сол ұядан балапандар шығады.Балапандарына және ұяларына тиісуге болмайды.Балапандарының қанаттары қатайып,өздері ұшуға жарағанша жем тасып тамақтандырып отырады.Ұшуға да үйретеді.Ал күз келгенде жылы жақтарға ұшып кетеді.Құстардың түрі көп. Олар далалы,шөлді,орманды,

таулы,сулы жерлерде мекендейді.

1 – оқушыЕлімізде 500 - ге жуық құстың түрі бар. Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды. Сондықтан олар табиғат емшілері.

2 – оқушыҚұстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып,адамдардың көңіл - күйін көтереді. Құстардың түрлері өте көп. Оның ішінде жыл құстары туралы әңгімелесек.

3 – оқушыЖыл құстары дегеніміз - Салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар. Ол құстарға көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл, тоқылдақ, үйрек, қаз, тырна.

4 - оқушы.Құстар туған жерге топ - тобымен ұшып келіп жатыр. Олар жолда талай қиындықтарды бастан кешіреді. Биік асулардан асады. Өздерінің таныс жолдарынан адаспаған.

5 - оқушыЖыл құстарының кейбірінің тіршілік қамы туралы әңгімелейік. Мысалы: қарлығаш - адамға дос. Ол өзінің ұясын үйдің, ауланың айналасына салады. Оның өз әні бар. әні құлаққа жағымды.Қарлығаш адамға саулық, жақсылық тілеп жүретін және қауіп қатерден қорғап жүреді. Үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренген.

6- оқушы Қарлығашпын мен

Адамның тұрағымын

Мекен етіп тұрамын

Тазалаймын үй – ішін

Ел аузында мақтаулы

Тазалықшымын төселген

7 – оқушы

Қараторғай - өзі кішкентай, өте пайдалы құс. Орман қорғаушысы. Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып, күн жылынады. Қараторғайды әнге қосып, шырқаған.


8-оқушы

Мен торғаймын,торғаймын

Суықтан да тоңбаймын.

Құрт-құмырсқа шіркейден,

Бау-бақшаны қорғаймын.


9-оқушы

Құс сұлуы аққумын

Табиғат көркін сыйлаған

Мылтығын кезеп еш мерген

Атуға көзі қимаған.

Сұлулықты паш етіп

Жырлаған талай ақындар

Нәзік үнді, көл көркі

Құс патшасы мен болам

10 – оқушы

Аққу - 30 - 40 жыл өмір сүреді. Ол көрсе көз тоймайтын сұлу құс. Халық аңызына сүйенсек жылан да аққу жұмыртқасына тиіспеген, адамдар да аққуды атпаған. Ол киелі құс. Қазақ сұлу қыздарын аққуға теңеген.

Би « Аққу»

11 – оқушы

Халық көктем келсе көкек келді дейді. Осы бір құстың аты неге ең тамаша ай атына теңеу келеді екен. Не деген ғажап, көкек деген. Өйткені көкек көктем келе салысымен көкек, көкек деп ән салады. Сондықтан сәуір айы көкек айы деп аталған.


12 – оқушы

Жаршысымын көктемнің

Көкек дейді мені жұрт

Өз атын айтар құс менмін.

Көктемді күтсең мені күт.

13 – оқушы

Мен еркін бақытты бұлбұлмын

Бұлағын тасытқан ән – жырдың

Тамаша тамылжып шырқаймын

Шаттығын тауыса алмай әр күннің


Мұғалім:Тоқылдақты халық орман емшісі деп атайды. Ол ағашты зиянды құрт - құмырсқадан тазартады.

14 – оқушы

Құртты іздеп ініне

Қарағайды үңгіген

Тоқылдақ құс дәрігер

Қашан да ол әбігер


15-оқушы.

Мен кәдімгі қарғамын,

Өмірде жоқ арманым

Сауысқан мен торғайың.

Тұғырыма қонамын.

Тіршілікті шоламын,

Бәрін жазып отырар

Шежіреші боламын.


Мұғалім: Қарғалар басқа құстарға қарағанда өте ұзақ өмір сүреді.Қарғалар кез келген затпен қоректенеді.

16-оқушы

Мен бүркіт көк күмбезде қалықтаған,

Қияға қанат қағып шалықтаған.

Құс ішінде қырағы болғандықтан,

Атандым қыран бүркіт жалықпаған.


Мұғалім: Республикамыздың мемлекеттік туында қандай құс бейнеленген?

-Қыран құс бейнеленген.

-Нышандар тілінде қыран бейнесімемлекет билігін,кеңдігі мен көрегендігін білдіреді.Қазақстан Республикасының мемлекеттік туындағы қыраны қазақстандықтардың жомарттығы мен қырағылығын,биіктігін білдіреді.


17-оқушы

Көктем көзге тым ыстық.

Көктем бізге ырыс құт

Көгершіннің тілегі

Мәңгі болсын тыныштық


Мұғалім: Көгершін –көп халықтарда бейбітшіліктің белгісі,ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады.Жер шарында кең таралған құстар.Өсімдік тұқымымен,астық тұқымдарының дәнімен,жаңғақпен қоректенеді.

4. Ертегіден көрініс «Қарлығаш пен дәуіт»


Мұғалім: Құстар адам өміріне сән –салтанат беріп,әсем сазды үнімен жанды рақатқа бөлейді.Сондықтан,атадан балаға мұра болып келе жатқан халық шығармашылығында адам бойындағы ең сұлу ерекшеліктерді құстарға теңеп, «аққу мойын», «қасы қарлығаштың қанатындай», «бүркіт тұмсық», «қаз дауысты-»т.б. деп сипаттаса, «Қарлығаш», «Сандуғаш», «Бүркітбай» деп балаларына ат берген.

Түйеқұс,Зымыран,Қоқиқаз,Тырна,Үкі,БірқазанПингвин туралы айтып өту.

Ән: «Ақкөгершін».


-Енді балалар үй құстарына да тоқталып өтейік.Қандай үй құстарын білесіңдер


-Қаз,үйрек,тауық,қораз,балапан.

-Жарайсыңдар балалар,ал,енді осы үй құстары туралы тақпақтарымызды айтып өтейік.




Әтеш Қораз Алтын түсті айдарлы.

Бала қораз айбарлы

Таңды ән сап атырар

Күнді аспанға шақырар

-Әтеш ол үй құсы.Ол өте тәкаппар құс болып саналады.

Тауық Ақ тауық- ай ақ тауық

Ақ тауық неден қақсауық

Ертемен қыт-қыттайды,

Ауламыздан шықпайды

«Шеп-шеп»десем келмейді

Берген жемді жемейді.

-Қанаттары қысқа ұша алмайтындықтан оларды өте сирек пайдаланады.Жұмыртқа салатын,балапандарын басып шығаратынқолайлы жерді өздері таңдап алады.


Қаздар Қазым,қазым қаңқылда,

Көлде жүзіп салқында.

Жем шашайын жейсің бе,

Кәмпит берші дейсің бе?

-Жоқ,жоқ,

Кәмпит тәтті болмайды ас,

Арпа менен бидай шаш.

-Қаз-үй шаруашылығындағы пайдалы құстардың бірі.Ол күй талғамайды.Құрлықта не тайыз суда мекендейді.Суда жақсы жүзеді,сүңгиді.


Үйрек. Балапан үйрек жүр жүзіп

Жүзгені де бір қызық

Теңізшімін мен өзім,

Пәрмен берер саңқылдап.

-Үйрек үй және дала құстарына да жатады.Үй шаруашылығында пайдалы құстардың бірі.Үйрек те,қаз да төзімді құстар қатарына жатады.

-Балала,құстарға біздер қамқорлық жасауымыз керек.Сендер құстардың ұясын бұзбаңдар,балапандарына тиіспеңдер,оларды таспен атпаңдар.Суық аязды күндері қыстап қалған құстарға қамқорлық жасауымыз керек.

Ей, балалар, балалар,

Аман болсын аналар,

Құстарда да ана бар

Құстарда да бала бар

Кім сүймейді баласын

Осылар еске түскенде.

Бір ойланып қаласың.

Өсіруге баланы,

Құстар ұя салады.

Жасауға жұмсақ ұяны

Жабағы жүнді жияды.

Жайлы қып жасап ұяны

Жұмыртқасын салады.

Бір қуанып қала


Жұмыртқасын алмайық,

Обалына қалмайық.

5. Құстар туралы мақал - мәтелдер мазмұнын ашу.

1. Аққуды атпа, досыңды сатпа.

2. Құстың да қанаты талады.

3. Үкіні көзі асырайды.

4. Құстың мамығынан қорған үюге болады.


6. Құстар жөнінде викторина сұрақтары.

1. Құстардың негізгі мекені не? ( ұя)

2. Қай ай құстың атымен аталады? ( көкек)

3. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланған? (бүркіт)

4. Қай құста мүлде ұя болмайды? (көкек)

5. Қандай құс хат тасушы атанған? (көгершін)

. Құстың жүрегі минутына қанша рет соғады? (960)


7.«Халық болжамдары»

Халқымыз құстардың келуіне, кетуіне қарап болжамдар жасаған. Енді солардың біразына тоқтала кетейік.

Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады.

Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады.

Жаңбыр жауарда қарғалар у - да шу болады.

Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.

Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.

Шағала келсе сең бұзылады.

Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді

8. «Адасқан сөздер» ойын.

Қарға,қарлығаш,бүркіт,қоқиқаз,дегелек,кекілік деген құстардың аттарын табу.

9. Жұмбақ шешу.


1. Мысық құлақты,

бүркіт тұяқты. (үкі)


2. Орманда жоғары,

Ағашқа қонады.

Тұмсығын балта етіп,

Тоқ - тоқ соғады. ( Толқылдақ


3. Түрі көмірге ұқсайды.

Қалбалақтап ұшады. (қарға)


4. Көлдің көркі, сәні екен,

Ұшқанда сазды ән екен.

Ақындар оны мақтаған,

Адамдар қорғап сақтаған. ( Аққу )

Қорытынды бөлім.

Қазақ халқы ертеден аң - құстарды киелі санаған. Сұлуды – аққуға, әншіні – бұлбұлға, ержігітті – қыранға, ез жігітті – жапалаққа теңесе, қарға баласын «аппағым» дер деген сөз де бекер айтылмаған.Құс –табиғат байлығы.Құстар-табиғат көркі.Сирек кездесетін құстардың түрлері Қазақстан Республикасының «Қызыл кітабына» енгізілген. Ол құстар аққу, тырна,жылқышы,қаз,қырғи,аққұтан,бозторғай т.б.

«Оқушы шығармашылығы»

(Оқушылардың өздері дайындаған өздері салған суреттері)

Оянып бар табиғат ұйқысынан

Жадырап құтылғандай құс қамына

Көктемді шуға бөлеп , әнге ораған

Тыңдаймыз алуан сыр жыл құсынан.

Қымбатты балалар көктемнің жаршысы, адамзаттың досы жыл құсын жақсы қарсы алайық, оларға қамқор болайық. Әр қашан аспанымыз ашық болсын деген ниетпен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.