Оқушыларды сабақтың тақырыбына енгізетін тапсырма. Стартер. Жұптық жұмыс. 1-тапсырма. (Қосымша №1) Мына сурет бойынша 4 түрлі тағамның қайсысы қай қалада ең қымбат, қайсысы ең арзан екенін табыңыз. Диаграммада Қазақстанның үш қаласындағы кейбір негізгі тағамдардың орташа бағалара (теңгемен) берілген (2013 жылдың басында). Жауап: Қант Алматыда, сүт Өскеменде, жұмыртқа Алматыда, макарон Астанада қымбат. Қант Өскеменде, сүт Астанада, жұмыртқа Өскеменде, макарон да Өскеменде арзан. ҚБ: Жұптар жауаптарын бір-біріне түсіндіру арқылы жауаптарды салыстырады және сол бойынша бір-бірін комментарий айту арқылы бағалайды. Осы суреттегі мәліметтер арқылы 5.4.4.1 бағанды диаграммалар туралы түсініктері болу мақсатын оқушылар өздері анықтайды. Жұп ішінде сұрақтың жауабына ауызша түсініктеме беру арқылы оқушылар бір-біріне үйрете отырып үйренеді. Креативтілік деңгейі: еліктеу, ұқсату Математикалық сауаттылық талдау: Контекст: әлеуметтік Мат.сауаттылықтың қолданылу саласы: Белгісіздік және статистика Мат.сауаттылықтың құзыреттілігі: Математикалық нәтижелерді қолдану, интерпритациялау, бағалау Деңгей: 1 Топтық жұмыс Дене шынықтыру сабағында оқушы қыз балалар 60 м жүгіру нормативін тапсырды.Нәтижелері кестеде берілген (фамилиялардың орнына оқушының журналдағы нөмірі берілген). Оқушы қыз балалар | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | Уақыт, сек | | 11,4 | 9,8 | 10,2 | 9,9 | 10,5 | 10,9 | 9,6 | 10,8 | 10,6 | Норматив 10,5 с екені белгілі болса, осы кестені пайдаланып, бағанды диаграмма құр және сұрақ құрастыр. ҚБ: Топтар «Әткеншек» әдісі арқылы әр топтан 1 оқушы шығып, келесі топқа өздері құрастырған сұрақ пен оның жауабын түсіндіреді, мұғалім жауаптарды тыңдай жүріп, топтарды «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалайды. Осы тапсырманы орындау арқылы 5.4.4.3 кестелер немесе диаграммалар түрінде берілген статистикалық ақпаратты алу мақсаты жүзеге асырылады. Креативтілік деңгейі: түпнұсқа дүние жасап шығару Математикалық сауаттылық талдау: Контекст: Кәсіби Мат.сауаттылықтың қолданылу саласы: Белгісіздік және статистика Мат.сауаттылықтың құзыреттілігі: Математикалық негіздеу Деңгей: 2 3-тапсырма. Астана және Алматы қалаларының 1989- 2012 жылдар аралығындағы халық санағы есебі. (Қосымша №3) Келесі тұжырымдардың қайсысы дұрыс емес екенін анықтаңыз және жауабыңызды негіздеңіз: А) Алдыңғы жазбамен салыстырғанда Астана қаласының халық саны 2005 ж. ең көп өскен. В) 1989 ж. Астана халқының саны Алматыдан 3 есеге жуық кем. С) 2012 ж. Астана қаласының халық саны Алматы қаласының халық санының жартысындай болды. Д) 1989 жылдан 2012 жылға дейін Астананың халық саны 2,5 еседен артық ұлғайған. Е) 2009 және 2012 жылдары Астана мен Алматы қалаларындағы халық санының көбеюі проценттік үлеспен есептегенде бірдей. Нұсқау: сұраққа мұқият назар аударыңыз; әр жауап нұсқасын талдаңыз. Жауап: В. Әр топ өз жауап нұсқасын дәлелдеп түсіндіреді. ҚБ: әр топтың жауабын тыңдап, басқа топтар «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. («қолдаймын»,«қолдамаймын») Креативтілік деңгейі: біріктіру Математикалық сауаттылық талдау: Контекст: әлеуметтік Мат.сауаттылықтың қолданылу саласы: Өзгерістер және қатынастар Мат.сауаттылықтың құзыреттілігі: Математикалық негіздеу Деңгей: 4 |