СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қазақ тілі мен әдебиеті

Категория: Русский язык

Нажмите, чтобы узнать подробности

сабақ жоспары

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі мен әдебиеті»

Қысқамерзімді сабақ жоспары

Сынып: 9

Күні:


Мектеп: «И. Ф. Павлов атындағы ауылдың орта мектебі» ММ, Қостанай ауданы, Қостанай облысы

Мұғалім: Бекмұхамбетова Сәуле Қойшығұлқызы

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Бөлім

Жаһандық мәселе: демография. Абай Құнанбай
ұлы "Адамның кейбір кездері"

Сабақтың тақырыбы

Қазақстандағы демографиялық жағдай

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.Ж.1.1 мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, шағын мақала жазу;
9.Ж.4.1 тақырып бойынша түрлі стильдегі мәтіндер құрауда мәліметтерді жинақтап, дереккөздеріне сілтеме көрсетіп жазу

9.ТБ.2.1 жазба жұмыстарында (себеп) сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастыру

Сілтеме: Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған
"Қазақ тілі мен әдебиеті" пәнінен жаңартылған мазмұндағы
үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес)

Сабақтың

мақсаты

SMART мақсат

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

Публицистикалық стильде интервьюдің және ғылыми стильде баяндаманың ерекшелігін сақтап, «Жаһанданудың отбасылық құндылықтарға әсері» шағын мақала жазады.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

«Еліміздегі демографиялық жағдай өзгерді» тақырыбы бойынша мәліметтерді жинақтап, публицистикалық, ғылыми стильде мәтін құрастырады, дереккөздеріне сілтеме жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Жай сөйлемдерден себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастырады.

Бағалау

критерийлері

  1. Публицистикалық және ғылыми стильде берілген интервью және баяндама бойынша шағын мақала жазады.

  2. Публицистикалық және ғылыми стильде мәтін құрастырады, дереккөздеріне сілтеме жасайды.

  3. Себеп бағыныңқылы құрмалас сөйлемді құрастырады.

Тілдік

мақсаттар

Оқушылар орындай алады: мақала жазады, публицистикалық, ғылыми стильде мәтін құрастырады, дереккөздеріне сілтеме жасайды, себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді құрастырады

Диалог құрауға арналған пайдалы тіркестер:

Менің байқауымша,...

Менің ойымша,...

Мен ... ойлаймын.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Еліміздегі демографиялық жағдай туралы не білесіңдер?

Болжамдардың бойынша қазір мемлекет құрушы қазақ халқының саны қанша?

Пән лексикасы және терминология:

Халық саны, табиғи өсім, туғандар, салыстырғанда, жалпы өсімі, демографиялық жағдай, басқа себептер, маңызы бар қалалар, демографиялық теңгерімсіздік


Құндылықтар

Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Оқушылар жұппен, топпен жұмыс істеу арқылы өзара сыйластыққа үйренеді. Бір-бірін тыңдауда шыдамдылық таныта біледі, сыныптастарына құрметпен қарайды.

Пәнаралық

байланыс

Қазақстан тарихы, география

Осыған дейін меңгерілген білім

Әлемдегі демографиялық жағдай

Демографиялық дағдарыс, ғаламшар, қауіптену, жаһандық мәселе

Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің ережесі

Сабақтың барысы

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дерек

көздер

Сабақтың басы


5 мин

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлермен таныстыру

Психологиялық ахуал

"Ыстық алақан" тренинг өткізу. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

«Қазақстандағы демографиялық жағдай» туралы видео тамашалау



Видео

https://youtu.be/zzadtkLY1BI


Сабақтың ортасы


30 мин


Мағынаны тану кезеңі

Жеке жұмыс

1-тапсырма

Мәтінді оқы. Мәтін мазмұны бойынша «Жаһанданудың отбасылық құндылықтарға әсері» 150-170 сөзден тұратын шағын мақала жаз.

Оқушыларға екі түрлі мәтін беріледі: публицистикалық стильде интервью «Жаһандану және ел тағдыры» және ғылыми стильде баяндама «Жаһандану және оның мәдени үрдістерге ықпалы» беріледі.

Оқушылар өздері мәтінді таңдап, сол стильде мақала жазады. Сендердің араларында мүмкін болашақта біреулерін тілші, ал кейбіреулерін ғалым болады шығар. Сондықтан тапсырманы орындаған кезде өздеріңді журналист не ғалым болып елестетіп көріп, тапсырма орындаңдар.

Дескриптор

  1. Мәтіндердің мазмұнын түсінді. 2б.

  2. Стилін және жанрын ескерді. 2б.

  3. Мәтін бойынша шағын мақала жазды. 2б.

Кері байланыс: «Аспазшы стратегиясы»


  • Сендердің жауаптарына қанағаттандым, мақала жазуды білесіңдер.

  • Бірақ кейбір олқылықтарың бар, келісі мақала жазған кезде сол олқылықтарды дұрыстайсыздар деп сенемін, керемет болады.

ҚБ: Мұғалім «Екі жұлдыз, бір тілек әдісі» арқылы бағалайды.

Сабақты әрі қарай топта жалғастырамыз.

Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөліну

Мұғалім бірнеше геометриялық фигураларды араластырып оқушыларға таратып береді.(неше топқа бөлсеңіз сонша геометриялық фигураларды бірнешеуден аласыз) Бірдей фигураларды алған оқушылар топтасады.

2 – тапсырма

Енді біз конференцияға дайындаламыз. Конференция «Еліміздегі демографиялық жағдай өзгерді» тақырыпта өтеді. Осы тақырып бойынша қосымша ақпарат құралдарынан мәліметтерді жинақтап, мәтін құрастырыңдар, дереккөздеріне сілтеме жасаңдар.

1 топ публицистикалық стильде, 2 топ ғылыми стильде жазады. Конференцияға дайындалғанда мынадай критерийлерді ескеру керек:

1. Тақырыпқа сәйкестігі.

2. Ұсынылған стильде және жанрда болуы.

3. Жұмыстың ресімделуі талапқа сай: шрифт, мәтіннің өлшемі 14

Дескриптор

  1. Мәліметтерді жинақтады. 2б.

  2. Публицистикалық, ғылыми стильде мәтінді құрастырды. 2б.

  3. Жанрды дұрыс таңдай білді. 2б.

  4. Дереккөздеріне сілтеме жасады. 2б.

ҚБ: «Бағалау парағы»

Дескриптор

Топ

Мәліметтерді жинақтады

Публици

стикалық, ғылыми стильде мәтінді құрастырды

Жанрды дұрыс таңдай білді

Дереккөзде

ріне сілтеме жасады

Жалпы

2 б.

2 б.

2 б.

2 б.








Жалпы: 8 б. – өте жақсы 6б. – жақсы 4б. - нашар

Кері байланыс: «Аспазшы стратегиясы»

Осы тапсырманы орындаған кезде барлығынан маған мына топтың жұмысы ұнаған, себебі ...

Ал мына топ осы тапсырманы былай істесе, жақсы болады деп сенімдемін.

3 – тапсырма

Берілген жай сөйлемдерден себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем құрастыр.

«Жаңа технологиялар пайда болды. Адамның тұрмысы жеңілдеді. Демография ғылымы дамыды. Халықтың саны анықталды. Адам саны көбейді. Жаңа азық-түлік бағдарламалары пайда болды. Миграция көп болды. Халық саны азайды. Қонақ көп отырмады. Сыртқа шықты.»

Деңгейлік тапсырма

Бағыныңқы сөйлемдердің қосымшаларын белгіле, астын сыз.

«Отбасында екі адам некелескен соң, бала тәрбиесіне көңіл бөлуі керек. Отбасы ер адам мен әйел адамның некелесуінен құралып, отбасылық құндылықтарға арқа сүйеді. Отбасын құрған екі адам тату болғандықтан, отбасы берік болады. Ата-ана бала тәрбиесінде өз міндетін дұрыс орындап, берік отбасын құруы керек.»

Дескриптор

  1. Жай сөйлемдерден себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем құрастырды. 2б.

  2. Себеп бағыныңқылы сөйлемнің қосымшаларын дұрыс қолданды. 2б.

ҚБ: «Бағалау парағы» Жұптасып, бірін-бірі бағалайды

Дескриптор

Оқушының аты-жөні

Жай сөйлемдер

ден сбсқс құрастырды

2 б.

Қосымшаларын дұрыс қолданды

2 б.

Жалпы





Жалпы: 4 б. – «5» 3 б. – «4» 2 б. - «3»

Кері байланыс: «Мадақтау, ұсыныс»

  • Сен бүгін керемет жұмыс жасадың!

  • Еңбегің көрініп тұр!

  • Бұдан жасқы істей аласың!

  • Ережелерді оқы!

  • Қосымша оқы!

  • Ерінбе!

  • Мұқият бол!

  • Басқалардан көшірме!







https://massaget.kz/blogs/6896/


https://baribar.kz/student/719/zha-andanu-zhane-onynh-madeni-urdisterg/


«Балмұздақ таяқшасы»










Топқа бөлу

http://jasqazaq.kz/2017/12/07/ruhani-zhangyru-sananyn-zhangyruy/

http://almaty-akshamy.kz/zha-andanu-d-uirindegi-tsifrly-k-n-t/



«Зерттеушілік конференциясы» әдісі




Тыңдай білу, сұрақтар қою тақырыптың ашылуы





















www.expert.atamura.kz.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» 9 сынып. «Атамұра» . 2019 ж. 162-163 б.б.

«Допты лақтыру»






«Допты лақтыру»













« Бағалау парағы»

Сабақтың соңы

5 мин



Рефлексия «Аяқталмаған сөйлем»


«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады.

Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:

Бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

Бүгін сабақта қуантқаны.....

Мен өзімді.....үшін мақтар едім.

Маған ерекше ұнағаны.....

Сабақтан соң маған........келді.

Бүгін маған..........сәті түсті.

Қызықты болғаны.....

......қиындық тудырды.

Менің түсінгенім.....

Енді мен......аламын.


Үйге тапсырма




Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

1-тапсырмада оқушылар мәтіндердің стиль мен жанрды ескеріп, шағын мақала жазуға тиісті. Бұл тапсырманы оқушылар жеке орындайды. Себебі оқушылардың барлығы мақсатқа сай шағын мақала жазуға тиісті. 1-тапсырманы орындаған кезде оқушылар өз ойларын қағазға түсіріп жатқанда мұғалім сыныпты аралап, қажет тұстарда өз көмегін ұсынады. Мұғалім оқушыларға мақала жазудың үлгісімен таныстырып өтеді.

Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек. Оқушылар осы тапсырманы орындау арқылы мамандық таңдауға мүмкіндігі болады.

Әрі қарай сабақ топтық жұмыс арқылы өтеді.

Екі геометриялық фигуралар арқылы оқу қабілеті әр түрлі балалардан топ құралады. Үлгерімі төмен оқушыларға арнайы фигураларды мұғалім өзі береді. Сол арқылы үлгерімі төмен оқушылар топ ішінде белгілі бір таспырма орындау арқылы ашылуы мүмкін: мүмкін ол суретті, презентацияны жақсы істей алады.

2- тапсырма тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, публицистикалық және ғылыми стильде мәтін құрастырып, дереккөздеріне сілтеме жасау. Оқушыларға бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтыруына, кеңейте түсуіне мүмкіндігі бар тапсырма. Оқушыларға публицистикалық, ғылыми стильдің жазу ережелерін көмек ретінде ұсынамын. Мұғалім оқушыларға стиль түрлерін түсіндіріп өтеді.

Оқушылардың әртүрлі стильде мәтіндер құрастыра алуы, өзіндік мақала мен баяндама жаза алуы, дереккөздеріне сілтеме жасай алуы бағаланады. Мектептің жағдайы келіп жатса, әр топты ғаламтормен қамтамасыз ету.

3-тапсырма. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің ережесін қайталау ретінде ауызша тексеремін.

  • Сабақтас құрмалас сөйлем неше түрге бөлінеді?

  • Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

  • Бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары қандай қосымшалар арқылы жасалады?

  • Себеп бақыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің сұрақтарын кім айтып береді?

Қайталаудан кейін жазбаша тапсырма беріледі. Тапсырмалар оқушылардың оқу қабілеттеріне сай жасалаған. Үлгерімі төмен оқушыларға дайын құрастырылған сөйлемдер беріледі.


«Балмұздақ таяқшасы» әдісі арқылы мұғалім сынып ішінде тыңдағысы келетін оқушылардың жауабын тыңдайды. (Стаканға салынған оқушылардың аты-жөні жазылған таяқшалардың бірін таңдау арқылы оқушыны анықтайды)Бұл әдіс оқу мақсатына жеткізеді , себебі оқушы мақаланы қалай жазды, қай деңгейде, қиыншылдықтары болды ма, қателіктерін әрі қарай кері байланыс беріп түзетуге қолайлы.

«Екі жұлдыз, бір тілек» осы әдістің тиімділігі мұғалім ұсыныс береді, ақпаратты дұрыс түсінгенін анықтайды, әрі қарай жұмыс жасаған кезде сауатты жазуға тілек білдіреді.

«Зерттеушілік конференция» әдісі. Ұсынылған тақырып бойынша мәліметтерді жинақтай біледі. Жинақталған деректерге сілтеме жасайды. Себебі оқушылардың зерттеушілік шеберлігі дамиды.

«Допты лақтыру» Мұғалім доп лақтырып сұрақ қояды. Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап береді. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, допты басқа оқушыға береді. Бұл әдіс оқушылардың ереже бойынша білім деңгейін анықтауға тиімді. Білімдерін тексергенде бірден кері байланыс та, бағалау да жасауға болады.

«Бағалау парағы» Топтық бағалау тиімділігі оқушылардың тапсырма, ереже бойынша білімдері шынайылықпен, әділдікпен бағаланады.


Тарих, география пәндерімен байланысты

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?