| Жұптық жұмыс: «Ойлан – жұптас- бөліс » әдіс арқылы жұмыстанады. Таратылған ресурстар (алгоритм) бойынша берілген мәтіндерді балалар оқып алады. Жұптағы оқушылар өз алдына ресурстарды оқиды. Алдарына химиялық қосылыс құруға арналған алгоритм тастаймын. Бинарлы қосылыстардың формуласын құрастыру алгоритмі. | Қосылыс түрі | Ереже | Мысалы: | | Бинарлы қосылыс типтері: 1.Металл және бейметал-дардан тұратын қосылыс | Элементтер таңбаларын тізбектеп жазамыз. | К және Ғ | | Бірінші орында металл таңбасы жазылады. | КҒ | | Әр элементтің иондарының зарядын жазамыз. | -1ê +1ê К0 +19)))) →К+1 Ғ0+9)) →Ғ-1 атом 2881 ион атом 27 ион К+1Ғ-1 | | Элементтерден кейін «нөлдік қосынды» алынатындай индекстерін қоямыз. | К+1Ғ-1 | | 2.Бейметалл мен бейметалдардан тұратын қосылыс | Элементтер таңбаларын тізбектеп жазамыз. | Н және S | | Әдетте, бірінші орында электртерістілігі төмен бейметалл таңбасы жазылады. | НS | | Әр элементтің иондарының зарядын жазамыз. | Н+1 S-2 | | Элементтерден кейін «нөлдік қосынды» алынатындай индекстерін қоямыз. | Н2S Мұнда «крест ережесін» қолдануға болады. Химиялық қосылыста 1 деген сан салынбайды. 1 саны таңбаны білдіреді. | | 3.Үш элементтерден тұратын қосылыс | Элементтер таңбаларын тізбектеп жазамыз. | К және Мn және О | | | Білетін элементерінің иондарының зарядын жазамыз. Ал белгісіз элементтің зарядын Х деп белгілейміз. | К+1 Мnх О4-2. | | | Элементтерден кейін «нөлдік қосынды» алынатындай индекстерін қоямыз. Математикалық теңдеу әдісімен | К+1 Мnх О4-2. +1+ Х+(-2*4)= 0 +1+Х+ (-8) = 0 Х= +8 -1 Х= +7 Марганецтің тотығу дәрежесі +7 тең. К+1 Мn+7 О4-2. | Ескертпелер: І.Тотығу дәрежесі 0-ге тең қосылыстарға мысалдар: 1.Жай заттар: Н2; Са; О2 2.Күрделі заттар (атомдардың тотығу дәрежелерінің қосындысы?) ІІ. Егер бинарлы қосылыстардың тотығу дәрежелерінің модульдері тең болса, онда формулада индекстер қойылмайды: Са+2О-2 Оқулықпен жұмыс: 1.Жұптық жұмыс. Мектеп оқулығындағы тапсырманы орындап жұптар өз ара ой бөліседі. Оқулықтағы №2,3 есепті шығарады. Есептің шығарып болғасын, интербелсенді тақтада есептің шығарған жолы көрсетіліп, жұптар қателескен жерін ой бөлісіп талдайды. 2. Әдісі: « Конверттегі тапсырма » Әр оқушылардың жұбына тапсырмалар беріледі. 1-тапсырма. Тотығу дәрежелері бойынша келесі қосылыстардың формулаларын құрастырыңдар. | А) фосфор (V) оксиді; | А) азот (ІІ) оксиді; | | Ә) алюминий бромиді; | Ә) алюминий хлориді | | Б) магний хлориді | Б) кальций нитриді | Дескриптор: 1. Атау бойынша формула құрастыра алады; 2. Элементтің тотығу дәрежесін таба алады: 2-тапсырма. Бинарлы қосылыстардағы әр элементтің тотығу дәрежелерін «нөлдік қосынды» әдісімен тап. | СН4, ҒеСl3; Аl2S3; SО3 | СаҒ2; РН3;Nа2S; МgО | Дескриптор: 1.Химиялық қосылыстың тотығу дәрежесін таба алады. 2. Тотығу дәрежесінің қосындысы «нөлдік қосынды» әдісімен есептей алады. 3-тапсырма. Төмендегі химиялық қосылыстардағы әр элементтің тотығу дәрежелерін «нөлдік қосынды» әдісімен тап. | СаSО4; Са СО3; Н2СО3 | Ғе(NО3)2; Ва SО4 ;Н3РО4 | Дескриптор: 1.Химиялық қосылыстың тотығу дәрежесін таба алады. 2. Тотығу дәрежесінің қосындысы «нөлдік қосынды» әдісімен есептей алады. Осы тапсырмаларды орындап болғасын жұптар бір- бірімендәптерлерін алмасады. Жұп көршілерінің тапсырмасын интербелсенбі тақтадағы жауаппен тексереді. Жұлдызша қоя отырып бағалайды. ҚБ: « Жұлдызшаңды сана» әдісі |