Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім 1 | Мектеп: Шымкент ФМН |
Күні: 23-30 09 2017 | Мұғалімнің аты-жөні: Гасанов Н |
Сынып: 7 | | Қатысқаны: |
Сабақ тақырыбы: Спорттық жабдықтарды лақтыру | Қатыспағаны: |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.3.3.1. Қозғалыс координациясын дамытатын кешен құру. |
Сабақ мақсаттары | Жеңіл атлетика шараларындағы жеке қозғалыс тәжірибелерін біледі. Лақтыру жаттығуларының техникасын орындайды. Спорттық жабдықтарды қолданып қозғалыс кординациясын дамытатын кешен құра алады. |
Кәсіби даму мақсаты | Белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы оқушылардың қозғалыс әрекеттерін дамыту |
Дескриптор | - денені бұрып, допты серігіне лақтырады 10-20 рет. - 2 кг допты оң (сол) қолымен төмен ұстайды. Алдын ала отырғаннан кейін, допты бір қолмен төменнен лақтырады. Серігі допты екі қолымен қағып алып, бір қолымен лақтырады. 10-20 рет қайталай алады. -допты бастан асырып берілген техникамен серіктесіне дұрыс лақтырады. -ойын ережесіне сайкес ойнай алады. |
Тілдік мақсаттар | жеңіл атлетикадағы қозғалыс дағдылары жайлы өз білімдерін салыстыра және көрсете алады Пәнге тән лексика мен терминология: қауіпсіздік, тәуекел . Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: |
Құндылықтарды дарыту | Сабақ кезіндегі оқушылардың бір біріне деген сенімділігін арттыру Топта әділ жұмыс жасауға бейімдеу. |
Пәнаралық байланыстар | Биология физика пәнімен байланыс. |
АКТ қолдану дағдылары | Жеңіл атлетика жаттығуларындағы жүгіру техникасы. http://БББ.det.Бa.edu.au/stepsresources/detcms/navigation/fundamental-movement-skills/?oid=MultiPartArticle-id-13602092 |
Бастапқы білім | Жеңіл атлетика жүгіру секіру техникасын білуі. |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы 10 -минут | Оқушыларды сапқа тұрғызу,сәлемдесу. Сабақтың мақсатын түсіндіру . Бір орында: Оңға,солға,кері бұрылу. 2.Жүру:Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды жанға созып өкшемен жүру.Жартылай отырып, толық отырып жүру. 3.Жүгіру: Еркін жүгіру, тізені көтеріп жүгіру ,аяқты артқа сермеп жүгіру. Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау. Бір орында жалпы дене шынықтыру жаттығуларын орындау. Жүгіру жылдамдығын жақсарту үшін жұптасып жұмыс жасау. Жұп мүшелері бір-біріне түзету кері байланыстарын беріп, жақсы жасауға ынталадырады. | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық |
Сабақтың ортасы 25 минут | (К,ЖЖ) Оқушылар жұп болып қозғалыс әрекеттерін орындау кезінде қол мен аяқты үйлестіру үшін жаттығулар кешенін орындайды. 1. Аяқты кеңінен алшақ қойып тұру, бір-біріне бүйірлей, оқушылардың бірінің қолында баскетбол добы. Денені бұрып, допты серігіне лақтыру. 10-20 рет қайталау. 2. Бір-біріне қарап, аяқты алшақ қойып тұру. Бірінші оқушы толтырылған допты (2 кг) оң (сол) қолымен төмен ұстайды. Алдын ала отырғаннан кейін, допты бір қолмен төменнен лақтыру. Серігі допты екі қолымен қағып алып, бір қолымен лақтырады. 10-20 рет қайталау. 3. Бір-біріне қарап, аяқты алшақ қойып отыру. Серіктестердің бірінің қолындағы толтырылған доп (салмағы 1 кг) кеуде тұсында, алақандар алға, шынтақтар жан-жаққа. Қолды жылдам түзеуге екпін жасап, допты бір-біріне лақтыру. Серіктестер арасындағы арақашықтық дайындық деңгейіне байланысты. (Б, К, Ф) «Лақтыр және жүгір». Оқушылар 2 командаға бөлінеді, олар, өз кезегінде, жартыға бөлініп, 6-8 м-де орналасқан сызықтарда бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Бір жақтағы бірінші қатысушыларға доп беріледі. Белгі бойынша қатысушылар доп кеденнен қарғып түсіп, қарсы тұрған қатысушыға түсетіндей етіп, 3-4 м арақашықтықтағы белгіге қос қолдап басынан асыра лақтырады. Допты қағып алған қатысушы оны сол әдіспен кері лақтырады және т.с.с. Лақтырғаннан кейін оқушы келесі жаққа жүгіріп өтіп, бағанның соңына тұрады. Мұғалім техникадан ауытқу үшін айыппұл ұпайларын есептеп, лақтырулардың дұрыстығын қадағалайды. Бастапқы қалыпқа тезірек оралған және азырақ айыппұл ұпайын алған команда жеңеді. | . Үстінен/арасынан секіру үшін қажет бірқатар жабдықтар, мысалы, конустар, бор. |
Бөлім бойынша жиынтық бағалау. Өткізілетін уақыты- 40 минут | Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары. Тапсырма №1. Қайталап жүгіру 3 х 10 м. Бір біріне қарама қарсы, арақашықтығы 10 метрде екі конус орнатылады. (бір конус пен екінші конус арасын қайталап жүгіріп өту )  Тапсырма 2. Орында түрып екі аяқпен ұзындыққа секіру Оқушыларға үш рет секіруге рұқсат беріледі. (секіру әдістері бағаланады)  Тапсырма №3. Теннис добын қашықтыққа лақтыру . Оқушыларға үш рет лақтыруға рұқсат беріледі. (лақтыру әдістері бағаланады)  Дескриптор -«Сөреге шық!», «Дайындал!», «Марш!» командалық белгісі бойынша тапсырманы орындайды; - төменгі сөреден қандай қашықтыққа жугіру керектігін айтады; - спорттық термин «Спринт» туралы түсінеді; - секіру сызығын анықтайды; - секіру кезеңдерін (серпілу, ұшу және қону) орындайды; - секіру жаттығулары арқылы секіру қашықтығын анықтайды; -секіру кезінде қолды сермеп,екі аяқпен қонады; - кішкентай допты лақтыру техникасының элементтерін көрсетеді; (лақтыру кезінде кеуде мен қол қимылының үйлесімділігі бар) - лақтыру жаттығуы арқылы қандай физикалық қасиеттердің қалыптасатынын түсіндіреді; - доп лақтыру кезінде лақтыру кеңістігін сезінеді және қауіпсіздік техникасын сақтайды. | Бірқатар спорттық жабдықтар, мысалы, конустар, бор, кіші доп |
Сабақтың соңы 5 минут | Жабдықты топпен ақырын орнына қою және басқа топтар бұны аяқтамағанша, орын тауып, жату және тізенің жерде жатуы үшін бұрылу. Оқушыларды қолы жерге созуды, тізелерді ақырын бір жақтан екінші жаққа бұруды және салмақты ақырын жерге түсіруді сұраңыз. Кең созылған қол берік ұстайтынын түсіндіру. Оқушыларды екінші жаққа ақырын бұрылып, тізіге отыруды сұраңыз. Қолды дененің бір жағынан екінші жағына қарай бұрап, омыртқаны ақрын созу. Иықты үш рет алға және үш рет артқа айналдыру жәе бұл кезде жақсылап тыныс алу. Көзді жұму және бүгін жақсы жасаған нәрсе туралы ойлану. Қимылдар алаңынан кеткенде бұл жағымды сезімді сақтауды сұраңыз. | |
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
| Лақтыру қашықтығын жақсарту үшін жұптасып жұмыс жасау. Жұп мүшелері бір-біріне түзету кері байланыстарын беріп, жақсы жасауға ынталадырады | |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? -
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? -
-
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? -
|