Ересек"Көбелек" тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе
Өткізу күні / Дата проведения: 05.11.2018
Тәрбиеші / Воспитатель :
Білім беру саласы / Образовательная область:Шығармашылық
Пән / Предмет: Жапсыру
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: "Халық-өнер туындысы"
Тақырыбы / Тема: :«Қазақша көйлек»
Мақсаттары / Цели:
1. Тәрбиелік – воспитательная сұлбасы сызылған қазақша көйлекке жырту арқылы жабыстыру.ұқыптылықпен ептілікке тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая : Ұлттық киімдеріміздің бір түрі ол қазақша көйлек туралы балаларға түсіндіру.
3. Оқыту – обучающая : Оқыту: ұлттық киімдер жайлы түсінік беру.
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, презентация, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер, түрлі-түсті қағаздар, қайсы, желім.
Көп тілділік полиязычие: орамал-платок- shawl
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Мотивациялық қозғаушылы
Ғажайып сәт: тобымызға қуыршақ Әйгерім келеді.
Балалар қуыршақ тың келгеніне қуанады.
Ұйымдастырушылық ізденістік
-Балалар бізге кім келді?
Балалар қуыршақтың есімі -Әйгерім
Балалар қуыршақ қонаққа қазақша көйлек киіп барғысы келеді екен
Сендерден көмек сұрап келіпті?
Көмектесеміз бе, балалар?
2.Негізгі бөлім
Ендеше балалар бәріміз бірігіп қуыршаққа қазақша көйлек дайындап берейік
Жапсыру жолдары көрсетіледі, түсіндіріледі.
Әртүрлі көйлек үлгілерін көрсете отырып, көйлектің түрі көп болатыны айтылады. бірнеше қуыршақтың көйлегін көрсетіп түсіне әдемілігіне назар аудартады.
Алдарыңда жұмыс жасауға керекті құралдар тұр.
Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып,жұмысты ұқыпты таза жасаулары ескертіледі.
Сергіту сәті.
Түстерді таңдап алайық,
Орнымыздан тұрайық.
Қолымызды созайық,
Оңға қарай иіліп
Солға қарай иіліп
Бой сергітіп алған соң
Жапсыруды жалғайық.
Жұмысқа кірісуге ұсыныс жасайды.
Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.
Қуыршақ өленің
оқып беру.
Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау,қозы,құлыншақ,
Ойыншықтар тыңдайды,
Ақыл айтсақ,бұйырсақ.
(Н.Әлімқұлов)
Қуыршақ Айкерім балалардың жұмыстарын мадақтайды.
-Балалар ,Айкерім сендердің көмектерің үшін өте қуанышты.
Рахмет айтып тұр.
Балалар қуана келіседі.
Жапсыру жолдарымен танысады.
Жұмысқа кіріседі. тапсырманы орындайды. қуыршаққа дайын қиындылардан көйлек дайындап береді.
Дайын болған көйлектерін қуыпшаққа сыйлайды.
3.Қорытынды
« Тақия тастамақ» ойыны.
Әйкерім қуыршақ балалармен қоштасады.
Өздерінің жасаған жұмыстарын салыстырады,қуанады.