СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

??жатты? сызба

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

 

Саба? жоспары №4

  1. П?н аты: Технология
  2. Сыныбы: 5
  3. К?ні, айы, жылы:27.09.2014 ж.
  4. То?сан: бірінші
  5. М??алім:  Шукуров Суюнгали Сагинтаевич

 

 

??жатты? сызба

 

 

Кіріспе.

Саба?ты? ма?саты

 

 1.Білімділік: О?ушылар?а ??жатты? сызба туралы т?сінік беру.

      2.Т?рбиелік: О?ушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, досты??а   т?рбиелеу.

     3.Дамытушылы?: О?ушыларды?  д?ниетанымдарын ке?ейту.

Саба?ты? типі: жа?а саба?ты т?сіндіру саба?ы.

Саба?ты? т?рі: д?ст?рлі саба?.

Саба?ты? ?діс-т?сілі: баяндау, с?ра?-жауап.

Саба?ты? к?рнекілігі: плакаттар,суреттер

П?наралы? байланыс: физика,математика,сызу

Просмотр содержимого документа
«??жатты? сызба»



Сабақ жоспары №4

  1. Пән аты: Технология

  2. Сыныбы: 5

  3. Күні, айы, жылы:27.09.2014 ж.

  4. Тоқсан: бірінші

  5. Мұғалім: Шукуров Суюнгали Сагинтаевич



Құжаттық сызба



Кіріспе.

Сабақтың мақсаты


1.Білімділік: Оқушыларға құжаттық сызба туралы түсінік беру.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, достыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар,суреттер

Пәнаралық байланыс: физика,математика,сызу


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару


ІV. Жаңа сабаққа дайындық:

1.Сабақтың тақырыбын тақтаға жазу.

2. Сабақ мақсатын түсіндіру.

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру.


Құжаттық сызба


Кез келген бұйым бірнеше бөлшектен тұруы мүмкін. Олар бір-бірімен әр түрлі әдіспен жалғанады. Бөлшекті жасау үшін оның техникалық сұлбасын және сызбасын әзірлейді. Мұндай бейнелерді құжаттық сызба деп атайды.

Техникалық сурет деп заттың қолмен салынған көлемдік бейнесін айтады.

Мұнда оның материалы мен мөлшері белгіленеді (15а-сурет).




















Эскиз - қолмен салынған зат бейнесінің өлшемін көрсететін және оның беліктерінің арақатынасын көрсететін сызба бейнесі. Мысалы, 15ә-суреттегі «840» көрсетілген бөліктің қалындығы 40 мм екендігін білдіреді. Кейде бөлшек ірі немесе шағын болса, онда оны қағаз бетіне өз өлшемімен түсіру мүмкін емес. Сондықтан мұндай бөлшек сызбаларын масштаб арқылы сызады.





















Масштаб - өлшемнің неше есе үлкейтілгенін немесе кішірейтілгенін көрсететін мөлшер. Мысалы, сызбада «М1:4» деген белгі бөлшектің мөлшері 4 есе кішірейтіліп сызылған дегенді білдіреді.

Кез келген бөлшекті оның сызбасы арқылы белгілеу үшін, оны оқып үйрену кажет. Сызылып алынатын бөлшектің пішінін, өлшемін және оны кандай құрал-сайманмен сызуға болатынын, оларды өзара құрастырып бұйым жасауды көз алдыңа елестете білуді сызбаны оқу деп айтады.

Өңделетін бөлшек әдібі

Бөлшектерді белгілегенде, оның негізгі өлшемдерін (ұзындығын, енін, биіктігін) сәл ғана үлкейтеді. Сондықтан алынатын дайындамадан артык материал қалады, оны әдіп деп атайды. Бұйымды ең соңғы рет өңдеген кезде оның өлшемі мен пішінін дәл алу үшін әдейі әдіп қалдырады. 17-суретте бұйымға қалдырылған әдіп өлшемі мен оның белгі сызықтары көрсетілген.















Алғашқы әдіп металды шабу әрі егеу үшін болса, кейінгі әдіп оны шабылғаннан кейін егеу үшін қалдырылған.

Әдіп каншама аз болса, ондай бөлшекті өңдеу сонша оңай болатынын естен шығармау керек.

Есіңде сақта!

Бұйымды белгілеу үшін материалды дұрыс орналастыруды, оған қалдырылатын әдіп мөлшерін ойланып ал! Белгілеу үшін жұмыс орныңды әзірлей біл.


Бөлшектерді белгілеуге қажет кұрал-саймандармен танысайық. Ол үшін мынадай құралдар кажет: сызғыш, белгі салғыш, бәдіз, слесарьлық бұрыштама, белгі сокқыш балға т. б.

Металл сызғыштардыћ ұзындығы әр түрлі болады: 150, 200, 300, 500 1000 мм.

Белгі соққыш арқылы металдың бетіне белгілеу сызықтары жүргізіледі. Бәдізбен металдың бетін ұру арқылы белгі соғылады. Бәдізді соғу үшін арнайы белгі соққыш балғаны пайдаланған дұрыс.

Слесарьлық бұрыштамалар аркылы бөлшектердің бұрыштарының өлшемі тексеріледі және кажетті белгілер соғылады. Аталған жүмыстарды жүргізу әдістері суреттерде көрсетілген (18-сурет).

















VІ. Түсінік тексеру.



VІІ. Жаңа сабақты бекіту.



VІІІ.Сабақты қорыту:


  1. Бағалау

  2. Үй тапсырмасын беру.