"Қатынас" Көркем әдебиет

Білім бөлім саласы Қатынас Көркем әдебиет Технологиялық карта

Просмотр содержимого документа
«"Қатынас" Көркем әдебиет»

Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы

«Бәйтерек» (ересек топ) «___» __________20 __ жыл


Білім беру саласы: Қатынас

Білім беру бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Білім-бұлағың.

Мақсаты: балабақшағ,мектепке барған балалардың қуанышты сәттерін әңгімелеу. «Білім-бұлағың» өлеңіноқып үйреніп, сөздердің мағналарын түсіндіру.Барлық адамдардың ақын да,ғалым да бәрі мектепт ен балабақшадант білім алатыны туралы балаларға айтып беру.

Көрнекілік: білім күніне арналған лайдтар,жұмыс дәптері түрлі-түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: талмайды .самғайды.

Билингвальды компонент: білім-знание,ұстаз-учитель.


Оқу іс – әрекеті

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық қозғаушылық

Тыныштандыру кезеңі.

Балалар әуенмен орындыққа отырып білім еліне сахатқа шығады.Балабақшва бөлмесіндегі білім бұрышымен танысады


Балалар қиялға шомылды

Әр оқу құралын ұстап қуанады.

Ұйымдастырушылық-кезеңі


-Балалар,бүгін -ерекше күн!

-Бүгін –Білім күні!

-Балалар енді «Білім -бұлағың» өлең жолдарымен танысайық.

Сөздік жұмыс:

Қиялым самғайды- сөзі өркендеп,өсуі, армандауы.

Білімді-кітапты көп оқитын адам.

Қанатым талмайды –ерінбей іздену.

Билингвальды компонент: білім-знание,

Ұстаз-учитель.

Сергіту сәті:

Бала,бала баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызықа,

Батамыз да қаламыз.

-Сендерді кім оқытады?

-Нені үйретеді?

Дәптермен жұмыс.Жеке жұмыс.

Дидактикалық ойын «Ғажайып қоржын»

Шарты.

Бірнеше заттардың ішінен оқу құралдырын тауып алу керек.



Оқулықтарды қызықтап, сұрақтар қойып, жауаптар алады.


Сөзік жұмысты педаггпен бірге орындады.


Билингвальды сөзді қайталады.


Сергіту сәтін орындады.


Дәптермен жұмыс жасалды.

Дидактикалық ойынды ойнады.



Мақалды жаттады.





Рефлексиялық -түзетушілік

-Білімді болу үшін не істеу керек?

-Ақындағ ғалымда білімді қайдан алады?

Бүгінгі алған көңіл күлерін күлегештер арқылы көрсетіңдерші?

-Білімді болу үшін көп оқу керек.

Барлығы да балабақша, мектептен ұстаздардан алған білімді.

Барлық бала бірдей күлегештерді көрсетті.




\


Күтілетін нәтиже:

Ойланады:өлең шумақтарымен танысады,балабақшаға ,мектепке бара жатқан балалардың қуанышты сәттерін әңгімелеп береді.

Түсінеді:білімді болу үшін көп оқып,ізденіп,еңбек ету керек екенін,ақында,ғалымда мектептен,ұстаздан білім алғанын түсінеді.





































Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы

«Бәйтерек» (ересек топ) «___» __________20 __ жыл


Білім беру саласы: Қатынас

Білім бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Кішкентай бағбан (әңгіме)

Мақсаты:әңгімені таныстыруда баланың зейінін аударып, әңгімеге деген қызығушылығын арттыру. Бағбан туралы түсінік беру.Табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:қыбырлап,дегдіді.

Көрнекілік:күзгі бақтың суреті,жұмыс дәптері,түрлі –түсті қарындаш.


Оқу іс-әрекеті

Педагогтың іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотиациялық-қозғаушылық

Аспан түрді түндігін,

Жерге сәуле жайылды.

Неткен ашық күн бүгін,

Қайырлы тан,қайырлы күн!

Көңіл күйлерін көтерді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Кіріспе әңгіме.

-Жеміс жегенді ұнатасыңдар ма? -Қандай жемістерді білесіңдер? Мәдіхат Төрежановтың «Кішкентай бағбан» әңгімесін тыңдайық.

Сөздік жұмыс: Қыбырлап-көп қимылайтын адам-көп жұмыс істейтін адам. Дегдіді –құрғаған. Бағбан бау-бақшаны күтіп баптаушы.

Сұрақ–жауап.

Балалармен жұмыс.

Сергілту сәті:Алма баққа барамыз,

Алма теріп аламыз.

Ең үлкенін алманың,

Анамызға сыйлаймыз.


Дәптермен жұмыс.

Берілген тапсырманы балаларға түсіндіру. Д/О. «Сөзді аяқта». Жемістің алғашқы буынын атаған соң келесі буынды атау. Мақал жаттау. «Еңбекпен тапқаның-шекер балдан татқаның»

Жеміс түрін айтады. Балалар қыбырлап, дегдіді деген сөзді қайталайды. Бағбанның кім екенін, бақта еңбектенетінін біледі.

Сергіту сәті орындалды.

Балалар дәптермен жұмыс орындады. Ал-ша,ал-ма,ши-е деп жалғастырады. Мақалды жаттады.


Рефлексиялық -түзетушілік

Әңгіме не туралы?

-Садықтың еңбегін қалай бағалайсыңдар?

-Сендер Қалелдің орынында болсаңдар не істер едіңдер?

-Бағбан бау-бақша. Садық-еңбекқор.



Орындайды: әңгімені тыңдайды.

Түсінеді: ерінбей еңбек етсе, жемісін жейтінін,үлкендерге көмектесу керек екенін.

Қолданады: еңбек туралы мақал- мәтелдер айтады,әңгімені мәнерлеп айтып береді.










































Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы

«Бәйтерек» (ересек топ) «___» __________20 __ жыл


Білім беру саласы: Қатынас

Білім бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Шаруа мен аю

Мақсаты: ертегі мазмұнын жеке түсіндіріп,оны тыңдауға деген қызығушылығын арттыру, өз ойын қиялмен ұштастыру.

Сөздік жұмыс: шаруа,шалқан.

Көрнекілік.ертегі желісі бойынша шаруа мен аюдың суреті,жұмыс дәптері,түрлі-түсті қарындаш.


Оқу іс-әрекеті

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Адал жақсы нинтпен,

Бар адамға бақ тілеп.

Жарып шыққан жүректен,

Сөздің бәрі ақ тілек.

Балалар, қамшыны бір-біріне бере отырып жылы лебіздер айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Кіріспе әңгіме.

Жұмбақ жасыру.

Балпаң-балпаң басады,

Қыр жотадан асады.

Паналайды үңгірді,

Іздемейді тасаны. Ол не?


«Шаруа мен аю» туралы ертегімен таныстырады.

Сұрақ жауап.

-Ертегі қалай аталады?

-Ертегіде қандай кейіпкерлер кездеседі?

-Шаруаға не келді?

-Аю шаруаны қалай қорқытты?

-Олар неге келісті?
-Шарау не екті?т.б.

Ертегіні ролге бөліп ойнау.

Сергіту сәті:

Ертегі желісі бойынша іс-әрекетті қимылмен қайталау.

Дәптермен жұмыс.Жеке жұмыс







-Аю

Балалар ертегіні тыңдайды.

Балалар сұрақтарға жауап береді.





Сергілу сәтін орындады.

Дәптермен жұмыс жасады.

Рефлексиялық-түзетушілік

-Шалқан жердің астында жатады. Жапырақтар жердің бетіне шығады. Бидай дәні масақта болады. Сабағын жемейді.Бидайдан ұн жасап ,түрлі тағамдар жасайды.

Балалар,ертегімен танысып,мазмұнын айтып бере алады.


Күтілетін нәтиже:

Орындайды: ертегіні тыңдай отырып,еске түсіреді,ертегіні ролге бөліп орындайды.

Түсінеді: шаруаның ақылды,аюдың аңқау екенін түсінеді











































Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы

«Бәйтерек» (ересек топ) «___» __________20 __ жыл


Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Білім беру бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Менің елімнің рәміздері / өлеңді жаттау/

Мақсаты:өлеңді дауыс ырғағын келтіре оқып,мазмұнын ашу,балаларды еліміздің рәміздерінқастерлеуге, туған жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу елді қорғауға баулу.

Көрнекілік:ел таңба,ту,гимн мәтіні,слайд,жұмыс дәптері,түрлі-түсті қарындаш, суреттері.


Оқу іс –әрекеті

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбер.

-Менің Отаным өте сұлу!

Менің Отаным өте бай!

Менің Отаным әдемі

Мен Отанымды,рәміздерін мақтан етемін!

Балалар шаттық шеңберінде тұрып бір-біріне жылы лебіздер айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік


Кіріспе әңгіме. Біз өзіміздің туған жеріміз,Отанымыз туралы әңгімелесеміз.

-Қазақстан рәміздеріне не жатады?

-Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы,туы,гимні бар.

-Елтаңбаның авторлары кім?

Тудың авторлары кім? Н.Қалқаманның «Менің елімнің рәміздері» өлеңімен танысамыз.

Рәміздерім елдігімнің белгісі,

Білу керек баладағы ең кіші.

Рәміздерім-елтаңба,ту,гимнді,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.Дәптермен жұмыс. Д/о «Менің қалам»

Біздің Отанымыз –Қазақстан.

Балалардың жауаптары Балалар өлеңді қайталай отырып жаттайды, Қазақстан Республикасының рәміздерінің авторларын қайталайды.Сөздің мағнасын түсінеді. Менің сүйікті қалам -Астана!

Ойынды ойнады.

Рефлексиялық- түзетушілік

Қазақстан Республикасының бас қаласы –Астана.Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеу керек.

Балалардың толық жауаптары тыңдалады.Өлеңді жатқа айтады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі:Қазақстан Республикасының рәміздерін жатқа айтады

Түсінеді:Қазақстан Республикасының рәміздеріне құрметпен қарауды. Қолданады:рәміздерді мәнерлеп суреттей алады.

Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы

«Бәйтерек» (ересек топ) «___» __________20 __ жыл


Білім беру саласы: Қатынас

Білім беру бөлімі: Көрем әдебиет

Тақырыбы: Алтын астық /өлеңді жаттау/

Мақсаты:өлеңнің мазмұнын ашу, өлеңдң дауыс ырғағын келтіре отырып оқу,әр шумағын қайталау арқылы

жаттау.піскен астықты жинау нақаны тупалы балалрға айтып, жеткізу,еңбеке деген сүйіспеншілік сезімдерін ояру.

Көрнекілік:астықты комбайынмен орып жүрген,жинап қамбаға тасыпжатқан суреттер. Жұмыс дәптері, түрлі-түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: қырманға, дәулет

Оқу іс әрекеті

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивация лық қозғаушылық

Шаттық шеңбері: «Кел, балалар, күлейік!»

Балалар дөңгеленіп тұрып,бір-біріне жылы лебіздерін айтады

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Кіріспе әңгіме.Педагог жұмбақ жасырады. Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында наны бар.

-Бидай,арпа,сұлы,тарына жалпы астық деп атайды.Астық піскен кезде егін жинау науқаны басталады.-Бүгін біз Қосжан Мүсіреповтың «Алтын астық» өлеңін жаттаймыз. Сергілту сәті.

Күз мезгілі астық пісті,

Астықты комбайынмен орамыз.

Машинамен қырманға тасимыз.

Қамбаға әкеліп төгеміз,

Диірменде ұн жасаймыз.

Ұнды нан зауытына апарамыз,

Ол жерде түрлі нандар шығарады.т.б.

Дәптермен жұмыс. Дәптер бетіндегі тапсырманы балаларға түсіндіру.

Балалармен жеке жұмыс.

Мақал жаттау. «Ас атасы -нан»


Әңгімені тыңдады.

Жұмбақтардың шешуін тапты./Бидай/


Өлеңді педагогпен біргше бірнеше рет қайталап жаттады.

Сергілту сәтін орындады.Қимылдар мен көрсетті.





Дәптермен жұмыс орындалды .Балаларға жеке көмек берілді.Мақалды жаттады.


Рефлексиялық- түзетушілік

-Алтын астық деп не үшін айтамыз?

-Астықты қайда жасайды?

Балалардың жауаптары.




Күтілетін нәтиже:

Орындайды: «астық» сөзінің сағынасын нанның қандай еңбекпен келетінін біледі.

Түсінеді: астық пісіп жиналатын кез, күз мезгілі екенінт үсінеді.

Қолданады: «Алтын астық» өлеңін жатқа айтады, мағынасын түсініп айтып береді.










































Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы

«Бәйтерек» (ересек топ) «___» __________20 __ жыл


Білім беру саласы: Қатынас

Білім беру бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Әдептілік әлемі /өлең оқу/

Мақсаты: «Әдептілік әлемі» өлеңін мәнерлеп оқу, сөз мағналарын түсіну, өлең арқылы балалардың шығармашылығын дамыту.

Көрнекілік: әдептілік туралы суреттер,жұмыс дәптері,түрлі-түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: аяқ-табақ,асықпай.


Оқу іс –әрекеті

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері. «Қуан шаттан алақай

Шаттық шеңберін орындады.

Ұйымдастырушылық ізденістік

Кіріспе әңгіме. «Әдептілік». «Әдептілік» деп үлкенді сыйлайтын,таза жүретін,достарын ренжітпейтін,қиын кезде көмектесуді айтамыз. Е.Өтетілеуұлының «Әдептілік әлемі » өлеңін оқимыз.

Қарсы ал ерте күн көзін,

Төсегіңді жина өзің.

Асықпай іш тамақты,

Жиан аяқ-табақты..

Сұрақ-жауап.

Дәптермен жұмыс.Дәптердегі берілген тапсыманы түсіндіру.Жеке жұмыс.

Сергіту сәті.

Д/о «Қайысысы дұрыс?»

Мақал –мәтел.

«Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені»

Балалардың жауаптары.Әдепті болу –үлкенді сыйлау,кішіге қамқор болу,тәртіпті болу,жаман сөз айтпау, достарын ренжітпеу.

Балалар өлеңді жаттайды.

Балалардың жауабы.

Дәптердегі тапсырманы орындады.

Сергіту сәті жасалды.

Д/О ойналды.

Сурет бойынша әңгімелейді.Балалар мақалды жаттайды.

Рефлексиялық- түзетушілік

-Әдепті бала қандай бала?

-Сен әдепті болу үшін не істер едің?

Балалардың жауаптары.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: әдептілік туралы өлең сөздердің мағнасын түсініп айтып береді.

Түсінеді: әдепті болу үшін мейірімді ,үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу керектігін түсінеді.

Қолданады: берілген ойын тапсырмадағы суретті тауып бере алады.

Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы №7

«Бәйтерек» (ересек топ) «___» __________20 __ жыл


Білім саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Қыс (өлеңді жаттау)

Мақсаты: өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын ашу; балаларға табиғат көріністерін сипаттап, қыс қызықтарының айтқызып үйрету; өлең шумақтарын жаттату, сөздік қорларын молайту; табиғаттың әдемілігін сезіне білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: қыс мезгілінің суреттері, ұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, слайд.

Сөздік жұмыс: бояған, шебер.

Билингвальді компонент: қыс-зима, қар-снег.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотвациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты,

Армысың, алтын Күн!

Армысың, аппақ қыс!

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздер білдіреді.

Ұйымдастыру-ізденістік

Кіріспе әңгіме

Балалардан қыс мезгілі несімен ұнайтынын, қыс мезгілінде қандай өзгерістер болатынын сұрау.

«Қыс» өлеңін оқып беру.

Қандай қызық қысжеген,

Бәрін шебер істеген,

Бақша-бауды, тауды да,

Бояған ақ түспенен.


Сөздік жұмыс:

Бояған, шебер – айналаны аппақ қар басып, біреуәдейі ақ түске бояп қойғандай деген мағынаны білдіреді.

Шебер істеген – бәрі дұрыс жасалған мағынасында.


Биллинвалды компонент:

қыс-зима, қар-снег.


Сұрақ-жауап:

  • Өлеңде не туралы айтылған?




Сергіту сәтін өткізу:

Жас ұланмын шыныққан,

Жасқанбаймын суықтан.

Қардан жасап аққала,

Сырғанаймын шаттана.


Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі тапсырманы түсіндіру.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.


Д/о: «Сыңарын тап»

Шарты: бірнеше қстық киім берілген, сол киімдердің ішінен сыңарын тауып кию керек.


Балалардың жауаптары.





Өлеңді мұқият тыңдайды.





Мағынасын түсінеді.






Сөздерді бірге қайталайды.



Балалар сұрақтарға жауап береді.



Қимылмен жасайды.






Берілген тапсырманы орындайды.



Берілген ойынның шартын сақтап ойнайды.


Қыстың ерекшеліктерін әңгімелеу.


Балалар өлеңді жатқа айтып береді.






Күтілетін нәтиже:

Орындайды: жыл мезгілдерін біледі, қыс мезгілінің ерекшелігін әңгімелеп бере алады.

Түсінеді: қыстың ең суық мезгіл екендігін, табиғат құбылыстарының өзгеріп отыратынын түсінеді.

Қолданады: қыс мезгілі туралы өлеңді жатқа айтып береді.
























Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы

«Бәйтерек» (ересек топ) «___» __________20 __ жыл


Білім саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Жаңа Жыл келді (өлеңді жаттау)

Мақсаты: өлеңді дауыс ырғағын келтіре оқып беріп, мазмұнын әңгімелеуде өз ойын қиялымен ұштастыра айтуға баулу; балалардың мерекелік көңіл күйлерін көтере отырып жаттату.

Көрнекіліктер: Жаңа жыл мерекесіне байланысты суреттер, шыршаны сәндеп жатқан балалардың суреттері, слайд, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: жылыстап, әзір.

Билингвальді компонент: Жаңа жыл – Новый год, шырша – елка.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотвациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Біздің топта балалар,

Тату-тәтті ойнайды.

Дос көңілі әрқанашан,

Тек жақсылық ойлайды.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастыру-ізденістік

Кіріспе әңгіме

Қазір жылдың қай мезгілі, қандай мереке болатынын сұрау. Жаңа жыл туралы білетіндерін сұрау.


«Жаңа жыл келді»

Жаңа жыл да келеді,

Бізге қарай жылыстап,

Өлең де әзір, ән де әзір,

Ойын да әзір, бәрі әзір.

Кел, Жаңа жыл біздерге,

Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!


Сөздік жұмыс:

Жылыстап – ақырындап, жақындап келе жатыр дегенді, әзір – дайын деген мағынаны білдіреді.


Биллинвалды компонент:

Жаңа жыл – Новый год, шырша – елка.

Сергіту сәтін өткізу:

Қар борайды оң жақтан,

Қар борайды сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Су өтеді қолғаптан.


Сұрақ-жауап:

  • Өлең қалай аталады?

  • Жаңа жылда балалар не істейді?

  • Жаңа жыла қонаққа кім келеді?


Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі тапсырманы түсіндіру.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.


Д/о: «Кім жылдам?»

Шарты: екі үлкен шырша қойылады. Балалар екі топқа бөлініп, шыршаны ойындықтармен безендіреді. Қай топ тез безендірсе, сол топ жеңімпаз атанады.


Балалардың жауаптары.




Өлеңді мұқият тыңдайды.








Мағынасын түсінеді.




Сөздерді бірге қайталайды.



Қимылмен жасайды.







Сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.



Берілген тапсырманы орындайды.





Балалар шыршаны ойыншықтармен безендіреді.


  • Сендерге Жаңа жыл мерекесі несімен ұнайды?

  • Аязатадан қандай жақсы сыйлық күтесің?


Балалардың жауаптары.






Күтілетін нәтиже:

Орындайды: Жаңа жыл мерекесі туралы тақпақтар жаттайды.

Түсінеді: Жаңа жылдың ерекше, отбасылық мереке екендігін түсінеді.

Қолданады: д/о арқылы шыршаны безендіріп үйренеді, қандай ойыншықтар ілінетінін айтады.

















Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы

«Бәйтерек» (ересек топ) «___» __________20 __ жыл


Білім саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Әкесі мен балалары (әңгімелеу)

Мақсаты: сурет бойынша әңгіменің мазмұнын мәнерлеп жеткізу; көркем шығарманы тыңдауға деген қызығушылықтарын арттыру және оның мазмұнын түсіне отырып, әңгімені аяқтауға дағдыландыру; татулыққа, достыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: әкесі мен балалары туралы суреттер, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: сыпыртқы, шыбық.

Билингвальді компонент: әке-отец, балалары-дети, сыпыртқы-веник.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотвациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Дос болайық бәріміз,

Жасарып тұр сәніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздер білдіреді.

Ұйымдастыру-ізденістік

Кіріспе әңгіме

Балалардан үйлерінде оларды қалай еркелететіндерін сұрау.

«Әкесі мен балалары» әңгімесін оқу.

  • Әкесі балаларына қандай ақыл айтты?

  • Балалары оның ақылын тыңдады ма?

  • Сыпыртқы неге сынбады?

  • Жеке-жеке сындырғанда неге сынды?

Сөздік жұмыс:

Сыпыртқы – үй сыпыратын зат, шыбық – сыпыртқының жеке-жеке талдары деген мағынаны білдіреді.

Биллинвалды компонент:

әке-отец, балалары-дети, сыпыртқы-веник.


Сергіту сәтін өткізу:

Ал балалар тұрайық,

Алақанды соғайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп.

Бір тынығып алайық.

Сұрақ-жауап:

  • Әңгіме қалай аталады?

  • Әкесі балаларына қандай ақыл айтты?


Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі тапсырманы түсіндіру.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.


Мақал жаттау.

«Бірлік болмай, тірлік болмас!»


Балалар әңгімені тыңдап, сұрақтарға жауап береді.










Мағынасын түсінеді.




Сөздерді бірге қайталайды.





Қимылмен жасайды.




Сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.




Берілген тапсырманы орындайды.




Мақалды жаттайды.


  • Бауырлар бір-бірімен тату болуы керек.

  • Үлкендердің айтқан ақылын тыңдаған жөн.


Балалар өз ойларын білдіреді.






Күтілетін нәтиже:

Орындайды: әңгіме арқылы үлкеннің айтқанын тыңдау керектігін білдіреді, сурет бойынша ажыратып айта алады.

Түсінеді: «Әрдайым бірге болсаңдар, сендерді ешкім де реніте алмайды» деген сөздің мағынасын түсінеді.

Қолданады: жұмбақтар мен сөзжұмбақтың жауабын таба алады.























Ұйымдастыру оқу іс әрекетінің технологиялық картасы

«Бәйтерек» тобы «___»__________20__ жыл


Білім саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Маша мен Аю (орыс халық етегісі)

Мақсаты: балалардың зейінін аударып, ертегіге деген қызығушылығын аудару; оның мазмұнын, мағынасын түсіндіріп, өз ойымен жеткізе білуге үйрету; өз қиялымен ұштастыра білуге, кейіпкерлерді өзігінен ажырата білуге дағдыландыру; балаларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: ертегі бойынша суреттер, ертегіні бейнетаспадан тыңдау, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: бұртиды, бәліш.

Билингвальді компонент: аю-медведь,қыз-девочка, бәліш-пирожки.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотвациялық-қозғаушылық

Шаттық щеңбері

Балдырған баламыз,

Қашан да, қайда да,

Бірлікте боламыз!

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастыру-ізденістік

Кіріспе әңгіме

Жұмбақ:

Орманнан, жалпақ даладан

Бал іздеп бір аң жортады.

Кіп-кішкене арадан

Үп-үлкен болып қорқады.


-Балалар «Маша мен Аю» ертегісін мультфильмнен көргендерің бар ма?

-Бүгін біз осы «Маша мен Аю» деген орыс халық ертегісімен танысамыз. Ертегіні мәнерлеп оқып беру.

Сөздік жұмыс:

Бәліш – ұннан жасалған тағам.

Бұртиды – ренжіді, өкпеледі деген мағынаны білдіреді.

Биллинвалды компонент:

Аю-медведь, қыз-девочка, бәліш-пирожки.

Сергіту сәті.

Тауға шықсаң қалың қар,

Сайға түссең қалың қар.

Шырша үсті қалың қар.

Байқаңдар қар астында

Ұйықтап жатқан аю бар.

Сұрақ-жауап

-Маша құрбылармен қайда барды?

-Маша адасып жүріп қайда кіріп кеттті?

-Маша Аюға не пісірді?

-Маша Аюды қалай алдады?

-Маша үйіне қалай жетті?


Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.



Балалар жұмбақтың шешуін табады.

Жауабы: Аю.


Балалардың жауаптары.




Балалар ертегіні тыңдайды.


Сөзердіңмағынасын қайталайды.



Қайталайды.



Сергіту жаттығуын қимылмен көрсетіп жасайды.




Сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.







Дәптердегі тапсырманы орындайды.



Рефлексиялық-түзетушілік

-Ертегіде қандай кейіпкерлер кездесті?

Балалардың жауаптары.




Күтілетін нәтиже:

Орындайды: балалар ата-анасының айтқан сөзін тыңдау керектгін ұғынады.

Түсінеді: ата-әжесіне жету үшін Машаның қулық жасағанын түсінеді.

Қолданады: ертегінің мазмұнын, мағынасын өз ойымен жеткізе алады.































Ұйымдастыру оқу іс әрекет технологиялық картасы. №11

«Бәйтерек» тобы «___»__________20__ жыл


Білім саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Көкек (ертегі)

Мақсаты: ертегіні оқып жеткәзу арқылы ертегі кейіпкерлерінің жағымды-жағымсыз қасиеттерін көруге, ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін сезуге, өз ойларын жаткізе білуге баулу; балаларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: көкектің, балалардың, дана адамның суреттері, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: дана адам, болжай алмайсың.

Билингвальді компонент: көкек-кукушка, дана адам-мудрый человек.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотвациялық-қозғаушылық

Шаттық щеңбері

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын күн келді,

Қайырлы таң! Тағыда

Күліп шықты күн бүгін.


Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Кіріспе әңгіме

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктемде қандай құстар ұшып келеді?

Жұмбақ:

Қайталап атымды,

Ән салып аламын

Кез келген ұяға

Жұмыртқа саламын.

-Балалар, бүгін біз «Көкек» ертегісімен танысамыз.

Ертегіні оқып шығып, ертегі бойынша мағлұматтар беру.

-Көкек – ерте көктемде ұшып келетін құс, өз атын өзі шақырады.


Сөздік жұмыс:

Дана – ақылды, көп білетін адам.

Болжай алмайсың сөзі алдын ала біле алмайсың деген мағынаны білдіреді.


Биллтнвалды компонент:

Көкек-кукушка, дана адам-мудрый человек.

Сұрақ-жауап:

-Көкек қайда ұшып келеді?

-Балалар көкекті ұстау үшін не істеді?

-Көкекке кім кездесті?

-көкек не деп күледі?

-Дана адам Көкекке не деп жауап берді?

-Көкек не істеді?

-Дана адам балалрға не дейді?


Сергіту сәті:

Көктем, көктем, көктмеде,

Құстар келіп жеткенде

Қуанып бір қаламыз,

Әнмен қарсы аламыз.


Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі берілген тапсырманы түсіндіру.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.


Балаардың жауаптары.




Жұмбақ жауабы: көкек.




Балалар ертегіні тыңдайды.







Сөздердің мағынасын түсінеді.





Қайталайды.



Сұрақтарға жауап береді.











Қимылмен көрсетеді.



Дәптердегі тапсырманы орындайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

-Дана адам Көкекке қандай ақыл айтты?

-Алдын ала мақтанып босқа күлме. Әйтпесе шыныда да тұзаққа түсіп қалып жүресің.




Күтілетін нәтиже:

Орындайды: көкектің өз атын шықаратын құс екендігін, жұмыртқасын басқа құстардың ұясына салып кететінін біледі.

Түсінеді: құстарға қамқорлқ жасап, жемшашар, ұя жасап беру керектігін түсінеді.

Қолданады: дана адамның айтқан сөзін түсіне отырып, алдын ала мақтанбау керектігін біледі.


















Ұйымдастыру оқу іс әрекет технологиялық картасы

«Бәйтерек» тобы «___»__________20__ жыл


Білім саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Әже (өлеңін жаттау)

Мақсаты: Ә. Қайрановтің «Әже» туралы өлеңінің мазмұнын ашу; өлең ырғағына келтіре отырып, әр шумағын қайталау, жаттату; балаларды әже туралы өз ойларын айтып жеткізуге дағдыландыру; балаларды үлкенді сыйлай білуге, әжені құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: мерекелік илиистрация, әженің суреті, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: кимешек, жаулық.

Билингвальді компонент: әже-бабушка, мереке-праздник.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотвациялық-қозғаушылық

Шаттық щеңбері

Кім үлкенді тыңдаса,

Кім үлкенді сыйласа,

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.



Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастыру-ізденістік

Кіріспе әңгіме

Балалардан жаұында қандай мереке келе датқанын сұрау.

-Көктемнің ең алған мерекесі – аналар, әжелер мерекесі.


-Біз анамыз бен әжемізге арнап қандай тақпақтар жаттадық?


Әжелер – өте мейірімді болады, немерелеріне ертегі оқып береді. Немерелері әжесіне тақпақ, өлең айтып береді. Әжелер кимешек, жаулық киеді.


-Бүгін біз ақын Әбубәкір Қайрановтің «Әже» деген өлеңімен танысамыз.


Кимешегін, жаулығын,

Теңеп аппақ гүлге мен,

Әжемнің денсаулығын

Тілеп жүрем күнде мен.

Сөздік жұмыс:

Кимешек, жаулық – әжелер киетін баскиімдер.


Биллингвалды компонент:

Әже-бабушка, мереке-праздник.


Серіту сәті:

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай самғаймыз.


Сұрақ жауап

Өлеңнің мазмұнын айтқызып, кимешек, жаулық сөздерінің мағынасын қайталау.


Дәптермен жұмыс:

Дәптерде берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.


Мақал жаттау.

«Ананың сүті – бал,

Баланың тілі – бал».



Балалардың жауаптары.

8-наурыз – аналар мерекесі.


Балалар әжелеріне, аналарына арнап жаттаған тақпақтарын айтып береді. Балалар өз әжелері туралы айтып береді. Кимешек, жаулықты балалар қоларымен ұстап көреді.







Өлеңді тыңдап, жаттап алады.


Сөздің мағынасын түсінеді.



Қайталайды.




Қимылмен көрсетеді.







Өлеңнің мазмұнын айтып беріп, мағынасын айтады.




Дәптердегі тапсырманы орындайды.



Мақалды жаттап алады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Өз әжелері туралы әңгімелеп беруін сұрау.

Балалар әже туралы ббілетіндерін айтады.




Күтілетін нәтиже:

Орындайды: әже туралы өз ойларын айтады.

Түсінеді: әжелердің аппақ кимешек, жаулық киетінін, немерелеріне қызықты ертегі оқып беретін, аялы алақанмен маңдайынан сипап, иіскейтіні әже мейірімді екенін түсінеді.

Қолданады: өлеңді жатқа айтады, кимешек, жаулық сөздерінің мағынасын айтып береді.












Ұйымдастыру оқу іс әрекет технологиялық картасы

«Бәйтерек» тобы «___»__________20__ жыл


Білім саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Наурызкөже (өлеңді жаттау)

Мақсаты: Наурыз мерекесі, оның ерекшелігі туралы айтып, өлеңді дауыс ырғағын келтіре оқып жеткізу; өлеңнің тіл ерекшелігін, көркем сөздерін түсіну, ойлау әрекетін дамыту; салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар туралы ұғындыру, оны бағалап, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: наурызкөже жасап жатқан әжелердің, наурызкөжеге салатын тғамадардың суреттері, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: наурызкөже, әдейі.

Билингвальді компонент: ас-пища, айран- кефир.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотвациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Үлкен асықты көрсетіп,, балалардың әрқайсысы оң жағында тұрған балаға қарап, асықты беру арқылы жылы сөздер айтып, көңіл күйлерін білдіреді.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздер білдіреді.

Ұйымдастырущылық-ізденістік

Кіріспе әңгіме

  • Наурыз мерекесінде пісірілетін асты

Наурызкөже дейміз. Наурыз көже қыстық соғымнан қалған сүрленген еттен, дәнді дақылдар қосылып жасалады. Оған қатық немесе айран қосылады.

«Наурызкөже» өлеңімен таныстыру.

Наурыз тойын әдемі,

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдейі

Наурызкөже пісірді.


Сөздік жұмыс:

Наурызкөже деп мерекеде арнайы пісірілген көжені айтамыз.

Әдейі деген сөз арнайы жасалған деген мағығаны білдіреді.


Биллинвалды компонент:

ас-пища, айран- кефир.



Сергіту сәтін өткізу:

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз.

Қанат ағып ұгамыз,

Қарлығаштай самғаймыз.


Сұрақ-жауап:

  • Наурызкөжені кім дайындайды?

  • Наурызкөже ішіп көрдің бе? Ұнады ма?


Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі тапсырманы түсіндіру.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.



Балалар мұқият тыңдайды. Білгендерін айтады.





Өлеңді тыңдайды.

Жаттайды.






Мағынасын түсінеді.






Сөздерді бірге қайталайды.



Қимылмен жасайды.









Балалардың жауаптары.





Берілген тапсырманы орындайды.



Рефлексиялық түзетушілік

  • Наурызкөже қандай дәндерден жасалады?

  • Наурызкөжені кімдер жасайды?

Балалардың жауаптары.






Күтілетін нәтиже:

Орындайды: Наурыз мерекесінде әжелер пісіретін наурызкөженің жасалу жолдарын біледі.

Түсінеді: Наурыз қазхақ халқының ұлттық мерекесі екенін түсінеді.

Қолданады: «Наурызкөже» өлеңін мәнерлеп, жатқа айтып береді.

















Ұйымдастыру оқу іс әрекет технологиялық картасы

«Бәйтерек» тобы «___»__________20__ жыл


Білім саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Үш қыз (ертегі)

Мақсаты: ертегіні балаларға таныстыру, мазмұнын ашу, кейіпкерлердің тағдырына балаларды ортақтастыру арқылы олармен бірге қуанып, бірге армандап, ізгілік пен ерсілікті айыра білуге үйрету; балаларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: ананың және қыздардың иллюстарциялы суреттер, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: аяулы жан, қайырымыдылық.

Билингвальді компонент: ана-мама, қыздар-дочки, ауыру- болеть, балара-пчела.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотвациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Біздің топта блалар,

Тату-тәтті ойнайды.

Дос көңілі әрқашан

Тек жақсылық ойлайды.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздер білдіреді.

Ұйымдастыру-ізденістік

Кіріспе әңгіме

Жұмбақ:

  • Өмірдегі ең жақын, ең аяулы жан кім?

  • Ең аяулы жан – ол ана. Анамызды сыйлап, айтқанын орындап, ренжітпей жүруіміз керек. Анамыз ауырып қалса, дрі-дәрмек беріп, қарауымыз керек.


«Үш қыз» ертегісімен таныстыру.


Сөздік жұмыс:

Аяулы жан сөзі өмірдегі ең жақын, ең қымбат деген мағынаны білдіреді.

Қайырымдылық деп қиын кезде көмек көрсетуді айтады.


Биллинвалды компонент:

ана-мама, қыздар-дочки, ауыру- болеть, балара-пчела.




Сергіту сәтін өткізу:

Орнымыздан тұрайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Жақсы сергіп қалайық.


Сұрақ-жауап:

  • Анасы тиінді жұмсап, қыздарын не үшін шақырады?

  • Тиінді қаздарды неге айналдырды?

Не үшін?



Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі тапсырманы түсіндіру.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.


Мақал жаттау.

«Ана алдында – құрмет

Ата алдында – қызмет».



Балалар мұқият тыңдайды. Сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.







Ертегіні тыңдайды. Мазмұнын айтады.



Мағынасын түсінеді.





Сөздерді бірге қайталайды.



Қимылмен жасайды.









Балалардың жауаптары.





Берілген тапсырманы орындайды.




Мақалды жаттайды.

Рефлексиялық түзетушілік

  • Егер аналарың, қамқоршың ауырып қалса, сендер қалай көмектесесіңдер?

Балалардың жауаптары.






Күтілетін нәтиже:

Орындайды: анасы, қамқоршысын сыйлайды, көмектеседі.

Түсінеді: ана – баласы ауырса әрдайым жанында болатын аяулы жан екенін, бала да анаға қамқорлықпен қарауы керектігін түсінеді.

Қолданады: аналарға арналған өлеңдер мен тақпақтарын айтып береді.















Ұйымдастыру оқу іс әрекет технологиялық картасы. №15

«Бәйтерек» тобы «___»__________20__ жыл


Білім саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Түлкі мен Қоян (ертегі)

Мақсаты: ертегіні сурет бойынша әңгімелету, жағымды-жағымсыз кейіпкерлерді өздігінен ажырата білуге үйрету; ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін сезінуге, өз ойларын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: түлкі мен қоянның суреттері, ертег кейіпкерлерінің бетперделері, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: қу, айлакер.

Билингвальді компонент: түлкі-лиса, қоян-заяц, қу-хитрый.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотвациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Адал, жақсы ниетпен

Бар адамға бақ тілеп,

Жарып шыққан жүректен

Сөздің бәрі – ақтілек.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздер білдіреді.

Ұйымдастыру-ізденістік

Кіріспе әңгіме

Жұмбақ:

  1. Бұлаңдаған құйрығы,

Бар алдардың қулығы.

  1. Қалқиып ұзын құлағы

Елеңдеп, қорқып тұрады.

  • Зымыран не үшін қажет?

  • Ғарышқа кімдер ұшады?

«Түлкі мен қоян» ертегісімен таныстыру.


Сөздік жұмыс:

Қу, айлакер деген сөздер алдайды деген мағынаны білдіреді.

Биллинвалды компонент:

түлкі-лиса, қоян-заяц, қу-хитрый.


Сергіту сәтін өткізу:

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің.

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

Сұрақ-жауап:

  • Шаршап келе жатқан Түлкі нені көреді?

  • Түлкі Қоянға не дейді?

  • Қоян Түлкінің алдауына түсті ме?

Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі тапсырманы түсіндіру.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.


  • Ертегі қалай аталады?

  • Ертегіде қандай кейіпкерлер кездеседі?


Ұйқасын тап

Кезіп жүріп өзекті,

Ұстап алдым ...



Жауабы:

Түлкі.


Қоян.




Ертегіні тыңдайды. Тақпақты жаттайды.



Мағынасын түсінеді.


Сөздерді бірге қайталайды.



Қимылмен жасайды.








Балалар сұрақтарға толық жауап береді.






Берілген тапсырманы орындайды.




Балалар жауап береді.



Жауабы: көжекті.

Рефлексиялық түзетушілік

  • Ертегінің мазмұнын қайталап сұрайды.

  • Рөлге бөлініп ойнауға ұсыныс жасау.

Балалар ертегіні рөлдерге бөліп ойнайды.






Күтілетін нәтиже:

Орындайды: ертегіні рөлге бөліп ойнайды, аңдардың қимылдарын еске түсіреді.

Түсінеді: түлкінің қу аң екендігін, қоянның ақылдылығын түсінеді.

Қолданады: достарын ешқашан алдамай, бір-біріне көмек көрсетіп, тату болу керегін біледі.















Ұйымдастыру оқу іс әрекет технологиялық картасы

«Бәйтерек» тобы «___»__________20__ жыл


Білім саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Достық мерекесі («Тілерміз бейбіт күн» өлеңін жаттау)

Мақсаты: С. Оспановтің «Тілерміңз бейбіт күн» өлеңін мәнерлеп оқу, сөздердің мағыналарын түсіндіру; қайталай отырып жаттау; отансүйгіштік сезімдерін ояту; балаларды достыққа, өз Отанын сүйе білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: мерекелік иллюстрациялар әртүрлі ұлттық киім киген балалардың суреттері, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: құшағын ашу, тең басқан.

Билингвальді компонент: достық-дружба, тыныш-мирно.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотвациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тынытықты сақтаймыз

Ашық болсын күніміз.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздер білдіреді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Кіріспе әңгіме.

  • 1 мамыр – халықаралық достығының, ынтымақ мерекесі.

  • Мерекеде қолымызға не ұстаймыз?

«Тілерміз бейбіт күн» өлеңімен таныстыру.

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілерміз бейбіт күн,

Ашық болсын кең аспан!


Сөздік жұмыс:

Құшағын ашу сөзі – бәрін бірдей жақсы көру мағынасын білдіреді.

Тең басқан сөзі барлық ұлттар тең, бірдей деген мағынаны білдіреді.

Биллинвалды компонент:

достық-дружба, тыныш-мирно.


Сергіту сәтін өткізу:

Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қояйық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.


Сұрақ-жауап:

  • Өлең қалай аталады?

  • Бейбіт күні дегенді қалай түсінесіңдер?

Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі тапсырманы түсіндіру.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.


Мақал жатту:

«Дос болсаң, берік бол,

Досыңа серік бол!»


Балалардың жауаптары.





Балалар өлеңді мұқият тыңдайды, жаттайды.






Мағынасын түсінеді.





Сөздерді бірге қайталайды.



Қимылмен жасайды.





Балалар сұрақтарға толық жауап береді.



Берілген тапсырманы орындайды.




Балалар мақалды жаттайды, мағынасын түсінеді.


Рефлексиялық түзетушілік

Достық мерекесі күні сендерге несімен ұнайды?

Бұл күні қандай жерлерге, кімдермен қыдырасыңдар?

Балалардың жауаптары.






Күтілетін нәтиже:

Орындайды: Достық мерекесі туралы өз түсініктерін айтады.

Түсінеді: ҚР көп ұлтты мемлекет екендігін және онда түрлі халық тұратынын түсінеді.

Қолданады: Достық мерекесіне арнап тақпақ, өлең, мақалдар айтады.























Ұйымдастыру оқу іс әрекет технологиялық картасы

«Бәйтерек» тобы «___»__________20__ жыл


Білім саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Жеңіс күні (өлең жаттау)

Мақсаты: өлең шымақтарын мәнерлеп оқып, мазмұнын ашу; өлеңді қайталап, жаттау; 9 мамыр – Жеңіс күні туралы, Ұлы Отан соғысында елімізді, жерімізді жаудан қорғанан батыр ағаларымыздың ерлігі туралы сурет бойынша әңгімелеу; өз елін, жерін құрметтеуге, қорғауға тірбиелеу.

Көрнекіліктер: 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне арналған иллюстрациялы суреттер, Ұлы Отан соғысыс батырларының суреттері, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: бейбіт, тыныштық.

Билингвальді компонент: Отан-Родина, жеңіс-победа, қорғаушы-защитник.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотвациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Отанды біз атамекен

Деп аялап атаймыз.

Өйткені оны мекен еткен Бабамыз бен атамыз.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздер білдіреді.

Ұйымдастыру-ізденістік

Кіріспе әңгіме.

9 мамыр – Жеңіс күні!

Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлар туралы шағын әңгімелесу.


«Жеңіс күні!» өлеңімен таныстыру.

Ойлап-ойлап тұрдым көп,

Сауал қойдым білгім кеп:

«Қуанышты мереке –

Жеңіс күні қай күн?» - деп.

Атамнан да сұрадым,

Әкемнен де сұрадым,

Ағамнан да сұрадым, апамнан да сұрадым.

Тосты бәрі құлағын,

  • Дұрыс,- десті,- сұрағың!

  • Бейбіт күні бәрі де

Жеңіс күні , шырағым!



Сөздік жұмыс:

Бейбіт, тыныштық – елімізде барлығы дос болып, бір-біріне мейірімді деген мағынаны білдіреді.

Биллинвалды компонент:

Отан-Родина, жеңіс-победа, қорғаушы-защитник.


Сергіту сәтін өткізу:

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.


Сұрақ-жауап:

  • Өлең қалай аталады?

  • Жеңіс күні деп қандай күнді айтамыз?



Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі тапсырманы түсіндіру.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.




Балалардың жауаптары.





Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.














Мағынасын түсінеді.



Сөздерді бірге қайталайды.



Қимылмен жасайды.






Балалар сұрақтарға толық жауап береді.





Берілген тапсырманы орындайды.




Рефлексиялық түзетушілік

  • Жеңіс күні қандай мереке?

Балалардың жауаптары.






Күтілетін нәтиже:

Орындайды: жеңіс – соғыста жеңу, жеңімпаз болу екенін біледі.

Түсінеді: Жеңіс күні – бейбіт, тыныштық күні екендігін түсінеді.

Қолданады: бейбітшілік, тыныштық туралы өз ойларын айта алады.



















Ұйымдастыру оқу іс әрекет технологиялық картасы

«Бәйтерек» тобы «___»__________20__ жыл


Білім саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Шықбермес Шығайбай (қазақ халық ертегісі)

Мақсаты: балаларды ертегінің мазмұнымен таныстыра отырып, мағынаны айтып түсіндіру; ертегінің тіл ерекшелігін, көркем сөздерін түсіну, ойлау әрекетін дамыту; ертегінің басты кейіпкерлерінің мінез-құлқына баға бере отырып, өз ойларын жеткізе білуге үйрету; балаларды адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Алдаркөсенің, Шықбермес Шығайбай мен оның үй ішінің суреттері, ертегі туралы бейнетаспа, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: сараң, қу.

Билингвальді компонент: бай-богатый, кедей-нищий, қу-хитрый.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотвациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Үнтаспадан «Ертегілер» әнін тыңдатып, әуенге сай билету.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздер білдіреді.

Ұйымдастыру-ізденістік

Кіріспе әңгіме.

Балаларға Алдаркөсенің басынан кешкен бір оқығасын әңгімелеп беру.


Алдаркөсенің қулығымен байларды алдап, адамдарға жақсылық жасап, көмектескені туралы айту.



Сөздік жұмыс:

Қу –алдай алатын, айлакер адам.

Сараң – ешкімге ешнәрсе бермейтін, тек өзін ғана ойлайтын адам.


Биллинвалды компонент:

бай-богатый, кедей-нищий, қу-хитрый.


Сергіту сәтін өткізу:

Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қояйық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

Бір, екі, үш,

Орнымызды табайық.

Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі тапсырманы түсіндіру.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.


Мақал жаттау:

«Берместің асы піссе,

Қазаны оттан түспес»,


Балалар ертегіні мұқият тыңдайды.








Мағынасын түсінеді.




Сөздерді бірге қайталайды.




Қимылмен жасайды.







Берілген тапсырманы орындайды.



Балалар мақалды жаттайды.


Рефлексиялық түзетушілік

  • Шығайбайды Алдаркөсе қалай алдады?

Балалардың жауаптары.






Күтілетін нәтиже:

Орындайды: ертегіні мұқият тыңдап, ертегі кейіпкерлерін еске түсіреді.

Түсінеді: ертегі барысымен танысып, Шығайбайдың сараң адам, Алдардың қу, айлакер екенін түсінеді.

Қолданады: ертегінің мазмұнын рөлге бөліп ойнайды, сахналайды.








Скачать

Рекомендуемые курсы ПК и ППК для Вас