СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қазақ әдебиеті сабағында жаңа әдіс- тәсілдерді пайдалану

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім алуға ұмтылатын шәкіртке жол көрсету, оқуға қызығушылығын ояту, сабақта оқушыны ізденіске бағыттау, оның шығармашылық тұлғасын қалыптастыру.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ әдебиеті сабағында жаңа әдіс- тәсілдерді пайдалану»

«БҚОӘББ Жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК



ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА ЖАҢА ӘДІС- ТӘСІЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ тақырыбындағы шеберлік сынып

Дайындаған:

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты оқытушысы – Акишева З.И.



Ұстаздық қылған жалықпас,

Үйретуден балаға ...

Абай Құнанбаев

ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Сондықтан да оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге , барлық оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талап қойылды. Осы талаптарды ескере отырып, алдыма қойған мақсатым - оқушыны оқуға қызықтыратын, қабілетін арттыратын жағдай туғызу.

Өз тәжірибемде оқу-тәрбие үрдісінде әдебиетті оқытудың инновациялық технологиясының кейбір

элементтерін қолданамын: сабақтарымда оқушылардың өзіндік қабілетін қалыптастыруға және білім алуға дайындығын жетілдіруге әдебиетті оқытудың инновациялық технологияларының бір түрі, яғни сыни тұрғысынан ойлау технологиясының кейбір стратегияларын қабыстыра, біріктіре, сабақтастыра пайдаланамын және сұрақ-жауап, талдау, топтық жұмыс, ширату кезеңі т.б. әдіс-тәсілдерді пайдаланамын. Болашақ ел басшылары, ғалымдары, саясаткерлері қазір мектеп, колледж парталарында отыр. Ал, олардың нағыз елжанды азамат дәрежесіне көтерілуі өз босағасын, өз елін, халқын сүюден басталады. Өзінің ата тегін, тарихын, әдебиетін білген баладан парасатты азамат шығары даусыз.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ең басты өлшемі – оның тиімділігі, нәтижелігі, жаңашылдығы
Мақсаты: Білім алуға ұмтылатын шәкіртке жол көрсету, оқуға қызығушылығын ояту, сабақта оқушыны ізденіске бағыттау, оның шығармашылық тұлғасын қалыптастыру.
Тиімділігі: Оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге дайындау, сабақты өткізу барысында стратегиялардың барлығы үш кезең арқылы жүзеге асуы, мұғалімнің сапалы сабақ өткізуіне мүмкіндік туғызу, ғылыми-теориялық тұжырымдамаларының тереңдігімен ерекшеленеді.
Нәтижесі: Оқушының қызығушылығын арттырады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады, терең білім алуға жағдай жасап қана қоймай, коммуникативтік қатынасын қалыптастырады, оқушыны ізденіске жетелейді.


Технология құрылымы 3 кезеңнен тұрады:

1. Қызығушылықты ояту;

2. Мағына тану;

3. Ой-толғаныс.

Нәтижеге жетудің жолдары:

Сабақ барысында:

  • Шығармаға жан – жақты талдау жасау.

  • Венн диаграммасы.

  • Концептуалдық кесте /кейіпкерлерді бағалау және мінездеме бере отырып, оны дәлелдеу/.

  • Ізденіс жұмыстары.

  • Буклет, реферат, шығармалар жинағы.

  • Көрініс арқылы сол заманға бару.

  • Кубизм әдісі.

  • Топтық жұмыс /ортада жайлы әрекеттестік орнайды, оқушыларға өз идеяларын зерделеп, әңгімелесу үшін мүмкіндіктер жасалынады, топтық жұмыс арқылы ынтымақтастыққа қол жеткізеді/.

  • Семантикалық карта /шығарманы оқыған-оқымағанын білу үшін/.

  • «Шығарма-мінездеме» /бұл кесте бойынша шығармадағы кейіпкерлерге және өз досына мінездеме береді/, «Әдебиет лотосы» /бұл кестені пайдалана отырып, шығармадағы оқиға желісі бойынша істеген іс-әрекеттері арқылы кейіпкерлердің образын ашу, түйінді ой жасау, тәрбиелік мәнін айту және қазіргі заманмен салыстырады/.

  • « Түртіп алу » стратегиясы .

  • «Сұрақ - жауап» стратегиясы т.б.

Өз тәжірибемнен тәжірибе алмасу мақсатында қазақ әдебиеті сабақтарында пайдаланған әдіс-тәсілдерімді көрсету үшін мысал ретінде бір сабағымды ұсынамын. «Ұлы тұлғаларға тағзым» атты апталығы аясында «Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған» дөңгелек үстел, ашық мерекелік шара өткіздім. Ашық шараның тақырыбы: Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы. Кештің мақсаты: а) Сәкен Сейфуллиңнні өмірбаянымен танысу.

ә) Сәкен Сейфуллиннің өлеңдерін мәнерлеп айтқызу және «Көкшетау» поэмасының идеялық мазмұнын ашу. б) Сәкен Сейфуллиннің шығармалары арқылы бауырларын, достарын сыйлауға, қадірлей білуге, махаббатқа берік болуға, елін, жерін, Отанын сүюге, әділ, шыншыл болуға, адамгершілікке, иманды, көпшіл болуға тәрбиелеу.

Қазақ жазушылар ішінен тұңғыш «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері, Қазақ КСР-нің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы, қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі - Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығын насихаттауға арналған және өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілетін шыңдау, тілдік шеберлігін байқау мақсатында өткізіліп отыр. Кештің көрнекілігі: Кітап көрмесі, буклет, рефераттар, ақынның портреті, «Шығарма-мінездеме» мен «Әдебиет лотосы» кестелері, сөзжұмбақ, слайдтар жинағы.

Көрініс: Стол үсті: ақынның суреті, ақынның шығармалары, оқушылардың жазған мақаласы, рефераттар. «Үш бәйтерек» өлеңі оқылады.

Өткізілу мерзімі: 9- қазан, 2019 жыл, 204-ауд, сағат 1300

Кешті өткізу барысында оқушыларды төрт топқа бөлдім:

  1. Әдебиетшілер /өмірі мен шығармашылығы, өлеңдері туралы айтып өту/.

  2. Шығармашылық тобы /өлеңдерін жатқа оқу және тақырыбы мен мазмұнын ашу/.

  3. Сәкентанушы /ақын, жазушы туралы жазған мақаласын оқыды және колледжіміздің жас ақыны өз төл шығармасын оқиды/.

  4. Зерттеушілер тобы / Сәкен Сейфуллиннің шығармаларына «Шығарма-мінездеме» мен «Әдебиет лотосы» кестелері бойынша талдау жасайды/.

Шараны ширату кезеңімен аяқтадым: Оқушылар шеңбер құра тұрып, бүгінгі дөңгелек үстелде өткен кештің тақырыбына байланыстырып, жағымды кейіпкерлердің бейнесін өз бойларына сіңіре отырып, бір-біріне жүректен шыққан жылы лебіздерін білдіреді. Кейін, «Оқжетпес», «Жұмбақтас», «Бурабай көлі», «Ұйқыдағы батыр» туралы аңыз-әңгімелерді бір-біріне айтып береді /оқушыларға суреттер беріледі немесе слайдтан көрсетіледі, әр топтың көшбасшысы суретті пайдалана отырып, қысқаша әңгімелеп береді/.

Шараға келген қонақтар: колледж әдіскері - Айнұр Меразатқызы., құрылыс техникалық бөлімінің деканы – Бибігүл Қуатбекқызы және т.б. қатысқан ұстаздар өте жақсы, оң деген өз пікірлерін білдірді.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» ұйымдастыруымен 16.09.2019ж. - 27.09.2019ж. аралығында жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша курстан өтіп, екі жұмалық қысқа мерзім ішінде ұстаз-тренер- Рысқаным Жолболсынқызынан жаңартылынған білім беру бағдарламасының қыр-сырымен танысып, алған білімімізді, үйренген әдіс-тәсілдердің кейбір элементтерін өз іс-тәжірибемде қолдана бастадым. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» ұйымдастыруымен 2019 жылдың, 25 қазанында «Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған» дөңгелек үстел, өткізілген осы ашық сабағыммен «Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім ұйымдары үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің жыл сайынғы «Педагогикалық идеялар панорамосы» Республикалық байқауының облыстық кезеңіне қатысып, «Жалпы білім беру пәндерінің оқытушылары» аталымы бойынша І жүлделі орын ДИПЛОММЕН марапатталдым.




Құрметті әріптестер, іс-тәжірибе алмасу мақсатында осы панорамалық бейне-сабағымды көрсетуге рұқсат етіңіздер.

ҚОРЫТЫНДЫ /бейне-сабағымды көрсетіп болғаннан кейінгі қорытынды сөзім/. * Оқушының пәнге, көркем әдебиетке қызығушылығы артады * ауызша, жазбаша тілі дамиды, тілдік қоры молаяды * шығармалардың идеялық мәнін түсінуге, өзіндік талдау, жинақтау жасауға, ойлай білуге жаттығады * жеке топтық жұмыста шапшаңдық, тапқырлық танытуға, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге дағдыланады * пікірталас,сайыстарда өз пікірін еркін, ашық айта алады.

Қорыта келгенде сабақ барысында жаңа технологияларды қолдану оқытушы жұмысын өнімді, нәтижелі, ал оқушылардың білім алу әрекетін мәнді, қызықты, пайдалы етеді.


Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол - жаңадан жаңаны табатын өнер. Ж. Аймауытов


















Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Асылов Ұ, Дайырова Ә., Батталова Р. Қазақ әдебиеті: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбына арналаған оқу құралы. – А.: Мектеп,

2006. -560 бет.

2. Ыбырайым Б, Бердібай Р, Нұрғали Р. Қазақ әдебиеті: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. – А.: Мектеп, 2007. – 336 бет.

  1. Сəкен Сейфуллиннің шығармалар жинағы. Алматы, «Жазушы», 1974. 432 бет.

  2. Тұрсынғалиева С., Такишева А. Қазақ әдебиеті. – А.: Арман-ПВ, 2014. – 288 бет.

5. Қазақ әдебиетін оқытудың тәжірибесі мен болашағы. Орал – 2010 жыл.

6.Акишева З.И. Қ17 Қазақ әдебиеті пәні бойынша әдістемелік слайдтар жинағы. Орал: ҰҒТАО АҚ БҚФ, 2013-345 слайд. ISBN 978-601-7306-71-7





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!