Просмотр содержимого документа
«Қыс керемет ашық сабақ»
«Қыс кереметі»
Сабақтың мақсаты: қыс мезгілі, оның басқа мезгелдерден айырмашылығын жете түсіндіре отырып,бір-біріне қамқор болуға,суретке қарап әңгіме құрауға үйрету.Мақал-мәтелдерді қолдана отырып балалардың тіл байлықтарын дамыту.Тіс пастасын қолдана отырып ,қысқы ағашты әсемдеу.
Көрнекілігі: қыс мезгілін бейнелейтін ,қыстап қалатын құстар суреттері
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі.Шаттық шеңбері.
1 тапсырма Ой шақыру:
Аяз қысып,өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып
Бет домбығып
Сырғанап балалар ойнайды
Кейде ұлып, кейде ысқырып,
Ұйтқып боран соғады
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
-қай мезгіл туралы айтылған?
-қыстың қандай ерекшеліктерін білесіңдер?
-қыста қандай мерекелер бар?
-қысқы қандай ойын түрлерін білесіңдер?
Енді осы қыс мезгілі жайында кім тақпақтар айтады?
2 тапсырма Мақалды жалғастыр
Сықырлаған аязда,
сары қамысты панала.
Қыс-қысаң,
Жаз-жазық.
Қыстың қамын-жаз ойла,
Қыс азығын-жаз жина.
Қыс-қысыларсың
Жаз –жазыларсың.
3 тапсырма Жұмбақты шеш
Тоңғақты таниды
Беті қолын қариды.
Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ желеді
Ауызы жоқ ұлиды.
Таусылмайтын ақ мақта
Қысы-жазы тау жақта.
Төгіліп жерге ақ моншақ
Ғайып болды сол шақта-ақ.
Сергіту сәті:
Жел уледі гу-гу-гу
Боран соқты ду-ду-ду
Қатты-қатты жел соқты
Шыдай алмай жапырақтар
Билеп кетті пах-пах-пах
4 тапсырма Жануарлармен құстардың қысқы тіршілігі
-енді, балалар мына суретке қарайықшы.Мында не бейнеленген?
Дұрыс айтасыңдар бұлар-құстар. Қыста ауылымыздан қандай құстарды көреміз?
-қыста қатты суық, аязды күндер көп болады.Сондықтан суыққа төзімді құстар ғане қыстап қалады,қалған құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
-Енді, құстар туралы тақпақ кім айтып береді?
1-оқушы
Торғай,торғай торғайсың
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал
Сонда аязға тоңбайсың.
2-оқушы
Ұя жасап тақтайдан
Талға апарып байладым
Жыл құсының шаттанған
Күттім қашан сайрауын.
-ал, мына суретте не бейнеленген?
-ия,бұлар түлкі, қасқыр, қоян.Қыста орман суық болады.Жануарлар азық таба алмай қиналады.Сондықтан көптеген жануарлар қысқы ұйқыға кетеді.Аю апанында табанын жалап жатып ұйықтайды.Борсық пен кірпіде ұйқыға кетеді.Қоян ағаш бұтасын кеміреді,қасқыр мен түлкі жемін жортып жүріп табады.
-ал, жануарлар туралы қандай тақпақ білеміз?
1-оқушы
Секең-секең етеді,
Орман оның мекені.
Отырғанда шоқиып,
Құманға ұқсап кетеді.
2-оқушы
Мен –бал құмар аюмын
Тәтті ұрлауға қорықпаймын.
Омартаны аралаймын
Аяқ-қолды жаралаймын.
5 тапсырма Қар жамылған ағаш
-Балалар,біздің сыныпқа қар жауғанын қалайсыңдар ма?
Ендеше бізге сиқырлы шарлар қонаққа келіпті.Қане,не бар екенін көрелік.Шарды жарғанда пенопластан жасалған қар түйіршіктері жерге шашылады.
Енді,балалар осы қар түйіршіктерін тіс пастасын пайдалана отырып қағаз бетіне түсірейік.Балалар орындарында тәрбиеші дайындаған қағаз бетіне қарды бейнелейді.
Балалардың жасаған жұмыстарына баға беріп,мадақтайды.Қыс ерекшеліктеріне тоқталып,сұрақ –жауап арқылы алған білімдерін бекітеді.
Жалдама жалпы білім беретін орта мектебі
Қыс кереметі
Орындаған:Кушекова З.Қ.
Мектепалды даярлық сыныбы
2017-2018оқу жылы