Үй тапсырмасы «Кубизм» әдісін пайдалана отырып үй тапсырмасын сұрау. (1 сұраққа 1 бал). Пайыз дегеніміз не? Пайыз не үшін қажет? Санның (шаманың) бір пайызын қалай табуға болады? Бір пайызы белгілі санды (шаманы) қалай табуға болады? Сандардың көмегімен «бір пайыз» сөзін қанша тәсілмен жазуға болады? Бағалау. Смайликтер арқылы өзара бағалайды. Топқа бөлу. «Мозайка» әдісі арқылы сыныпты 3-топқа бөлемін. 1-топ «Бәйтерек» 2-топ «Тәуелсіздік монументі» 3-топ «Хан Шатыры» «Адасқан сөздер» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын анықтаймыз. Топтарға «Джигсо» әдісі арқылы пайызы бойынша санды табу үшін мәтіндік 3 есеп беріледі. Есептерінің мазмұнына қарай бірігіп «Джигсо» топтарын құрады. Берілген есепті шығарып, өз топтарына оралып шығарған есептерін топпен талқылайды. 1-есеп. Жаңа жиналған саңырауқұлақтан 20% кепкен саңырауқұлақ алынады. 5 кг жаңа жиналған саңырауқұлақтан қанша кепкен саңырауқұлақ шығады? 2-есеп. Жаңа жиналған саңырауқұлақтан 20% кепкен саңырауқұлақ алынады. 1 кг жаңа жиналған саңырауқұлақтан қанша кепкен саңырауқұлақ шығады? 3-есеп. 5 кг жаңа жиналған саңырауқұлақтан 1 кг кепкен саңырауқұлақ алынады. Кепкен саңырауқұлақ жаңа жиналған саңырауқұлақтың қанша пайызын құрайды? Бағалау. «Бас бармақ» әдісі бойынша өзара бағалау. Жеке жұмыс. «Конверттегі сұрақ» әдісі бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындатамын. Деңгейлік тапсырмалар А-деңгейі. Футболканың 1960 тг. Егер футболканың бағасы 15%-ға қымбаттаса, оның қымбаттатылған бағасы неше теңге? В-деңгейі. Балабақшада 1430 оқушы бар. Қыз балалар ер балалардан 8% артық болса, мектепте қанша қыз бала және қанша ер бала оқиды? С-деңгейі. Пальтоның бағасы екі дүкенде бірдей болған. Бір дүкен бағаларды алдымен 40%-ға төмендетті, содан кейін 40%-ға арттырды. Екінші дүкенде – алдымен 50%-ға арттырды, бірақ содан кейін 50%-ға кемітті. Осы дүкендегі бағалар бастапқы бағалармен салыстырғанда қалай өзгереді? Бағалау. «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушы өзін бағалайды. « Ұшақты қағып ал» әдісі бойынша бірнеше өтілген материалдар жазылған сұрақтар ұшырылады «Бас бармақ» әдісі бағалау Кері байланыс «Бағалау ағашы» Алма бүгінгі сабақтан түйгенім көп,маңызды болды. Гүл-бүгін көп нәрсені түсіндім, маған пайдалы болды. Жапырақ-бүгінгі сабақта түсінбеген сұрақтарым бар,оқуым керек. | Сұрақтар жабыстырылған фигура  Сурет қиындылары арқылы , бағалау парағы. Сөздер жазылған А4 Оқулық «Алматы баспасы» 2017-жыл Есеп жазылған кеспелер.  Есептер жазылған конферттер, түрлі-түсті стикерлер Қосымша 1  түрлі -түсті қағаздан жасалған ұшақтар Алма, жапырақ, гүл түріндегі жапсырма қағаздар.  |