Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
|
3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу
|
Басы
10 мин
|
І.Психологиялық ахуал қалыптастыру.
ІІ.Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)
-Сөз таптарын ата.
-Зат есім дегеніміз не?
-Зат есімнің түрлерін ата
-Жалқы есім дегеніміз не?
-Жалпы есім дегеніміз не?
-Туынды зат есім дегеніміз не?
-Негізгі зат есім дегеніміз не?
ІІІ.Ой қозғау
Бүгінгі сабақ тақырыбы хабарланады.
|
Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды
Оқушылар сабақ тақырыбы мен мақсатымен танысады.
|
«Ауызша мадақтау» әдісі:
Жарайсың!
Тамаша!
Жақсы!
Оқушылар жауабын толықтырып, әр қайсысына тиімді кері байланыс беріп отыру.
|
суреттер
Слайд 1
|
Ортасы
25 мин
|
Жаңа сабақ
1-тапсырма.(Ұ.Ж)
40-жаттығу. Өлеңді оқы.
Домбыра шерту аз деген
Ағайды тыңдап күнде мен,
Ақылымен күйшінің
Күй тартуды үйренем.
-Өлең не туралы? Оған ат қой.(Өнер)
-Өлеңдегі негізгі ойды анықта.
-Өлеңдегі бала туралы сенің пікірің қандай?
-Өлеңнің соңғы шумағын (төрт жолын) көркем жаз.
-Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдаңдар. Қосымшаның сөзге қандай мағына үстеп тұрғанын айтып көріңдер. Өз ойларыңды оқулықтағы ақпаратпен салыстырыңдар.
(Әкемді,ақылымен,анамның
Мәтіннің аты “Өнер”)
ЕБҚ тапсырмасы
Өлеңді оқиды
Ережені оқыту.

2-тапсырма.
41-жаттығу. Жұмбақтың шешуін тап.
Екі желім-
Күйдің көрігі,-
Әннің көлігі (Домбыра)
-Тәуелдеулі зат есімдерді тауып, түбір сөздің соңғы дыбысының өзгеру себебін түсіндір.
Тәуелдік жалғау жалғанғанда түбір сөздің соңындағы қатаң к дыбысы ұяңға өзгереді.
ЕБҚ тапсырмасы
Домбыра туралы білетінін айтады.
3-тапсырма.
42-жаттығу. Суретке қара. Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» өлеңіндегі мазмұны осы суретке сәйкес келетін жолдарды тауып көр.
Сол шумақтың мазмұнынан не ұққандарыңды әңгімелеп айтыңдар.
Кел,балалар,оқылық
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық
Сиса көйлек үстіңде
Тоқуменен табылған.
Балаларды оқуға, білім алуға шақырады.Барлық іс еңбекпен,біліммен келетіні жайлы айтып отыр.Адамға ең бірінші,ықылас керек.
ЕБҚ тапсырмасы

4-тапсырма. Жұптық жұмыс
43-жаттығу.Берілген сөздерді тәуелдену ерекшелігіне қарай топтап жаз.
Домбырам,
Домбыраң,добың,қылқаламың
Домбыраңыз,добыңыз,қылқаламыңыз
Домбырасы,добы,қылқаламы.
|
Өлеңді мәнерлеп оқиды.
Сұрақтарға жауап береді.
Өлеңнің соңғы шумағын (төрт жолын) көркем жазады.
Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдап жазады. Қосымшаның сөзге қандай мағына үстеп тұрғанын айтады. Өз ойларын оқулықтағы ақпаратпен салыстырып айтады.
Жұмбақтың шешуін табады.
Тәуелдеулі зат есімдерді тауып, түбір сөздің соңғы дыбысының өзгеру себебін түсіндіреді.
Сурет бойынша әңгімелейді.Өлең мазмұнының суретке сәйкес келетін жолдарды табады.
Жұппен тапсырманы орындайды.
Берілген сөздерді тәуелдену ерекшелігіне қарай топтап жазады.
|
Дескриптор:
-Өлеңді мәнерлеп оқып, ат қояды;(1б)
-Өлеңдегі негізгі ойды анықтайды;(1б)
-Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдайды.(1б)
-Қосымшаның сөзге қандай мағына үстеп тұрғанын айтып, анықтамамен салыстырады.(1б)
Дескриптор:
-Жұмбақтың шешуін табады;(1б)
Тәуелдеулі зат есімдерді тауып, түбір сөздің соңғы дыбысының өзгеру себебін түсіндіреді.(1б)
Дескриптор:
-Мазмұны суретке сәйкес келетін өлең жолдарын табады;(1б)
-Өлең мазмұнынан ұққандарын әңгімелейді-1б
Дескриптор:
- Берілген сөздерді тәуелдену ерекшелігіне қарай топтайды;(1б)
-Сөздерді жазады.(1б)
|
Слайд 2
Суреттер
Слайд 3
Слайд 4
Слайд 5
Слайд 6
Слайд 7
|