СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Конспект урока урок 3 класс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Бауырса?. Саба?ты? ма?саты:  1.Білімділік:Бауырса? дастархан?а ?алай келетіні? білу. 2.Т?рбиелік:Бауырса?ты, нанды ?астерлей білуге т?рбиелеу. 3.Дамытушылы?:О?ушыларды? та?ырып бойынша с?здік ?орларын байыту,дамыту. Саба?ты? к?рнекілігі: Бауырса?,нан суреттері ж?не пісірілген бауырса?. Саба?ты? ?дісі:С?ра?-жауап,??гімелеу. Саба?ты? барысы: 1?йымдастыру кезе?і: амандасу ,т?гендеу.

 

Просмотр содержимого документа
«конспект урока урок 3 класс»





Ашық сабақ.

Тақырыбы: Бауырсақ.

Сынып:3L







Өткізген мұғалім:С.Е.Темірғалиева.





2014 оқу жылы.



Сабақтың тақырыбы: Бауырсақ.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:Бауырсақ дастарханға қалай келетінің білу.

2.Тәрбиелік:Бауырсақты, нанды қастерлей білуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық:Оқушылардың тақырып бойынша сөздік қорларын байыту,дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Бауырсақ,нан суреттері және пісірілген бауырсақ.

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,әңгімелеу.

Сабақтың барысы: 1Ұйымдастыру кезеңі: амандасу ,түгендеу.

2.Үй тапсырмасы: жемістер,көкөністер атауларын сұрау, тыңдау бағалау.

3.Балалар біз бәріміз нан туралы білеміз ,нансыз өмір жоқ ендеше балалар нан туралы мақал-мәтелдер айтып беріңдерші.

1 оқушы.Нанды өмірдің дәмі бар.

Нанда адамның ары бар.

2 оқушы.Нан өмірдің – арқауы.

3 оқушы.Нан атасы-бидаймын

Елге астын-сыйлаймын.

4 оқушы. Дастарқанда шомылып

Жатты сары бауырсақ.

Балалар бауырсақ туралы біз не білеміз?

Ендеше бауырсақ ертегісінен қойылым көрсетейік.(сабақты бауырсақ ертегісімен ашу.)

4.Мәтінмен жұмыс.

Бауырсақ мәтінің жұппен,кезекпен,тізбекпен түсініп оқу,аудару.

5.Меңгерілетін сөздер.Өте,дәрумен.

Тақтадан нанның түрлерін көрсету.Нан,бауырсақ,тоқаш т.б.

Бауырсақтың пішіндерін атау:Үшбұрыш,төртбұрыш,дөңгелек осы пішіндер арқылы жұпқа бөлу.

6.Дәптермен жұмыс:Сөйлем құрап үйрену.Мысалы:Мен екі батон сатып алдым.Мен үш дана сүт сатып алдым т.б.

7.Сергіту сәті.

Көктемде жерді жыртамыз,тегістейміз тырналап.

Дәндерді оған егеміз,жайқалып көктеп шықсын деп.

Күз болғанда орамыз,бауырсаққа тоямыз.

8.Сабақты бекіту қорытындылау.

Балалар жұппен бауырсақтың суретін салу.Пішіні,суреті,дәмі,түсі туралы әңгімелеу.

Кімнің бауырсағы қандай көңіл аудару.Сұрақ-жауап әңгімелеу.

9.Бағалау:

Бағдаршам арқылы оқушылар өзін бағалайды.

Жасыл түс:түсіндім.

Сары түс:толық емес.

Қызыл түс:түсінбедім.

10 Үйге тапсырма:

Бауырсақ туралы сергіту сәтін түсініп, жаттап келуге берілді.





















Ашық сабақ.

Тақырыбы: Ұлттық тағамдар.

Сынып:3L







Өткізген мұғалім:С.Е.Темірғалиева.





2014 оқу жылы.

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық тағамдар.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:Қазақтың ұлттық тағам атаулдарын білу.

2.Тәрбиелік:Қазақтың ұлттық тағамдардың ағзасына келтіретін пайдасын білуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Қисынды ойлау қабілеттерін,қазақ халқының дәстүрі арқылы,қазақ тілін үйренуге дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Ұлттық тағамдар суреті.

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,әңгімелеу.

Сабақтың барысы: 1Ұйымдастыру кезеңі: амандасу ,түгендеу.

2.Үй тапсырмасы: Бауырсақ сергіту сәтін сұрау, тыңдау,бағалау.

3.Интербелсенді тақтадағы ұлттық тағамдар атауларын дұрыс атау.

Балаларды кәмпиттің түсі арқылы үш топқа бөлу.

4.Мәтінмен жұмыс.

Ұлттық тағамдар туралы мәтінді түсініп оқу,аудару.

Қазақтың басты ұлттық тағамы ет.Етін жеп,сорпасын ішеді.Жылқының етінен шұжық,қазы дайындайды.Жылқының еті өте сінімді болады.

5.Меңгерілетін сөздер.

Ұлттық тағамдар,бесбармақ,қуырдақ,шұжық,қымыз,шұбат сінімді.

6.Дәптермен жұмыс:

Жұппен диолог құрастыру.

1.Сен қандай ұлттық тағамдарды білесін?

-мен бесбармақты,қуырдақты,шұжықты білемін.

2.Саған қандай ұлттық тағамдар ұнайды?

-маған бауырсақ,шұжық ұнайды.Сұрақ-жуап,әңгімелеу.

7.Сергіту сәті.

Қызыл өрік .Видеобейне.

8.Сабақты бекіту қорытындылау.

СӨЗЖҰМБАҚ









1.Түйенің сүті не? 3.Қазақтың ұлттық тағамы. .

2.Жылқының етінен жасалынатын тағам. 4.Сүт тағамы. 5.Жылқының,сиырдың,қойдың......



Ойын екі тілде сөйлеу.

Лицо-бет Очаг-ошақ народ-халық

Мясо-..... нож-..... рыба-.....





9.Бағалау:

Әр оқушы тақырып бойынша смайлик арқылы бағалау.

10 Үйге тапсырма:

Тақырып бойынша құрастырған дтологтарын түсініп,жаттап келу.









Ашық сабақ.

Тақырыбы:Мен дүкенге барамын.

Тақырыптық тест.

Сынып:3L



Өткізген мұғалім:С.Е.Темірғалиева.



2014 оқу жылы.

Сабақтың тақырыбы: Мен дүкенге барамын.

Тақырыптық тест.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:Дүкен тақырыбында оқушылардың сөйлеу қабілеттерін жаңдандыру,әр оқушының білім сапасын арттыру..

2.Тәрбиелік: Оқушыларды жан-жаққа тазалыққа баулу және теңгені дұрыс жұмсауға тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру.

Сабақтың көрнекілігі: Азық-түліктер,жемістер суреттері.

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,әңгімелеу.

Сабақтың барысы: 1Ұйымдастыру кезеңі: амандасу ,түгендеу.

2.Үй тапсырмасы: Ұлттық тағам атауларын сұрау.

3.Суреттерді пайдаланып әр бөлімдерге бөлу.Мысалы:азық-түлік бөлімі,көкеністер бөлімі т.б.

4.Тақырыптық тестпен жұмыс.

10 сұраққа дұрыс жауап беру.

1.а 2.д 3.с 4в 5.в 6.с 7.с 8.а 9а 10с.

5.Меңгерілетін сөздер.

Сатып аласын сатып алдым.

6.Дәптермен жұмыс:

Шашыраған сөздерден сөз тіркестерін құрастыру.

3 топқа әр түрлі.Мысалы 1 топ. Біз азық-түлік дүкеніне бардық.

Дүкеннен нан,май,қант,шай сатып алдық т.б.

7.Сергіту сәті.

Қуанамын мен де,

Қуанасын сен де

Қуанамыз достар,

Аралап атқан күнге.

8.Сабақты бекіту қорытындылау.

Балалар дүкенге бару,сатушы мен сатып алушының рөлін ойнау.

Бөлімдер атауларын білу.Екі тілде сөйлейміз ойының ойнау.

Длинный-ұзын Дружный-тату сад-бақша

Винаграт-... Прадавать-..... деньги-......

Логикалық тапсырмалар беру.

1 топ:Мына суреттердегі көкеністердің ішінде не артық.

2 топ:Сыңарын тап.

3 топ: Балкүлшенің кесілген бөлігін тап.

9.Бағалау:

Ағаштағы адамдар суретті арқылы сабақтағы өз орның көрсету.

Ағаштың астында,ортасында,жоғарыда.

10 Үйге тапсырма:

83-беттегі диологты түсініп жаттап келуге берілген.