Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в среней группе
Өткізу күні / Дата проведения: 22.01.2018
Тәрбиеші / Воспитатель : Садвокасова В.А.
Білім беру саласы / Образовательная область: Коммуникация
Пән / Предмет: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: "Қыстайтын құстар"
Тақырыбы / Тема: «Құстың ұясы»
Мақсаттары / Цели.
1. Тәрбиелік – воспитательная : Жалпы құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы мағлұмат беру.
2.Дамытушылық – развивающая : . Балалардың белсенділігін, қызығушылығын, сөздік қорын, ой - өрісін дамыту.
3. Оқыту – обучающая . Құстарды қорғауға, қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Балаларға жалпы құстар туралы мағлұматтар беру.Құстар туралы ой-өрістерін,түсініктерін дамыту.Олардың тіршілігі туралы айту,қамқор болуға аялауға баулу.
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, презентация, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение суретер, карточкалар
Билингвалдық компонент : құс-птица, ұя-гнездо
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Балалар бізге қонаққа торғай келді, амандасайық (балалар амандасады)
төрлетіңіз, қонағымыз болыңыз
Торғай:Сәлеметсіңдер ме балалар!қалдарың қалай? мен сендерге рахмет айтуға келдім.Сендердің арқаларында бізде ұя бар, қыстан енді тонбаймыз
Тәрбиеші:-ия торғай біздің балалар ақылды.Арнайы келген екенсің біздің қонағымыз бол.Балалардың сабағын тамашала. Балалар,айтыңдаршы сендер құстар туралы не білесіңдер?
Балалар:-Құстар үй және дала құстары болып екіге бөлінеді.
Т:-Ал үй құстарының бізге тигізер пайдасы қандай?
Б:-Олардың етін жеиміз,олар бізге жұмыртқа береді!
Т:-Ал,балалар,сендер құстарға қандай қамқорлық жасар едіңдер?
Б:-Оларға жем береміз,үйшік саламыз!
Т:-Ал егер қанаты сынған торғайды тауып алсаңдар сендер не істер едіңдер?
(Көгершіннің дауысы)
Т:-Балалар
Т:-Бүгін біз Спандияр Көбеевтің (балаларға автордың портретін көрсету)«Құстың ұясы» деген әңгімемесімен танысамыз!
( аудио жазба тыңдайды)
2 негізгі бөлім
Құстың ұясы
Спандияр Көбеев
Балалар ойнап жүріп, ағаштың үстінен бip құстың ұясын көрді. Бұл
ұяның iшiндe балапандар отыр екен. Балалар балапанды алып үйіне әкелді.
Әкесі баласына айтты: «Бұл балапанды ұядан неге алдың,- деп. — Шешесіз
балапандар тұра алмайды: балаларынсыз шешeci қайғырады, далада құр өліп
қалады ғой»,- деді.
Балалар балапанды аяп, ұясына апарып қойды.
Сергіту сәті: «Ұшты-ұшты ойыны»
Т:-Балалар әңгімедегі балалар ең алдымен нені көрді?
Б:-Ағашты көрді!
Т:-Ендешеағаштардың қасына барып тапсырмасырмаларды орындайық!
Тапсырма: «Артығын тап» Ортаңғы топ
Мақсаты:Карточканың ішіндегі артық құстарды тауып оны қоршау.
«Қандай құс,құрастыр»
Шарты:құс бөліктерін бір-біріне қосып,құсты құрастырып шығу.
Т:-Жақсы балалар тапсырмадан сүрінбей өттіңдер тамаша!-Ал жаңағы балалар ағаштың үстінен нені көреді?
Б:-Ұяны көреді!
Т:-Балалар құстардың дыбысы шығып жатқан жаққа барайықшы!
(Ұяның артындағы тапсырманы орындайды)
Ойын: «Үй және дала құстары»
Шарты: Әуен ойнап тұрғанда барлық құстар шашылып жүреді,әуен тоқтағанда үй құстары тауық қораға,дала құстары орманға қашады.
Т:-Жақсы,ал содан кейінқайда барады?
Б:Үйге барады!
Тапсырма: Тіл ұстарту жаттығуларын біргше қайталау
«Ғай-ғай мынау отырған торғай», «Қарға қарға қарғалар,қар үстінде жорғалар»
-Жарайсыңдар балалар,үйде олар кімге келді?
Б:-Әкесіне келді!
-Әкесі оларға не деді?
-Балалар мұнда балалардың әкесі бір белгілерді қалдырып кетіпті,қараңдаршы бұл белгілер нені білдіреді![]()
![]()
Б:-Ағашты сындыруға болмайды!
-Құстың ұясын бұзуға болмайды!
3.Қортынды
Т:Сонымен ,балалар құстың ұясымен не істеді?
Ағашка апарып қойды!
(Тәрбиеші балалармен бірге ұяны апарып қояды)
Т:-Ал, балалар сонымен біз бүгін қандай автордың әңгімесімен таныстық?
-Әңгіменің аты қалай?
-Сендерге бұл әңгімеде не ұнады?
-Соныымен құстарға бізден қандай қамқорлық керек екен?
-Жарайсыңдар,балалар,қоштасатын сәт келді. Келген қонақтарға рахметімізді айтып қоштасайық.