Просмотр содержимого документа
««Қолғап (сәндік бейнелеу)»»
Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 19.11.2018 ж
Тәрбиеші: Сеилова А.А
Білім беру саласы: Шығармашылық
Пән: Сурет салу
Өтпелі тақырып: «Біз күштіміз, ептіміз»»
Топ: ересек тобы
Тақырып: « Қолғап (сәндік бейнелеу)»
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Оны өздері қалаған оюмен әшекейлеп салу.
Дамытушылық: Балаларға өздеріне ыңғайлы, әдемі, жарасымды қолғаптарын қылқаламмен қағаз бетіне түсіруге үйрету.
Оқыту: Оны қазақ оюларымен әшекейлеу. (қошқар мүйіз, түйе табан, қызғалдақ гүлі)
Педогогикалық технологиялар: ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: Қолғап, оюлар, қылқалам.
Билингвалдық компонент: қолғап-
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық кезеңі: Арайлап атқан таңға сәлем!
Жылуын шашқан күнге сәлем!
Жайнап өскен бізге сәлем!
Білім беріп тәрбиелеген,
Апайларым сіздерге сәлем!
Негізгі бөлім: -Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Дұрыс айтасыңдар!
- Қыс мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер айтыңдаршы?
- Күз мезгілінен кейін қандай жыл мезгілі келеді?
- Қыста ауа райы қандай болады?
- Қыста қалай киінеміз?
- Қыста үстімізге қандай киім киеміз?
- Қолғапты жылдың қай мезгілінде киеміз?
- Қолғапты не үшін киеміз?
Балалар қараңдаршы бізге біреу сандықша қалдырып кетіпті.
Балалар қараңдаршы мына қолғаптарға нешеу екен?
-ия балалар дұрыс айтасыңдар екеу екен екі қолымызға.
-Қолымыз тонып қалмау үшін қолғаптардың суретін тездетіп салайық.
Қолғаптың суреті салынды:
Сергіту сәті:
Ал,балалар тұрайық,
Қолды белге қояйық.
Жоғары-төмен қарасақ,
Қолымызды созайық.
Жел сияқты қалықтап,
Белімізді жазайық.
Отырайық,тұрайық,
Белімізді жазайық.
Д/О: Балаларға бөлшектелген карточкалар беріледі сол
қолғаптардың сәйкес екінші сынарларын табулары керек болады.
Қорытынды: -балалар бүгін сабақта не салдық?
-Қолғап бізге қажетті ме?
-Өте жақсы,тамаша балалар!
-Сендерге сабақ ұнады ма?
-Мағанда өте ұнады,ал сау болыңдар!