103. Жолаушы өзімен бірге ақысыз бір толық және балалар жол жүру құжатына 35 кг аспайтын салмақтағы көлемі үш өлшемдерінің қосындысы бойынша (100х50х50см) 200 см аспайтын қол жүгін тасымалдауға құқылы.
Қол жүгі болып түріне және орауына қарамастан, өзінің көлемі бойынша еш қиындықсыз вагонда қол жүгін орналастыру үшін қарастырылған орындарға сиятын және оңай алып жүрілетін заттар мен нәрселер саналады.
Тасымалданатын қол жүгінің бүтіндігі мен сақталуына жолаушы өзі жауап береді.
Жолаушыларға арналған орындарда, сондай-ақ орындар арасындағы бос жерлерге, дәлізге, вагон алаңшаларында (тамбурларда) қол жүгін орналастыруға болмайды. Қол жүгіне жатпайтын, көлемі үш өлшемдердің қосындысы бойынша (100х50х50 см) 200 см асатын ірі габаритті заттарды тасымалдауға тыйым салынады.
Тасымалданатын қол жүгін өлшеу үшін станцияларда (вокзалдарда) таразылар орналастырылады. Таразышы қол жүгін осы Ережелерде көзделген белгіленген салмаққа және өлшемге сәйкестігіне өлшейді. Белгіленген салмақ пен өлшемге сәйкес келген жағдайда жол жүру құжатының екінші жағында қол жүгін тасымалдау туралы белгі қойылады.
Жолаушыға өзімен бірге белгіленген қол жүгін тасымалдау нормасынан артық ақысыз портфель, әйелдер сөмкесін, бинокль, шаңғы және олардың таяқшаларын, қармақтарды, фотоаппарат, тасымалды транзисторлық радиоқабылдағыш, қол шатырлар және басқа да ұсақ заттарды алып жүруге болады.
Жергілікті және алыс поездарда жолаушы өзімен бірге қол жүгі салмағының нормасы есебінен өздерінің көлемдері бойынша вагондағы қол жүгіне арналған орындарға орналастыруға болатын ажыратылған балалар арбаларын, байдаркаларды тасымалдауға рұқсат беріледі.
Тасымалдаушы белгілейтін ақымен және тәртіпте ауданаралық және ішкі поезда жолаушы өзімен бірге белгіленген нормаға қосымша 50 кг дейін қол жүгін тасымалдауға құқылы.
Қала маңындық поездарда қол жүгі ретінде ақысыз тасымалдау нормасы есебінен тасымалдаудың қауіпсізідігін қамтамасыз ететін, техникалық ақаусыз күйде, тұрмыстық мұқтаждар үшін пайдаланылатын көлемі 5 л дейін пропан-бутан газы бар стандартты баллондарды (қала маңындық поездарда), балалар арбаларын, өсімдіктерді, көшеттер мен басқа отырғызу материалдарын тасымалдауға болады. Осындай жүктің әрбір орыны салмағы бойынша 18 кг және биіктігі бойынша 1,5 м аспауға тиіс.
Қала маңындық поездарда ақшасын төлеп, біреуден артық емес бөлшектенбеген велосипедті, тамбурда тасымалдауға рұқсат беріледі.
Карантинге жабылған аудандарда көрсетілген тасымалдаулар иесі карантиндік құжаттарын ұсынған кезде ғана жүргізіледі.
Ескерту: 103-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).
104. Вагонды немесе басқа жолаушылардың заттарын бүлдіретін немесе былғайтын, сондай-ақ зарядталған қаруды, сасыған, өрт қауіпі бар, улы, оңай тұтанатын, жарылғыш және басқа да қауіпті заттарды (арнайы ережелерде көзделген жағдайлардан басқа) қол жүгімен тасымалдауға рұқсат етілмейді.
105. Ерекшелік ретінде алыс және жергілікті поездардың купе вагондары мен СВ вагондарында, сондай-ақ ауданаралық және ішкі қатынастың барлық поездарында жол жүру құжатына бір телевизор немесе радиоқабылдағышты (жолаушыда қол жүгінің барына қарамастан) тасымалдауға рұқсат етіледі.
Жергілікті, алыс немесе ауданаралық және ішкі поезда әр телевизорды және радиоқабылдағышты тасымалдау үшін оның салмағына қарамастан (көлемі үш өлшеулердің сомасы бойынша кіші габариттіден, портативтіден басқа) багаж тарифі бойынша есептелетін багаж салмағының 30 кг ретіндегі есептен төлем алынады.
Осы тасымалдың ресімделуі ЛУ-12а нысанды квитанция бойынша жүргізіледі.
Аса сақтықты талап ететін телевизорлар, радиоқабылдағыштар, магнитофондар және басқа да құралдар вагонда қол жүгін тасымалдауға арналған орындарында, ал ірі габариттілер жолаушыларға жол жүру құжаттары бойынша берілетін орындарға орналастырылуы тиіс.
Жолаушы вагондарында өздерінің өлшемдері бойынша купе есіктерінен үлкен ірі габаритті телевизорлар мен басқа да аппаратураны тасымалдауға жіберілмейді.
Ескерту: 105-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).
Просмотр содержимого документа
«Қол жүгі туралы түсінік.»
ҚОЛ ЖҮГІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.
ҚОЛ ЖҮГІН ТАСЫМАЛДАУ ЖАҒДАЙЛАРЫ
103. Жолаушы өзімен бірге ақысыз бір толық және балалар жол жүру құжатына 35 кг аспайтын салмақтағы көлемі үш өлшемдерінің қосындысы бойынша (100х50х50см) 200 см аспайтын қол жүгін тасымалдауға құқылы. Қол жүгі болып түріне және орауына қарамастан, өзінің көлемі бойынша еш қиындықсыз вагонда қол жүгін орналастыру үшін қарастырылған орындарға сиятын және оңай алып жүрілетін заттар мен нәрселер саналады. Тасымалданатын қол жүгінің бүтіндігі мен сақталуына жолаушы өзі жауап береді. Жолаушыларға арналған орындарда, сондай-ақ орындар арасындағы бос жерлерге, дәлізге, вагон алаңшаларында (тамбурларда) қол жүгін орналастыруға болмайды. Қол жүгіне жатпайтын, көлемі үш өлшемдердің қосындысы бойынша (100х50х50 см) 200 см асатын ірі габаритті заттарды тасымалдауға тыйым салынады. Тасымалданатын қол жүгін өлшеу үшін станцияларда (вокзалдарда) таразылар орналастырылады. Таразышы қол жүгін осы Ережелерде көзделген белгіленген салмаққа және өлшемге сәйкестігіне өлшейді. Белгіленген салмақ пен өлшемге сәйкес келген жағдайда жол жүру құжатының екінші жағында қол жүгін тасымалдау туралы белгі қойылады. Жолаушыға өзімен бірге белгіленген қол жүгін тасымалдау нормасынан артық ақысыз портфель, әйелдер сөмкесін, бинокль, шаңғы және олардың таяқшаларын, қармақтарды, фотоаппарат, тасымалды транзисторлық радиоқабылдағыш, қол шатырлар және басқа да ұсақ заттарды алып жүруге болады. Жергілікті және алыс поездарда жолаушы өзімен бірге қол жүгі салмағының нормасы есебінен өздерінің көлемдері бойынша вагондағы қол жүгіне арналған орындарға орналастыруға болатын ажыратылған балалар арбаларын, байдаркаларды тасымалдауға рұқсат беріледі. Тасымалдаушы белгілейтін ақымен және тәртіпте ауданаралық және ішкі поезда жолаушы өзімен бірге белгіленген нормаға қосымша 50 кг дейін қол жүгін тасымалдауға құқылы. Қала маңындық поездарда қол жүгі ретінде ақысыз тасымалдау нормасы есебінен тасымалдаудың қауіпсізідігін қамтамасыз ететін, техникалық ақаусыз күйде, тұрмыстық мұқтаждар үшін пайдаланылатын көлемі 5 л дейін пропан-бутан газы бар стандартты баллондарды (қала маңындық поездарда), балалар арбаларын, өсімдіктерді, көшеттер мен басқа отырғызу материалдарын тасымалдауға болады. Осындай жүктің әрбір орыны салмағы бойынша 18 кг және биіктігі бойынша 1,5 м аспауға тиіс. Қала маңындық поездарда ақшасын төлеп, біреуден артық емес бөлшектенбеген велосипедті, тамбурда тасымалдауға рұқсат беріледі. Карантинге жабылған аудандарда көрсетілген тасымалдаулар иесі карантиндік құжаттарын ұсынған кезде ғана жүргізіледі. Ескерту: 103-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).
104. Вагонды немесе басқа жолаушылардың заттарын бүлдіретін немесе былғайтын, сондай-ақ зарядталған қаруды, сасыған, өрт қауіпі бар, улы, оңай тұтанатын, жарылғыш және басқа да қауіпті заттарды (арнайы ережелерде көзделген жағдайлардан басқа) қол жүгімен тасымалдауға рұқсат етілмейді.
105. Ерекшелік ретінде алыс және жергілікті поездардың купе вагондары мен СВ вагондарында, сондай-ақ ауданаралық және ішкі қатынастың барлық поездарында жол жүру құжатына бір телевизор немесе радиоқабылдағышты (жолаушыда қол жүгінің барына қарамастан) тасымалдауға рұқсат етіледі. Жергілікті, алыс немесе ауданаралық және ішкі поезда әр телевизорды және радиоқабылдағышты тасымалдау үшін оның салмағына қарамастан (көлемі үш өлшеулердің сомасы бойынша кіші габариттіден, портативтіден басқа) багаж тарифі бойынша есептелетін багаж салмағының 30 кг ретіндегі есептен төлем алынады. Осы тасымалдың ресімделуі ЛУ-12а нысанды квитанция бойынша жүргізіледі. Аса сақтықты талап ететін телевизорлар, радиоқабылдағыштар, магнитофондар және басқа да құралдар вагонда қол жүгін тасымалдауға арналған орындарында, ал ірі габариттілер жолаушыларға жол жүру құжаттары бойынша берілетін орындарға орналастырылуы тиіс. Жолаушы вагондарында өздерінің өлшемдері бойынша купе есіктерінен үлкен ірі габаритті телевизорлар мен басқа да аппаратураны тасымалдауға жіберілмейді. Ескерту: 105-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).