СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қазақстан республикасының рәміздері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақты Ибрагим Ескендірдің орындауында «Көк Тудың желбірегені» әнін тыңдаудан бастауға болады. Бейнебаяннан әнді тыңдап болғаннан кейін:

«Ән тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар?» «Бүгінгі сабақ не туралы болады деп

ойлайсыңдар?» – деген сұрақтар қою арқылы сабақ мақсатын ашуға жетелеңіз.

Жауабы: Ту туралы.

Суреттерге қара. Оқушыларға оқулықта берілген суреттерге назар аударып, сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз. Оқушылардың жауабын сабаққа қатысты деректі материалдармен толықтырыңыз. Оқулықтағы 1-мәтінді өз бетінше оқуға беріңіз.

Кел, анықтайық! Бұл айдар бойынша жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқулықтағы суреттерге назар аударып, берілген сұраққа жауап берсін. Оқушылардың сұраққа жауап беру барысында тиісті лексиканы дұрыс қолдануына көңіл бөліңіз. Оқушылардың мақтаныш сезімін ояту үшін 2012 жылы Лондон Олимпиадасында қазақстандық спортшыларды марапаттау сәті бейнеленген суретті тамашалатыңыз.2018 жылғы яғни осы кезде болып жатқан Кореяда Пхенчхан қаласында болып жатқан олимпиядаға қысқаша тоқталу. «Еліміздің туын биікке көтеру үшін қандай үлес қоса аласыңдар? Сен өзің не істер едің?»,– деген сұрақтар қойыңыз.Оқушылармен Өз елінің туына құрмет көрсету – азаматтықтың көрінісі екенін айтып қорытындылаңыз.

Кел, ойланайық! Бұл айдарды «Кім чемпион»ойыны арқылы топтық,жұптық,жеке жұмыс жасаймыз. Алдымен оқушыларды төрт  топқа бөліңіз. Әр топқа тапсырма беріңіз.Әр топтан бір оқушы, төрт оқушыдан екі оқушы сосын жеңімпазды анықтау. Бұл жұмыс түрі байқампаздықты дамытуға көмектеседі. Оқушыларға ерте заманда қазақ халқы үшін тудың мәні қандай болғаны, ал қазіргі кезде тудың маңыздылығы қалай өзгергені туралы қорытынды жасатыңыз. Отан қорғау әр жігіттің қасиетті борышы екені туралы тұжырым жасауға бағыттаңыз. Оқулықтағы 2-мәтінді өз бетінше оқуға беріңіз.

Сен білесің бе? Оқушыларға Абылай ханның портретін көрсетіңіз. Абылай қазақ халқының басынан кешкен қиын-қыстау заманда өмір сүргені, он бес жасынан бастап жоңғарларға қарсы жорықтарға қатысқаны туралы әңгімелеуден бастаңыз.Әр топқа өз тобының туын жаса,жасаған жұмысын баяндап беру тапсырылады

Жауабы: Батыр, ержүрек, ақылды, әділ…

Орындап көр. Тапсырманы топта орындатыңыз. Әр топ өз туы қандай болатынын ойластырып, алдын ала дайындалған түрлі-түсті қағаз, жапсырма, маркер, өрнек жапсырмалар қолданып жасайды. Оқушылардың жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін, тазалықты сақтауларын мұқият қадағалаңыз. Орындалған жұмыстарды «Сөйлейтін қабырғаларға» іліңіз. Әр топ өзі жасаған туларын таныстырып қорғайды. Жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз.

Ойлан

 

«Тусыз бірлік болмайды, қарусыз жігіт болмайды» деген мақалды қалай түсінесің?

Әр елдің мемлекеттік рәміздері болады. Олар – елтаңба, ту және әнұран. Қазақстанның рәміздері мемлекетіміздің тарихы туралы әңгімелейді. Олар еліміздегі барлық адамдарды біріктіреді. «Ойлан тап»ойыны арқылы

оқушылар берілген сөздерден сөзді ойлап жазуы қажет.Олар – елтаңба, ту және әнұран.

Елтаңба: ел,таңба,таң,аң

Байрақ:бай,ай,қар,ар

Әнұран:ән,ұр,ұн,нан

Берілген сөзді үш тілде жеткізу