1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
- Балалар, бүгінгі сабағымызға бізге қоян да қонаққа келемін деп, орманда адасып қалыпты. Қане, орманға барып оны тауып алайық.
- Балалар, орманға қандай көлікпен барайық?
- Олай болса, қане поезд болып тұра қалайық.
Просмотр содержимого документа
«Көңілді ойындар»
Кіші жас «Балапан» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі.
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Сенсорика
Тақырыбы: «Көңілді ойындар»
Мақсаты:
Тәрбиелік: Балаларды қамқорлыққа , ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту, өздігімен жұмыс істеуге машықтандыру.
Оқыту: Заттардың көлеміне, пішініне , түсіне қарай топтап ажырата білуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар: Қайталау, сұрақ - жауап, көрсету, ойын ойнату.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Пішіндер, әр түрлі ойыншықтар, үлестірмелі құралдар
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
- Балалар, бүгінгі сабағымызға бізге қоян да қонаққа келемін деп, орманда адасып қалыпты. Қане, орманға барып оны тауып алайық.
- Балалар, орманға қандай көлікпен барайық?
- Олай болса, қане поезд болып тұра қалайық.
2.Негізгі бөлімі:
- Балалар, орманға келдік қане қарайықшы қоян қайда адасып жүр екен. Оңға қарайық, солға қарайық.
- Өте жақсы, олай болса оны тобымызға алып кетейік. Қане, поезға отырайық.
(Пуф - чик - чик, пуууф - чик - чик)
- Балалар, қоянмен амандасып алайықшы.
- Жарайсыңдар, балалар бүгін біз жылдың басынан үйренген білімдерімізді ойын арқылы ортаға саламыз.
- Балалар, үстелдің үстіне қараңдаршы, қандай заттар тұр?
- Ендеше біздің бірінші ойынымыздың аты. «Түсін ажырат» деп аталады.
- Балалар, қоянға мына шарлардың түсін ажыратуға көмектесейікші.
- Өте жақсы, түсін ажыраттық. Енді шарларға қарайықшы, шарларда суреттер бейнеленген екен. Бұл ненің суреттері?
- Дұрыс айтасыңдар олай болса, келесі «Пішіндерді дұрыс орналастыр» деген ойын ойнаймыз.
- Өте жақсы, енді қоянның ойыншықтарына қарайықшы.
Келесі ойын «Салыстыр» деп аталады.
- Балалар, мына ойыншық қалай аталады?
Мына машина қандай?
Ал мына машина қандай?
(Осылай барлық ойыншықтарды салыстырады)
- Мына доп қандай?
- Мұнда бір доп, ал мұнда қанша доп?
Олай болса, балалар сендермен осы доптар арқылы алақанымызға жаттығу жасап алайық.
Сиқырлы доптарды қолымызға алып доп туралы тақпағымызды айтайық.
Добым, добым домалақ
Қайда кеттің домалап
Үстел үстін бүлдірдің
Тәрелкені сындырдың.
- Өте жақсы балалар, келесі ойынымыз «сәбіз теру». Қане, жылдам-жылдам қоянға сәбіз теріп берейік?
- Балалар, менің қолымда неше сәбіз?
- Ал, сендер қанша сәбіз жинадыңдар?
- Өте жақсы
3.Қорытынды:
- Балалар, сабағымыз осымен аяқталды, айтыңдаршы, бүгінгі сабақ ұнады ма сендерге?
- Бүгін біз нені қайталадық?
- Қандай ойын ойнадық?