Үстаз үсынысы
Қамбарова Жамиля Хасеновна.Семей қаласы,12 орта мектеп.
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА БЕЛСЕНДІ ОҚУ ӘДІСТЕРІН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ
Сабақ мақсаттары | Шеберлік сағатына қатысушы мұғалімдерді жаңартылған оқу бағдарламасы аясында қазақ тілі сабағында белсенді оқытудың әдістерін тиімді қолдану жолдарымен таныстыру, жаңа әдіс-тәсілдерді белсенді қолдануға шақыру. |
Шеберлік сыныбының (мастер-класс) өту барысы | 1 -мұғалім: Қайырлы күн, құрметті эріптестер! Сіздерге бүғінғі іс-шарамызға қош келдіңіздер дей отырып, эркім өзі үшін өте пайдалы, қызықты ақпарат алып, эрі жүмыла жүмыс істеп, белсенділік танытатыңдарынызға сенімдіміз. І.Кіріспе |
Релаксациялық жаттығу | 2-мұғалім: Бүгін бізде мереке. Өздеріңізге белгілі қыс мезгілі де аяқталуға таяп қалды. Сагындырган көктемнің ауылы да алые емес. Сондықтан сіздерді бізбен бірге біраз тыныгып алуга шақырамыз. Бірақ бір шартымыз-бірлесе жұмыс істейгін болайық. 1-мұгалім: Баяғы заманда бір бағбан болыпты.Бағбан өз бағындағы ағаштарын қастерлейтіні сонша: жыл сайын ағаштардың бірнеше түрін отырғызады екен. Бірде достары оған түрлі ағаш түқымдарын сыйға тартады. Олар: бірнеше жаңғақ, алма, алмүрт, өрік, шие, шабдалы тағы басқа екен. (ал енді ыңғайлы отырып, қолдарыңызды бастарыңызға қойып, өздеріңіздің осы ағаш түқымдарының бірі екендігіңізді елестетсеңіздер) Бағбан өз түқымдарын балаша күтіп, аялап мәпеледі. Міне, коптен күткен көктем де келді. |
| |
Алғашкы күн шуағымен тұқым да көтеріле бастады. (қатысушылар қолдарын аздап жоғары көтереді)
Көшеттер жапырақ жая бастады. (қолдары бастарында, алақандарымен алға қарай) Бүршікті бүтактар да пайда болды. (жүдырықтарын түю) Ақыры бүршіктер де жарылып, жапырақтарын жайып жайқала түсті. (жүдырықтарын ашу) Сөйтіп кішкентай ғана көшет мықты алып ағашқа айналды. (қолдарын түсірмеу)
Көктемді жарқыраған жаз алмастырды. (қолдарын жапырақтай жаяды) Бағбан бүрынғы әдеті бойынша, оларды күтіп баптап, қүрт-қүмырсқадан, аптап ыстықтан қорғап, қамкор болды.
Бағбанның жас ағаштары өсіп, күлімдеп, көрші ағаштармен бас иісіп, күнде таңертең бір-біріне сәлем береді. (қатысушылар тпісті қимылдар жасайды).
(Төрт мезғілді интерактивті тақтадан көрсету) Жомарт күз де келді. Әр ағаш өз жемісін берді. (қатысушылар бағбанға өз жемісін береді)
Бүл сіздер үшін релаксациялық тынығу жаттығулары болды. Бэріңізғе үлкен рахмет! 1-мүғалім: Қүрметті эріптестер! Біз киелі білім ордасы - «мектеп деген» бақтың бағбандарымыз. Сондықтан еңбеғіміздің жемісі- біздің шеберлігімізде, шығармашылығымызда деп ойлаймын.
Топқа бөлу: «Майлықтар алыңыз» әдісі
бойынша
2-мұғалім:
Қажеттеріңізге қарай, майлықтың
бірнешеуін алыңыз. Алып болған соң, кім неше майлық алғанына байланысты өзі туралы мәлімет беріп, бір анекдот немесе бір кызық оқиға айтады. (Әрекет аяқталған соң, майлықтардың түріне қарай топқа бөлінеді)
ІІ.Теориялық бөлім
1-мұғалім: Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша білім беру- заман талабы. Бұл бағдарлама эр мұғалімнен заманға сай, түрлі эдіс технологияларды қолдануды талап етеді.
Қазір бэріміз үшін белсенді оқытудың тиімді эдістерін қолдану өте маңызды. Сондықтан шығармашылықпен жүмыс істеу- эр мүғалімнің міндеті. (Слайд: Белсенді оқу дегеніміз не?) Тақтадағы сүрақтарға эр топтан бір адам жауап береді:
Белсенді оқудағы мүғалімнің рөлі.
Белсенді оқыту деген не?
Белсенді оқытуға нелер жатады?
Белсенді оқытудың қандай түрлері бар?
Топтар тапсырмасы: Кластер кұру, «Венн» днаграммасы, «Графикалық органайзер», «Фишбоун» эдістерін қолдану арқылы өз пікірін білдіреді.
Бағалау: құрметті әріптестер бір-бірімізге қошемет көрсетіп, шапалақ арқылы бағалап отырайық.
2-мұғалім: Ширату жаттығулары «Тапқыр болсаң, тауып көр»
Ал енді аздап бой жазып, ширату жаттығуларына тоқталсақ.
Үш түйе құс ұшып келеді, оның бірін аңшы атып түсіреді, аспанда қанша қүс қалады? (түйе қүс үшпайды)
Қандай жолмен адам еш уақытта жүрмейді? (қүс жолымен)
'Бөлмеде төрт мысық отыр. Әр мысықтың алдында үш мысық. Барлыгы неше мысық? (4 мысық)
Әлемдегі ең ірі түқым. (кокос пальмасы 20 кг.)
Жаңбыр екі күн қатар жауа ала ма? (жоқ, арасында түн бар)
Жасы жүзге келген қария өзінің туған күнін қалдырмай атап отырған. Сонда ол 25 рет қана атап өткен. Ол қай күні туған? (29 ақпанда туған)
Көкке караған, жұлдыз санаған. (күн)
Бір жүмыртқа төрт минутта піседі, ал төрт жүмыртқа неше минутта піседі?
(4 минутта)
Конверт ішінде кілт жатыр. Осы кілтті конвертке қол тиғізбей қалай алуға болады? Берілген қүралдар: қайшы,су,сіріңке. (конвертті жағып жіберу керек)
III. Практикалық бөлім 1-мұғалім:
«Пазл» әдісі. Әр топқа конверт таратып,пазл жинатамыз.Жинап болған соң, фильмнің атауын анықтайды. (Бір фильм бойынша төрт эпизодқа тоқталу)
«Стоп-кадр» әдісі бойынша «Жау жүрек мың бала» фильмінен үзінді көрсету.
Тапсырма: «Коллаж» әдісі бойынша тірек сызбаларды колдану арқылы, эр эпизодты рет-ретімен постерге орналастырып, тақырыптың атын жазады.
Әр топ постерлерінен, тақтаға «Галерея» көрмесін жасайды. Топ спикерлері шығып оз постерін қорғайды.
Топтарға алдын-ала бағалау парағы таратылады:
а) Креативті бағалау ( топ неге жэне қалай тырысты?)
| э) Эстетикалық безендірілуі (тақырыпты |
| |
| бейнелеп жеткізу) |
| б) Бейнелілік анықтау (ойлаған |
| мақсаттарына жету) |
| в) Мазмұны (толық қамтылған) |
| Әр топ бір-бірін түрлі түсті стикерлермен |
| бағалайды. |
| (басқа топ постерлеріне жапсырады) |
| «Көк» - Өте жақсы!, «Жасыл»- Жаксы!, |
| «Қызыл»-орташа. |
| IV. Рефлексия |
| 2-мүғалім: Шеберлік сыныптың соңында |
| қатысушылар ауызша жэне жазбаша өз |
| алған әсерлерімен бөліседі. |
| «Алтын күн» аясында орналасқан аялы |
| алақандарға шеберлік сыныбының өту |
| барысы туралы өз ойларын білдіру. (түрлі |
| түсті стикерлермен бағалау) |
«Көк» - Өте жаксы!, «Жасыл»- Жаксы!, «Қызыл»-орташа.
Шеберлік сағатында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?
Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?
Шеберлік сағатында қатысуыңызды қалай бағалайсыз?
Қандай қиындықтар туындады?
Шеберлік сабағының аягындағы көңіл- күйіңіз қандай болды? Неліктен? (Слайд №)
Қоштасу. Алғыс айту. Суретке,видеоға түсу.
Бүгін мен ... білдім.
Маған ... қызық болды.
Маған ... қиын болды.
Мен ... тапсырмаларын орындадым.
Мен ... екендігін түсіндім.
Мен енді... жасай аламын.
Мен ... екендігін сезіндім.
Мен ... иемдендім.
Мен ... үйрендім.
Мен ... жасап көремін.
Мені... таң қалдырды. Сабақ менің өміріме ... берді
2