«Жоғары аграрлық-техникалық колледжі»
КМҚК
Компьютерлік техниканы аппараттық
қамтамасыздандыру пәні
Арнайы пәндер оқытушысы:
Болатова Альфия Саматовна
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың тақырыбы:
Компьютерлік вирустың түсінігі, компьютердегі белгілері, антивирус қауіпсіздігі ережелері.
Сабақтың мақсаты:
1)Компьютерлік вирустар және олардың түрлерін, жіктелуін, компьютерлік вирустарға қарсы
программалардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде қолданушыға көмек көрсету.
2) Вирустар және олармен күресудің, сақтанудың жолдары туралы, ену мүмкіндіктері, бүлінген файлдарды емдейтін құралдар туралы мағлұматтар беру
Компьютерлік вирус – арнайы жазылған шағын көлемді бағдарлама. Бұл бағдарламалар өз бетімен көбейеді де, амалдық жүйемен желідегі нысандарға зиян келтіруі мүмкін. Ол компьютерге пайдаланушының рұқсатынсыз, «зақымдалған» дискета немесе «зақымдалған» файлмен бірге түсуі мүмкін. Ішінде вирусы бар программа «зақымдалған» деп аталады.
Вирустардың пайда болу белгілері:
1)Программа дұрыс жұмыс істемейді немесе жұмысын тоқтатады.
2)Экранда бөгде символдар,
бағдарламалар шығады.
3)Компьютер баяу жұмыс істейді.
4)Кейбір файлдардың бұзылуы.
5)Компьютер жұмысындағы жиі тұрып қалулар және жаңылысулар
Вирустардың компьютерге ену жолдары:
- Ғаламтор желілер арқылы
- Электронды пошта
- Локальді желі
- Пираттық бағдарламалар
- Есте сақтау құрылғылары
Компьютерлік вирустардың өмірлік циклі
Латенттік период,вирустық ешқандай қимыл жасамайтын уақыты;
Өсу периоды, вирустың тек қана көбею уақыты;
Белсенді период,көбеюмен бірге вирус алгоритміне салынған рұқсатсыз қимылдар жасалатын уақыт;
Файлдық вирустар – . com,.exe, кеңейтпелеріне ие бағдарламаларға зақым келтіріп, компьютердің өшуіне дейін алып келеді. Заңсыз бағдарламаларды, әсіресе, ойындарды көшіріп алу арқылы компьютерге кіреді
Жүктелетін вирустар - дискеттердің немесе винчестердің жүктеуші секторларын зақымдайды. Жүктелетін вирустармен зақымдалған жүйені қайта қосқанда басқаруды операциялық жүйенің жүктеуші программалық кодына емес, вирус кодына береді.
Желілік вирустар –компьютердегі желі арқылы таралады.
Макро вирустар - Microsoft Office файлдарын зақымдайтын вирустар.
Зақымдау әдісі бойынша вирустар келесі түрде жіктеледі:
Резиденттік вирустар- компьютерді зақымдағанда бұл вирустар өзінің резиденттік бөлігін компьютер жадысына қалдырады.Олар операциялық жүйенің үзілуін және бағдарламалар мен операциялық жүйелер тарапынан зақымдалған файлдарға жүгінулерін қағып әкетуі мүмкін.
Резиденттік емес вирустар- компьютер оперативті жадысында резиденттік бөлігін қалдырмайтын вирустар.
- Зиянсыз вирустар – дискідегі бос орынның мөлшерін азайтатын және оперативті жады көлемін азайтатын қоспағанда компьютердің жұмысын әсер етпейтін вирустар
- Қауіпсіз вирустар – бұл өздерін әртүрлі графикалық ,
дыбыстық эффектілері сияқты зиянсыз іс-әрекеттер кезінде көрсетілетін вирустар
- Қауіпті вирустар – компьютер жұмысы, сонымен қатар олардың жүйелері мен желілерін әр түрлі ақауларын әкелетін вирустар
- Өте қауіпті вирустар- бұл ақпараттың жоғалуына, жойылуына,бағдарламалардың және жалпы жүйенің жұмыс істеу қабілетінің жоғалуына әкелетін вирустар.
Қорғану тәсілдері
- Жергілікті желіні қорғау
- Вирусқа қарсы базаны уақтылы ауыстыру керек;
- Компьютерді жүктеу барысында дискі құрылғысында диск қалдырмау қажет;
- Құнды ақпараттардың қосымша көшірмелерін жасап, жиі сақтап отыру керек;
- Антивирусты программаларды қолдану;
- Файлдарды үнемі тексеріп отыру;
Антивирус ( латын тілінен анти – қарсы немес кері, ал вирус- «у» деп аударылады) Антивирус аты айтып тұрғандай компьютерге енген нұсқауларды,яғни вирустардан,қауіпті тудырғыш программалардан қорғап,операциялық жүйе мен файлдардың ластануынан және кейбір кедергісі көп кодтардан қорғайды.
Антивирустық бағдарламалар
- Доктор программалары
- Детектор программалары
- Ревизор программалар
- Доктор ревизорлар
- Полифагтар
- Сүзгі программалар
- Вакцина программалар
Үйге тапсырма
Антивирустық бағдарламаларға анықтама жазу және ребусты шешу