СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Кішкентай алғыр баламыз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепке диінгі білім беру

Просмотр содержимого документа
«Кішкентай алғыр баламыз»

Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе

Өткізу күні/ Дата проведения: 4.09.2019ж

Ф.И.О.педагога:

Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.

Білім беру саласы/ Образовательная область: « Таным»

Бөлімі: Жаратылыстану

Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Балабақша»

Подтема: «Менің балабақшам»

ОУД:

Тақырыбы/ Тема : «Біздің айналамыздағы табиғат»

Негізгі дене қимылдары:

Міндеттері/ задачи:

1.Тәрбиелік – воспитательная: Қоршаған ортаға қызығушылықтарын тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Көру, есту, есте сақтау, зейінін дамыту.

3.Оқыту – обучающая: Тірі және өлі табиғат нысандары туралы білімдерін кеңейту.

Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обеспечение:

Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)

Жанды табиғат –живая природа- wildlife

табиғат – природа

су – вода

Жабдықтар мен материалдар: суреттер

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД

1.Ұйымдастыруылық кезеңі/ организационный момент:

Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, төмендегі өлең жолдарын айтқызады:

Армысың, асыл күн!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жан досым!

Міне , менің қолым.

2.Негізгі бөлім/ основня часть:

-Біздер балалар қызықты да, қыр сыры мол ғажайып әлемде өмір сүріп жатырмыз. Айналаға қарасақ, бізді көптеген заттардың қоршап жатқанын білеміз. Олар: неше түрлі әдемі ғимараттар, жолдар, көпірлер, ұшақ, жиһаздар және т.б. Бірақ айналамыздағы заттардың көпшілігі адамның көмегінсіз өздері пайда болған. Оларға жер мен су, ағаштар мен жануарлар,күн мен аспан жатады, оларды бір сөзбен табиғат деп атаймыз. Табиғаттың бір бөлігіне азық та, су да , киім де қажет емес. Олар тау тас, ауа, ғаламшар, жансыз табиғат. Ал бір бөлігі тыныс алады, өседі, қоректеніп көбейеді, яғни бұлар жанды табиғат қатарына жатады. Жанды табиғатқа адам, өсімдік, жануар жатады.

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі

Кіп – кішкінтай ағаштар,

Үп – үлкен боп өседі.

Суретпен жұмыс:

Тапсырма №1.Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Тапсырма №2. Торғайдың тіршілігі үшін не қажет? Белгіле.Торғайды неліктен жанды табиғат бөлігі дейді

№3.Сурет сал.Боя.

Жанды табиғатқа жататын табиғаттың бір бөлігінің тіршілігі туралы не білесің?

3.Қорытынды/ итоговая часть:

-Жансыз табиғатқа нелер жатады?

-Жанды табиғатқа нелер жатады?

-Олардың айырмашылығы неде?

Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе

Өткізу күні/ Дата проведения: 6.09.2019ж

Ф.И.О.педагога:

Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.

Білім беру саласы/ Образовательная область«Шығармашылық» Бөлімі: Мүсіндеу

Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Балабақша»

Подтема: «Менің балабақшам»

ОУД:

Тақырыбы/ Тема : «Түскі асқа қияр мен қызанақтан салат»

Негізгі дене қимылдары:

Міндеттері/ задачи:

1.Тәрбиелік – воспитательная: Мүсіндеуге деген қызығушылықтарын арттыру.

2.Дамытушылық – развивающая: Қолдың ұсақ бұлшық етін дамыту.Ермексаздың қасиетін бекіту.

3.Оқыту – обучающая: Домалақ және сопақ формадағы затты мүсіндеу, затқа тән бейнесін беру.

Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обеспечение:

Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)

Қияр – огурец

Қызанақ – помидор

бақша-огород

Жабдықтар мен материалдар: көкөніс муляждары, үлестірмелі материал, ермексаздың қызыл, сары, жасыл және қоңыр , қара түстері , тақтайша, ермексаз кесуге арналған құрал, сулық, тақтайша

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД

1.Ұйымдастыруылық кезеңі/ организационный момент:

Бақша біздің жаман емес

Бұршақ және сәбіз бар,

Пияз бенен қызылша

Қызанақ пен қияр бар

Балалар , бізге келіңдер.

Дәмін татып көріңдер?

Балалар шеңберге тұрып барлығы бірге қимылмен орындайды.

2.Негізгі бөлім/ основня часть:

Сұрақ – жауаптар:

-күзде бақшада нелер піседі?

-көкөністерді не үшін өсіреді?

-Көкөністердің адам ағзасына қандай пайдасы бар?

Көкөністерді көп жеу керек. Көкөністі күнделікті падаланатын адамның денсаулығы мықты болады.Сендер қандай көкөніс түрлерін білесіңдер?

Дидактикалық ойын: «Сиқырлы қапшық»

Мақсаты: Қапшықтың ішіне қияр мен қызанақ салынады. Балаларға қапшықтың сыртынан ұстап, қияр мен қызанақты ажыратып, сипаттама берулерін сұрайды.

-ойын шартымен танысып,ойынды қызыға ойнайды

-Қызанақ пен қиярды көрмей-ақ қалай ажыраттыңдар?

-Олардың түсі қандай?

-Екеуін қосып, не жасауға болады?

-Көкөністерді қай кезде жинайды?

Үлестірмелі материалмен жұмыс:

-Атайдың бақшасындағы көкөністері пісіпті. Біз де атайға көкөніс жинауға көмектесейік.

-жинаған қиярымызды бірінші қызанақты екінші жәшікке саламыз. Қияр мен қызанақ жасау үшін қандай түсті таңдаймыз?

Қызанақты қалай мүсіндейміз?

-Осы домалақтың сабағы тұратын орныны саусақ ұшын батырып, сәл шұңқырлаймыз. Шұңқырға кішкентай сабағы мен жапырағын орналастырамыз.

-Қиярды өзіміз білетін қандай тәсілмен жасаймыз?

Қиярдың кішкентай сабақшасын жасаймыз. Енді атайға жәшіктің ішін толтыруға көмектесуіміз керек. Жасаған көкөністерді жәшікке саламыз.

Қызыл және жасыл ермексаз бөлігін алақанға салып, айналдыра домалақтаймыз

Сергіту сәті.

Мен қиярмын, қиярмын,
Жаттығуға даярмын.
Қолдарымды көтеріп,
Қиярдай болып өсермін.

Күзім-ау,күзім ау
Мінезің бұзық-ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық-ау.

3.Қорытынды/ итоговая часть:

-Балалар, қараңдаршы, қандай көп көкөніс жинадық. Бізге ғана емес, бүкіл балабақша балаларына жетеді. Атай да сендерге алғысын білдіріп жатыр

Қуаныштарын білдіреді.

Көрме: балалар өз қолдарымен жасаған жұмыстарын қарайды.

Ермексазды алақан арасына салып есу, домалақтау тәсілдерімен қызанақ пен қиярды мүсіндейді.Ұқыпты жұмыс істеуді, көкөністің адам ағзасына пайдасын, домалақ және сопақ пішіндер жасайды.

.

Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе

Өткізу күні/ Дата проведения: 9.09.2019ж

Ф.И.О.педагога:

Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.

Білім беру саласы/ Образовательная область«Қатынас»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Балабақша»

Подтема: «Менің достарым»

ОУД:

Тақырыбы/ Тема : «Адал дос»

Негізгі дене қимылдары:

Міндеттері/ задачи:

1.Тәрбиелік – воспитательная: Жағымды адами қасиетке тәрбиелеу, өзінің және жолдастарының мінез – құлығын бағалай білу.

2.Дамытушылық – развивающая: Байланыста сөйлеуін, ойлауын дамыту (мысалды басқаша аяқтауды ойлап табу).

3.Оқыту – обучающая: Достық және бір – біріне көмек түсінігін беру.Зейінмен тыңдап, сұрақтарға жауап беру. Мазмұнын айту, өз пікірін білдіру.

Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обеспечение:

Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)

Достық – дружба

Дос-друг
Адал — верный
Жабдықтар мен материалдар: тақырыпқа сай суреттер, хрестоматия, 

Әдіс-тәсілі: көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, баяндау, суретпен жұмыс, қайталату әдістері қорытындылау.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД

1.Ұйымдастыруылық кезеңі/ организационный момент:

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме балалар?
Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Шеңбер арқылы сәлемдесеміз.

Қуан шаттан алақай,

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

Балалар шеңберге тұрып барлығы бірге қимылмен орындайды.

2.Негізгі бөлім/ основня часть:

Сұрақ – жауаптар:

 Балалар орындарымызға жайғасамыз қазір жылдың қай мезгілі?

Бір аптада неше күн бар?

Біз неше күн балабақшаға келеміз?

Балабақшада сендер достарыңыз барма?

Айдос айтағой сенін тобымызда досың кім?

Сендер достық дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалар: Достар бір-бірін жақсы түсінеді, бірге жүргенді ұнатады. Балабақшада бір–бірімізбен доспыз.

2. «Тыңдайық та, ойлайық» — проблемалық сұрақ. Осы мәтінді тыңдап, кім туралы екенін табыңдар.

Әңгімелеу
«Адал дос» әңгімесі.
Екі дос көше бойымен жайбарақат әңгімелесіп келе жатты. Оның біреуі Аблан да, екіншісі – Абыз. Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре алмайтын, демікпе сырқаты болатын.Бір үйдің жанынан дәу қара төбет арсылдап, тура алдынан шыға келді.
Абыз:
Аблан, қаш, әне, ит келіп қалды!- деп қатты қорқып, айғайлап жіберді.

Аблан жерден бір шыбық алып, итке қарсы ұмтылды. Ашулы ит Абланның шалбарынан бірнеше рет жұлқылап та үлгерді. Үлкендер келіп, Абланды құтқарып қалды. Абыз Абыланның жанына келіп:
Мен қаш дегенде неге қашпадың? Қашып кеткенімізде шалбарыңды бүйтіп ит жыртпаған болар еді, - деп жатыр.Мен қашатын болсам , сен тұтылатын едің. Өйткені сен қатты жүгіре алмайсың ғой. Сені иттен қорғайын деп әдейі қалып қойдым, - деді Аблан.

Достар деген осылай болар,- деді олардың сөзін естіген үлкендер сүйсініп.

(М.Төрежанов)
Тәрбиеші: Қалай ойлайсыңдар шын, нағыз дос деп айта аламыз?
Балалар: нағыз жанашыр дос екенін көрсете білді.
Тәрбиеші: Сендер олардың орнында болсаң не істер едіңдер.?
Балалар: Мен досыма көмектесер едім.

3. Дидактикалық ойын: «Менің досым»

Мақсаты: Балалар, сендерді ойын ойнауға шақырамын.

Балаларды достыққа, адалдыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу.

Мен бір балаға доп лақтырамын да, «Сенің досың қандай?» деп сұраймын. Сендер допты маған қайта лақтырып, достарынның қандай екенін айтасыңдар?
Балалар: Менің досым ренжітпейді
Менің досым алдамайды.
Мен досыммен бірге ойнаймын.

4. Ой шақыру. ДОС — деген сөзді естігенде ойларыңа қандай сөздер келеді. Қане балалар ассосиация жасайық.

ДОС → Адал, мейірімді, шыншыл, қайырымды, көмектеседі, ұқыпты, жанашыр, қамқор

5.Сергіту сәті: Ойын "Ауа райы"

— Ал, енді балалар орнымыздан тұрып ,бәріміз солға бұрыламыз. Енді,қолдарымызды алдында тұрған баланың арқасына қоямыз, кенеттен балалар далада жаңбыр сепелей бастады,қолдарымызбен жайлап арқасына ұрамыз, бір уақытта қатты жаңбыр жауды, арқасын қатты ұрамыз. Енді, балалар күннің көзі шықты, арқамызға күннің суретін саламыз.

Жарайсыңдар ойын ұнадыма балалар?

3.Қорытынды/ итоговая часть:

— Бүгін не туралы өттік?

— дос деген өандай болу керек? 

— Сабақ сендерге ұнады ма?

Балдырған баламыз,

Досты көп табамыз,

Қашан да, қайда да!

Достар бір-біріне,

Сенімді боламыз!

Осымен бүгінгі оқу іс-әрекетіміз  аяқталды. Барлықтарың жақсы қатыстыңдар, көптен-көп рақмет.

Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе

Өткізу күні/ Дата проведения: 10.09.2019ж

Ф.И.О.педагога:

Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.

Білім беру саласы/ Образовательная область«Таным»

Бөлімі: ҚМҰҚ

Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Балабақша»

Подтема: «Менің достарым»

ОУД:

Тақырыбы/ Тема : «Үлкен - кіші» Көлемі бойынша бірдей

Негізгі дене қимылдары:

Міндеттері/ задачи:

1.Тәрбиелік – воспитательная: Ізденіс іс – әрекеттерін ынталандыру.Логикалық ойлауын дамытуға ықпал ету.

2.Дамытушылық – развивающая: Бір саны мен цифрын, оның цифрлық сызғыштағы орналасуын, дөңгелек геометриялық фигурасын қайталау.

3.Оқыту – обучающая: Заттардың көлемі бойынша айыра алу, (қосу - алу) көз мөлшерімен салыстыру.

Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обеспечение:

Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)

Үлкен – большой

Кіші- маленький

Жабдықтар мен материалдар: тақырыпқа сай суреттер, үлкен – кіші кубиктар

Әдіс-тәсілі: көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, баяндау, суретпен жұмыс, қайталату әдістері қорытындылау.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД

1.Ұйымдастыруылық кезеңі/ организационный момент:

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме балалар
Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз.

Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз.

Балалар орындарыңа отырыңдар. Балалар тыңдайықша бір дыбыс естіледі?

2.Негізгі бөлім/ основня часть:

Балалар есікті ашып қарайды.

Сұрақ – жауап:

-Бұл кім екен балалар?

-Бұл Қуыршақ

Ендеше біз осы қуыршақпен танысайық

Менің атым Маржан ал сенің атың кім?

Менің атым Нұрислам

Менің атым Раяна

Балалар, қуыршақшақ бізге жай келмепті.Ол сендерден көмек сұрап келіпті.Сендер көмек бересіңдер ме? (үлкен - кіші)ұғымдарын ажырату жіне көлемі бойынша бірдей.Қуыршақтың қолында бірнеше тапсырмасы бар екен.Орындап көмектесіп жіберейік.

Суретпен жұмыс:

Әр баламен жеке – жеке жұмыс.

Дидактикалық ойын: «Ойлан тап»

Мақсаты:Балалардың ойлау,сипап сезу,саусақ маторикасын дамыту.

Ойын шарты: Үстел үстіне бірнеше заттарды қойып бетін жауып қоямыз.Балалар сипап, қолдарымен ұстау арқылы ол қандай зат және пішінін таба білу қажет.

Сергіту сәті:

Соз оң қолыңды оң жаққа,

Соз сол қолыңды сол жаққа.

Қолды айналдыр бұлданбай,

Шеңбер жасап тұрғандай.

Ал, балалар сендерге көп рахмет.Қандай ақылды тапқыр балалар екенсіңдер.Мен енді үйіме барайын.Сау болыңдар балалар.

Сау бол қуыршақ.

3.Қорытынды/ итоговая часть:

Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?

Қуыршақ бізге не үшін келіпті.

Сендер қандай көмек бердіңдер?

Сендерге бүгінгі оқу қызметіміз ұнады ма?

Үстел үстінде қандай заттар тұрды?Сендер қайдан білдіңдер ол доп екенін пішіні қандай?

Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе

Өткізу күні/ Дата проведения: 11.09.2019ж

Ф.И.О.педагога:

Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.

Білім беру саласы/ Образовательная область«Шығармашылық»

Бөлімі: сурет

Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Балабақша»

Подтема: «Менің достарым»

ОУД:

Тақырыбы/ Тема : «Досыма сыйлық» (поднос – хохлома өрнегі) декоративті

Негізгі дене қимылдары:

Міндеттері/ задачи:

1.Тәрбиелік – воспитательная: Ұқыптылық пен танымдылық қызығушылығын арттыру.Көркемдік талғамға тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Қарақат бұтағын саусақпен батыра отырып салу, заттың сопақ бейнесін бейнелеу.

3.Оқыту – обучающая: Балаларды хохлома жазбасымен, оның қолданылуымен таныстыру.

Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обеспечение:

Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)

Достық – дружба

Дос-друг

Сыйлық - подарк