10 мин | Теңдеулерді түрлендіріп, ах=b түріне келтіру үшін теңдеулердің мынадай қасиеттері пайдаланылады. 1-қасиет: теңдеудегі қосылғыштың таңбасын қарама-қарсыға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіргенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді. Теңдеуді мұндай түрлендіруді енгізген IX ғасырдағы Орта Азия ғалымы Мұхаммед Мұса әл-Хорезми. 2-қасиет: теңдеудің екі жағын да нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді. Теңдеудің түбірі теңдеуді тура санды теңдікке айналдырады. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу үшін: теңдеуді теңбе-тең түрлендіріп ықшамдау керек; айнымалысы бар мүшелерді теңдеудің сол жағына, бос мүшелерді теңдеудің оң жағына жинақтау керек; теңдеудегі ұқсас мүшелерді біріктіріп, теңдеуді ах=b түріне келтіру керек; теңдеудің екі бөлігін де айнымалының коэффициентіне бөліп, теңдеудің түбірін табу керек. | Есеп. Ендері бірдей екі тік төртбұрыштың біріншісінің ұзындығы 20 см, екіншісінің ұзындығы 24 см. Бірінші тік төртбұрыштың aуданы екінші тік төртбұрыштың ауданынан 48 см2 кем. Тік төртбұрыштардың енін табыңдар. Шешуі. х см - тік төртбұрыштардың ені. Есептің шарты бойынша: 20х+48=24х; 0х-24х=-48; -4х=-48; х=12. Осылай мысал есептер шығара алады . | | оқулық |