СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Қош келдің жаңа жыл" сурет салу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы/Тема: «Орманда шырша туылды» (ән бойынша сурет салу)

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: «Жаңа жыл» мерекесіне деген  қызығушылықтарын ояту. Бір-біріне қуаныш сыйлап, көтеріңкі көңіл-күймен жүруге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: эстетикалық қабылдауын және қиял, байқағыштық сезімдерін дамыту.

3.Оқыту – обучающая: Балаларды музыкалық шығарма негізінде сурет сала білуге үйрету. Балаларды «граттаж» техникасы үшін негіз дайындауға үйрету. Жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін тереңдету.

Просмотр содержимого документа
«"Қош келдің жаңа жыл" сурет салу»

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в подготовительной группе

Өткізу күні/Дата проведения:

Тәрбиеші/Воспитатель:

Білім беру саласы/Образовательная область: Шығармашылық. Творчество.

Пән/Предмет: Сурет салу

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Қош келдің, Жаңа жыл!»

Тақырыбы/Тема: «Орманда шырша туылды» (ән бойынша сурет салу)

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: «Жаңа жыл» мерекесіне деген қызығушылықтарын ояту. Бір-біріне қуаныш сыйлап, көтеріңкі көңіл-күймен жүруге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: эстетикалық қабылдауын және қиял, байқағыштық сезімдерін дамыту.

3.Оқыту – обучающая: Балаларды музыкалық шығарма негізінде сурет сала білуге үйрету. Балаларды «граттаж» техникасы үшін негіз дайындауға үйрету. Жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін тереңдету.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологиясы, ӨТТШТ технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: бала саны бойынша қағаз парағы, гуашь, сұйық сабын, қылқалам, балауыз шамның бір бөлігі, тіс тазалағыш, алдын ала дайындалған табақтар, клеенка.

Көптілділік/Полиязичие: шырша- елка - Christmas tree, Жаңа жыл – Новый год - New year, орман-лес – forest


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Қызықты сәт: Балалар бізге қандай мереке жақындап келеді?

Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Бәріміз келе жатқан Жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз. Адамдар бір біріне жақсы тілектер тілейді. Жаңа жыл мерекесі - отбасылық мереке. Жаңа жылдың өз ерекшелігі болады. Жаңа жыл мерекесін бүкіл әлем халқы тойлайды.

Көптілділік: шырша- елка - Christmas tree, Жаңа жыл – Новый год - New year, орман-лес – forest

2.Негізгі бөлім/оснавная часть:

Алдыңғы сабақта балаларға граттаж техникасында орындалған жұмыстарды көрсету. Балалар, өткен сабақта мен сендерге көрсеткен сиқырлы қағаздар естеріңде ме? Бұл қалай деп аталады? Ол сендерге ұнады ма?

Міне, бүгін біз сендермен осындай техникада сурет саламыз. Бұл сабақ екі бөлімнен тұрады:

І – бөлім: Ол үшін ең алдымен қағазды дайындау керек. Мен қазір оны қалай жасауға болатынын көрсетемін.

Маған тығыз ақ қағаз және балауыз шам қажет. Мен шамның бір бөлігін аламын және қағаздың бәрін сүртемін. Бізге ол көрінбейді, сондықтан оны тек ұстап сезе аламыз. Парақ тегіс емес жерде балауыз бар. Тексергеннен кейін, оны бояумен бояу керек. Бояу шамға жабысу үшін біраз сабын қосу керек. Мен қақпақты аламын, оған қылқаламмен бояу (көп) аламын және енді сабын тамшылап, араластырамын, содан кейін бүкіл парақты бояй аламын.

Балалар сендерге бұл техника ұнады ма? Жасайсыңдар ма?

Балалардың өзіндік жұмысы. Ұқыпты жұмыс жасауды ескертемін.

Жеке жұмыс: Мансурға ұқыпты бояуды үйрету.

Сергіту сәті:

Жасыл шырша орманнан,

Бізге арнайы келіпті.

Ойыншығын балалар,

Шыршаға әсем іліпті.

ІІ – бөлім:

Біз сендермен қағаз дайындадық, енді сурет салатын боламыз.

Балалар біз бүгін жай сурет емес, әнді тыңдап, оның суретін саламыз.

Сурет салу үшін алдымен әнді тыңдау керек. («Орманда шырша туылды» әнін тыңдаймыз)

-Басты кейіпкер не?

-Қалай ойлайсыңдар, шырша қайда өсті? Орманда немесе шұңқырда?

-Шырша қандай, жаңа ғана өсіп шықты ма, әлде үлкен бе?

- Әнде ауа райы қандай болды?

-Орманда қар көп болды ма, әлде аз ба?

-Шыршаның жанында тағы нені кездестіруге болады?

Қазір мен сендерге қағазға сурет салу ережелерін еске саламын.

Тәрбиеші балаларға жоспар береді: алдымен не салатынымызды ойланып алуымыз керек.

Содан кейін парақты тік (егер шырша біреу болса) немесе көлденең (егер шырша орманда болса) қоямыз. Суретті тіс тазалағышпен салатын боламыз. Біз өткір нәрсемен артық бояуды алып тастаймыз сонда сурет шығады. Егер саған жұқа сызық қажет болса-тігінен ұстау керек. Егер қалың болса, онда дөңес ұстау қажет. Қолмен араластырмауға тырысыңдар. Ең бастысы-сақ болыңдар, өйткені мұнда қателерді түзетуге болмайды.

Балалардың өзіндік жұмыстары.

3.Қорытынды/итоговая часть:

Біз бүгін ненің сурет салдық

Сендер мұны қалай жасадыңдар?

Біз алдымен не істедік?

Бірнеше баланың ең жақсы жұмыстарын мадақтау.

«Жаңа жылдық тілек» ойыны. Бірнеше бала мерекелік тілектер айтады.






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!